Философский и общественно гуманитарный журнал



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет53/61
Дата21.12.2019
өлшемі1,76 Mb.
#24767
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61

4 (74) 2017 | Адам әлемі     125
МРНТИ 02.41.21
ӘӨЖ [1:316.3]: 299.5
Бағдат Бейсенов, Алмасбек Шағырбаев (Алматы, Қазақстан)
ПОСТСЕКУЛЯРЛЫ ӘЛЕМ: ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Аннотация.  Бұл  мақалада  қазіргі  замандағы  адамзат  өркениетіне  төнген 
әлемдік сын-қатерлер қарастырылады. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз 
етудегі  өркениеттер  мен  мәдениеттер  үндесуіне  қауіп  төндіруші  лаңкестік  пен 
төзімсіздік  мәселесі  және  Еуропа  елдеріндегі  мемлекет  пен  дін  қатынасының 
мәселелеріне  талдау  жасаланып  постсекулярлық  қоғамдағы  зайырлылық  пен 
діндарлық арақатынасын ашылады. Жаһандық азаматтық қоғамда діни ұйымдар 
халықтар  дүниетанымын  өзгерте  алатын  қуатты  күшке  айналды.  Жаһандық 
және аймақтық ойыншылар діндер көмегімен өзара бәсекелестікті шиеленістіре 
отырып,өркениетаралық  сенімсіздік  тудыру  арқылы  адамдар  санасын  билеуді 
қалайды.  Халықаралық  шиеленіс  көрігін  қыздыруға  түрлі  діни  түрткідегі  ради-
калды  идеология  жаһандық  сипат  алуда.Трансұлттық  деңгейде  геосаяси  және 
діни  жобалардың  пайда  болуы  жаһандық  саясаттағы  жаңа  трендтің  құрылуын 
білдірді.Әлеуметтік желілер мен ғаламтор радикалды идеологияның ақпараттық-
психологиялық  ықпал  ету  мақсатына  қолдану  гибридтік  соғыстың  көрінісі.
Жаһандық  лаңкестік  ұлттық,нәсілдік,діни,мәдени  ерекшеліктерге  қарамастан 
бүкіл адамзаттың бүгіні мен болашағына қауіп төндіруде.
Түйін  сөздер:  постсекулярлық,  десекуляризация,  ксенофобия,  дін,  саясат, 
терроризм, жаһандану.
Кіріспе
1990 жылдардан бастап адамзаттың даму векторында елеулі бетбұрыс 
діннің  жеке  адам  және  қоғамдық  өмірдегі  орнын  қайта  иеленумен 
айқындалады.  2008  жылы  әлемді  құрсаулаған  жаһандық  экономикалық 
дағдарыс  салдары  және  төртінші  индустриалды  төңкеріс  үдерісі,  алпау-
ыт  елдердің  бақталастығының  артуы,  геосаяси  ойындардың  шиеленісуі, 
кибершабуылдар,  гибридтік  соғыстар,  сауда  және  санкциялық  жанжал-
дар,  үркіту  мен  қоқан-лоқы  жасау,  күш  көрсету,  аймақтық  дау-дамай-
лар  мемлекетаралық  қатынастар  және  халықаралық  саяси-экономикалық 
жүйеге ұзақ мерзімге ықпал етуі мүмкін. Жаһандану заманында жаңа тех-
нологиялар көмегімен жаһандық саясат және жаһандық экономика адамзат 
қоғамына  өзгерістер  еңгізуде.  «Әлемдегі  оқиғаларды  ой  елегінен  өткізіп, 
қорытынды жасау-қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, 
білім  беру  жүйесінің  де  ауқымды  дүниетанымдық,  рухани  жұмысының 
бір  бөлігі»  [Назарбаев.  2017].  Алпауыт  елдер  жаһандық  діни  жобалар 
Бейсенов Б. Постсекулярлы әлем: дін және қоғам


126     Адам әлемі | 4 (74) 2017
көмегімен трансұлттық діни институттарды құруда. Жаһандық үдерістерге 
діни  ұйымдардың  да  ықпалды  рөлге  ие  болуы  постсекулярлы  жаһандық 
әлемнің  белгісі.  Жаһандық  азаматтық  қоғамда  діни  ұйымдар  халықтар 
дүниетанымын  өзгерте  алатын  қуатты  күшке  айналды.  Жаһандық  ойын-
шылар діндер көмегімен адамдар санасын билеуді қалайды. Трансұлттық 
денгейде  геосаяси  және  діни  жобалардың  пайда  болуы  жаһандық 
саясаттағы  жаңа  трендтің  құрылуын  білдірді.  Суық  соғыс  уақытындағы 
бәсекелес  коммунисттік  және  капиталистік  идеологияның  орнын  бір  по-
лярлы әлем үстемдігі, жаһандық және аймақтық бәселестік, әсіредіншілдік 
және  әсіреұлтшылдық  иеленді.  Қазіргі  әлемдегі  діннің  орны  туралы 
Ю.Хабермас  «дүниеауи  себептен  бықси  бастаған  қақтығыс  діни  бүркеме 
жамылған соң ғана өрши түседі» –деп көрсетеді». Діндердің саясилануы 
заманауи  жаһандық  діни-саяси  үдерістерге  тән  құбылыс.  Кейбір  елдерде 
болған  түрлі-түсті  төңкерістердің  діни  астарлары  да  бар.  XXI  ғасырдағы 
халықаралық және аймақтық саясатты жаңғыртуда діни құндылықтар мен 
діни дипломатияның рөлі өсуде. Биліктен тәуелсіз трансұлттық діни топ-
тар  саяси  күш  ретінде  халықаралық  қатынас  және  құқықта  елеулі  ықпал 
етуші факторға айнала бастады. Адам мен қоғам өмірінде діннің әлеуметтік 
мән-мағынасын жоғалтуын бейнелейтін және қазіргі заманның ажырамас 
қасиеті  саналған  «секуляризация»  ұғымы  заманауи  әлемде  жаңа  тұрғыда 
қарастырылуда. Секулярлы қоғам кеңістігінде діннің саясатқа, экономикаға, 
мәдениетке  ықпалының  күшеюі  діндарлық  пен  секулярлық  арасындағы 
арақатынас формасына байланысты өрбиді. Ғылыми-техни-калық төңкеріс, 
жаһандану үдерістері, урбандалу, экономикалық, саяси, мәдени жаңғырулар 
дін мен діни санаға да ықпал етті.
Десекуляризация  –  бұл  секуляризацияға  қарама-қарсы  тренд,  яғни 
діндарлықтың  қайта  жаңғыруы,  зайырлылық  пен  дүниелік  есебінен 
қасиеттіліктің  қайта  жандануы.  Бұл  постсекулярлық  пен  постдіндарлық 
трендтің  көріністері  –  діннің  зайырлы,  мемлекеттік  орындарға  (мектеп, 
жоғары оқу орны, әскер, экономика, мәдениет) кіре бастауы, діндарлықтың 
зиялылар  мен  өнер  жұлдыздары  арасында  өсуі,  діни  институттардың 
көркем шығармашылық туындыларына (әдебиет, театр, сурет, кино өнері) 
цензура  қоюға  әрекеті.  Десекуляризация  белгілері  -мемлекет  пен  дін 
арасалмағының өзгеруі, қоғамдық санадағы діни түсініктердің өсуі, нақты 
діннің  ресми  мәртебе  алуы.  Батыс  еуропалық  ғалымдар  постсекулярлық 
және  постдіндарлық  ұғымдары  төңірегінде  тартысса,  постатеистік  және 
постсоциалистік  елдер  ғалымдары  діннің  қайта  жаңғыруы,  діннің  қайта 
оралуы,  сакрализациялану,  секуляризацияның  ақыры  тақырыбында  пікір 
таластыруда. Постсекулярлы қоғамда секулярлы және түрлі діни топтардың 
бейбіт және өзара келісімде өмір сүруі үшін түсіністік қағидалары қандай 
болуы тиіс. Постсекулярлы жағдайда діни идеялар мен діни институттардың 
ықпал  етуі  денгейінің  шекарасы  қандай  болмақ.  Адам  санасының 
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау