Филология және педагогика ғылымдары факультеті



жүктеу 4,27 Mb.
бет9/15
Дата14.01.2018
өлшемі4,27 Mb.
#7494
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Бақылау сұрақтары:


  1. БАҚ терминологиясы дегеніміз не?

  2. Қазіргі таңда жазу мәдениетінің қандай талаптары дұрыс орындалмай жүр деп ойлайсыз? Мысалмен дәйектеңіз.


Әдебиеттер:


  1. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986, 153-170.

  2. Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965ж.

  3. Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978, 104-116-беттер.

  4. Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972, 114-124-беттер.

  5. Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983, 160-164-беттер.

  6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.



11-дәріс.

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілдік тұлғаларының сөз саптау мәдениеті.

Жоспары:

  1. Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.

  2. Сөздің дәлдігі.

  3. Сөздің логикалығы.

  4. Сөздің тазалығы.

  5. Сөздің мәнерлілігі.

  6. Сөздің байлығы.

  7. Сөздің қисындылығы.

Дәрістің мақсаты: Тіл мәдениетінің негізгі сапаларының қолданылуын меңгеріп, оларды практика жүзінде іске асыру дағдысын игеру.

Дәріс мәтіні: Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ықпал ету. Әрине, мұндайда тілдің эстетикалық, әдемілік жағынан әсер етуі басты назарға алынады. Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер мен сапалар болады. Олардың бастылары мыналар: дұрыстық, дәлдік, логикалық, тазалық, мәнерлілік, сөздің байлығы және қисындылық. Орыс тіліндегі материал бойынша болсын, қазақ тілінің материалында болсын, тіл мәдениетінің сапалары туралы сөз болып та жүр.

Сөздің дәлдігі. Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі. Сөздің дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді. Дегенмен, олардың арасындағы айырмашылықты білудің елеулі мәні бар. Айталық, бір адам екіншісінің қал-жағдайын сұрағанда, «жаман емес» деген жауап алуы әбден мүмкін. Бұл жауап – сөз дұрыстығы тұрғысынан талапқа сай келеді, өйткені олар - әдеби тіл нормасына сәйкес айтылып тұр және дағдыда оны айтуға үйреніп қалғанбыз. Демек, жауап берушінің халінің жағымды екеніне көзіміз жетеді. Ал, сөздің нақтылығы талабынан келетін болсақ, бұл жауап қанағаттанджырмайды, өйткені сол «жаман емес»-тің мағынасы көп: оған «орташа», «жақсы», тіпті «өте жақсы» деген ұғымдар да сияды. Объективті баға беру ыңғайында әлгі «жаман емес»-тің не орташа, не жақсы, не өте жақсы екендіктерінің біреуін дәлелдесек, сөйлеу мәдениетіндегі дәлдікті, айқындықты падаланғанымыз болып шығады.

Сол сияқты, терезе алдында ағаш өсіп тұр дегенде де, сөйлеудегі дұрыстыққа нұқсан келтіріп отырғанымыз жоқ, ал дәлдік жағынан келген де (терек пе, қайың ба, емен бе) жетімсіз жағдай байқалады.



Әлбетте, тұрмыста, көпшілік алдында сөйлеуде, ресми құжатта орын алатын сөз қолданудағы дәлдік пен көркем әдебиеттегі дәлдікті қатар қоюға бола бермейді. Әрине, бұл ретте де сөз шеберлері жалпы халық тілінде бар сөздерді орнымен жұмсайды. Дегенмен, көркем шығарманың эстетикалық қуатын, бейнеліліктің дағдылы дәлдіктен біршама өзгешелігі барын ескермеске болмайды. Мәселен, Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат» деген өлең жолдарын сауатты қазақтардың бәрі біледі деуге болар. Осындағы сыр мен сымбат сөздерінің дәл орнында пайдаланылып тұрғанына ешкім күмәнданбайды. Демек, сөзді нақтылы қолдану дегеніміз, сайып келгенде, синонимдік қатардың ішіндегі автор ойын дәл бере алатын сөзді таңдау болып табылады. Сонда ұлы ақынның айтқалы отырғаны адамның ішкі дүниесі мен сыртқы бітімі жайында екенін ескерсек, сырға да, сымбатқа да синоним болатын сөздер жеткілікті. Ал, ол сөздерді данышпан ойшыл білмеді деуге ешкімнің аузы бармайды.

Сөздің айқындығы көп реттерде жаңа сөз жасау айналасында байқалып отырады. Әрине, жаңалықтың қай-қайсысы сияқты сөздердің жаңа түрлері де бірден көпшіліктің бірауызды қолдауын туғыза қоймауы әбден мүмкін. Қазіргі тілімізге сіңісті болып кеткен аялдама, көрермен, балмұздақ сөздерін де кезінде күмәндана, тосырқай қабылдағандар болған.

Сөздің дәлдігі кей реттерде халықтың, ұлттың қалыптасқан дағдысынан да шығып жатады. Тек атаулар мен қимыл-әрекетке байланысты ғана емес, сын, белгіні білдіруде де нақтылықтың мысалдарын қазақ сөздерінен табуға болады. Мәселен, қызыл сиыр деген ұғым бар, бірақ осы түстес биені жирен бие дейді; сол сияқты, қоңыр сиыр дегенге ешкім таңданбас еді, ал осы жылқыға қатысты болғанда торы сөзі айтылады, екеуі де ақ түстес болса, сиырға (қойға, түйеге т.б.) қатысты сол сын есім сақталады да, жылқыға келгенде, мәселен, көк бие дейді. Сөз мағынасындағы осындай айқындықты, нақтылықты сақтаудың маңызы, әсіресе, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, көпшілік алдында сөйлегенде зор маңызға ие болады, тыңдармандардың назарын аударуда барынша арта түседі.

Сөздің логикалығы. Логикалылық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз. Бұл сапа ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз байланысты болып келеді. Сөз арқылы қарым-қатынас жасағанда, фармальдық логика заңдарының сақталуы талап етіледі. Ал, мұндай қателер көп реттерде ауызекі сөйлеу тілінде кездеседі. Жазба тілде де логикалық қателердің ұшырасып отыратыны бар. Ол қателіктердің орын алуының бір себебі логикалық екпінді қай сөзге немесе қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанына тиісінше мән бермееушіліктен болып жатады. Айталық, бір таныс екінші біреуден Қаладан келдіңіз бе? Деп сұрағанда, келдім деген жауап алса, ол жауапқа қанағаттанбауы мүмкін, өйткені сұраушы адам жауап берушінің келгенін біліп, көріп сұрап тұр; оған керегі - алдындағы адамның келгені, демек, қимыл-әрекеті емес, қайдан келгенін жауап берушінің түсінуі қажет еді . Сол тәрізді Сен менің кітабымды алдың ба? дегенде де, ой екпінінің қай сөзге түскенін білген жөн. Айталық, бір жағдайда әңгімеге орай басқа нәрсені емес, кітапты алған не алмағанын білу керек болар, екінші жағдайда орнында жоқ кітапты әңгімелесушінің не басқа біреудің алғанына не алмағанына екпін түсері рас.

Сөздің логикалылығының сақталмауына көптеген себептер болады. Былайша айтқанда, жекелеген сөзге немесе сөз тіркесіне логикалық екпінің түсіре айтылуы - сол себептердің бірі ғана. Логикалылықтың сақталмауы көп жағдайда синтаксистік құрылымға да баланысты болып келеді. Сөйлем ішінде есімдіктердің орнымен қолданылмауы ойдың түсініксіздігін туғызады: Көп адам соңғы жылдары кітап дүкендерінен қажетті кітаптарын таба алмай жүреді. Олардың қажеттігін сауда орындары тиісті есепке ала бермейтін сияқты (газеттен). Бір қарағанда, түсінуге қиындық келтірері рас: кітап дүкендерінің қажеттігін бе, әлде кітаптардың қажеттігін бе – қасысын есепке алу керектігін күңгірттеу сезіледі.



Сөздің тазалығы. Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына ұқсас жерлері кездеседі. Тіл мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар сөздердің әдеби тілге қатысты бірден-бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытатын сөзді таңдай білу керек. Былайша айтқанда, тілді шұбарлауға бармаған жөн. Ал, тілдің тазалығын бұзатын, оған нұқсан келтіретін факторлар аз емес. Оларға, мәселен, ана тіліндегі баламасы бола тұра, басқа тілдерден енген сөздерді қалай болса солай жұмсау (варваризмдер), жергілікті мәні бар сөздерді (диалектизмдер) талғамсыз қолдану, мамандыққа байланысты шағын ортада кездесетін сөздер (профессионализмдер), сондай-ақ құрбы-құрдастардың, әзіл-қалжыңы аралас адамдардың арасында сөзге кірістірілетін тілдік құралдар (жаргонизмдер) сияқты жайлар жатады. Тіл тазалығына кедергі келтіретін ілгеріде айтылған жайлардың бірі – варваризмдер. Қазақ тілінің қазіргі қолданылуы жағдайында басқа шет ел тілдерінен тілімізді шұбарлап жатқан құбылысты байқау қиын. Айталық, өткен ғасырларда орыс тілін француз тілі шұбарлағаны белгілі. Біздегі кемшіліктердің біріне кейбір қазақ қыздары мен жігіттерінің орыс сөздерін оңды-солды жұмсай беретіндігін жатқызуға болар еді. Бұдан, қазіргі, әсіресе, соңғы жылдары мерзімді немесе кәсіби баспасөздерде жиі атылып жүргеніндей, орыс тілін жат тіл немесе зиянды тіл деп атауға негіз жоқ.



Тіліміздің байлығының көрінісі бола тұра, диалектизмдердің қолданылуында белгілі заңдылықтың сақталғаны дұрыс. Атап айтқанда, жергілікті ерекшелігі бар сөздерді бірден әдеби тіл ретінде қолданудың біршама қиындығы бар, себебі тыңдарманға немесе оқырманға бірден түсінікті бола бермейді. Тіпті әңгіме диалектизмнің түсінікті немесе түсініксіздігінде ғана емес, дағдыдағы қолданыста болмаған соң, тіл шұбарлаушылық көзге ұрып тұрады. Кейбір жағдайда күлкі туғызуы әбден мүмкін.

Тіл мәдениетіне біршама нұқсан келтіретін тағы бір жай ілгеріде айтылғандай, жаргонизмдер. Бұлар жолдас-жораның, қатар-құрбының арасында немесе үлкен-кіші болса да, әзілдері жарасқан адамдардың бір-бірімен тіл қатысқанда айтатын қалжың-оспақ сөздері болып табылады. Бір-бірін түсінетін мұндай адамдар ондай сырт көзге байқалатын оспадар, дөрекі сөздерге мән бере қоймауы мүмкін, бірақ ондай сөздерді қалың қауымға, көпшілік ортасына арнап айтудың қисыны жоқ. Демек, жаргонизмдер шағын ортада пайдаланылады, сондықтан да оларды көпшілік орындарда қолданудың әдепсіздігі өзінен-өзі белгілі болып отырады.



Сөздің мәнерлілігі. Мәнерлілік сөздің эмоциональдық және экспрессивтік қасиеттеріне, екінші сөзбен айтқанда, сөздің стилистикалық бояуына тікелей байланысты. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті. Мұндай жағымды қасиет көпшілік алдында лекция оқитын оқытушылардың, баяндамашылардың, жазушының, қоғам қайраткерлерінің сөздерінде, баспасөз беттеріндегі материалдарда міндетті түрде болуы керек. Сөздің мәнерлілік қасиетін бойына сіңіре білген адам шешендік өнердің өкілі деп саналуға лайық. Таптаурын болған, баршаға талайдан таныс сөз оралымдарын орынсыз қайталап, мезі етпей, сөйлеуші немесе жазушы әр сөздің жаңа қырын, соны тіркесті таба білсе, мақсатына жетері анық. Классиктер мен көрнекті жазушылардың шығармаларын оқығанда эстетикалық ләззат алуымыздың бір себебі сөз мәнерлілігін авторлардың қисынды пайдалануында жатыр.

Сөздің байлығы. Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі. Сөздің байлығы туралы сөз болғанда екі жайды ескеру қажет болады: біріншіден, қай-қайсысымыздың да ана тіліміздің байлығын игеріп, пайдалана білуіміздің маңыздылығы; екіншіден, сол байлықты игере отырып, өз тарапыңнан ана тілінің баюына үлес қосудың қажеттігі туралы мәселе. Біріншісі – қиын да болса, сол тілді білетін, ана тілім деп есептейтін барша азаматтың борышы мен парызы. Ал, екіншісін екінің бірінен талап ету мүмкін емес, өйткені ол – дарындар мен таланттардың ғана қолынан келетін іс.

Сөздің қисындылығы. Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады. Сөздің қисындылығын функциональдық стильдерден бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, функциональдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу керектігі білініп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілімен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы сөздің пайдалану табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік құрылымның болғаны жөн. Сондай-ақ, іс қағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегіде сөздің стилистикалық бояу қолданудың еш қисыны болмайды. Сөздің қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына да тікелей байланысты болып келеді. Айталық, бір лекцияның студенттерге арналған ғылыми пән бойынша оқылуы мүмкін. Мұндағы қолданатын сөздерді, әлбетте, балабақша тәрбиеленушілерге лайықсыз екені өзінен-өзі түсінікті. Енді бір баяндама ғылыми жұмыстың жылдық есебі туралы болса, оны жұмысшылар арасында жасау да ақылға қонымсыз болар еді.
Бақылау сұрақтары:


  1. «Жақсы сөз - жарым ырыс» тақырыбына шағын шығарма.

  2. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлердің, тілші ғалымдардың сөйлеу мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері бар ма?

  3. Қазақ қоғамында сөз сапаларын сақтап сөйлейтін қандай тілдік тұлғаларды білесіз?


Әдебиеттер:
1. Балақаев М. Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А., 2004. 114-137-беттер.

2. Головин Б.Н. Основы культуры речи. М., Высшая школа. 1980. – С.40-254.

3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984. 10-102-беттер.
12-дәріс.

Тақырыбы: БАҚ-тағы тілдік сәтсіздіктер себептері.

Жоспары:


  1. Стилистикалық қате, оның түрлері.

  2. Радио, теледидарда сөз алған тұлғалардың тіліндегі сәтсіздіктерге тілдік, стильдік талдау жасау.

Дәрістің мақсаты: Стильдік қателіктерді ажырату, оларды топтастыру. Қателіктерді болдырмаудың жолдарын қарастыру.

Дәріс мәтіні: Бір-бірімен қарым-қатынас барысында адамдардың тілінде көптеген қателерді кездестіруге болады. Тілдерінде икемсіз, орашолақ құрылған сөйлемдер, бір –бірімен байланыспайтын ұғымдар кездеседі.Белгілі бір ұғымды аша алмайтын сөздер пайдаланады. Сондықтан айтылмақшы пікір түсініксіз шығады.Бұл олардың орфоэпиялық, орфографиялық, граматикалық нормаларыды білу қатар стилистикалық талаптарды сақтамайтындығын аңғартады.

Адамдардың ауызша және жазбаша тілдеріндегі стильдік қателерді анықтауда, топтастыру мен жіктеуде қазақ тілінің маман ғылымдары мен әдіскерлері әр түрлі пікірлер айтқан.

Балақаев М. жазбаша және ауызекі сөйлеу мәдениеті жайында күрделі проблемаға байланысты стильдік қателіктерді, атап атқанда, тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін орфографияға, орфоэпияға байланысты стильдік қателердің «сөздерді орынсыз қолдану, дұрыс тіркестермеу, сөйлемдерді мінсіз құрастыра алмау сяқты және сөздегі ала- құлалық, жергілікті жерлер де ғана қолданылатын (диалект, говор) сөздерді жиі қолданудан болады»,- деген сияқты түрлерін атап өтеді. / Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А., 1965,96-108-беттер/

Көптеген тіл мамандары мен ғалымдардың ой –пікірлерін қорытындылай келіп стильдік қателердің мына сияқты түрлері кездесетіндігі байқалады.



1. Фонетикалық қате. Мұндай қателер адамдардың ауызекі сөйлеу барысында көптеп ұшырасады.

а) Сөздегі кейбір дыбысты алмастырып қолдану. Мысалы, бітірді-пітірді, жүз- дүз, ұқсап-құсап т.б.

ә) Сөздегі кейбір дыбыстарды түсіріп қолдану. Мысалы, алыпты- апты, қалыпты-қапты, атағанбыз-атағамыз, көргенбіз- көргеміз т.б.

б) Кейбір екі сөзден тұратын тіркестердегі бірінші сөздің соңындағы дыбыстарды түсіріп, қысқартып, екі сөзді біріктіріп қолдану. Мысалы, барған соң - барғасын, келген соң – келгесін, алып барды - апарды, алып келді - әкелді т.б.

в)Кейбір сөздерге артық дыбыстар қосып қолдану. Мысалы, тағы - тағын, барасыз - барасыңыз т.б.

2. Лексикалық қате. Адамдардың тілінде ең көп кездесетін қателердің бірі-лексикалық қате. Оның мына сияқты түрлері кездеседі.

а) Бір сөзді қайталап қолдана беру. Мысалы, Динара ерте тұрды. Динара дене қимылдарын жасап, беті- қолын жуды. Динара тамақтанып, мектепке кетті.

Мұндай қателерді адам мына себептерден жіберетіндігі байқалады.біріншіден, оның ой-өрісі тар, екіншіден, сөздік қоры тапшы, сол қолданылатын сөздердің синонимімен немесе басқа сөздермен ауыстырып қолдануға дағдыланбаған.

ә) Сөздің беретін мағынасын түсінбегендіктен орынды қолданбайды.Мысалы,МахамбеттіңИсатай мақты жолдасы болды. Бұл сөйлемдегі «мықты» деген сөзді ауыс мағынада қолданғысы келгенмен, бұл сөйлемде ойды тиімді де көркем беруді септігін тигізіп тұрған жоқ..

б) Фразалық тіркестердің мәнін білмей қолдану. Мысалы, Аблайхан жас кезінде Төле бидің қол баласы болды.

Бұл сөйлемде жазушы «қол бала» деген фразалық тіркестің «жәрдемші» мағынасын ескермей, оны «жалшы» деген мағынада қолданған.

в) Кейбір сөздерді қолдануда кісілер сол сөздің экспрессивті-эмоционалды мәні мен стильдік реңін білмейтіндігі байқалды. Мысалы, Біржан Сараны күшті ақын екендігінен жеңген жоқ.

Мұндай қателерді сөздердің ауыспалы мағынасы мен стильдік реңін жете түсінбегендіктен жібереді.

г) Кейде адамдар тілінде жергілікті диалект сөздер қолданады. Мысалы, Ер Төстік сосын жер астына түсіп кетті. Азанда ауқатын ішіп, мектепке кетті.

ғ) Ойға қатыссыз артық немесе даяр «штамп» сөздерді пайдалану. Мысалы: 1. Бала атасымен жолға шықты. 2. Содан соң бала сынған тағаны көрді. 3. Сөйтіп оны алмады.

Кейбір адамдар ауызекі сөздерін де ғана емес, жазба жұмыстарында да басқа тілден енген сөздерді қалай болса солай қолданатындығы байқалады. Әсіресе, орыс тілінен енген сөздердің аудармасы бола тұра, орынсыз, бей-берекет қолдана береді. Мысалы, дежурный болдым, остановкада тұр, светті жақ т.б.

3. Морфологиялық қате. Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай білмеуден, олардың стильдік реңін дұрыс түсінбеуден жіберіледі.Адамдардың ауызекі сөздері мен жазба жұмыстарында оның мынадай түрлері кездеседі:

а) Адамдардың тілінде кейде өзінше «сөз жасау» практикасы кездесіп қалады. Мысалы, Мектеп құрылысына балташылар мен сылаушылар, ағаш ұсталары мен ісшілер келді. Бұл сияқты қателер адамның қосымшалардың сөз тудыру, жалғану аясын білмегендігінен болады.

ә) Кейбір септік жалғауларынан мағыналық реңдерін түсінбей ауыстырып қолдана береді. Мысалы: Абай жас кезінде молдаға оқыды.

б) Көптік жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау немесе көптік жалғаудың көптік мәнінен басқа рең беру ерекшеліктерін білмей қолданады. Мысалы: Егістіктерде малдар жайылып жүр. Биылғы көктемде жауындар көп болды.

в) Бір түрлі жалғауларды сөйлемде қат-қабат қолдану арқылы сөйлемнің көркемдігіне нұсқан келтіреді. Мысалы, Көктемде, күзде орманның ағаштарының түсі сарғаяды.

г) Сөз таптарының жұрнақтарын сөйлем мен сөйлемді байланыстыру мақсатында немесе негізгі сөздер мен көмекші сөздерді пайдалануда қатар қолданып, ойды түсінуді қиындатады. Мысалы, Төстік жоғалып кеткен ағаларын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шықты. Мұнда етістіктің қосымша түрінің жұрнағын қайталау үсті-үстіне қолдану жай сөйлемдерді тиянақсыз айтайын деген ойын түсінуді қиындатады.



4. Синтаксистік қателер. Бұндай қателерге сөз бен сөздің баланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем түзуінен жіберілген кемшіліктер жатады. Бұл қателердің мына түрлері кездеседі.

а) Сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерінен қате жібереді.Мысал:Алыстан ағаш басы қарауытып көрінеді.

ә) Сөйлемдені сөздердің орын тәртібінен қате жібереді, сөздердің әдеттегі орнын ауыстырып қолданудағы стильдік мәні ескермейді. Содан адамдар инверциядан қате жібереді. Мысалы: Ұзақ сапардан арып-ашып келді Ер Төстік.Бұл сөлемде бастауыш (Ер Төстік) өз орнында тұрған жоқ.

б) Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің ара жігі ажыратылмай араластырып, бір-бірімен байланыстырмай, айтайын деген ойы шашыраңқы берулі кездеседі.Мысалы: Интернатқа Борштың апасы келіп, анасы оны көріп, сүйтіп, айқайлап жылап, құшақтады.

в) Сөйлемде екі бастауыш қатар қолдану кездеседі. Мысалы: Ғабит Мүсірепов ол «Қос шалқар» әңгімесін жазды.

5. Логикалық қате. Ойды көркемдеп әдеби тілдің нормасында жеткізуде әр сөз, сөз тіркесін және сөйлемді сұрыптап, оның құрылысына, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіне, сөздің лексикалық мағынасына қарап әсерлі де нақты пайдалану тілімізде жеткіліксіз.

Кей адамдардың ауызекі сөздері мен жазбаша жұмыстарында атайын деген ойын шашыратып, сөйлемдеріндегі ой бір-бірімен байланыспай, тұжырымды пікір айту мен қорытынды жасауда кемшіліктерге жол береді. Бір ой аяқталмай-ақ екінші ойдыбастайды немесе араластырып қолдана бареді. . Логикалық қателерге негізінде мынадай қателер жатады.

а) Сөйлемдегі айтылатын ойдың иесі белгісіз болып қалады.Мысалы: Амангелді сарбаздарына мылтық пен қылыш таратып берді.

Бұл сөйлемдегі Амангелдінің сарбаздарына мылтық пен қылыш таратып берген өзі ме, әлде басқа ме екендігі белгісіз.

ә) Сөйлемдегі ой бір-бірімен байланысқа түспей түсініксіз берілуі. Мысалы: 1. Әкесі мен баласының қоштасар сәті келді. 2. Екеуі құшақтасып ұзақ уақыт тұрды. 3.Оның көзінен жас шықпады. Бұл сөйлемде кімнің шықпағаны белгісіз күйде қалған.

Қорыта айтқанда, адамдардың сөйлеуінде осындай қателер кездеседі. Әрбір мәдениетті адам қарым-қатынас үрдісінде осынау қателерге жол бермеуі тиіс.


Бақылау сұрақтары:


  1. Стилистикалық норма дегеніміз не?

  2. Стилистикалық және стилистикалық емес қателердің ауызша, жазба тілге әсері мен салдары.

  3. Стилистикалық қатемен жұмысты қалай жүргізген дұрыс?


Әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986, 153-170.

2. Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965ж.

3. Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978, 104-116-беттер.

4. Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972, 114-124-беттер.

5. Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983, 160-164-беттер.

6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А, 2004.


13-дәріс.

Тақырыбы: Қазіргі үлгі сөз

Жоспары:

  1. Сөйлейтін сөздің мазмұнын құру.

  2. Cөз тақырыбы мен мақсаты, сөз композициясының тәсілдері.

  3. Классикалық сөз үлгісі, сөзді аяқтау.

Дәрістің мақсаты: Кез келген жағдаятта топ алдында сөйленетін сөздің сапалық критерилерін анықтап, жүйелі мазмұнын құруды үйрету. Сөз композициясы тәсілдерімен таныстыру.

Дәріс мәтіні: Сөз мәдениеті тілдік нормаға негізделеді. Тілдік норма өз ішінде грамматикалық және лексикалық нормаға негізделеді. Лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөз мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан жүйеге қатысты. Сөйлеу мәдениетінде ойдың нақтылығы, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл-күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады. Жүйелеп келгенде, мұның барлығы экспрессивтілік табиғатындағы міндеттер мен талаптарды тоғыстырады. Сөз мәдениеті функционалды стиль түрлерін қамтиды.

Сөз мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеудің негізгі мақсат-міндеттерін меңгерудің жолдарын, нақты талаптарын қарастырады. Қазіргі таңда қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөз мәдениетін жоғары деңгейге көтерудің басты шарты тікелей қатысты зерттеліп келеді. Сөз мәдениетін ұлттық тұрғыдан зерделеу мәселелері мәдени ұлттық аспектінің негізгі бағыттарын басшылыққа алу мәдениетін ұлт мәдениетімен ұштастыра қарастыруда. Яғни, осы үрдіске орай, бізде өз зерттеу жұмыстарымызда сөз мәдениетін «әсерлі жеткізу» ұстанымдары негізінде яғни тілдегі экспрессивтілік мәселелерімен сабақтастырылып, экспрессиялық стилистика мәселелерімен тікелей ұштастырылады. Тіл мәдениетінің басты қатысымдық сапаларына сөздің «дұрыстығынан» өзге сөз дәлдігі, сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз орындылығы, сөз әсерлілігі, сөз әдебі сияқты сапалар жатады.

 

Бақылау сұрақтары:


  1. Сөйленетін сөздің мазмұнын құруда қандай ережелерді ұстанған жөн?

  2. Классикалық сөз үлгісіне мысал келтіре аласыз ба?


Әдебиеттер:
1. Жапбаров А.Тіл дамыту. А,1959.

2. Жапбаров А., Мусина М. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. А, 1989.

3. Жарықбаев Қ. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1967, № 1

4. Ысқақ Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. А.,1996ж.

5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.
14-дәріс.

Тақырыбы: Мұғалімнің жаңа сабақ түсіндіруі – монологтің бір түрі ретінде.

Жоспары: «Педагогикалық тілдік қарым-қатынас немесе педагогтің тіл мәдениеті дегеніміз не?» тақырыбында пікірталас өткізу.

Дәрістің мақсаты: Болашақ педагогтің тілдік тұлғасын қалыптастыру.

Дәріс мәтіні: Адам өзін қоршаған тылсым дүниені қаншалықты деңгей мен дәрежеге дейін тани алса, сол деңгей мен дәреже – адам танымының жемісі. Адам сонда, біріншіден, практикалық қызмет пен әрекеттің субъектісі болып табылады, екіншіден, адам – таным субъектісі де болып саналады. Танылған сыртқы дүние – соны тани алатын қызмет пен әдістерді адам бойынан тауып беретіндіктен, адам неғұрлым дүниені терең таныса, соғұрлым өзін-өзі танып жатқаны болып табылады. Бұл қағидалар сөз мәдениеті мен шешендік өнерді оқыту үдерісінде оқушыны оқу әрекетінің субъектісі деп тануды негіздейтін жаңа педагогикалық парадигмамен де тығыз сабақтасып жатқанына дәлел болады. Бұл бағытта біз «Оқушы-Оқушы» және «Оқушы – Мұғалім» арасындағы субъективтік қатынастар жүйесінде сөйлеу әдебінің, өзара сыйласымдылықтың мәні мен рөліне ерекше назар аударуға тиіспіз. Бұл білімді ізгілендіру, демократияландыру тенденцияларынан туындап, адам қалыптастырушылық мақсатты көздейтін жаңа білім жүйесімен өзара бірлікке құрылған оқытудың ерекшелігін танытады.

Білім – ұлттың ақыл-ойы мен ерік-жігерін қалыптастырушы тірек. Ендеше ол мемлекеттік саясаттың әр адамның сол мемлекет мүддесін дұрыс түсінуінің, оны сақтауға, орындауға деген шын сенімінің де негізі болуы тиіс. Білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру – ұлттық дәстүрлерді сыртқы кері күштерден қорғаныс ретінде біліммен сабақтастыра пайдалану деген сөз. Сананың өзін-өзі қорғауы, ең алдымен, бүкіл халықтық, мемлекеттік, ұлттық мақсаттың тұтастығын түсіну арқылы мүмкін болады. Сонда ғана оның жас ұрпақ бойында қалыптасуы тиіс ақпараттық-психологиялық иммунитеттің де негізі болатыны сөзсіз.

Білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері мен ұлттық мүдденің жақындасуы ғана білімнің мемлекет дамуындағы стратегиялық рөлін күшейте түспек. Тәрбиелік қуаты берік білім халықтың болашақ даму бағытын өзі айқындауына жол ашады. Ал бұл ана тілінің оқытылу сапасы мен оның ұйымдастырылуының түпкі нәтижеге сәйкестік деңгейіне тікелей қатысты. Бұл тілге ұлттық ділдің бірден-бір тетігі, тірегі, тіні деп қарауды қажет етеді. Оның үстіне тіл – таным құралы, тіл арқылы адам дүниені танып біледі, барлық білімді сол арқылы игереді. Бұл орайда білім саласы әлемдік тенденцияларға сәйкес өз бағыттарын белгілеуі тиіс, бірақ олардың барлығы да ұлттың тарихи-мәдени топырағында дамуы керек. Сол себепті тілді оқыту әдістемесінде педагогикалық тұрғыда мынадай арнайы міндеттерді шешу қажеттігі анықталады:


  • Мәдени иммунитетті дамыту үшін тілді адам табиғатының бөлінбес саласы ретінде ұғындыру.

  • Толық мәніндегі тілдік білімнің мақсаты жалаң ережелерді, жекелеген тілдік дағдыларды меңгерту емес, тілдің өмірлік процесінің интенсивтілігін ұйымдастыру арқылы баланың ана тілінде сөйлеуге деген мүдделілігін ояту, баланың ішкі сөйлеу тілінің пайда болуына алғышарт жасау. Өйткені, «жас ұрпақ бойындағы рухтың өшуі – грамматикалық ережелер мен әдебиеттану анатомиясын» құрғақ оқытудың зардабы.

  • Тілдік білім жүйесін ана тілінің әр адам өмірінің табиғи нормасы екеніне негіздеу.

Осыған байланысты шұғыл түрде жүзеге асырылуы тиіс аса маңызды мәселе – оқу жүйесінде баланың өмірлік мүддесіне сай, соны қанағаттандыратындай мотивациялық технологияларды қалыптастырудың жаңа жүйесін анықтау жайы. Бұл әлемдік озық тәжірибеде дәлелденгендей, «пәндік-білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыру арқылы шешіледі». Олай болса, «тілдің ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде оқу-тәрбие процесінің түп қазығы болатындығына», «оқушының дара тұлға ретінде дамытылуының, яғни білім жүйесіндегі демократиялықтың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың жүзеге асуының бірден-бір тетігі ретінде ана тілінің меңгерілуіне» ерекше мән беру қажеттігі күннен күнге дәлелденіп келеді. Өйткені жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты – дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болса, сол тұлғаның басты көрсеткіші – сөйлеу әрекетін еркін меңгеруі, өз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен қатар, оның өзіндік сөйлеу стилінің қалыптасуы. Қазіргі ана тілі сабақтарында тілдік қатынас жасау мәселесіне басымдылық берілуі – тілдің адам болмысы мен бірлігіне сүйеніп жасалған жаңа қадам.

Ең басты парадигманың бірі – тіл білімі саласында сөз мәдениетінің түп қазығы тілдік тұлға болуға тиіс деген антропоцентристік жаңа парадигма да оқушыны дамыту оның сөйлеу мәдениетін дамыту деген ұғыммен барабарлығын танытады. Себебі сөз арқылы баланың ойлау қабілеті, тыңдау қабілеті, қатысымдық қабілеті жітілдіріле отырып, түпкі нәтижесінде оның дара тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Біз жалпы орта білім жүйесінің негізгі орта деңгейінде ұсынып отырған әдеби тіл нормалары мен бағдарлы мектептерде ұсынатын сөз мәдениеті негіздері тұтастай сол оқушының танымдық қабілеттерін шыңдауға, қатысымдық қабілетін қалыптастыруға бағытталады.


Бақылау сұрақтары:


  1. Педагогикалық қарым-қатынас компонентеріне нелер жатады?

  2. Педагогтің коммуникативтік құзыреттілігі дегеніміз не? Оған қалай қол жеткізуге болады?

Әдебиеттер:


  1. Балақаев М. Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А., 2004. 114-137-беттер.

  2. Головин Б.Н. Основы культуры речи. М., Высшая школа. 1980. – С.40-254.

  3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984. 10-102-беттер.

  4. Манвелев С.Г. Конструирование современного урока. – М.: Просвещение, 2002.


Семинар сабақтардың тақырыптары




Тақырыптар

Апта

Сағат саны

Ұсынылатын әдебиеттер

1

Қазақ тіл мәдениетінің теориялық негіздері. Стилистика, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тіл мәдениеті және стилистиканың ара қатынасы.

1-апта



1

[4]-4-12;

[6]-30-34;

[7]-3-8;


2

Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.

Тілдік құралдарды пайдалана білу ережесі. Тіл мәдениеті және оның функциялары: ақпараттық-коммуникативтік функциясы, тәрбиелік-коммуникативтік функциясы және реттеуіштік функциясы


2-апта


1

[4]-14-22;

[6]-30-34;

[2]-180-186;





3

Сөз мәдениетінің коммуникативтік, когнитивтік аспектілері. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері (подстиль): бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; ресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; әдеби ауызекі сөйлеу шағын стилі; тұрмыстық-ауызекі сөйлеу шағын стилі.

Қазақтың ұлттық сөз саптау дәстүріндегі этикалық ұғымдар


3-апта


1

[6]-34-39;

[4]-32-46;

[7]-20-23;

[3]-7-18;


4


Сөз мәдениеті және шешендік.

Сөздерді дұрыс айту және дұрыс жазу нормалары. Сөз әдебі. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті



4-апта


1

[6]-39-43;

[4]-53-61;

[3]-19-24;



5



Сөйлеу мәдениеті және фонетикалық норма. Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік

5-апта


1

[6]-43-46;

[8]- 19-30;

[2]-176-179;

[4]-204-229;

[7]-64-68;




6

Сөз қолдану мәдениеті.

Жазу-сызуды демократияландыру. Халықтық тіл нормасы. Жазба тіл нормасы


6-апта


1

[14]; [3]-174-198;

[4]-132-142;



7

Ресми-іскерлік қатынас тілі. Ресми стильдегі стильдік норма. Ресми және іс қағаздар стилінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері. Ресми және іс қағаздар стилінің морфологиялық ерекшеліктері. Ресми және іс қағаздар стилінің синтаксистік белгілері.

7-апта


1

[4]-74-91; 107-132;

[2]-206-207;

[6]-58-60;


8

Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы. Сөздің функционалдық типтері. Функционалды стилистиканың өз ішіндегі стильдер бойынша жіктелуі (подстиль)


8-апта


1

[3]-132-141; 141-174;

[4]-70-73;


9

Шаршысөз мәдениеті. Іскери дискурс және тіл мәдениеті. Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Пікірталас мәдениеті

9-апта

1


[8]-152-177;

[7]-79-125;




10

Мәтін стилистикасы. Функцианалды стильдердегі стилистикалық қатенің түрлері және олардың себептері. Мәтінге қолданылатын орны, мақсаты, тілдік тәсілдері, стильдік сипатына қарай мәтіннің стильдік ерекшеліктері

10-апта


1

[6]-76-77;

[7]-133-158;



11

Стиль - өнер ерекшелігі. Тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, баспасөз тілінің мәдениеті, көркем әдебиеттің тілі қазақ тіл мәдениетін дамытудағы рөлі.

11-апта

1


[2]-216-224; 225-230; [6]-79-80;

[16];


12

Тілдің стилистикалық ресурстары. Тіл мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері. Лингвоэкология ұғымы.

12-апта

1


[4]-142-151; [2]- 230-238; [6]-81-85;

13

Ауызекі сөйлеу тілі стилінің тілдік сипаты. Сөйлеу техникасы. Ойды мәнерлі жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары: ым-ишара, қимыл-қозғалыс, дауыс күші, қарқыны, кідіріс, интонация

13-апта


1

[2]-239-245;

[4]-183-185; [6]-85-88;


14

Педагогикалық тілдік қарым-қатынас немесе педагогтің тіл мәдениеті. Диалог және монолог. Монолог өзінің мән-мазмұны жағынан сипаттау, баяндау, пайымдау деген мағыналық түрлерге бөлінуі.

14-апта


1

[2]-245-252; 252-258;[4]-192-199

[6]-89-91;


15

Аралық 1, 2

7, 15

2







Барлығы




30




жүктеу 4,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау