60
Дəстүр бойынша ақындарды лирик жəне эпик деп екiге бөледi. Əрине бұл
шартты түрде ғана бөлу. Шындығында, тап-таза лирик, не тап-таза эпик де болуы
қиын. Эпиканың шеберi саналатын ақындарда лирикалық, философиялық шегiнiстер
жиi ұшырайды. Сол сияқты, лирикалық туындыларда эпиканың элементтерi де
кездесе бередi. Iрi тұлғалар саналатын дүние жүзi əдебиетiнiң ұлы ақындарын алсақ,
лирика негiзгi жанр.
Сондай-ақ, Абай өлеңдерiнiң де денi-лирика. Абайда əлеуметтiк лирика
сатиралық, философиялық лирика, лириканың элегиялық түрi-бəрi де кездеседi.
Əлеуметтiк-саяси лирикалық өлеңдерi өз кезiндегi қоғамдық мəнi зор
мəселелерге арналады. Ақын кейде мысқыл, кейде кекесiн түде өзiнiң суреттеп
отырған өмiр құбылыстарына көзқарастарын бiлдiредi. Ел үшiн, жұрт үшiн зиянды
деп түсiнген iс-əрекеттер ақынды қатты ашындырады. Сондықтан да олi
Улы сия, ашшы тiл,
Не жазып кетсе, жайы сол,-
деп ескертедi.
Абайдың айналасындағы өмiр құбылыстарының ұнамсыз жақтары жанын
жаралап, жүрегiне даңқ салды. Сұм-сұрқия iс амалдар халқының келешегi үшiн
кедергi деп бiлдi. Осындай тұсiнiк ақынның лирикасында өзiнiң iзiн қалдырды:
Болды
да
партия
Ел iшi бүзылды
Əуремiн
мен
тыя
Дауың
мен
шарынды
Құрбыдай қош
түттым
Жасың
мен
кəрiңдi
Жоқтамай ұмыттым
Ақыл мен нəрiңдi
Ортаға көп салдым
Өзiм де барымды
Япырмау, неңдi алдым,
Сау қоймай арымды
?
Өшiңнен асырдың
Сұм тiлдi қарынды
Жасырдым, жасырдым
Ендi айттым барымды.
Ақынның лирикасындағы лирикалық геройлар - сол кездiң атқа мiнiп, сөз
ұстаған пысықтары. Бiрақ олардың бəрi де ой-өрiсi тар, бiрдiс бiрге шабыстырып ел
бiрлiгiн ыдыратушылар. Ел бiрлiгiн елдiк үшiн керек деген идеяны берiк ұстаған ақын
оған қайшы келушiлердi шенейдi. Олардың мардымсыз iс əрекеттерi, бiр жағынан
оның жанын жараласа, екiншi жағынан оны жиiркендiредi. Сөйтiп, кейде бiр өлеңде
екi түрлi сезiм түйiседi. Жоғарыда келтiрiлген үзiндiде əрi элегияның, əрi сатираның
61
элементтерi кездесуiнiң себебi де осында. Абайдың бiр алуан өлеңдерi философиялық
лирикаға жатады. бiрақ бұл саладағы өлеңдерi күнi бүгiнге дейiн зерттелмей тың
жатыр. Өйткенi олар Абайдың жалпы философиялық көз қарастарын терең
зерттеумен байланысты болғандықтан, бұған əдебиетшiлердiң тəуекелдерi тұрмай,
қашқақтап келсе, философтар да оны дербес тақырып етiп зерттемей жүр.
Абайда элегиялық лирика да жиi ұшырайды. Лириканың бұл түрiнде Абай үлкен
шебер. Элегиялық өлеңдердiң негiзi өз кезiндегi əлеуметтiк өмiрге ақынның риза
болмауынан оның көп қиналуы жалғыздықтан, келiп туады. Сол себептен онда
қайғыру, мұңаюшылық сарыны басым келедi. Əрине, бұл жайттарды да кезеңiмен,
жағдайымен байланысты алып қарау керек. Элегия жазушы-ақындардың барлығы
бiрдей емес, кейбiр ақындар жалғыздыққа ұшырап, өзiнiң əлсiздiгiн өзi мойындайды
да, сүйенер терегiнiң түбi болп, тамыры шiри бастағанына көзi жетiп, сенерi жоқ
болғандықтан пессимизмге ой ұрады. Олардың лирикалары өмiрден түңiлу немесе
iшiмдiктi жырлауды машық етедi. Одан да гөрi құлдиласа, бұл дүинеден мүлде безiп,
ол дүниенi жырлауға берiледi.
Элегия, кейде ақынның үстемдiк етушiлер тобына наразылықтан, кейде қоғам
өмiрiндегi кемшiлiктерге жаны аурудан туған элегияларында, өмiрд, ен мүлде түңiлу
бомаса да ақынның қажуы налу сарыны анық байқалады.
Ал сенейiн, сенейiн
Айтқаныңа көнейiн
Шалма ораған сопының
«Iшiн арам демейiн»-
деп, өзiмен басқалардың қарым-қатынастағы алдамшылық iс-əрекеттердi айта
келiпi
Басыңа тидi байқадың,
Бəрiнен басты шайқадың,
Тағы бар ма айтарым
?
Нанғыш болсам нан ендi
! - дедi.
Абайда осы сықылды элегиялық өлеңдер жоқ емес. Бiр алуан эллегиялар ең
жақсы көретiн ұлы Əбдрахманның өлiмiмен байланысты туды.
Элегия кейде ақындардың күйiнiш, сүйiнiштерiн, əр алуан жағдайлармен
байланысты iшкi сезiмдерiн сыртқа шығару, кейде бiр жай көңiл-күйлерiн көрсету
үшiн де жазылады. Бұл табиғи нəрсе, өйткенi соқпақсыз өмiр жолы жоқ. Ондай
62
жағдайлар сезiмтал, нəзiк жанды ақындарға тез əсер етiп, ақындардың лирикаларында
элегиялық сарын туғызуы мүмкiн.
Көк ала бұлт
сөгiлiп,
Күн
жауады
кей шақта,
Өне
бойын,
егiлiп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен
жаңғырып;
Жер көгерiп, күш алар
Оның малы өзгеден,
Өзгеше болып өсер
тел,-дедi.
Осы сияқты ынтамағы берiк елге бiрлiгi, берекесi жоқ елдi қарсы қояды. Ақын
достығының күш-қуатын, қасиетiн айта келiп, қолдан достық жасап та көредi. Бiрақ
сол досымен өзiнiң арасына басқа жұрт от салып екi айырады. Əйтсе де ақын үмiт
үзбейдi. Өмiрде достық, татулықтан артық ешнəрсе жоқ деген қорытындыға
тоқтайды. «Кейде есер көңiл құрғырың» деген өлеңiндеi
Махаббатсыз дүние бос,
Айуанға оны қосыңдар
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының балаң, досың бар,
Жүрегi жұмсақ бiлген құл,
Шын дос таппай тыншымас,
Пайда, мақтан, - бəрi тұл,
Доссыз ауыз тұщымас,-дейдi.
Махаббат, достық, шексiз нəрсе. Оның əралуан түрi, сансыз сыры бар. Əйтсе де,
бiр мəселе анық. Ол - адам өмiрiнде махаббат - сүйiспендiктiң шешушi роль
атқаратындығы. ''Сүюсiз ойлап тұрсам өмiр бар ма''
? деген риторикалық сұрау «жоқ»
деген жауапты ешкiм айтпай-ақ ұқтырып тұр. Түтеген оққа қарсы шапқан, бiле тұра,
алдына зор мақсат қойып, азаттық жолына бел буып, майданға шығу, езушiлерге
деген зор махаббат, жаны ашушылық т.б. осылар сықылды мысалдар көп.
Махаббат тақырыбына арналған Абай лирикасының бiр қатары əйел мен
ерлердiң арасындағы сүйiспендiктi жырлауға арналады. Бұл мəселеде де өз
замандастарынан мойыны анағұрлым озық жатқаны даусыз. Оның ер мен əйелдiң
арасындағы қарым-қатынастар қандай болуы керектiгi жайлы көзқарас ой
пiкiрлерiнiң негiзгi түйiнii
Ғашықтық, құмарлық пен екi жол.
Достарыңызбен бөлісу: |