Ғылыми зерттеудің парадигмасы



жүктеу 0,66 Mb.
бет15/18
Дата20.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#42702
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Функ экзамен (1)

Синтаксема дегеніміз сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаратын сөзтұлға немесе сөзтұлғалардың тіркесі болып табылады. Синтаксемада сөздің лексикалық мағынасы, морфологиялық тұлғасы және басқа синтаксемаларға байланысты позициясы көрінеді. Мысалы, «Менің әкем мұғалім еді» деген сөйлем мыналай синтаксемалар тұрады: «Менің» есімдігі заттың кімге тәуелді екенін анықтайды, «әкем» - синтаксемасының синтаксистік мағынада – сөйлемнің субъектісі болып табылады. «Мұғалім еді» синтаксемасы –синтаксистік мағынада сөйлемнің предикаты болып тұр. (Сөзтұлға дегініміз белгілі бір грамматикалық формада тұрған сөз. Мысалы бара берді деген тіркестегі бара — көсемше тұлғасында, берді — жедел жедел өткен шақ тұлғасында, ал екеуі тіркесіп келіп, етістіктің  аналитикалық тұлғасын жасап тұр).
Синтагма – грек тілінен біртұтас құрастырылған деген мағынаны білдіреді.. Синтагма – сөйлеу бірлігі, құрылымдық, мағыналық, интонациялық жағынан байланысқан сөздер тобы, сөйленімнің құрылуы мен тыңдаушыға жетуіне қызмет атқаратын сөйлеудің құрылымдық-мағыналық фрагменті. Синтагма компоненттері бір-бірімен мағыналық та, синтаксистік те, интонациялық та байланыста болады. Мұны синтагмалық қатынас деп атайды. Синтагмалық қатынас – тіл білімінде тілдік элементтердің бір-біріне тіркесе жалғасуы дегенді білдіреді. Синтагмалық қатынасқа алдыңғысы кейінгісіне тіркессе, жалғаса айтылатын я жазылатын элементтер байланысы жатадыМысалы, «Менің әкем мұғалім болды» деген сөйлемде «Менің әкем», «мұғалім болды» деген екі синтагма бар. «Ол келді де, сұрады» деген сөйлемде: «Ол келді», «Ол сұрады», «Келді де сұрады» деген синтагмалар бар.







Жұбанов еңбектеріндегі функ. Морфологияныың көріністері

Ең алдымен Қ.Жұбановтың өз еңбектерінде функционалды грамматиканың зерттеу әдісін қолданғандығы оныңМаррдың, Ф. де Соссюрдің, Фортунатовтың, Богородскийдің, Шапироның және т.б. ғалымдардың грамматикалық еңбектеріне талдау жасағандығынан көрінеді. Ғалым өз заманында тілді тек құрылымдық жағынан зерттеу жеткіліксіз екендігін ашып айтып, мағынаға баса назар аударған. «Рас, біз формашыларға қарсымыз: тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды...Грамматиканы тек мағына жүйесіне негіздесе де немесе тек форма жүйесіне негіздесе де, тілдің табиғатын көрсете алмайтын сыңар езулік болады. Грамматиканың қай жерінде болса да мағына, форманың екеуін де естен шығармай отыру керек болатыны осыдан» деген сөздерінен Есперсеннің 60 жылдары жасаған «мағынадан - тұлғаға» және «тұлғадан - мағынаға» қарай зерттеу әдісін Жұбановтың 30 жылдары-ақ айтып кеткенін аңғарады екенбіз.
Қ.Жұбанов шақ категорияларын жіктеуде функционалдық бағытты ұстанған. 3 шақты және олардың мағыналық топтарын атап көрсеткен. Сонымен қатар, көмекші етістердің мағыналық топтарын саралап көрсеткен. Олардың қимылдың өту процесіне қатысты түрлі мағынаны білдіретінін: 1) қимылдың созылыңқы жасалуы, 2) қимылдың үзіліспен жасалуы, 3) қимылдың жасалу процесінің үдеуі, күшеюі, 4) қимылдың жасала бастауы, 5) қимылдың қайталануы, 6) қимылдың бірнеше субъекті арқылы жасалуы және т.б. деп жіктеуі және отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің көпқырлы мағыналарын табудағы әдістері қазіргі функционалды грамматиканың зерттеу әдістеріне сай келуімен қатар, аспектуалдық функционалды-семантикалық категориясының табиғатын ашудағы алғашқы ұмтылыстар деп есептеуге болады. Ғалым отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің бірнеше мағыналық реңктерінің бар екендігін және бұл олардың көмекшілік қызметіне де әсер ететіндігін айтып, осы төрт етістіктің қандай етістіктермен тіркесетіндігін және олар тіркескенде қандай мағына беретіндігін көрсеткен. Бұл туралы ұстазымыз М.Жолшаеваның еңбектерінде айтылған. Біз ұстазымыздың диссертациялық еңбегіндегі үлгі бойынша апайымыздың еңбегінде талданған 8 етістіктен өзге бірқатар көмекші етістіктердің тіркесімділігін анықтағуға тырысып көрген болатынбыз. Шынында да, көмекші етіктіктер бір-бірімен талғаусыз тіркесе бермейді және бір сөзге әртүрлі көмекші етістіктерді тіркегенде олардың шақ мағынасында, күрделі етістік жасауда өзгешеліктер болатынына куә болдық. Міне, әлі күнге өзекті болып отырған осындай зерттеулер Қ.Жұбановтан бастау алған.







Толымды, толымсыз сөйлемдердің теориясы, құрылымдық -сематикалық аспектісі

Тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің біреуі не екеуі контекске байланысты түсіп қалып, оның түсіп қалғандығын көрші немес алшақ тұрған сөйлемге қарап білуге болатын жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.Ж.Жақыпов «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» атты диссертациялық еңбегінде толымсыз сөйлемдерді бастауышсыз толымсыз; анықтауышсыз толымсыз; пысықтауышсыз толымсыз; толықтауышсыз толымсыз; баяндауышсыз толымсыз – элипсистенген сөйлем деп жіктеген яғни, ойды толық жеткізуге қажетті мүшелердің қайсысы боласын түсіп қалса, ол толымсыз сөйлем болып табылады.
Толымсыз сөйлемдер ауызекі тілімізде де, көркем әдебиетте демонолог, диалог түрінде де жиі кездеседі.
Толымсыз сөйлемдер контекстік және ситуативтік толымсыз сөйлемдер болып бөлінеді. Сонымен қатар, толымсыз диалог репликалары, элипсистенген (бандауышсыз сөйлемдер)толымсыз сөйлемдерде бар.

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау