Ғылыми зерттеудің парадигмасы



жүктеу 0,66 Mb.
бет7/18
Дата20.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#42702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Функ экзамен (1)

атқарады» деп көрсетуге болады.





Тіл бірліктерінің қызметі. Тіл бірліктері дегеніміз не?

Тіл бірліктерінің қызметі( 4-ші сұрақтағы мәліметтің жалғасы, себебі екеуі бір тақырып, бірге қарастырылған). Бұл қызметтердің қай қайсысы да тілдік жүйені құрайтын тіл деңгейі бірліктеріне негізделеді және олардың семантикалық-функционалды әлеуетінен көрінеді. Осы түрлі тіл деңгейі бірліктерінің жұмсалымын жеке алып та қарауға болады және бірге де алып қарастыруға болады. Осы орайда әр түрлі деңгейге жататын тіл бірліктерінің бір өріске жинақталуы қандай ұстанымға негізделеді? деген заңды сауал туындайды, сондай-ақ функция ұғымының кең және тар түсінігі пайда болады. Функция тар түсінікте тіл бірлігі қызметі ретінде қабылданады, мысалы: құрылымдық грамматикадағы морфемалардың грамматикалық мағынаны берудегі қызметтері; синтаксистік бірліктердің қызметтері. Функционалды грамматиканың нысаны сөйлеу немесе тілдік жүйедегі ортақ семантикалық қызмет бойынша біріккен элементтердің актуалдануы болып табылады. Яғни тіл бірліктерінің белгілі бір мақсатты жүзеге асыруда бірігіп қызмет етеді, сондықтан мұнда функция кең ұғымда түсініледі.Тіл жүйесі элементтерінің қызметін шартты түрде екі жақты қарауға болады: бірі – негізгі атқаратын қызметі; екіншісі осы түсінікпен байланысты болып келетін басқа қандай да бір қызметтерді атқаруға бейімділігі. Бұл жердегі бейімділік – семантикалық бейімділік деген сөз. Ал бұл тіл бірлігіне тән мағыналық-функционалдық бейімділік, мүмкінділік, дәлірек айтқанда әлеуеттің (потенциалдың) қолданысы нәтиже ретінде қаралады және ол сөйлеуде көрінеді. Өйткені лексикалық, грамматикалық бірліктердің негізгі қызметтерінен басқа да мағыналық-жұмсалымдық мүмкіндіктері сөйлеуде толық ашылып, дәл сол сөйлеу актісінде потенциалды қызмет негізгі қызметке айналады. Осымен байланысты функцияның екі түрі ажыратылады: потенциалды функция (ары қарай Фп) және нәтижелі функция (ары қарай Фн). Сонымен, тілдік бірліктердің функциясы дегеніміз – олардың (тіл бірліктерінің) белгілі бір қызмет атқаруға қабілеттілігі, жұмсалу мүмкіндігі, сондай-ақ жұмсалымның (функционирование) іске асқан нәтижесі – жүзеге асқан мақсат [3, 29]. Мұнда функцияның екі – потенциалды (Фп) және нәтижелі (Фн) қырлары қамтылған. Функцияның бұл екі сипаты арасындағы өзгешелік абсолютті емес, салыстырмалы болып келеді. Фп аспектісі, ең алдымен, «тұлғадан мағынаға қарайғы» немесе «құралдан функцияға» бағытындағы грамматикалық сипаттаумен байланысты және нақты бір тұлға қызметінің жұмсалу мүмкіндігі айқындалады. Ал Фн аспектісі екі бағытта, «мағынадан тұлғаға қарай» және «тұлғадан мағынаға қарай» қаралғанмен, алдыңғысы доминанттық сипатта болады. Функция өзара әрекеттес тілдік құралдардың жұмсалым нәтижесі ретінде қаралғанда (Фн), сол қызметті (айтылуға тиісті ойды, мақсатты) жүзеге асыруға қатысқан құралдарқұрамы анықталады. Сөйтіп, тілдік бірліктердің жұмсалу мүмкіндігі тіл жүйесіне, ал мүмкіндіктің жүзеге асуы сөйлеуге қатысты болып шығады.





Функция мен мағына арақатынасы

Қызмет мен мағына түсінігі. «Мағына» тілдік бірліктердің (тұлғалардың) семантикасына, «қызмет» тілдік бірліктердің қызметіне қатысты қолданылатын термин. Сонымен қатар, соңғы терминді функционалды грамматикада «семантикалық функция» терминімен де атайды. Таратып айтар болсақ, бұл жерде «функция»сөзінің мағынасы кең болып келеді. Бұл жерде аталған термин ұғым, түсінік, мазмұн дегенге жақынырақ келеді. Яғни функционалды тіл білімі мағынаға сүйенеді деген сөз. Мағынасы болмайтын тілдік бірлік жоқ, қосымша, сөз, сөйлем – бәрінің мағынасы болады. Мағынаның екі түрі бар: грамматикалық мағына және лексикалық мағына.
Қызмет пен мағына ұғымдарының арасында байланыс бар екені рас, алайда олардың екеуі бір нәрсе болып табылмайды. Өйткені қызмет түрлерінің барлығын мағына ретінде тануға болмайды. Мысалы: - дай/-дей, - тай/-тей формаларының қызметі – сын есім тудыру, ал олардың мағынасы – салыстыру, сол арқылы бір нәрсенің бейнесін көз алдымызға елестету.
Көсемшенің –ып/-іп, -п тұлғалары етістікті түрлендіреді, сөйтіп түрлі грамматикалық форма жасайды. Ал қызметіне келсек: жазып жүру – етістіктің аналитикалық формасын жасайды; асығып ішу – қимылдың өту амалын білдіреді; сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыру қызметін атқарады. Бұдан шығатын қорытынды: тілдік формалардың тұрпаты бірдей болғанмен, оның атқаратын қызметі және білдіретін мағынасы бірнешеу болуы мүмкін.
Тілдік бірліктердің мағыналық жағы ұғыммен тікелей байланысты. Тіл үшін, тілдік бірліктер үшін олардың 1) сыртқы формасы, 2) ішкі мазмұны, 3) қолданатын орны, 4) тілде атқаратын қызметі маңызды, басты рөл атқарады. Төменде Б.Қалиевтің лингвистиканың екі түріне қатысты тұжырымы кесте түрінде берілді:





Функ. Линг. Негізгі нысаны. Зерттеу мақсаты.








Функ. Линг. Іргелі теориялар. Функ. Гр.,Функ. Морф. (коммуникативті синтакис), функ. Синтаксис. Мектептер, өкілдері








Бондарко концепциясы. Өріс теориясына негізделетін функ. Гр. жайында








Функ. Морф.+септік (көмектес)








Функ. Гр. Зерттеу ұстанымдары мен нысаны (Бондарко)

«Тіл білімі саласында «функционалдық» ұғымы:

  1. тілдік бірліктерді қолдана отырып, олардың функциясын (қызметін) алынған нəтижеге қарай зерттеу;

  2. түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің өзара əрекеттесе отырып жұмсалуынан осы формалардан туындайтын мағынаны айқындау, яғни «мағынадан құралдарға қарай» бағытта зерттеу;

  3. осы екі бағыттың бірлестігі тілдегі семантикалық категорияларды көрсететін түрлі тілдік бірліктерді бір тұтастыққа, «өріске» жинақтау» [1, 62].

Функционалды-семантикалық өріс тіл білімінде функционалды лингвистиканың бір бағытын құрайтын функционалды грамматиканың негізгі нысаны болып табылады. Функционалды-семантикалық өріс (ары қарай ФСӨ) белгілі бір мазмұнды жеткізеді және ол мазмұнды құрастыру тілдік құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Яғни ФСӨ-ге сыртқы тұрпат пен ішкі мазмұн тән.
А.В.Бондарко ФСӨ-ке берген анықтамасы: Функционалды-семантикалық өріс – тілдегі грамматикалық көрсеткіштердің лексикалық, лексикаграмматикалық əрі сөз тудырушы, сөз түрлендіруші лексемалардың екіжақты қырынан (мазмұн-форма) үндесе əрі үйлесе бірігіп келіп белгілі бір семантикалық ортада көрініс табуы.

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау