Философский и общественно гуманитарный журнал



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет59/61
Дата21.12.2019
өлшемі1,76 Mb.
#24767
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

4 (74) 2017 | Адам әлемі     139
Осыған  орай,  Әбу  Мансур  әл-Матуриди  осы  бөлімделуді  ішіне  кіру 
айыбы  (айбы  тадахул)  болғаны  үшін  қабыл  етпейді.  Оның  пікірінше  ма-
териялар да монадалардан құралады. Сол үшін ол бірінші бөлімді мақұл 
көреді. Яғни әлем айан (айн) және акциденция түрінде бөлінеді. Айан болса 
күрделі немесе күрделі (аралас) емес. Мұның мағынасы айндар акциденци-
яны қабыл етеді деген матуридилік ұстанымды алға тартады. Ал, ашғарилік 
ұстаным  бойынша  да  –  айн  сөзінің  орнына  «жауаһир»,  яғни  мондалар-
дан құралған материя акциденцияны қабыл алады деген. демек, екі сенім 
мектебі арасында аталмыш мәселеде айырмашылық пен қарама-қайшылық 
жоқ екенін айқындай түсеміз. Матуриди мен Ашғари бір мәселені екі түрлі 
әдіспен түсіндіріп, тілдік жағынан айырмашылық байқалғанымен, алайда 
айтайын дегендері бір нәрсе, екеуі де эманация принципін теріске шығарып 
жатқанын аңғарамыз. 
Ас-Сығнақи  өзінің  есімін  анық  келтірмеген  ұстазы  Хафизуддин  әл-
Кәбир Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Насыр әл-Бұхариден ішіне кіру ай-
ыбына  қатысты  кәләмның  бөлімделуін  мысал  келтіреді.  Бұл  бөлімделуге 
қарағанда кәләм хабар, истихбар (хабар алу), әмір және тыйым (нәһи) деп 
төртке бөлінеді. Ғалымдардың көбісі дерлік осы пікірді ұстанады. Бірақ бұл 
бөлімделуде  ішіне  кіру  айыбы  (لخادتلا  بيع)  бар.  Ішіне  кіру  айыбы  болмас 
үшін  бөлімделу  былай  болуы  керек:  кәләмның  үш  бөлімі  бар:  һабар,  ис-
тихбар және талап ету. Бірақ, талапқа келер болсақ оны «әмір» деп атаймыз, 
ал жоқ кезін «нәһи» (يهن) «тыйым» болады. Бұл жерде «әмір» мен «нәһиді» 
«талап ету» بلط)) терминіне кіргізгеніміз секілді «материяны» да монада 
терминіне кіргіземіз. 
Ан-Насафи семантикалық әдіске қажет болғаны үшін «монада» сөзінің 
тілдегі мағынасына аз-кем тоқталып өтеді. Оның пікірінше монада сөзінің 
тілдегі мағынасы асыл, негіз, түп дегенге саяды. Мәселен, жақсылықтарымен 
аты шыққан адамның негізгі қасиеттеріне байланысты «пәленшенің сыйлы 
бір жауһәры бар» деген сөз қолданылады. Немесе бір жақсы матаға «бұл 
маталардың жауһәры» делінеді. Яғни, заттың бөлінбейтін бөлшегін – мона-
да аталады. 
Имам  ан-Насафи  «айнға»  анықтама  берген  кезде  «өздігінен  бар 
болған  (қиям  бизәтиһи)»  деген  мағынаны  мақсат  етеді.  Ас-Сығнақи  осы 
анықтаманың маңызды екенін білдіру үшін мынандай бір үзіндіні келтіреді: 
«Айн  деген  кезде  өздігінен  бар  болғанды  (қиям  бизәтиһи)  мақсат  етеміз 
және  оның  бар  болуы  үшін  ешқандай  жерге  мұқтаж  емес.  Ашғаридың 
ойындағыдай  «бар  болуында  басқаларына  мұқтаж  болмаған»  деген 
мағынаны мақсат етпейміз. Бұлай ойлаған күнде монадалардың өздігінен 
бар  болуын  жоққа  шығарған  болар  едік.  Сонымен  қатар,  ол  Алладан 
басқа зат өздігінен бар бола алмайды дейді. «Өздігінен бар болған» деген 
сөзіміз арқылы оның ойлағанындай мағынаны мақсат етпейміз. Сондықтан 
Ашғаридың  монадалардың  өздігінен  бар  болуын  жоққа  шығаруында 
Таджибаев С., Керім Ш. Хұсам Ад-Дин Ас-Сығнақидың «Иләһият» танымындағы...


140     Адам әлемі | 4 (74) 2017
ешқандай  мағына  жоқ.  Монада  күрделі  (аралас)  болса  да  болмаса  да  бір 
мекенге тәуелді болмаса да бар бола алады. Сол себепті әлем бір мекенде 
(бір жерде) болмаса да бар».
Ас-Сығнақи  акциденцияларға  қарама-қарсы  монадалардың  өздігінен 
бар  болуы  үшін  ешқандай  мекенге  мұқтаж  болмайтынын  айтады.  Ас-
Сығнақи монадалардың анықтамасында қолданылған «өздігінен бар болған» 
сөзі арқылы не нәрсені мақсат тұтқанын былайша жеткізеді: «Біреу айнның 
бар екенін естігенінде көңілінде айнның бір мекені бар деп ойламайды. Бұл 
терминнің қарсы мағынасы болған «өздігінен бар бола алмағаннан (лә қияма 
би зәтиһи) нені мақсат еткендігін де былайша түсіндіреді: Бұл сипаттағы 
бір нәрсені бір адам естігенінде көңілінде оның бір мекенге тәуелді бол-
мастан  бар  бола  алатынын  ойлай  алмайды.  Бір  мысал  келтіретін  болсақ: 
біреу «бір тас көрдім» десе бұл жерде біз жер бетіне қатысты болған, қатты 
тас көргенін түсінеміз. Бұны естіген адамның ойына ол тастың төменде ме 
әлде  жоғарыда  ма  деген  ой  келмейді.  Бірақ,  біреу  «ақ,  қара,  әрекет  және 
тыныштық көрдім» десе бұны естіген адамның ойына бірден бұл нәрсенің 
бір мекені бар болуы керектігі келеді. Сондықтан ақ болмай ақ болу, қара 
түсті болмай қара болу, сондай-ақ іс әрекетсіз – іс әрекет болу, тыныштық 
(сукун) бола алмай тыныш болу мүмкін емес. Бір мекенде болған айнның 
бұл мекенде болуы міндетті емес келісімді (иттифақи) бір белгі. Бүкіл әлем 
ешқандай мекенге тәуелді болмай-ақ бар, ал егер ол бір мекенде болса онда 
мекен Алланың заты немесе басқасы болар еді. Егер Алланың зады әлемге 
мекен болса, Алланың зады хадистерге мекен бола алады деген тұжырым 
шығар  еді.  Алланың  кейіннен  пайда  болғандарға  мекен  болуы  пікірдегі 
бір қате. Бұл мекен Алла емес, ал басқа нәрсе болса бұл жағдайда ол әлем 
болар еді. Ал, әлем болса Алланың тысындағы бір нәрсе (зат). «Әлемнің 
барлығы»  деген  сөз  әлемдегі  барлық  нәрсені  қамтиды  және  бір  нәрсенің 
қайтадан  өзіне  мекен  болуы  бұл  жердегі  қозғалып  отырған  мәселе  емес. 
Бұл пікір жоққа шығарылса араға шынжырлы түйіні жоқ жалғасқан мәселе 
болмақ. Бар болуы шынжырлана жалғасатын бір жағдайға ұшыраған зат жоқ 
зат деген мағына болар еді. Сондықтан әлем көрінетін бар нәрсе. Сөзімізді 
қорытындылайтын болсақ айн, айн болуы тұрғысынан бір мекенге мұқтаж 
болмай-ақ бар болған нәрсе [Илхан, 1993, б. 452-453]. 
Имам  ан-Насафи,  Хишам  ибн  Хаким  және  Ән-Низам  сынды 
мұғтазилалық  баз  біреулерінің,  философтардың  басым  бөлігі,  алғашқы 
ғалымдар  және  математиктердің  көп  бөлігі  бұл  тақырыпта  басқаша 
пікірлері бар екендігін әрі «бөлінбейтін нәрсенің (бөлшектің)» бар болуын 
жоққа  шығарғанын  айтады.  Ас-Сығнақи  имам  ан-Насафидің  Табсиратул-
Адиллә және имам ас-Сабунидің әл-Кифая атты еңбектеріне сүйене оты-
рып тақырыпты былайша ашуға тырысады: «Жоғарыда аты аталған топтар 
іс әрекетте және ақыл тұрғысынан бір нәрсенің шексіздікке қарай бөліне 
алатындығын айтқан [Илхан, 1993, б. 452-453]. Бірақ бұл қате пікір. Бұл 
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау