36
Мақсұтым-тiл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзiн қойып, көңiлiн ашпақ.
Үлгi алсын деймiн ойлы жас жiгiттер,
Думан-сауық ойда жоқ əуел баста-ақ.
Жоғарыда аталған өлеңдерiнде Абай эстетикасы суреткердiң жеке басының
еркiндiгiн оның творчествосындағы əлеуметтiк тен-денциямен тiкелей байланыста
алып қараған Белинский пiуiрлерiмен орайлас келiп отырады.
Ақын жəне поэзия, олардың қоғам алдындағы, халық алдындағы мiндетi мен
мақсаты туралы мəселе Абай эстетикасында айрықша орын алады. Абайға дейiнгi
қазақ поэзиясында болған жоқ деген байлау жасайды. Бұл жаңсақ. Өйткенi, бұл
тақырып халық лерикасында да, жекеленген ақындардың толғаулары мен
импровизацияларында да ұшырасып отырады. Ал айтыстарда тiптi мол. Бiрақ Абай
сол тақырыптарды мүлдем жаңаша жырлады, оған əлеуметтiк терең мəн бередi.
Ал Абай ақын адам қоғамынан, шындықтан тыс тұрады деп бiлмейдi. Қайта ол
ақын өз шабытын шындықтан, өмiрдiң сұрықсыз көрiнiстерiне қарсы, соның əсемдiк
жолындағы күрестен алады деп түйедi. Мұның ақиқаттығын «Адамның кейбiр
кездерi» атты баршаға əйгiлi, ғажайып өлеңнен анық көремiз.
Бұл өлеңде Абай суреткердiң лабораториясын, шабыты оянып, тебiрене
толқынған күйлерiн Аша келiп мынадай ғажайып жанды суреттер жасайды:
Сонда ақын белiн буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кiрiн жуынып,
Көрiнiп ойға көз салар.
Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектенiп надан зұлымға
Шиыршық атар, толғанар.
Əдiлет пен ақылға
Сынатып көрген-бiлгенiн,
Бiлдiрер алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенiн
Ызалы жүрек, долы қол
Улы сыя, ащы тiл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер өзiң бiл.
37
Осы өлеңдегi ақын образы өзгеше бiр алуан. Ол надан ортадан, күйбең
тiрiшiлiктен жоғары, асқақ тұр. Бiрақ одан бойды алып қошпайды. Қайта ол дүние
кiрiн жуып, рухани əлемдi көңқоқыстан тазартпақ. Ол қыранша биiкке самғағанда сол
қыранша қиян алысқа көз тiкпек, қырағырақ бола түспек. Ол мұңды да зарлы. Ол неге
мұңды, нелiктен зарлы? Оның да сырын аңдаймыз. Дүние лас, кiр. Оны надандық пен
зұлымдық жайлаған. Ақын жəни содан түршiгедi, соған кектенедi. жəне бұл
дерменсiз қарсылық емес. Ол өз күшiне, өз өнерiнiң қоғамды да, адам жанын да
сауықтырғыш күшiне сенедi, сондықтан да шыршық атып, толғанады. Сонымен бiрге
бұл ақын-əйтеуiр қарсылық бiлдiрушi, əйтеуiр кек қамтарушы емес. Ол-ақылдың, ой-
сананың əделеттiң жыршысы, шындықтың жаршысы. Сөйтiп, мұндағы ақын-жай
ақын емес, күрескер ақын. Жəне ол күрес талқысы қаншалы өткiр, қысталаң
болғанымен, одан iркiлiп, тартынбақ емес. Өйткенi, ол май майданға белiн беккем
буынып түскен.
Абай эстетикасында оның əн-күй жайында, өз халқының музыка мəдениетi
жайында айтқан ой-пiкiрлерi де айрықша орын алады. Өзi де асқан композитор
болған Абай туған халқының музыка өнерiн, оның қолтума ерекшелiктерiн мейлiнше
терең түсiнген. Ол қазақтың шалқар даласындай кең тынысты, мол үндi шырқап
салынатын халық əнiн былайынша сипаттайды:
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп оятар баста миды.
Бұл дүниенiң лəззаты əлi сонда,
Ойсыз қулақ ала алмас ондай сыйды.
Көбiнесе əн басы келедi ащыКел тыңда» деп өзгеге болар басшы.
Керiм толғап, тауысар қаңғыр-күңгiр,
Сол жерiне ойыңмен араласшы.
Абайдың ойынша əн-күй, яғни музыка ойлы адамға тiл жетпес лəззат берiп,
рахатқа бөлейдi. Сонымен бiрге Абай музыка-адамды тəрбиелеудiң, оның жүрегi мен
ой-санасын оятудың құралы деп бiледi:
Ұйықтап жатқан жүректi əн оятар,
Үннiң тəттi оралған мəнi оятар
Кейi зауық кейi мұң дертiн қозғап,
Жас балаша көңiлдi жақсы уатар
Əннiң де естiсi бар, есерi бар,
Тыңдаушының құлағын кесерi бар.
38
Ақылдың сөзiндей ойлы күйдi
Тыңдағанда көңiлдiң өсерi бар.
Өмiрдiң алды-ыстық, арты-суық,
Алды-ойын, арт жағы-мұңға жуық.
Жақсы əндi тыңдасаң ой көзiңмен,
Өмiр сəуле көрсетер судай тынық.
Поэзияны ерiккеннiң ермегi емес, əлеуметтiк күрестiң құралы деп түйген
Абай əн-күй жайындағы ой-пiкiрлерiнде де осы принциптен танбайды. Сонымен бiрге
ол жақсы музыка адамды жан-жақты тəрбиелеудiң, оның жеке басын жетiлдiре
түсудiң, табиғаттағы жəне өмiрдегi əсемдiктi сезiне, ұғына бiлуге баулудың да
құрамы деп бiледi. Осы ойын ақын «Құлақтан кiрiп бойды алар» атты өлеңiнде
тереңдете, өсiре отырып жырлайды. Музыка өнерi жайындағы ой-пiкiрлерi Абайдың
бұл салада да мазмұн мен форманы тығыз байланыстыра алғанын, үйлестiре
қарағанын қапысыз танытады.
Өзiнiң эстетикалық көзқарастарында ойлылық пен көркемдiк элементтерiн
ажыралмас тұтастықта алып, айырмай қарауы Абай-дың бұл ретте де орыстың
классик ақын-жазушыларымен, ойшыл табысып, туысып жатқандығын анық
көрсетедi.
Қазақтың жазба əдебиетiнiң халықтық, реалистiк арнада дамуында, дəуiр
талабына орай өруiнде Абай эстетикасы айрықша роль атқарады. Ұлы классигiмiздiң
реалистiк поэзия мен көркем өнер жайындағы түйiндi, түбегейлi ойлары бiз өзiнiң
тарихы да, эстетикалық та мəн-маңызын жоғалтқан жоқ жəне жоғалтпайды.
АҚЫННЫҢ ПОЭМАЛАРЫ
Жоспары:
1. Абай - эпик ақын
2. Абай поэмаларының сюжеттiк жемiсi
3. Ескендiр поэмасы
4. Масғұт поэмасы.
Абай поэзиясының денi, салмағы оның лерикасында. Өзiнiң классикалық
шығармаларын ол осы жанрда жазылды. Сонымен бiрге ақын творчествосында оның
поэмалары да айрықша орын алады. Абай жинақтарында оның үш поэмасы басылып
келедi. Олар: «Ескендiр», «Масғұт», «Əзiм». Соңғы поэма бiзге толық күйiнде
жетпеген, кейiнгi тараулары сақталмаған.