4 (74) 2017 | Адам әлемі 13
Методология
Мақаланың әдістемелік негізі ретінде Асан Қайғының жер, су, тау, көл
атауларына және өлең жолдарындағы негізгі философиялық ұғымдарына
талдау жасалады.
Тақырыпты талдау барысында Асан Қайғының өлең жолдарындағы
ойлар мен «Жерұйықты» іздеуі ғылыми бағдарға айналады. Зерт-
теу жұмысында «Заман» ұғымына гуманитарлық білімдерде кеңінен
қолданылатын философиялық әдістер мен тарихи-компаративистикалық,
герменевтикалық әдістер қолданылды. Сонымен қатар, заман, өзгерістер
ұғымына философиялық тұрғыдан баға беріліп, сыни ойлау мен салыстыр-
малы әдістер жүзеге асырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қазақ философиясының негізінде Асан Қайғы тұрғаны анық. Қазақ
еліндегі мәдени-философиялық ойлардың мәні мен маңызын қазіргі еліміз
қол жеткізген идеялармен байланыстырудың маңызы зор.
Қазіргі заманда рухани құндылықтарды жаңғырту, кеңінен насихат-
тау арқылы ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, жаңаша ойлауға
қадам басқан жөн. Осы тұрғыдан Асан Қайғы бабамыздың алатын орны
және дүниетаным негіздері ерекше. Көп уақыт елеусіз қалып, сыңаржақ
саясаттың ықпалымен зерттелмей қалған Асан Қайғы идеяларының бүгінгі
қоғамымызға берері мол. Айталық, Асан бабамыздың идеялары арқылы
тарихи-географиялық түсінігіміз, жер, су, көл, тау, егемен елу болу, батырлық,
адамгершіліктің қазақ тарихында үздіксіз толғандырған мәселе екендігіне
көз жеткіземіз. Сыни ойлаудың да озық үлгісін көрсеткен. Ханның алдын-
да «Қилы заман» болатындығын болжап, одан сабақ алу қажеттігін мәселе
ретінде көтере білген.
Қазақ философиясында ел болу, ұйысып мемлекет құру идеясы Асан
Қайғыға тиесілі. Ойшылдың тәуелсіздік философиясы мен жерді сипаттауы
Қазақ елінің ел болып қалыптасуына өшпес із қалдырғаны сонша, оның сол
заманда берген сипаттамасы бүгінгі күнмен дөп келеді.
Асан Қайғы қазақтың ұсақ хандарының басын біріктіріп, іргелі ел ет-
пек болған Керей мен Жәнібек сұлтандардың жанынан табылды. Қолдап,
ақыл, кеңес берді.
Қилы заманда қақтығыстар мен қайшылықтарды реттеу, ел-жұрттың
жағдайын жақсарту мақсатында Асан Қайғы хан алдына өзінің «ымыраға
келу» теориясын ұсынып, сыни ойлай білгендігімен құнды.
Кемербаев Р. Заман философиясы
14 Адам әлемі | 4 (74) 2017
Әдебиеттерді шолу
«Белгілі тарихшы Құрбанғали Халид «Тауарих хамса» атты еңбегінде
Асан есімі бұрын «Хасан болған» десе, ғалым, әдебиеттанушы Мұхтар
Әуезов Асан қайғы туралы аңыздардың төркінін зерттей отырып, оның әз-
Жәнібектің тұсында өмір сүруі тарихи шындыққа сай келмейтінін аңғарды.
«Әдебиет тарихы еңбегінде» Асанның Абылайдың тұстасы болмаса да,
соған жақын кезеңде өмір сүргенге ұқсайды деген пікір айтады. «Қазақ
халқының эпосы мен фольклоры» атты еңбегінде Асан туралы ойды толғай
отырып, ол туралы аңыздарды халық аңсаған арман-тілек бейнеленген
кейіпкер екенін аңғартады [Әуезов, 1969, 174 б.].
Тарихта Асан Қайғы есімі, көптеген түркі халықтарында әртүрлі атпен
кездесетіндігі анық. Қалай дегенмен де Қазақ хандығының құрылу тұсында
елдігімізді еселеп, Жәнібек пен Керей сұлтандардың жанынан табылып,
бірге жүргенін көптеген ғалым, зерттеушілер қолдайды.
Академик Сейіт Қасқабасов «Миф пен әпсананың тарихилығы» атты
зерттеу еңбегінде Асан туралы әңгімелерді халық прозасының әпсана жан-
рына жатқызады. Сонымен қатар халық пікірінде әлеуметтік утопияның үш
сатысы болатынын, Асан туралы әпсаналардағы «Жер ұйық» іздеу сары-
нын осы әлеуметтік утопияның алғашқы екі сатысына, халықтың орнаған
қоғамға немесе әміршіге деген наразылық (протест) пен қарсылық (оппози-
ция) білдірген утопиялық ойлары түскенін жазады, «Жерұйық» мотивінің
түп-тамыры көк, жер, жер асты әлемі туралы шамандық ұғыммен байланы-
сты екеніне назар аудартады [Қасқабасов, 1994, 89 б.].
Асан Қайғының жыр-толғауларын жинақтап, әдеби-философиялық
қырларын зерттеген ғалымдардан Кенжалы Толысбай [Толысбай, 2006],
Бахыткүл Мамиева [Мамиева, 2007], С. Айтбаев [Айтбаев, 1973], Мұхтар
Мағауин [Мағауин, 1968], Жазира Ошақбаева [Ошақбаева, 2011], Ә.
Мағлұмов [Мағлұмов, 2014], Әбдімәлік Нысанбаев [Нысанбаев, 2011], Е.
Дүйсенбайұлы [Дүйсенбайұлы, 2002], атын атауға болады.
Асан Қайғы мұрасына қатысты тырнақ алды еңбектің қатарына та-
рихшы, философ, көп жылдар бойы Асан Қайғыны кешенді түрде зерт-
теумен айналысып келе жатқан Кенжалы Толысбайдың еңбегі қомақты.
«Асан Қайғы» атты еңбегінің қорытынды сөзінде «Асан Қайғы тектес
ойшылдарымыздың мәдени философиялық мұраларының негізгі идея-
ларын жаңғырту арқылы бірлік философиясын қалыптастыру еліміздің
толыққанды рухани дамуының шарттары болып саналады» – дейді [Толыс-
бай, 269 б.].
Қилы заман философиясы (орыс тілінде философия эпохи перемен).
Ежелгі Қытайда «Өзгерістер кітабы» («И цзин») кең таралған, сол замандағы
өзгерістердің бағыт-бағдарына қарап, болашақты болжап отырған. Қытайда
«Сіздерді өзгерістер заманында өмір сүруден сақтасын, егер сол заманда
Қазіргі заманның философиялық мәселелері
4 (74) 2017 | Адам әлемі 15
өмір сүрсең, шексіз мүмкіндіктерді пайдалануды естен шығарма» деген
нақыл сөзі қалған.
Немістің атақты философы Освальд Шпенглердің «Еуропаның
күйреуі», Йозив Ратцингердің «Ценности в эпоху перемен. О соответствии
вызовам времении», Ресейлік ғалым В. С. Степиннің «Философия в эпо-
ху перемен» және В.Разумовтың «Философия эпохи перемен: о включении
философии в реформирование университета» мақалаларында замандағы
өзгерістердің қоғам дамуына қалай әсер ететіндігін атап өткен.
Мақаланың негізгі мақсаты – Асан Қайғының терең философиялық
дүниетанымына қазіргі заман тұрғысынан тарихи-философиялық талдау
жасау, оның философиясындағы «Жерұйық» идеясының өміршеңдігін және
бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің идеяларымен ұштастыру. Асан Қайғының иде-
ялары Қазақ хандығының құрылуына қызмет жасаған болса, қазірде күнде
де Қазақ елінің тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізері анық.
Қазіргі өркениет түбірімен өзгерістер алаңында тұр, бұл жағдайда фи-
лософия практикалық ғылымға айналып, Қазақ елінің болашағына жұмыс
істеуі маңызды қадам болмақ.
Талқылау
Әр заманның өз тарихы мен заңдылықтары, құндылықтары бар. Әрбір
заманның өзінің тарихи ғұмырында туу, даму, өсу және құлдырау кезеңдерін
басынан өткізеді. Осындай өзгерістердің өзіндік объективті жақтары жоқ
емес. Заманның құлдырауының ең бірінші себебі – қоғамдық ой-сананың
тығырыққа тірелуі, сол заманның озық ойлы ойшылдарының ойларын елеп,
ескермеу тоқырауға әкелетіндігін тарих дәлелдеді.
Қазақ халқы да талай-талай замандарды басынан өткізді. Адам
айтқысыз қиындықтарды, толағай табысты жылдарды еңсеріп, тарих
көшімен келе жатырмыз. Кең далада еркін халық та болдық, бодандықтың
қамытын да киіп, отар елге айналдық, соңында ата-баба мұраты ақталып,
егемен ел атандық. Көк туды желбіреттік.
Егемендіктің алғашқы негізін Қазақ хандығының сұлтандары Керей
мен Жәнібектің алатын орны орасан. Сол замандарда бытыраңқы тайпа,
рулардың басын біріктіріп, мемлекет құру оңай болмағаны ақиқат. Алай-
да, жан-жаққа тартқылаған сепаратисттердің басын біріктіру, білектің
күшімен жасалатын дүние емес. Найзаның ұшымен қатар, озық ойлы ой-
шыл, уазірлердің еңбегі орасан зор деп білемін.
XV ғасырдан бастап қазақ халқының әлем тарихындағы орны
анықталып, қоғамның саяси, құқықтық негіздері қаланды, хандық билік
құрылып, территориясы белгіленді. Соның арқасында саяси, философиялық
ойлар айтылып, ғылым, білім, өнер өз жемісін бере бастады. Дала демокра-
тиясы орнығып, би, қазылар институты, елді, жерді қорғайтын батырлар
Кемербаев Р. Заман философиясы
Достарыңызбен бөлісу: |