Филология және педагогика ғылымдары факультеті



жүктеу 4,27 Mb.
бет3/15
Дата14.01.2018
өлшемі4,27 Mb.
#7494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



6 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


    1. Негізгі әдебиеттер:




  1. Уәли Н., Қыдырбаев Ө. Қазақ тілі: Сөз мәдениеті: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Өңд., толықт. 2-бас. – Алматы: Мектеп, 2010. – 256 б.

  2. Қапасова Б.Қ., Әбдіжүсіпова Б.Х., Жұмаділова Ш.Т. Қазақ тілі: Жоғары сынып оқушыларына арналған қазақ тілін жедел оқыту құралы. – Астана: «Арман – ПВ» баспасы, 2007. – 288 б.

  3. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

  4. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

  5. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.

  6. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000.

  7. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.

  8. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984.

  9. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986.

  10. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. – Алматы, 2007 ж. – 326 б.




    1. Қосымша әдебиеттер:




  1. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987, – 272 б.

  2. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. Астана: Елорда, 2001. –230 б.

  3. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі // (авт. бірл.: Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2005.

  4. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі // (авт. бірл.: Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2006.

  5. Қарағұлов Ө. Шығарма көркі – шұрайлы тіл. жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1988.

  6. Қайдаров Ә. Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986.

  7. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986.

  8. Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965 ж.

  9. Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978.

  10. Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972.

  11. Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983.

  12. Жапбаров А.Тіл дамыту. А,1959.

  13. Жапбаров А., Мусина М. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. А, 1989.

  14. Жарықбаев Қ. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1967, № 1

  15. Ысқақ Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. А., 1996 ж.


7 БІЛІМ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ



Жұмыс түрлері


Бағалау (балл)

1

Сабаққа қатысу және белсенділік

3

2

Қысқа тестілер мен бақылау жұмыстары (аудиторияда)

10

3

Үйге берілетін практикалық тапсырмалар

17

4

СОӨЖ: топтық жоба, аудиторияда орындалатын практикалық тапсырмалар

10

5

Аралық бақылау

15

6

Қорытынды емтихан

40



Барлығы

100


8 БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ


Әріптік жүйемен

Балдың сандық

баламасы

Балы

Кредиттік жүйе бойынша бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

4

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

3

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

2



қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

1

D

1,0

50-54

F

0

0-49




қанағаттанарлықсыз


Баға қою саясаты: Семестр соңында бүкіл семестрдегі жұмыстың кумулятивті көрсеткіші болатын ортақ жалпы баға қойылады. Қорытынды баға СДУ-да қабылданған бағалар шкаласына сәйкес қойылады.

Практикалық үй жұмыстарын бағалаудың шарттары: орындалған тапсырма мазмұнының дұрыстығы мен толықтығы, орындау техникасы, баяндау логикасы, уақытында тапсыру.

Емтихандық бағаны қоюдың шарттары: жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы, баяндаудың стилі мен логикасы.

Курс саясаты:


  • кешікпеу және сабақтардан қалмау;

  • сабақ кезінде ұялы телефондарды сөндіру;

  • барлық тапсырмаларды уақытында орындау.

Академиялық тәртіп пен этикалық саясат:

- толерантты болу, басқа адамның пікірін сыйлау;

- қарсылықты дұрыс формада жеткізу;

- адал әрі әділ болу;

- жауапкершілікті сезіну.



Көмек: Өзіндік жұмыстарды орындау бойынша консультация туралы, оларды тапсыру және қорғау, сонымен қатар өтілген материал бойынша қосымша мәліметтер алу үшін және оқытылатын курс бойынша пайда болған барлық сұрақтармен оқытушыға офис-сағаттары кезінде келу.
9 ПӘНДІ ОҚЫП БІЛУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ тілінің стилистикасы ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімнің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезендік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегінде өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз.

Семинар сабақтарына дайындықты мынадай тәртіппен жүргізген жөн:

  1. Берілген тақырып бойынша семинар жоспарымен мұқият түрде танысып алу, алдымен негізгі сұрақтармен, ал соңынан талқылауға ұсынылған сұрақтармен;

  2. Семинар тақырыбы бойынша лекцияның конспектісін толық оқып шығу және қойылған сұрақтарды оқу үшін қажетті материалдарды белгілеп алу;

  3. Берілген тақырып бойынша ұсынылған негізгі және қосымша қайнар көздерге жүгіну;

  4. Берілген тақырып бойынша курсты тиімді меңгеруге көмектесетін негізгі терминдер мен түсініктерге ерекше мән беру;

  5. Тақырыпта кездесетін терминдер мен мағынасы күрделі сөздерді ұғыну;

  6. Тақырыпты оқу барысында семинар сабағына арналған дәптерге қысқаша мәнжазбаларды жазып алу қажет, бұл әсіресе дербес оқуға арналған сұрақтарға қатысты. Бұл мәнжазбаларды семинар сабағында жауап беру барысында, сондай ақ межелік бақылау мен емтиханға дайындық барысында қолдануға болады.

Практикалық сабаққа дайындық студенттің дербес жұмысының міндетті бөлігі болып табылады және сабақ жоспарында көрсетілген барлық сұрақтарды қамтуы тиіс. Сабаққа толықтай дайындалу тақырыпты толығымен меңгеруге және семинардың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Студенттің практикалық сабақтағы жұмысы оның жоғары белсенділігі деңгейін және жария қорғау барысында төмендегі талаптарға сай болуын болжайды:



  • Көмекші құрал ретінде мини конспектілерді пайдалана отырып, сұрақтарға ауызша еркін түрде жауап беруі;

  • Сұрақтарға жауап беруге дайын болуы және жауап бере алуы, сондай ақ айтылғандарға талдай жасай білуі;

  • Өз мамандықтары бойынша терминологияны меңгеруі;

  • Баяндама жасау үшін регламент 7÷10 минут.

Курсты оқу аяқталған соң студент курстың негізгі тұжырымдарын меңгеруі тиіс және қазақ тілінде еркін және шешен сөйлей білуі, қазақтың салт-дәстүрін жетік меңгеруі, өз мамандығы бойынша терминдерді еркін қолдана алуы, қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізе алуы, барлық жағдайда да оларды қолдана білуі тиіс.

Оқу бағдарламасына сәйкес аудиториялық сабақтардың жалпы санынан 90сағат бөлінген. Студент әрбір семинар сабағында ең көбі І баллға дейін жинай алады.

Семинар сабағында студенттің білімі мынадай критерийлер бойынша бағаланады:


  • Теориялық білімдерін пайдалану;

  • Жауаптарының негізділігі;

  • Қойылған сұрақтарды талқылауға қатысу;

  • Тапсырмаларды шешу, мән жайларды қарастыру;

  • Тезистер мен жауаптардың негізділігі;

  • Дәлелдерді қолдану;

  • Фактілік және тарихи материалдарды қолдану;

  • Зерттеудің негізгі түсініктерін меңгеру;

  • Жарыссөздерге қатысу;

  • Қойылған сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды шешу барысында дербестік таныту;

  • Қарастырылып отырған сұрақтарды талқылау барысында терең теориялық білімдерін көрсету;

  • Жауаптарының теориялық негізділігі мен құқықтық реттеу тәжірибесінен мысалдар келтіруі;

  • Барлық қойылған сұрақтар бойынша талқылауға белсенді әрі тұрақты түрде атсалысу;

  • Қарастырылып отырған мән жайлар бойынша дұрыс, негізді әрі толық түсінік беру;

  • Қарастырылып отырған мән жай бойынша өзінің көзқарасын дәлелдей білуі;

  • Қарастырылған мәселе бойынша негізгі ұғымдарды меңгеруі;

  • Басқа студенттердің жауаптарын талқылауға белсенді түрде атсалысу;

  • Практикалық сабақта толықтай белсенділік таныту.


ПРАКТИКА САБАҚТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
«Стилистика және тіл мәдениеті» пәнінен тәжірибелік сабақтардың мақсаты – сабақтарда алынған білімді бекіту, қазақ тілінің түйінді мәселелері мен тарихи дамуының негізгі кезендерінің ерекшеліктерін творчестволық игеру, студенттердін ойлау және өз ойын ауызша жеткізе білу қабілетін дамыту.

«Стилистика және тіл мәдениеті» пәнінен тәжірибелік-семинар сабақтары студент жұмысының ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады, сондықтан студенттен мұқият дайындық және үлкен жауапкершілік талап етіледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары дайындықка қажетті оқулықтар мен түпнұсқалар тізімін ОӘК-ге кіретін силлабустан табуға болады.

Студент әрбір сұрақ мазмұның толық жан-жақты ашуға, терең ұғынуға ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен интернет материалдарын қолданумен шектелмей, ғылыми жұмыстармен де танысу қажет.

Тәжірибелік сабақтардың барлығына ортақ форма студенттердің практикалық сабақ тақырыбының сұрақтарын талқылау процесіне түгел қатысуы, сабақтың еркін пікір алысу түрінде өтуі.

Практикалық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар
«Стилистика және тіл мәдениеті» пәні бойынша семинар және тәжірибелік сабақтары әр-түрлі нысандарда өткізіледі (жалпы сұрау, мамандықты меңгеру ойындары, ауызша баяндамалар, үй тапсырмасын талдау). Семинарды немесе тәжірибелік сабақты өткізу нысанын оқытушы әр сабақта анықтайды және алдын ала хабарлайды.

Практикалық сабақтарға курстың неғұрлым маңызды әрі күрделі сұрақтары шығарылады. Студенттерден берілген сұрақтарды талқылауы үшін сабақ уақытында өткізілген тақырыптар мен ұсынылған қайнар көздерді пайдалана отырып, арнаулы дайындалуы талап етіледі.

Практикалық сабақтардың мақсаты: студенттерде қарастырылып отырған мәселе бойынша оқу әдебиеттерімен, қосымша берілген әдебиеттермен және өзге де қайнар көздермен дербес жұмыс істеу дағдыларын; оқып қарастырылған материалдарды ұғыну және талдау дағдыларын; тәжірибелік мәселелерді шешу жолымен нақты жағдайға қатысты сөйлеу нормаларын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, практикалық сабақтың мақсаты - әдебиет бойынша дербес жұмыстың нәтижелерін тексеру, түсініксіз мәселелерді талқылау, аудитория алдында баяндау дағдыларын беру.

Практикалық сабақ – ұсынылған қайнар көздер мен әдебиетті оқу бойынша студенттің дербес жұмысының нәтижесі. Студенттің дербес жұмысы дегеніміз не? Дербес жұмысты атқару дегеніміз – ұсынылған әдебиетті, қайнар көздерді оқу, семинар сұрақтарына жауаптарға дайындалу мақсатында, пән бойынша білімдерді тереңдету мақсатында, курстың тақырыптары бойынша реферат немесе баяндама жасау мақсатында оқылғанға қысқаша мәнжазбаларды жасау.


Әдебиетті оқудың жалпы ережелері:


  1. Оқу кезеңдері: кітаппен алдын ала танысу;алғы сөзді немесе кіріспені оқу; мәтінді оқу.

  2. Мәтінді ұқыпты оқыңыз – түсініксіз жерлерге қайта оралып.

  3. Мәтінді мұқият оқыңыз – маңызды жерлерін жібермей.

  4. Мәтінді зейінділікпен оқыңыз – оқып жатқаныңызды ойдан тастамай.

  5. Мәтінді логикалық соңына дейін оқыңыз – абзац, параграф, тарау, бөлімінің және т.б. соңына дейін.

Бұл курс бойынша семинар сабақтарының ерекшелігі, студенттер қойылған сұрақтар бойынша теориялық білімдерін ауызша немесе жазбаша нысанда көрсетуі тиіс.
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысының (СОӨЖ)

мақсаты мен міндеттері
Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы кредиттік жүйедегі аудиторлық сабақ түрінде жүргізілетін білім берудің бір түрі. СОӨЖ кеңес беру және бақылаушылық қызметтерін атқарады. СОӨЖ бұл оқытушымен студенттер бірігіп диалог режимінде жүргізілетін оқу сабағы, мысалы тренинг, пікірсайыс, іскерлік және дидактикалық ойындар, тұсаукесер, кейс құрастыру, жеке, топтық жобаларды өңдеу және т.б.

Әрбір СОӨЖ-ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет (кейстер, ойындар, тестер, сөзжұмбақтар, т.б.). Олар қандай да бір сұрақтарды шешуге, оларды кеңейтуге, әр түрлі жағдайларды, тапсырмаларды және тағы басқаларды шешуге, талдауға негізделеді.

СОӨЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушылық.

Кеңес беру қызметтері:



  • әрбір пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысына көмек беру;

  • материалдарды меңгеруге қандай әдісті қолдану керектігін таңдауға студентке көмек беру;

  • студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беру;

  • оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға меңгерту;

  • ғылымилықпен айналысудағы студенттердің өзіндік жұмысына көмек беру.

СОӨЖ бақылаушылық қызметі білім алуда студенттің ынтасын жоғарылату үшін ағымдағы межелік және қорытындылау мен студенттердің білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. СОӨЖ барысында студент тютерден кеңес алып, бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырма алады (ағымдағы және рейтингтік бақылау).

Стилистика және тіл мәдениеті пәні бойынша СОӨЖ түріне реферат, баяндамалар, конспект, сондай-ақ мысалдар теріп карточка жасап өткізуді жатқызуға болады.

Оларға дайындалу негізінде студенттің ізденуі, алдын-ала қажетті әдебиеттерді іздестіруі, керекті материалдар жинауы, өзіндік көзқарасын білдіре білуі, оларды орындаудағы жоспар жасауы студенттің өз бетімен жұмыс жасай білуіне көмегі зор.

Жұмыс түрлері студенттердің ойлау қабілетін дамытады және оқыған материалдарына талдау жасай білуіне көмектеседі.
Студенттердің Оқытушымен Өзіндік Жұмыстары (СОӨЖ) тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ тапсырмаларының түрлері:
Презентация, эссе, баяндама, кесте, ауызша жауап және т.б. болуы мүмкін.

Презентация 15-20 слайд аралығында болуы қажет. Материалды алдын-ала жүйелеп, құрылымын анықтап, аудитроияға жақсы көрінетіндей етіп слайдқа орналастыру қажет. Презентацияны қорғаушы қолындағы материалдың толық нұсқа негізінде, әр мәселеге байланысты слайдқа сілтеме жасап отырады. Қорғау уақыты 10 минут.

Реферат 10-12 беттен кем болмауы тиіс. Реферат жазбастан алдын қажетті әдебиеттерді таңдап алып, материалдарды оқып шығу және негізгі мәліметтерді талдап, статистикалық мәліметтерді құрастыру қажет.

Эссе 5 бетке дейінгі көлемде А4 форматында баспа мәтінмен жазылады. Мұнда ғылыми еңбектерді терең зерттеу, ғылыми тұжырымдар мен көзқарастарды салыстыру, ғылыми әдістерді қолдану талап етілмейді (егер тақырып бойынша қарастырылмаса). Эсседе жоспар құру талап етілмейді, мәтіннің басында қарастырылатын мәселе бойынша қысқаша түсінік беріліп кетуі тиіс. Эсседе қолданылған қайнар көздер міндетті түрде жазылады.

Кесте компьютерде жасалады, мұнда тақырып бойынша материалды неғұрлым жақсы игеру үшін кесте түрінде бейнелеу қажет. Кесте А4 форматында 1,2 бетке сызылуы мүмкін.

Ауызша жауап материалды конспект, әдебиеттер, сондай ақ сөздіктер арқылы игеру. Мұнда анықтамаларды жаттау және негізгі ұғымдарды талдау талап етіледі.

СОӨЖ сабақтарына қойылатын талаптар:

СОӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тәртіпте және уақытта қабылданады. Себепсіз өз аптасында тапсырмаған студенттерден өз аптасында тапсырмаған СОӨЖ қабылданбайды. Егер СОӨЖ сабағы жоспарланған күні объективті себептерге байланысты (демалыс, мейрам күндеріне келуі т.б.) өткізілмесе келесі аптадағы СОӨЖ сабағында кезектегі тақырыппен бірге тапсырылады.


Тақырыптар бойынша конспект жасау
Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Конспектте жұмыстың авторының аты-жөні толық жазылады, жұмыс атауы, шыққан баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс.


Тақырып бойынша әдебиеттерді пайдалану
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізуде, олардың тізімін беруде автордың аты-жөнін немесе оқулық атын алфавиттік тәртіпте қадағалау қажет.

Әрбір әдебиет жазылғаннан кейін автордың аты-жөні, оқулықтың шыққан жері, баспасы, жылы мен беттері көрсетіледі. Ал журналдағы мақаланың авторы, мақала тақырыбы, журналдың атауы, нөмірі мен жылдары, баспасы жазылады.


Реферат дайындау
Реферат – баяндаманың басылған немесе жазылған түріндегі қысқаша түрі.

Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек.

Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет.

Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Рефератты орындауда баяндама 10-15 минутты қамтиды. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. Аудитория қосымша сұрақтар қоюы мүмкін. Берілген сұрақ бойынша өзіндік пікірлерін басқа да топ студенттері білдіруі мүмкін.

Баяндаушыны бағалауда орындаудағы сенімділік, дәлелді нақты таныта білуі, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өзінің көзқарасын білдіруі қадағаланады.



Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі.
ҚОСЫМША АҚПАРАТТАРМЕН ЖҰМЫС
1. Студенттер сабақ бағдарламасында қарастырған тақырыптар бойынша күнделікті өз білім-біліктерін дамытып отыруы тиіс. Сондықтан газет, журнал, түрлі әдебиеттерден, ғаламтор материалдары бойынша қосымша ақпараттар жинап, аудиторияда қысқаша баяндап беруге дағдылануы тиіс;

2. Жинақталған қосымша ақпараттар өзіндік жұмыс папкасында жинақталуы тиіс.


ЭССЕ ЖАЗУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР
Эссе – студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші мезетте студенттің өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі. Ол студенттердің әр сабақта болған-болмағандығын тексерусіз айқындайтын құрал (сабақтың аяғында студент эссені жазып, оқытушыға тапсырса ғана сабақта болды деп есептелінеді), студенттердің сабаққа белсенді түрде қатыстырудың тиімді құралы (басқа жағдайда студенттің сабақта талқыланған тақырып пен проблема бойынша өз ойларын эсседе келтіруі екіталай).
Эссенің кейбір модификациялары
1) Көршінің сұрағына жауап

Сабақ аяғында студенттер параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді. Жазып болған соң, студенттердің өз сұрақтары мен жауаптарын жұптасып талқылағаны тиімді.



2) Сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссе

Эссе студенттің тақырып бойынша бір сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін. Бұл жерде сұрақтардың адресаттары сан-алуан болу мүмкіндігін ескертіп кеткен жөн: сұрақтарды өзіңе, көршіңе, бүкіл аудиторияға, жеке адамға, оқытушыға, авторға, т.б. қоюға болады. Сұрақтар тіпті ешкімге де бағышталмауы мүмкін (риторикалық сұрақтар).



3) «Үшбу хат»

Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір студентке де жазуға болады.


жүктеу 4,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау