Философский и общественно гуманитарный журнал



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет55/61
Дата21.12.2019
өлшемі1,76 Mb.
#24767
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61

4 (74) 2017 | Адам әлемі     129
Әдіснама 
Мақалада  жалпы  тарихи  әлеуметтік  құбылысы  және  діннің  мәнін 
кешенді  түрде  қарастыруда  диалектикалық  әдіс  қолданылды.  Сонымен 
қатар  мақала  барысында  салыстырмалы  және  жүйелі  сараптау,  тарихи-
логикалық,  компаративистік  әдіспен  қатар  ғылыми  зерттеудің  дәстүрлі 
әдістері анализ, синтез, абстракциялау және жалпылау қолданылды.
Шанхай  ынтымақтастық  ұйымының  аймақтық  антитеррорлық 
құрылымы 2001 жылы терроризм, сепаратизм, экстремизмге қарсы күрес 
мақсатында  құрылды.  Аймақтық  антитеррорлық  құрылымның  (ААТҚ) 
орталығы – Бішкекте, атқару комитеті – Ташкентте орналасқан. ААТҚ қызметі 
мен міндеттері: ұйым мүшелерінің құзіретті орындарымен қатынасқа қолдау 
көрсету, терроризм және экстремизмге қарсы күрес бойынша оперативтік-
іздеу  және  басқа  да  іс-шараларды  даярлау,  терроризм  және  экстремизм, 
сепаратизмге  қарсы  күрес  бойынша  халықаралық-құқықтық  құжаттарды 
даярлауға қатысу, ААТҚ мүшелерінен түскен ақпаратты жинау және талдау, 
жаһандық  сын-қатерлерге  жауап  берудің  тиімді  жүйесін  қалыптастыруға 
қатысу,  терроризм  және  экстремизм,  сепаратизмге  қарсы  күрес  бойын-
ша  конференция,  семинар  өткізу  және  тәжірибе  алмасу.  Терроризм-бұл 
аса ауыр қылмыс. Терроризм нақты ұлтқа, дінге, нәсілге тән емес. Терро-
ризм  қоғамға  және  жеке  адамға  төнген  қауіп.  Терроризмнен  сақтандыру, 
алдын-алу  және  күрес,  терроризмнің  салдарын  жоюмен  тиімді  күресу 
үшін  мемлекет  азаматтық  қоғамның,  БАҚ-ының,  жеке  сектордың  және 
бизнес  құрылымның  қолдауына  зәру.  Террорлық  радикализация-адамның 
террорлық зорлық-зомбылықты мүмкін, тіпті дұрыс іс-әрекет деп қабылдау 
процесі, осының нәтижесінде адамның терроррлықты қолдауын немесе на-
сихаттауын, террорлық әрекетке қатысуын айқындайды. Террорлық радика-
лизация түрлі жағдайда және түрлі тәсілмен іске асуы мүмкін. Террорлық 
радикалдану  қолайлы  жағдайда  жеке  адамның  психологиялық  күйімен 
үйлесуі нәтижесінде көрінуі мүмкін. Террорлық радикализацияға сыртқы 
орта  факторлары,  теріс  идеологияның  ықпал  етуі,  терроршылдардың  на-
сихаты  және  ықпал  жасауы,  қоғамдағы  жағымсыз  оқиғалар,  (құқықтың 
бұзылуы, ұлттық, нәсілдік, діни кемсітушілік, саяси оқшаулау, әлеуметтік-
экономикалық маргинализация, үмітсіздік, өмірден түңілу, психологиялық 
ауытқу)  да  әсер  етеді.  Әлемде  болып  жатқан  қақтығыстар  мен  дауларға 
діни сипат беру де террорлық радикалдану күшейтеді. Терроршылдардың 
жалпы сипаттамасы немесе террорға жетелейтін жол анық айқындалмаған. 
Адамның террорлық радикалдануының шарттары төменгідей: тұлғааралық 
қатынас және әлеуметтік әрекеттестік, писхологиялық және танымдық фак-
торлар, діни, саяси, әсіре ұлтшылдық, қылмыстық түрткілер, терроризмді 
ақтаушы идеялар және радикалды теориялардың ықпал етуі. Экстремистік 
ұйымдарға  тарту  көбіне  достар,  туыстар  және  экстремистік  ұйым 
Бейсенов Б. Постсекулярлы әлем: дін және қоғам


130     Адам әлемі | 4 (74) 2017
мүшелерінің көмегімен іске асады. Ықпалға тез ұшырайтын иланғыш адам-
дарды алдап, арбап торға түсірген соң материалдық және психологиялық 
көмек пен қолдау көрсетіледі. Психологиялық тұрғыда өңделген амдардың 
санасына  нақты  идеялық  қондырғы  енгізіліп  террорлық  қылмысқа  тарту 
іске асырылады. Терроршылдардың мақсаты-тұтас қоғамға немесе нақты 
бір топта үрей тудыру арқылы өздеріне назар аударту және қоғам мен мем-
лекетке өз талаптарын орындату. Террорлық әрекет және насихат көмегімен 
қоғамда  алауыздық  және  өшпенділік,  тұрақсыздық  пен  сенімсіздік  туды-
ру  террорршылдардың  негізгі  ұстанымы.  Сондықтан  төтенше  жағдайда 
қоғамды үрейге бой алдырмауға және бірлікке шақыру маңызды. Төтенше 
жағдайда  барлық  ақпараттар  мұқият  сүзгіден  өткізіліп  таратылуы  тиіс. 
Қоғамның тұрақтылығы-бұл түрлі сын- қатерлер мен теріс құбылыстарға 
азаматтық  қоғам  институтарының  бірлесе  қарсы  тұруы.  «Қазіргі  заман-
да  адамзат  терроризмнің  белең  алуымен  бетпе-бет  келіп  отыр.  Бұл  ретте 
деструктивті  күштерді  қаржыландыратындарға,  шет  елдік  террористік 
ұйымдармен  байланыс  жасайтындарға  қарсы  күрес  жүргізу  ісі  негізгі 
мәселе болып саналады» [Назарбаев. 2017].
2003  жылы  желтоқсанда  мемлекет  басшысы  жарлығымен  ҚР  ҰҚК 
құрылымында  террорлық  және  экстремизм  көріністерінің  алдын  алу 
мақсатында антитеррорлық орталық құрылды. 2013 жылы ҚР антитеррорлық 
комиссия (АТК) туралы типтік ереже қабылданды. АТК қызметі – ұлттық, 
аймақтық, халықаралық ауқымды қамтиды. 
Терроризммен күрес туралы халықаралық құжаттар: БҰҰ халықаралық 
терроризмді жою іс-шарасы туралы декларациясы (1994 ж) Бомбалық тер-
роризммен  күрес  туралы  (1997ж),  Терроризмді  қаржыландырумен  күрес 
туралы (1999 ж). Аймақтық актілер: терроризмнің алдын-алу және жазаға 
тарту туралы Вашингтон конвенциясы (1971 ж), терроризммен күрес туралы 
еуропа конвенциясы (1977ж), терроризм, сепаратизм, экстремизмменкүрес 
туралы  Шанхай  конвенциясы  (2001  ж),  терроризмнің  алдын-алу  туралы 
еуропа  кеңесі  конвенциясы  (2005  ж),  ядролық  терроризмге  күрес  туралы 
(2005  ж),  ТМД  мемлекет  басшылар  кеңесімен  бектілген  терроризммен 
күрес бағдарламасы (2000 ж). 2017 жылы мамырда әлемнің дамыған жеті 
елінің (G7) басшылары Саммитінде терроризммен күрес туралы деклара-
ция қабылданды. 2017 мамырда Эр-Риядта өткен «АҚШ-Араб Ислам әлемі» 
Саммитінде  жаһандық  терроризммен  күресте  ислам  дүниесі  елдерінің 
әріптестігің  күшейту  мәселесі  талқыланып,  экстремизм  және  терроризм-
мен күрес халықаралық орталығы құрылды. Бұл жиынға ислам әлемінің 50 
аса елдері қатысты.
БҰҰ контртеррорлық комитеті 2001 ж қыркүйектегі террорлық шабуыл-
дан кейін құрылды. Комитет ұлттық және аймақаралық деңгейде террорлық 
актілердің алдын алу бойынша БҰҰ мүшелерінің әлеуетің нығайтуға ықпал 
етеді. КТК жұмысының мақсаты-елдерге техникалық көмек көрсету, озық 
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау