Философский и общественно гуманитарный журнал



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет4/61
Дата21.12.2019
өлшемі1,76 Mb.
#24767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

8     Адам әлемі | 4 (74) 2017
бейімделуінің бүтіндік жүйесін осы ортадағы уақытша сипаттау факторла-
ры принципімен бөлшектесе онда соңғысын үш үлкен топқа бөлуге бола-
ды. Түрлердің өмір сүруінің ұзақтығына қатысты өзгеріссіз қалатын шарт-
тарда ағзалар морфологиялық түрде бейімделеді (мысалы, гравитацияға); 
ырғақпен өзгеретін шарттарға (жыл маусымының ауысуы, циклдық ырғақ 
ж.т.б.)  –  функционалды  және  бір  ұрпақ  арасындағы  іс-әрекет  арқасында 
онтогенездің ретсіз ауысу жағдайы» дейді В.Леонович [1984, Б.233].
Этология дәлелдегендей, іс-әрекет бейімделуінің іске асуы бейімделудің 
басқа  формаларына  қарағанда  соғұрлым  еркіндікке  ие.  Күнделікті 
реакциялардың жекелігіне қарамастан, іс-әрекет бағытталған мақсаттардың 
инварианттылығы бар. Бұл – ортамен – жылулық, химиялық, ж.т.б. және 
адамдарда  –  моральды,  бедел  ж.т.б.  сынды  ортамен  қарым-қатынасында 
анағұрлым жайлылық жағдайларына жету деген сөз. 
Адамның психологиялық және әлеуметтік бейімделуінің негізі болып 
табылатын биологиялық бейімделу психологиялық бейімделумен нығайып 
адамның  мұралық  механизмінің  әрекетінен,  не  болмаса  психологиялық 
бейімделу барысында адам психикасымен мотивацияланады. Екі жағдайда 
да  биологиялық  та,  психологиялық  бейімделуді  де  детерминанттайтын 
себептер  әлеуметтік  шартты  сипатпен  белігленіп,  ақиқатты  өзгертуге 
бағытталған,  сонымен  қатар,  әлеуметтік  қарым-қатынас  нәтижесі  болып 
табылады. Өзгеше келтірсек, психологиялық және биологиялық бейімделу 
– бұл әлеуметтік шартталған көріністер. 
Дегенмен,  адам  бейімделуінің  биологиялық,  психологиялық  және 
әлеуметтік  деңгейлерінің  өзара  қатынасы  бір  бағытталмаған  және  өте 
күрделі сонымен қатар, қайшы сипатта болып келеді. 
Әлеуметтік әрдайым жекелік арқылы сынады және сонда «орнығады» да 
құндылықтар, мотив, қызығушылықтар және т.б. сынды сипаттағы түрлерді 
суреттейді.  Және  мұнда  бейімделудің  психологиялық  механизмдерінсіз 
болмайды.
Психологиялық бейімделуді қоршаған ортаның өзгеруіне берген жауап 
ретінде берген психологиялық әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырып, 
адам психикасының қандай қажеттіліктер нәтижесінен белсендіріледі, ин-
дивид психикасының бейімдеушілік белсенділігін анықтайтын себептерін 
білуге талпыныс жасаймыз.
Бұл үшін, біздің ойымызша, мына формада сипатталған бейімдеушілік 
әрекеттің  мотивациясын  қарастыру  дұрыс  болар:  Ешкім  бір  нәрсені  өз 
қажеттілігінсіз  жасамайды.  Адамның  бейімделу  механизмдерін  терең 
зерттеу  барысында  қандай  қажеттіліктер  осы  бейімделуді  тудыртатынын 
біліп алуымыз керек. Осылайша, ағза мен ортадағы гомеостатикалық тепе 
-теңдіктің бұзылуы тұқым қуалаушылық механизмінде бекітілген адамның 
соғұрлым іргелі жақын ортасымен байланыстарын ендіруге мотивациялай-
ды. Дегенмен, байланыстың бұл деңгейімен ағзаның ортамен өзара байла-
Қазіргі заманның философиялық мәселелері


4 (74) 2017 | Адам әлемі     9
нысы толықпайды. Гомеостатикалық сипаттағы қажеттіліктерінің арасында 
психологиялық бейімделумен тікелей бағдар беруші қажеттіліктер сынды 
түсініктер байланысты. 
Бұл  қажеттіліктердің  атауының  өзі  олардың  адам  іс-әрекетінің  өзін-
өзі реттеу үрдісінде жеткілікті түрде нақты сипаттайды. Әр түрлі қоздыр-
ғыштардан ертерек алынған ақпаратқа негізделіп тірі ағзалар бағдарланған 
қажеттіліктер  әрекетіне  жауап  береді.  Олар  ағзаның  бейімделуші  әрекет 
үрдістерін іске қосып қана қоймай, сонымен қатар, іс-әрекет бейімделуінің 
тактикасын таңдауға көмек береді.
Осылайша,  бағдарлық  қажеттіліктермен  мотивацияланған  адамның 
бейімделуі белсенді сипатталған және қоршаған ортада туындаған жаңашыл-
дықтың  туындауымен  пайда  болған  адамның  жеткіліксіз  бағдарлануын 
жоюға бағытталған. 
Бағдарланған қажеттіліктер құрамынан зерттеушілер танымдық қажет-
тілік, көңіл-күй және өмір мәні қажеттілігін ерекше бөліп алады. Бағдар-
ланған  қажеттіліктердің  әрбір  құрамдас  бөлігі  адамның  бейімдеушілік 
әрекетінің  түрлеріне  сай  шартталады.  Мысалы,  танымдық  белсенділік 
әсерінен  индивидке  танымға  деген  түсініксіз  талпыныспен  мотивацияла-
нады.  Жеке  тұлғаның  жалпыадамзаттық  құндылықтармен  біріктіруге  де-
ген талпыныс өмір мәніне деген қажеттіліктеріне жауаптан қалыптасады. 
Нәтижесінде, оқиғаларды тек белгілеп қана қоймай, болжамауға, үлгілеуге 
мүмкіндік туындайды. Бейімдеушілік әрекетінің мотивациясының нәтижесі 
іс-әрекет мақсаттарын қалыптастыру, соынмен қатар, өз ішіне мақсатқа же-
туге арналған тәсілдерді ендіретін бағдарламаны қалыптастыру болып та-
былады [Сафарьева, 1995]. 
Қорытынды
Осылайша,  психологиялық  бейімделудің  мәнін  талдау  қоршаған 
ортадағы өзгерістер бағдарланған қажеттіліктердің қайнар көзі болып та-
былатын жаңашылдық элементін жасауға қабілеті бар, оның әсерінен адам 
әрекетінің  мотивациясы  іске  асады.  Индивид  санасында  бейімдеушілік 
әрекеттің мақсаты және бағдарламасы қалыптасады, ол өз ішіне қоршаған 
ортаның  өзгерісі  жайлы  ақпаратты  зерттеу  және  талдау,  эмоционалды 
байланыстардың  аумағын  кеңейту,  жеке  қызығушылықтардың  қоғамдық 
құндылықтармен сәйкестенілуі. 
Психологиялық бейімделу, өз кезегінде, әлеуметтік бейімделумен өзара 
байланыста. Психологиялық бейімделусіз әлеуметтік бейімделу мүмкін емес. 
Бейімделу  пәнінің  артық  «психологизация»  ауруымен  байланысты 
Барлық  айғақталған  қауіптер  «әлеуметтік  бейімделу»  түсінігінің  экспли-
кациясында  психологиялық  және  әлеуметтік  аспектілерді  бөліп  алу  өте 
күрделі.
Какимжанова М. Бихевиоризм тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің негізгі...


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау