Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



жүктеу 0,87 Mb.
бет1/5
Дата20.02.2018
өлшемі0,87 Mb.
#10275
  1   2   3   4   5




ПОӘК 042-18.19-002-2013

Басылым. № 1 03.09.2013

Бет -



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ


СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.19-002-2013



ПОӘК

«Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

(оқу әдістемелік материалдар)

№3 – басылым





5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

мамандығына арналған

«Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Cемей – 2013


1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: 28.08.2013

п.ғ.м., аға оқытушы Карипбаева Шынар Тоқтаровна

п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна


2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Хаттама № 1 04.09.2013ж.

Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./


2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.

Хаттама № 1 «05» 09.2013ж.

Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.

Хаттама №1 18.09.2013ж.

ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./


4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)

МАЗМҰНЫ


  1. Пән бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).

  2. Пән бойынша дәрістер кешені.

  3. Пән бойынша семинар тапсырмалары.

4. Студенттердің өздік жұмыстары.

1. ПӘН БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

(ГЛОССАРИЙ)

Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы.

Абырой- жеке адамның құндылығы туралы түсінікті білдіреті моральдық ұғым, адамның өз-өзіне және қоғамның жеке адамға моральдық қатынасын бейнелейтін этикалық категория.

Адам тұласының бағыттылығы- белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.

Адамгершілік- қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі.

Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.

Адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы².



Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.

Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас).

Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) - құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.

Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс-әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.

Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың қалыптасуы,оны жақтырмауы.

аркылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі.



Атрибуция - адамның жүріс - тұрыс себептерімен дәлеледенген жеке

Әдіснама (методология) - (грек тіліндегі methoolos -зерттеу жэне тану жолдары, logos - тцсінкі, ілім) -теориялық және практикалық жұмыстарды, сондай-ақ осы жүйе туралы ілімді кұру және ұйымдастыру принциптері мен әдістерінің жүйесі.

Әлеуметтік құбылыс- қоғамдық өмірдің ішкі мәнін ашатын нақты сыртқы көрінісі ретіндегі деректер, оқиғалар ,барыстар жиынтығы. Әлеуметтік шындықтың теориясын,оның зерттейтін заңдарымен заңдылықтарын ұғынып алу танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады. Бұл өзара тығыз байланысты құбылыстар мәніне енуі болып табылады, нақты оқиғаларды , деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтары жөнінде қорытындағы келеді және оларды тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады.

Әлеуметтік фрустрация-адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдаушылығы,мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі,жеке тұлғаның өзін дәрменсіз,ешкімге қажетсіз сезінуі,балалар мен ересектердің әлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы,уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы.

Әміршіл-әкімшіл(авторитарная) педагогика - көзсіз бағыну тәрбиесін алға тартқан педагогика.

Балажандылық- қазақ халқы үшін болмыстағы баға жетпес байлық - ол бала, баланы қазақ халқы өмірімнің жалғасы, ұрпағын, ата кәсібін жалғастырушы деп бағалап бала тәрбиесіне көп көңіл де бөле білген. Қазақ халқы бала туралы өз пікірлерін: "Артыңда байлық қалғанша бала қалсын", "Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербететін бесігі болсын" - деп орынды бере білген.

Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.

Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.

Гетереостереотип - басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер

Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды.

Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау

Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды

Данышпандық - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.

Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға,техникаға т.б.) байқатқан балалар.

Дарындылық - адамның кез- келген іс- әрекет түріне ерекше қабілетті болуы.

Дәлелдеу -әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыр кезеңі. Сондықтан ұстаздық жумыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады .

Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым-қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады.Оқушылар мен мұғалім ынтымастық қарым-қатынаста болады.

Дербестік- белгілі бір істі, мақсатты орындауда бөтен адамның жетегінде кетпей өз білімімен, жігерлілігімен, сенім-қабілетімен шешуге тырысу.

Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани кұбылыс.

Жауапкершілік- адам әрекетінің оның нәтижесінің моральдық нормаға сәйкестігін және қылық салдарын сезіну.

Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.

жинағы.


Идеал -«Идеал – ұмтылысты қажет ететін, бірақ ешқашан жеткізбейтін, адам ақыл-ойына қажетті басшылық» (И.Кант). Мораль идеалы ол: жан-жақты, абсолютті, ізгілік туралы елестері дұрыс, адамдар арасында кемеліне келген қарым-қатынас бейнесінде, адамгершілігі мол жеке бастың жоғарғы үлгісі.

Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп адамдардың біреуі.

Инициация - сол немесе басқа ұлыстарда бар әрекеттер таптамасы осы

Интерактивті қарым қатынас – адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста,көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуіне бағытталған қарым-қатынас.

Қабілет - тұлғаның кез- келген іс- әрекетті табысты орындауы.

Қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктернен туындайтын және ақпараттармен алмасу,адамды адам қабылдау,түсінудіқамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың күрделі процесі.

қасиеттерін, мінезін, оның іс - әрекетін кәдімгі талдау негізінде баска адамға



Қауымдасу- қазақ халқына тән ерекше моральдық сапа түрі. Қауымдасу адамдардың бір-біріне түрлі жағдайда көмек көрсету кезінде анық байқалады. Мәселен, бұған қыз ұзату, келін түсіру, енші беру сияқты қуаныш кезінде немесе кісісі өлген үйге аза салу, оның жетісі, қырқы, жылын беру, кездейсоқ апатқа (жұт, өрт, т.б) ұшырап, мал-мүліктен айрылған туысқа туыстық жақындығымен шама-шарқына қарай ²қосқаным² деп көмек көрсету әдеті (дәстүрі) де дәлел бола алады.

Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар.

Мораль- (лат.moralis-әдет-ғұрып)-әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі.

Намыс -адам қасиеттерінің арқауы. Намыс - адам өмірінің әр сатысында әр түрлі байқалады. Ол - "мен, мен" - деген сәби намысы, өзін-өзі біле бастаған балғын жастың жігіттік намысы, бойжеткен ару қыз намысы, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Демек, намыстың ауқымы кең. Қазақ - намысшыл халық. Оның "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" деген мақалы намыстың не екендігін ұқтырғандай.

Негізгі тұлға - осы этностық топтың жеке тұлғамен туыстарын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы.

Нышан - қабілеттің дамуының анатомиялық-физиологиялық алғышарты.

Оқу – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдылары мақсатты түрде меңгеру процесі.

Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті,бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы.

Педагогика – адам тәрбиесі жайлы ғылым.

Педагогикалық жүйе - жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы.

Педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі,стандарт,модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер,әдістер,теориялар,көзқарастар жүйесі.

Педагогикалық үрдіс- оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет,ілгері қозғалыс.

Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.

Перцептивті қарым қатынас – басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio – қабылдау,сезіну).

Профессиограмма – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.

Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.

Ретиалды қарым қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қатынас).

Рефлексия – адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтаны жайлы өзін бағалауы.

Симпатия – бір адамның екінші адамға оң,жағымды көзқарасының қалыптасуы.

тапсыру.


Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті.

Ізгілікті (гуманистическая) педагогика – шәкіртті педагогикалық үрдістің субъекті ретінде танып, адам менмдам арасындағы қатынасты ұлықтай білген педагогика.

Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.

2. Пән бойынша дәрістер кешені

Дәріс 1. Дарындылықтың теориялық негіздері

1.Дарындылық психологиялық құбылыс ретінде.

2.Дарындылықтың тұқым қуалауы.

3.Психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегі дарындылық ұғымының мағынасы.

4.Дарындылық мәні.

Мақсаты: Дарындылықты жеке бастың психологиялық құбылысы ретінде түсіну.

Міндеттері:


  • осы құбылысты түсінудің әр түрлі әдіснамалық бағыттарына талдау негізінде дарындылық мәнін анықтау;

  • ұғымды түсінудің әдіснамалық бағыттарына ғылыми талдау;

  • дарындылықты ғылыми ұғынудың практикалық маңыздылығын түсіну.

Негізгі түсініктер: талап, дарындылық, қабілет, нышан, дарындылық механизмі, дарындылық құрылымы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен  жастардың дамуы үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет. Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық сұрақтарын қарастырумен Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпті айналыспады десекте болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласындағы- қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушының шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші орынға иелену негізінде жан- жақты, ақыл- ой өрісін кемелденген оқушы тәрбилеу мәселесін шешу қажеттігін қойып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет.Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу,  бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қаматасыз етеді. Сондықтанда дипломдық жұмыстың  өзектілігі: Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда.

Ел Президенті 2030-жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, «Біздің жас мемлекеттіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»-дейді. Ендеше, біздер ұстаздар қауымы 2030 жылдары еңбек етіп, ел басқаратын болашақ жастарымыздың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Президентіміздің үкілі үмітін атқаруға барлық іс-әрекет, күш- жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн. Жолдауда атап көрсетілгендей, өз болашақ ұрпағының жауапты да жігерлі болып, өресі биік жеткішекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс-әрекеті ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні заңдылықтарын жетік білу, жаңа оқу технологиясын жетік білу және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.

Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін дарынды балаларға білім беру жүйесі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, білім мазмұнын жаңарту мәселесі өзектелігімен ерекшеленеді.

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдында бүкіл адамзат құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

Н.Ә.Назарбаевтың – “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”, деген ұлағатты сөзін әрқашанда естен шығармау керек.

Кез келген елдің жоғары дамуы олардағы өсіп келе жатқан жастардың жоғарғы шығармашылық және талпыныс күшіне байланысты. Бала бақша, мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің алдында балаларды тәрбиелеуде, оларға жан-жақты білім беруде үлкен жауапкершілік тұр.

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені белгілі. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр.

Осы мәселелерді көп ғалымдар зерттеген, олар: ағылшын психологы Френсис Гальтон (19 ғ), неміс педагог-психологы Э.Мейман (19ғ-дың аяғында 20 ғ-дың басында), неміс психологы В.Штерн (20 ғасырдың 1-ші жартысында), Д.Ж.Гильфорд, П.Торренс, Ф.Баррен, К.Тейлор.

Ресей психологтары: Л.С.Выгодский, Б.Т.Ананьев, Н.С.Лейтес, В.М.Теплов,М.Матюшкин,С.Рубинштейн,В.Э.ЧудновскийВ.А.Крутовский, Л.А.Венгер т.б.

Сол сияқты өзіміздің Қазақстан жерінде туып, өскен қазақтың жантанушы, ағартушы ғалымдары: Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Ж.Қоянбаев және қазіргі кезде дарынды балалар жөнінде еңбегі сіңіп жүрген Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының басшысы Үміт Жексенбаева.

Психология жеке ғылым болып дами бастағаннан бастап дарынды балаларды табу және тәрбиелеу, қалыптастыру жұмыстарына зерттеу, ғылыми мән беру жүргізіле бастады. Көптеген ғылыми және методикалық материалдардың барлығына қарамастан психологтарға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге дарынды балалармен жан-жақты қалыптасқан жұмыс жүргізуге керекті нақты методикалық ұсынымдар ұстай отыра, және де шешендік тәжірибелерді, ғылыми тұжырымдарды қазақтың ұлттық ерекшеліктерін ескермей көшіре салу бұл бағыттағы жұмыстарға оң нәтиже тудырмайды. Сондықтан, дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде ғылыми зерттеулерді қазақ тілінде тереңірек жүргізіп, дарынды балалардың ата-анасына, тәрбиешілерге, мұғалімдерге қажетті материалдарды, нақты кеңес беруді дамыту бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы.

Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интелектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс істеу мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Дарынды балаға өзінің қабілетін еркін танытуға мүмкіндік беретін, өзінің дарынына қарай бірегей тұлға ретінде дамуына жол ашатын білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Талантты тани білу, дарындылықтың белгілерін дамыту осыған дайын мұғалімнің ғана қолынан келеді. Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс. А.К Макаровтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Жалпы кәсіптік жұмыста мұғалім үшін зерттеушілік іскерліктер мен дағдыларды меңгеру маңызды орын алады. Ол кез-келген әдіс-тәсілді оқу-тәрбие процесінде кәсіби тұрғыдан жүзеге асырумен қатар әрбір оқушыны, оның құрдастарымен, ата-анасымен қарым-қатынасын анықтап отыру, мұғалімнің педагогикалық-психологиялық тұрғыдан білімінің зеректігін көрсетеді.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, білімділігі деңгейі, шығармашылығы туралы Ы.Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А.Байтұрсынов, П.П.Блонский, М.Жұмабаев, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацский, В.А.Сухомлинский, қазіргі білімнің жаңа үлгісін құру барысында Қазақстан ғалымдары өз еңбектерінде шебер мұғалім ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек деді. Мұғалім кәсібінің мән-мағынасы елеулі өзгерткен шақта, жаңа тұрпатты педагог педагогикалық процестің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту модельін жобалай білу шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашалақ іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.

Әр оқушының жеке тұлға екені ғылыми еңбектерде жан-жақты зерттелгенімен, тәжірибе жүзінде, ұлттық мектептеріміздің оқу – тәрбие процесінде, тұлға ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың толық жүзеге асырыла қоймауы-шешілмей отырған мәселелердің бірі. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өз ісіне және өзіне деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.



жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау