Филология факультетi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет13/21
Дата15.11.2018
өлшемі0,54 Mb.
#20278
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

 

39

Абайдың үш поэмасына да ортақ, тұтастай хас бiрнеше сипат бар. Олардың бəрi 



де тарихи тақырыпқа, өткен өмiр оқиғаларына арналған. Жəне де поэмалардың негiзгi 

сюжеттiк  желiсiн  құраған  сол  оқиғалар  қазақ  өмiрiнiң  шындығынан  емес,  Шығыс 

тарихынан алынған. Мысалы, «Ескендiр» поэмасында Александр Македонский жайы 

баян  етiледi. «Масғұт»  та  ежелгi  бiр  аңыздан,  араб  өмiрiнен  алынған.  Ал  «Əзiм» 

оқиғасы «Мың бiр түннен» алынғанын Абайдың өзi айтады. 

Поэмаларының  бəрi  де  Абай  кейiпкерлерi  өмiр  сүрген  кезеңдi,  олардың  тұрақ-

мекендерiн нақтылы, тiкелей суреттеуден бастайды. «Ескендiр» поэмасында шығарма 

кейiпкерiнiң  ата-тегi,  мекенi,  əкесi  өлiп  таққа  отырғаны,  жан-жаққа  көз  аларта 

бастағаны небəрi екi-ақ шумақ арқылы баян етiледi. 

«Масғұт»  поэмасынан  оның  Арун-Рашид  халифа  заманында  Бағдатта  өмiр 

кешкенiн  бiлемiз.  Ал  «Əзiм  əңгiмесiнде»  ақын  Бағдаттағы  Мұстафа  мен  Сапа  деген 

ағайынды екi жiгiттiң тағдырынан аз-мұз мағлұмат бередi де, өзiнiң негiзгi кейiпкерi 

Əзiмнiң тағдыры мен талайына ауысады. Осының бəрi поэма оқиғаларын түйдектете, 

шиеленiстiре өрбiтумен бiрге шығарманың реалистiк сипатын да тереңдете, күшейте 

түседi. 

Абай  поэмалары  көбiнесе  бiр  тақырыптың,  бiр  оқиғаның,  яғни  шығарма 

кейiпкерi  өмiрiнiң  белгiлi  бiр  эпизодтарының  төңiрегiнде  ғана  өрбидi.  Бұл  қасиет 

«Ескендiр»  мен  «Масғұтта»  əсiресе  күштi.  Мұның  өзi  поэма  жанры  жайында,  оның 

оқушы  мен  тыңдаушыға  ететiн  əсер  күшi,  тəбиелiк  мəнi  жайында  Абайдың  көп 

ойланып-толғанғанын байқатса керек. 

Мысалы, «Ескендiр»  поэмасында  Абай  Александр  Македонскийге  жалпылама 

мiнездеме берiп келедi де, оның бiр ғана жорығын баян етедi. Сол сияқты «Масғұт» 

поэмасында да кейiпкер өмiрiнiң басты-басты бiрдi-екiлi кезеңi ғана суреттеледi. Тек 

«Əзiм  əңгiмесi»  ғана  күрделi,  желiлi,  шытырман  оқиғалы  шығарманың  өрiсiн 

танытарлықтай.  

Абайдың  кемел  ойшылдығын,  суреткерлiк  тұрғысын  барынша  анық  танытқан 

поэмасы-«Ескендiр». Александр Македонский тағдыры, оның жорықтары бүкiл əлем 

əдебиетiнде мол жырланып отырғаны тарихтан жақсы аян. 

Абай  поэмаларынан  оның  образ  жасаудағы  шеберлiгi,  көркемдiк  тəсiлдерi  де 

жақсы  байқалады.  Бұл  ретте  де  «Ескендiр»  поэмасының  жөнi  айрықша  бөлек. 

Мысалы, ақын поэманың бас жағында Ескендiрдiң сипатын былай бередi: 

Сұмдықпен əскер жиып қаруланды, 

Жақын жерге жау алып тұра аттанды. 

Көп елдi күтiнбеген қырды, жойды, 




 

40

Ханды өлтiрiп, қаласын тартып алды.  



Жазасыз жақын елдiң бəрiн шапты, 

Дəрияның суындай қандар ақты. 

шапқан жердiң бəрiн де бодам қылып,  

Өкiметпен қолына тартып апты. 

Абайдың суреттеуiнде Ескендiр-адам қанын судай шашқан, жаугершiлiкпен күн 

кешкен  қанiшер.  Ол  хандарды  ғана  емес,  жазықсыз  елдердi  де  шабады.  ақын  мұны 

қатты  сынап,  қадап  айтады.  Сол  елдердiң  көбiне  ол  опасыздықпен  тұтқиылдан 

тиiседi.  Абай  Ескендiр  мiнезiнiң  осы  қырларын  ашумен  бiрге  оның  жанындағы 

қолпаштаушы нөкерлерiнiң екiжүздiлiгiн, көлгiрлiгiн бiр-ақ ауыз сөзбен сездiредi: 

Қанiшер қаҳарлы хан ашуы көп, 

Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп. 

Сол күнде қошеметшi айтады екен: 

Ханның ханы, патшаның патшасы деп. 

Соншалықты  қатыгез,  соншама  өр  болғанымен,  Ескендiрде    терең  ой,  парасат 

жоқ.  Əрi  сол  ойсыздығын,  тайсыздығын  басқалардан  жасырады  да.  Кiшкентай  қу 

сүйектiң  сырын  бiлмей  қалғанда  ол  Аристотельдё  аулақ  алып  кетiп,  жұрт  көзiнен 

оңашада сұрайды: 

Ескендiр мұны көрiп аз тұрады, 

Хəкiмдi аулақ жерге шақырады. 

- Таң қаларлық iс болды мұның өзi, 

Мəнiсiн айтып бершi деп, - деп сұрады.  

Поэмада  аз  көрiнсе  де,  аса  ай3ын  бейнеленген  тұлғалардың  бiрi – Аристотель. 

Низами  дастанында    Аристотелб,  Платон,  Сократ,  Порфирий,  Аполлоний,  Фалес, 

Гермес тəрiздi жетi бiлiмпаздың образы болса, Абай поэмасында Аристотель жалғыз. 

Жалпы  ежелгi  дүниенiң  осы  ойшылын,  философын  Абай  болса  жоғары  бағаланған. 

Ол  Аристотель  есiмiн  өзiнiң  қарасөздерiнде  де  зор  iлтифатпен,  құрметпен  атап 

отырады. 

Абай поэмада оны «Жолдасы – Аристотель ақылы мол», «Сол күнде Аристотель 

жеке дара» деп сипаттайды. Ескендiр үшiн тылсым болған қу сүйектiң сырын ашатын 

да – сол. Абай Аристотельдi үлкен ғалым, асқан ойшыл ғана емес, шындықты айтудан 

тайсалмайтын  ақиқат  iздеушi  ретiнде  де  суреттейдi.  Ол  ащы  шындықты  тiптi 

Ескендiрдiң өзiнiң бетiне басып айтудан да қаймықпайды: 

- Бұл – адам көз сүйегi, - дедi ханға, -  

Тоя ма адам көзi мың мен санға? 




 

41

Жемiт көз жер жүзiне тоймаса да, 



Өлсе тояр көзiне құм құйылғанда. 

Кəпiр көздiң дүниеде араны үлкен. 

Алған сайын дүниеге тоя ма екен? 

Қанша тiрi жүрсе де, өлген күнi 

Өзге көзбен бiрдей-ақ болады екен. 

Ашуланба, ей патшам, айтайын дат: 

Алтын қақпа бермедi сiзге рұхсат. 

Сый сұрадың, бергенi – бiр қу сүйек, 

Мұны көрiп, алыңыз сiз де ғибрат. 

Өз шығармасының негiзгi бiр идеясын ақын Аристотельдiң осы с5здерi арқылы 

берген.  Оның  үстiнде  бұл  сөздер  Ескендiрге  ақынның  өзi  жасаған  сипаттауды 

толықтыра, тереңдете түседi. 

Абайдың  Масғұт  пен  Əзiм,  аяр  шал  образдарын  жасаудағы  творчестволық 

принциптерi  де  көңiл  аударуға  тұрарлық.  Ол  тiптi  мифтiк  оқиғалар  мен  аңыздан 

алынған  кейiпкерлердi  суреттегенде  де  реалистiк  бейнелеу  əдiсiне  көбiрек  ойысып 

отырады. 

Абай  поэмалары  негiзiнен  баяндау  стилiнде  жазылған.  Оларда  эпикалық  сарын 

басым.  Авторлық  тебiренiстер,  лирикалық  шегiнiстер,  кейiпкерлердiң  iшкi 

монологтары  Абай  поэмаларында  жоққа  тəн.  Рас,  оқиға  өрбуi  барысында  оның  ара-

тұра  өзiнiң  көңiл  күйлерiн  шертiп  кететiн  кездерi  болады.  Мысалы, «Масғұт» 

поэмасында  масғұттың  қыдыр  шалдан  бата  алғанын  баяндаудан  кейiн  мынадай 

шумақтар бар: 

Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған, 

Жалғанның дəмiн бұзып қауiп қылғызған. 

Ақыл мен мал екеуiн асыра алмай, 

Арашашы iздептi қатын-қыздан.    

Сол  сияқты, «Масғұт»  поэмасындағы  əйелдi  ардақтау,  қадiр  тұту  сарыны  Абайдың 

лирикалық өлеңдерiнiң де ең бiр өзектi, мол жырланған тақырыбы болатын.  

Сөйтiп,  суреттейтiн  оқиғалары  мен  тарихи  дəуiрлерiнiң  алшақтығына 

қарамастан, Абайдың лирикасы мен поэмаларының арасында ой ұқсастығы, идеялық 

ұқсастық,  авторлық  мақсаттың  тұтастығы  бар.  Сондай-ақ,  тарихи  өткенге,  қиян 

алысқа  арналған  поэмаларында  да  Абай - өз  дəуiрiнiң  үнi,  өз  заманының  жыршысы 

болуға тырысады. Бұл сол поэмалардың идеялық нысанасы мен негiзгi пафосынан да, 



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау