2. Бағалаушылық - коррекциялық кезең.
Бұл кезең диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Олар продуктивті ойлауды психо-әлеуметтік аймақты физикалық мәліметтерді дамытуға бағытталған.
Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.
3. Өзін бағалау кезеңі.
Бұл кезеңде балаға өздігінен қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген ғалымдар дарынды баланың ереғкше қасиеттерінің бірі деп есептейді. Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға қатысады.
4. Қорытынды іріктеу кезеңі.
Жұмыс барысындағы ақпарат деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың дамуына болжам жасалады.
Жоғарыда аталған балалар дарындылығын диагностикалаудың принциптеріне сүйене отырып, біз балалар ерекшелігін зерттеуге нақты әдістемелер ұсынамыз.Ұсынылған әдістемелер 6-9 жастағы балаларды зерттеуге арналған. Сонымен қатар, авторлар бұрынғы бар тесттерді қолданбайтынын айта кету керек. Балалар дарындылығын зерттеуге арналған стандартты тесттер қазіргі ғылыми әдебиеттерде жан - жақты берілген .
Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды.
Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi - тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, бұндай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен нюанстарын iштей сезедi. Сөйлемдерi ұзақ және орынды. Көп балаларда әзiл-оспақ қасиеттерi кездеседi. Олардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамыған, ойлау қабiлетi де жан-жақты. Дарынды балалар әдетте 4 жасында хат таниды, оқи алады. Тәжiрибелi психолог-мұндай баланы өткiр көзқарасынан және өзiнiң ерекше iс әрекетiне қарап көпшiлiк iшiнен иез тауып алады.Егер үлкендер мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да танылмай қалады. Дарындылық, сол сияқты қарапайым зейiндiлiк жылулық сүйiспеншiлiк және қамқорлық ортада ғана ашылады.
Бiрақ, баласының жеке дара қасиеттерiн дамыту үшін дарынды ата-ана болу қажет. Дарынның белгiсерiн байқау оңай ерекше қасиеттерiн байқап өзiнiң қалауынша тәрбиелейдi. Осы кезде, мысалы музыкаға зейiнi бар бала әркезде әндетiп, ал математикалық қасиеттер есiп шотқа деген қызығушылығында байқалмайтының ұмытпау керек. Балалық шақтағы дарындылықтың ерте көзге түсуi ата-аналардың, педагогтардың қамқоршылығын талап етедi. Дарынды балалардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану, дамыту мақсатында арнайы жасалынған бағдармалар арқылы оқыту жүргізіледі (мысалы, арнасы дарынды балаларға арналған арнайы физики-математика мектептері).
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Одаренные дети. Пер. с англ. М.:Прогресс, 1990. – 381с.
2.Савенков А. Одаренный ребенок в массовой школе //Нач. Школа. Прил. К газ. «Первое сентября», 2004, №8. – С. 22 – 25.
3.Славинская И.С. Диагностика и развитие одаренности в системе специализированной школы – интерната //Дарын, 2004, №1.- С.95 – 98
Дәріс 5. Дарындылық дамуына педагогикалық жетекшілік жасаудың ерекшеліктері
1.Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысқа даярлығының ерекшеліктері.
2.Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысқа педагогикалық жетекшілік жасау мотивациясының ерекшеліктері.
3.Дарынды балалармен жұмыста дамытушы ойындарды қолдану.
4.Дарынды балаларды интеллектуалдық жарысқа даярлаудың бірқатар әдістемелерінің сипаттамасы.
Мақсаты: мұғалімнің дарындылық дамуына педагогикалық жетекшілік жасауға арнайы психологиялық – педагогикалық даярлығының қажеттігін дәлелдеу.
Міндеттері:
дарындылық дамуына педагогикалық жетекшілік жасаудың даярлығын теориялық негіздеу;
дарындылықтың дамуына педагогикалық жетекшілік жасау үшін педагогикалық жағынан сұрыпталған тиімді құралдарды қалыптастыру;
мұғалімнің дарындылық дамуына педагогикалық жетекшілігінің жағымды мотивациясын қалыптастыру.
Негізгі түсініктер: педагогикалық жетекшілік, педагогикалық жетекшілікке даярлық, іс - әрекет мотивациясы, іс - әрекеттің жағымды мотивациясы.
Қазақстан Республикасының 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім дамыту бағдарламасында «Кәсіптік мектеп бағдарламасы оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамытуға, оның дара қабілеттігін ашуға бағытталған» делінген. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп жатса, ол еліміз үшін абырой. Ендеше талантты да, қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет.
Дарынды бала – бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамып, одан әрі өсіп - өркендеуі мен Елбасымыз атап айтқандай бәсекеге барынша қабілетті болуы, ең алдымен жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналығы мен өмірге бейімділігіне байланысты болса керек. Жеке адамның дамуы мен оны дұрыс тәрбиелеу, педагогикалық және психологиялық бағыт – бағдарға тікелей байланысты. Сол себепті балаға тәлім – тәрбие беріп, оны білім – ғылымға баулитын ұстаздары мен тәрбиешілердің міндетті түрде білікті, көрегенді, әрі өнегелі болғаны дұрыс. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» - деп Абай атамыз айтқандай, ақыл – ой тәрбиесінде пікірлесу, пікірталас арқылы ой дамыту, оқушы тұлғасының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оның дарынын дамытуға, интеллектісін арттыруға ат салысатын адамның өзі осыған сай болғаны дұрыс.
Қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан ата – аналардың, мұғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі: балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру. Осы орайда «Дарынды балалармен жарқын болашаққа» айдарымен көптен бері жұмыс жасап келемін.
Мақсаты : 1. Дарынды балаларды анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамыту,
жетілдіру.
2. Мемлекетіміздің зерделі әлеуетін қалыптастыруға үлес қосу.
Бұл жерде негізгі тұлға – ұстаз. Ал ұстаз қандай болу керек? Ол-зерттеуші, дамытушы, жаңашыл, яғни жаңалық ашатын және тәрбиелеуші.
Негізгі бағыттарымыз :
Дарынды балалардың дамуына тиімді жағдайлар жасау.
Мұғалім мен оқушының жеке тұлға ретінде шығармашылық ынтымақтастықта өз - өздерін дамытуы.
Дарынды балаларды анықтаудың ұстанымдары :
Түрлі ақпарат алу көздерін пайдалану, бала қабілетін кең көлемде қамту, баланың мінез – құлқын, іс - әрекетін жан – жақты бағалау.
Баланы танып – білу мен зерттеудің ұзақтығы баланың түрлі жағдайындағы іс - әрекетін кең көлемде бақылау.
Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясына баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, арнайы ұйымдастырылған пәндік, ойындық сабақтарға, түрлі іс – шараларға қатыстыру.
Баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата – аналардың сараптамалық бағалары.
Оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті олардың белгілі бір іс - әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да біздіңше балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіші екенін ескеріп, оны дер кезінде көре біліп анықтау біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек. Мысалы: «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында өткен тренинг сабақта оқушылар өз ойларын ашық айтып, жекелеген оқушылар дараланып шыға бастады, яғни баланың лидерлік қабілеті оянды деуге болады.
Келесі өткізілетін сабақтарда балаларға тапсырма берсем, оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы басым болып, шығармашылық қабілеті, ізденушілігі жоғары деңгейде көрінді.
«Кім көп біледі» сабағымда, сыныптан тыс жұмыстың мәнін ашуда түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы жұмысты оқушылардың өздеріне тапсырдым. Олар 3 топқа бөлінді. Жасылдар, сарылар, көкпеңбек тобы. Әр топ өздерінің тақырыптарын қорғады. Бұл сабақ ұйымшылдықпен орындалып, сыныптан тыс жұмыс түрлері толық талқыланып, айқындалды. Өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруда жол ашатын қолайлы жағдай – бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік бейімділігі. Өйткені бұл кездегі оқушылардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор, бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті де балалардың өзіндік дамуына жете көңіл бөлінуі керек.
Мұғалім оқушы өзгешеліктеріне зер сала білуі керек. Ол үшін мұғалімнің жеке бір шығармашылық табысы болғаны жақсы. Мысалы: орындаушылық, сурет өнері, музыкадан. Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі шарт. Сол арқылы педагогикалық шеберлігі шыңдалады. Кез – келген сабақ кезінде мұғалім оқушы алдында тығырықтан шыға білсе, бұл мұғалімнің шеберлігі. Өз тәжірибемде байқағаным оқушылар бір сарынды сабақтан жалығады. Оларға үнемі сабақты түрлендіріп, ойын арқылы сабақты түсіндіре білсең, сол сабақтың қалай тез өткенін байқамай қаласың.
Дарынды балаларда күшті дамыған шыншылдық сезімі болады. Ой – арманы, қиялы күшті әрі кең өрісті болады. Сонымен, дарынды бала ойлау дербестігіне ие, ол жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістермен шеше біледі. Сондай тәрбие жұмысының бірі «Ана тілін ардақтай біл» атты ғылыми конференция. Конференцияда балалар тіл туралы өз ойларын ғылыми тілде дәлелдей білді. Бұл оқушылардың шығармашылығын, дарындылығын анықтауға мүмкіндік берді. Дарынды балаларды анықтау үшін оқушыларға арнайы жеке тапсырмалар беріп, пәнге деген психологиялық қызығушылығын арттыру керек. Ол үшін дарынды оқушыларға қойылатын арнайы талап деңгейінде жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде мұғалімдер оқушыларға ғылыми негізде жұмыс істеуге баулу қажет. Сондықтан оларға күнделікті ағымдағы жұмыстармен шырмалмай, тапқырлықпен, шығармашылықпен жігерлі түрде еңбек етуге мүмкіндік жасау – бүгінгі өмір талабы.
Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс - әрекетке қабілеттілік байқатады. Мысалы : сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады. Бірақ бұл қабілеттерді қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте – бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт – бағдар бере алмайды.
Дарынды балаларға берілетін білімнің теориялық жақтары едәуір тереңдетіліп және кеңейтілген түрде берілуі қажет.
Әр мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемдікті көре білу болып табылады. Кейбір оқушылардың қабілеті ерте ашылған гүл сияқты жұрттың бәрін таңдандырып жарқырап көрінеді де, ал екіншілерінің мінез – құлқына, темпераментіне байланысты көзге көп түсе бермейді. Ал мұғалімнің міндеті көзге түсе бермейтін қабілетін көре білу.
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге мынадай талаптар қойылады :
- кең пейілді, нақты болу;
-іскерлігімен қызықтыратын тақырып ауқымы кең болуы;
-белсенді, тынымсыз мінез – құлық икемі;
- әзілдесе білуі;
- өзін - өзі жетілдіру барысында көзқарасын өзгертуге әзір болуы.
Шәкірттерді шығармашылық бағыттағы, өздігімен жұмыстарды орындауға баулу, олардың қабілеттерін шыңдаудың ең тиімді және сенімді жолы болып табылады.
Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі шарт. Алдымен кәсіптік қабілетіне талап қойылады.
ХХ ғасырда А. Выготский, А. Леонтьев, В. Давыдовтар «Бала оқу арқылы дамиды» дегенді алға тартты. Дарындылықты айқындау, оларды дамуына қолайлы жағдай жасау, мектеп, отбасы, мұғалімдердің ролін анықтау үшін бағдарлама қажет. Бағдарлама мақсаты – балалардың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу, қабілетіне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру.
Балаға әсер ететін орталар : ата – ана, мұғалім, мектеп, жұртышылық, жолдастары.
Жұмыс істеу барысында баланың осы орталармен байланысын жете бақылап отыру керек. Ол үшін арнайы тесттер жасалады. Дарынды балалармен жұмыс істеудің соңғы нәтижесі білімді өз еркімен, өзі игере алатын нәтижеге жеткізумен аяқталады.
Ата – аналар дарынды балалар туралы ақпаратты және міндеттерді орындай отырып, мұғаліммен тығыз байланыста болып, бірлесіп жұмыс жасайды. Тәрбиенің белгілі бір нүктесі жоқ, адам мінезі өзгерген сайын адам бойындағы тәрбие де өзгеріске ұшырауы мүмкін. Адам бесіктен өседі, әке – шешеден, яғни отбасынан тәрбие алады. Кейбір ата – ана «Баланың тамағын тоқ, киімін бүтін етсем болды, білімді тәрбиені мектеп, мұғалім беруі тиіс» - деп ойлайды. Осындай ойда болған ата – ананың баласын оқытып жүрген керісінше «Білім берсем болды, тәрбиесін ата – ана берер» - деп ойлар болса, баланың болашағына балта шапқанмен бірдей. Сол үшін «Бала біздің болашағымыз» деген қағиданы естен шығармай, ата – ана, мұғалім болып бала тәрбиесіне бірігіп көңіл аудару қажет.
Ата – аналарды мектеп қызметін жоспарлау және ұйымдастыру ісіне тарту, түрлі іс – шараларға ата – аналар мен балаларды бірлесе қатыстыру қажет. Барлық деңгейдегі әдістемелік жұмыстары мектеп пен отбасының ықпалдық тәжірибесін, отбасы тәрбиесінің озық тәжірибелерінен түрлі байқаулар, сайыстар, жарыстар т.б. өткізу арқылы айқындау.
Бүгінгі кезде оқушы болашақ маман деп қарастырар болсақ, қазірден бастап олардың өмір жолының бағыт – бағдарын айқындауына, мектеп бітірісімен өз қалауларымен қабілет – қарымына қарай мамандық таңдауы үшін оған жан - жақты көмектесу, әрдайым рухани жетілдіріп отыру қажет.
Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа сапалы, мән – мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу.
Мұғалімнің міндеті бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет дарынын ашу. Бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті мұғалім танып, соған бағыттап білім мен тәрбие берсе, баланың болашағының іргетасы дұрыс қаланатыны сөзсіз.
Баланың дарындылығын анықтау, дамыту үшін бақылауды асығыс жүргізуге болмайды. Ол үшін белгілі бір педагогикалық, психологиялық әдістерді қолданамыз, яғни мектеп психологімен байланыс жасай отырып жүзеге асады.
Баланың табиғатын ұқпаған кісі, оны қанша әурелегенмен еш нәтиже шығара алмайды. Яғни мұғалім үшін бала жанын түсіну үлкен өнер.
Біз өзімізге сеніп тапсырған әр ата – ананың үміт күтетін перзентін салауаттылыққа бейімдеп, әдеппен сөйлеуді, үлкен кісіні сыйлауды үйретіп қана қоймай, тұлғаның бойына игі іс әрекеттер мен адамгершілік қасиеттер алтын арқау боп өрілсе екен дейміз.
ХХІ ғасырды білімділер ғасыры десек, ғылым мен білім саласында еңбек ететін жастарымыздың алдында үлкен жауапкершіліктер тұр. Демек, сол жастарға кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына бағдар беру – басты мақсатымызға айналуы тиіс.
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе, негізгі талап – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқанындай, «Бәсекеге сай білімді де, өркениетті елдің ұрпағын дайындау.»
Бар ғылымның бастауы – мектеп. Сондықтан біздің басты мақсатымыз - білім сапасын жақсарту. «Елдің болашағы жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап көрсеткендей, Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Ал оны орындау - бәріміздің қасиетті борышымыз. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі, өз орны ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын ұстаздың қолында. Ендеше бәсекеге қабілетті, білімді тұлғаны дамытып қалыптастыру баршамыздың ісіміз екенін бір сәт те естен шығармауға міндеттіміз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Богоявленская М. Дар богов или все дети талантливы //Школьный психолог. Прил.к газ. «Первое сентября», 2004, № 42.
2.Рейтинговая система оценки знаний, умений и навыков учеников в школе одаренных детей «Мурагер» // Дарын, 2004, № 2. – С.76 – 88.
3.Хромова Т. Трудно ли учить вундеркиндов? //Лицейское и гимназическое образование, 2002, №2. – С. 31 – 34.
4.Иванова И.И. О профессиональном становлении будущих учителей в контексте работы с одаренными детьми //Инновации в образовании, 2001, №1. – С.122-124.
5.Иванова И.И. Подготовка учителя к инновационной, научно – исследовательской деятельности //Дарын,2004,№3.-С.68-75.
Дәріс 6. Әлемдік педагогикалық практикадағы дарындылықты дамыту жүйесінің бағыттарына талдау жасау
1.Ұлыбританиядағы білім беру мекемелеріндегі оқытуды саралау жүйесі(А, В, С).
2.Ұлыбританиядағы таңдаулы білім беру мекемелері арқылы дарындылықты қолдау жүйесі.
3.Әлемдік практикадағы жеке және дистанттық оқыту тәжірибесі.
4.Дарындылықты мемлекеттік емес қолдау жүйесі (АҚШ).
Мақсаты: дарындылықты қолдаудың көкейкестілігі мен маңыздылығын әлемдік тәжірибе практикасымен дәлелдеу.
Міндеттері:
әлемдегі дарындылықты педагогикалық қолдау мен дамытудың тенденцияларын қарастыру;
дарындылықты дамытудың әлемдік педагогикалық тәтірибесін зерттеудің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі үшін көкейкестілігі мен маңыздылығын дәлелдеу.
дарындылықты дамытудың қазіргі жүйелі бағыттарын нақтылау.
Негізгі түсініктер: жүйе, жүйелілік, жүйелі бағыт, таңдаулы білім, дарындылықты мемлекеттік қолдау, дарындылықты мемлекеттік емес қолдау.
1972 жылы АҚШ-тағы Білім комитеті дарындылық жайлы мынадай анықтама береді: дарынды және талантты бала деп - іс-әрекеттің мынадай өрістерінің бір немесе бірнеше түрінде ерекше, күшті қабілет көрсете алатын, жоғары жетістікке жете алатын бала аталады. Іс-әрекеттер аясы: интеллектуалдық (біліктілік); академиялық; шығармашылық немесе продуктивтік ойлау; қарым-қатынас және озаттық; суретшілік; психологиялық.
Американдық педагог Дж. Рензулли дарындылыққа мынадай түсініктеме береді: “Дарындылық - үш сипаттаманың үйлесуінің нәтижесі: орта деңгейден арттыратын интеллектуалдық қабілеттілік, шығармашылық тәсіл және тапсырма орындауға жоғары себеппен және табандылықпен қызығу. Бұл ерекшелік ересек жастағы дарынды балаларға тән. Дегенмен, ересек адамдардың дарындылығы бала кезіндегі көрген тәрбиесіне, тәжірибесіне байланысты” .
Ресей психологтары дарындылық жайлы төменгідей анықтама береді: «Дарындылық - психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды» (Бурминский Г.В., Матюшкин А.М., Слуцкий В.М.).
Дарындылық жайлы айтылған пікірлер өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бұл феноменнің негізінде адамға іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін қабілеттер жатыр.
Дарындылықтың танылуына байланысты екі көзқарас бар: 1) барлық бала дарынды болып табылады; 2) дарынды балалар өте сирек кездеседі. Бұл мәселе туралы психологтар мынадай тұжырым жасайды: потенциалды дарындылық іс-әрекеттің бірнеше түрімен айналысатын балаларға тән, ондай балалар аз емес.
Балалар өздерінің дарындылықтарын іс-әрекеттің әр түрлі түрінде көрсете алады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің бір түрінде дарындылықтың әр түрлі аспектілері көрінуі мүмкін. Дарындылықтың бірнеше түрі және формалары бар, баланың психологиялық мүмкіндігі оның жастық дамуының әр түрлі кезеңдеріне өте күшті болып келеді және де ол баланын қандай ортада өсетіндігіне байланысты болады.
Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.
Дарындылық ұғымының мәнін түсінуде маңызды болып табылатын «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атайық: 1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет - барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 3. Қабілет - нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы ләзім. Әйгілі режиссер В. Немирович-Данченко «Кім болса, сол режиссер бола алады ма?» деген сұраққа: «Әлбетте, әркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге - 30 жыл, үшіншіге - 300 жыл да аз» - деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкін.
С.И.Ожеговтың дарындылық «табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Шығармашылық ойлау, ізденімпаздық-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті .
Сонымен, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарылығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
"Дарындылық" ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төмендегіше анықтама берілген: "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі".
"Дарындылық" ұғымы "қабілеттілік" ұғымына өте жақын. Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40-50 жылдарында психолог Б.Тепловтың еңбектерінде толығырақ зерттелді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс-әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады. Белгілі бір іс-әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық дейді ғалым.
В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің кұрылымын зерттеген еңбегінде: “Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психологиялық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттерінің жиынтығының бірлігі деуге болады" деп тұжырымдайды. Сонымен қатар "дарындылық" қабілеттіліктің жоғарғы деңгейін белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |