Мәтін – таңба бірліктерінің мазмұн жағынан өзара байланысты сөйленімдер тізбегі.
Дискурс – белгілі бір коммуникатвитік кеңістікте іске асатын сөйлеу немесе жазба мәтінге бекітілген коммуникативтік жағдай.
|
|
|
Функ. Линг. Өріс теориясы (Линг. өріс)
|
«Өріс» термині лингвистикаға жаратылыстану ғылымдарынан келген. Тіл білімінде өріс термині алғашқыда тар ұғымда ортақ мағынаға ие сөздердің жиынтығы ретінде түсінілсе, кең ұғымда мағына, кейде формалды көрсеткіштердің ортақтығы негізінде біріккен және таңбаланатын құбылыстардың ұғымдық, заттық немесе функциясы жағынан ұқсастықтарын қарай топтасатын тілдік бірліктердің (негізінен лексикалық) жиынтығы дегенді білдіреді.
Өріс өзіндік бір сипаты бар құрылым ретінде анықталып, алғашқыда лексикология, кейін тілдің барлық саласында қолданыс тапты. Соның негізінде лексика-семантикалық өріс, лексика-грамматикалық өріс, синтаксистік өріс, реляциялық өріс, функционалды-семантикалық өріс сияқты көптеген терминдер қалыптасқан. Өріске байланысты бұл ұғымдар оның қай тіл деңгейіне қатысты қолданылуы және өрістің қай аспектіде қарастырылуымен байланысты болып келеді.
И.М.Кобозева семантикалық (лексикалық) өрістің негізгі белгілері ретінде мыналарды көрсетеді: 1) өріс түзетін сөздердің арасында семантикалық қатынастардың (корреляция) болуы; 2) бұл қатынастардың жүйелілігі; 3) лексикалық бірліктердің өзара тәуелділігі мен өзара айқындалатындығы; 4) өрістің салыстырмалы түрде дербестігі; 5) өрістің мағыналық кеңістігінің үздіксіз көрінуі; 6) тұтас лексикалық жүйе шеңберінде семантикалық өрістердің өзара байланысы.
Өрістің түрлері мен жалпы өріс теориясына қатысты ғылыми ойтұжырымдар В.Порциг, Л.Вейсгербер, Ш.Балли, В.Г.Адмони, Г.С.Щур, А.Комаров, Е.В.Гулыга, Е.И.Шендельс, А.В.Бондарко еңбектерінде көрініс тауып, әр қырынан қарастырылған.
Синтаксистік өрісті тереңірек қарастырған Л.Вейсгербер оны ортақ семантика негізінде біріккен сөйлемнің құрылымдық модельдерінің жиынтығы деп түсіндіреді. Синтаксистік өріс – объективті шындықтағы түрлі қатынастардың жалпы бейнесін білдіретін синтаксистік мағынасының жақындығы негізінде бірігетін синтаксистік модельдер топтамасы.
|
|
|
Линг. «өріс» ұғымы (Тек өріс ұғымына тоқталамыз. ассоциативті өріс, қатыстық өрістің ұқсастығы мен айырмашылығы. 1 өріске тоқталамыз
|
«Өріс» термині лингвистикаға жаратылыстану ғылымдарынан келген. Тіл білімінде өріс термині алғашқыда тар ұғымда ортақ мағынаға ие
сөздердің жиынтығы ретінде түсінілсе, кең ұғымда мағына, кейде формалды көрсеткіштердің ортақтығы негізінде біріккен және таңбаланатын
құбылыстардың ұғымдық, заттық немесе функциясы жағынан ұқсастықтарын қарай топтасатын тілдік бірліктердің (негізінен лексикалық) жиынтығы
дегенді білдіреді.
Өріс өзіндік бір сипаты бар құрылым ретінде анықталып, алғашқыда лексикология, кейін тілдің барлық саласында қолданыс тапты. Соның
негізінде лексика-семантикалық өріс, лексика-грамматикалық өріс, синтаксистік өріс, реляциялық өріс, функционалды-семантикалық өріс
сияқты көптеген терминдер қалыптасқан. Өріске байланысты бұл ұғымдар оның қай тіл деңгейіне қатысты қолданылуы және өрістің қай аспектіде
қарастырылуымен байланысты болып келеді.
Өріске енетін барлық сөздерге ортақ интегралды семантикалық белгімен қатар, олардың әрқайсына тән өзіндік дифферен-циалды семантикалық белгісі де болады. Осымен байланысты лексикалық өріс
құрайтынортақ мағына негізінде біріккен лексемалар мазмұн айырмашылығы жағынан бір-бірінен қарама-қарсы қойылатын лексикалық парадигма түзеді
Лингвистикада жоғарыда айтылған өріс түрлерінен басқа реляциялық өріс ұғымы да бар. Бұл терминді енгізген А.Комаров тілдік категорияларды атауыш өріс (поля номинаций) және қатыстық өріс (поля реляций) деп екіге бөледі. Атауыш өріс зат пен құбылыс және олардың белгілерін атап, солардың мағынасын өзіне тірек ететін категориялардан тұрса, қатыстық өрісті зат пен құбылыстардың арақатынасын бейнелейтін категориялар құрайды.
Ассоциативтік өріс терминін енгізген Ш.Балли индивидуумның әрқайсысында ассоциативтік топтардың көлемі жағынан түрліше болып келетіндігін айтады. Оның пайымдауынша, «...толықтай уәжді таңба міндетті деген бір ішкі ассоциацияда бейнеленеді; еркін таңба ойша қосымша сыртқы ассоциациялар арқылы басқа таңбалармен байланыстырылады» екен.
Е.Гулыга, Е.Шендельстің түсіндіруіндегі грамматика–лексикалық өріс, А.В.Бондарко ұсынған функционалды–семантикалық өріс, А.П.КомаровтыңЛингвистикада жоғарыда айтылған өріс түрлерінен басқа реляциялық өріс ұғымы да бар. Бұл терминді енгізген А.Комаров тілдік категорияларды атауыш өріс (поля номинаций) және қатыстық өріс (поля реляций) деп екіге бөледі. Атауыш өріс зат пен құбылыс және олардың белгілерін атап, солардың мағынасын өзіне тірек ететін категориялардан тұрса, қатыстық өрісті зат пен құбылыстардың арақатынасын бейнелейтін категориялар құрайды. Ассоциативтік өріс терминін енгізген Ш.Балли индивидуумның әрқайсысында ассоциативтік топтардың көлемі жағынан түрліше болып келетіндігін айтады. Оның пайымдауынша, «...толықтай уәжді таңба міндетті деген бір ішкі ассоциацияда бейнеленеді; еркін таңба ойша қосымша сыртқы ассоциациялар арқылы басқа таңбалармен байланыстырылады» екен.
Айырмашылығы – А.В.Бондарко өрістің негізін морфологиялық категория құрайды деп санаса, Е.Гулыга мен Е.Шендельс грамматикалық және лексикалық құралдарды тең дәрежеде алып қарайды. Байқағанымыздай, өріс теориясына қатысты айтылған тұжырымдардың бәрінде ортақ бір идея бар. Ол - мағынаны жеткізуде түрлі тіл деңгейі бірліктерінің өзара әрекеттес келуі туралы идея.
|
|
|
Лексика- грамматикалық өрістің лингвистикалық сипаттамасы
|
Синтаксистік өрісті тереңірек қарастырған Л.Вейсгербер оны ортақ семантика негізінде біріккен сөйлемнің құрылымдық модельдерінің
жиынтығы деп түсіндіреді. Синтаксистік өріс – объективті шындықтағы түрлі қатынастардың жалпы бейнесін білдіретін синтаксистік мағынасының
жақындығы негізінде бірігетін синтаксистік модельдер топтамасы.
Лексикалық өріс пен синтаксистік өрісте бір ғана деңгейге жататын тіл бірліктері өріс түзсе, өзара әрекеттес түрлі тіл деңгейіне (морфология,
синтаксис, сөзжасам, лексика) жататын бірліктер ортақ семантика негізінде грамматика–лексикалық өріс құрайды.
Е.В.Гулыга мен Е.И.Шендельс грамматикалық бірліктерді лексикалық бірліктермен тығыз байланыста қарап, олардың белгілі бір ортақ
семантиканы білдіру мақсатындағы ара қатынасын айқындайтын грамматика–лексикалық өрістерді дәйектейді. Оған тән төмендегідей белгілерді көрсетеді:
- белгілі бір семантикалық категорияны білдіру үшін өріске енетін түрлі деңгейге жататын тіл бірліктері жүйелік арақатынасқа түседі және олар сол өрісті құрайтын конституенттер дәрежесінде қызмет етеді;
- өрісті құрайтын түрлі тіл деңгейі құралдарына тән ортақ мағына болады; өрістің жалпы ортақ мағынасы біреу емес, ол кем дегенде екі бір-біріне қарама-қарсы мағынадан тұрады;
- өрістің көлденең және тік кесінді түрінде көрсетуге болатын күрделі құрылымы болады. Көлденең кесінді бойында оның семантикалық түрлері –микроөрістер орналасады, ал тік кесінді бойында оны құрайтын тілдік құралдар жатады.
|
|
|
Лек-сем. Лексика-гр. Өрістің салыстырмалы сипаттамасы
|
И.М.Кобозева лексика семантикалық өрістің негізгі белгілері
ретінде мыналарды көрсетеді: 1) өріс түзетін сөздердің арасында
семантикалық қатынастардың (корреляция) болуы; 2) бұл қатынастардың
жүйелілігі; 3) лексикалық бірліктердің өзара тәуелділігі мен өзара
айқындалатындығы; 4) өрістің салыстырмалы түрде дербестігі; 5) өрістің
мағыналық кеңістігінің үздіксіз көрінуі; 6) тұтас лексикалық жүйе
шеңберінде семантикалық өрістердің өзара байланысы. Лексика-грамм. Өріс жайлы 14-сұрақта
Яғни екеуінің ұқсастығы: екі өріс те семантикалық жағынан топтасады.
Айырмашылығы: лек-семантикалық өріс біртектес бірліктерден – лексемалардан тұрады, сондықтан лексикология шеңберінде қарастырылады. Ал лек-грамматикалық өріс әртектес тіл бірліктерінен тұрады, деңгейаралық.
|
|
|
Қ.т. біліміндегі функционалды зерттеулер
|
Функция ұғымының тіл білімінде термин ретінде қалыптасуы В.Гумбольдт, Г.Майер, О.Есперсен, А.А.Потебня, Ш.Балли, Е.Курилович еңбектерінен басталады. Аталған ғалымдардың еңбектерінде негізінен сөздердің синтаксистік қызметі қарастырылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында функция ұғымы төмендегідей үш қырынан сипатталды: 1) жеке сөздің (тұлғаның) мағынасы; 2) тілдік құралдың қызметі; сөздің (тұлғаның) орны (позициясы) [1, 69 б.]. Функция тілдік бірліктердің мағынасы, яғни қолданыстағы қызметі ретінде түсіндірілетін көзқарас Прага лингвистикалық мектебі өкілдерінің еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Олардың түсінігінде функция тілдік элементтің қызметі, мақсаты дегенді білдіреді.
Тілдің қолданыстық сипатына қатысты тұжырымдар тілдегі функционалды бағыттың негізін құрайды десек, оның нышандары өткен ғасырдың бірінші жартысында жарық көрген қазақ лингвистері А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов жəне С. Аманжолов зерттеулерінде айқын көрініс береді. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің негізін ғана салып қойған жоқ, ондағы ғылыми бағыттарды да айқындап берді. Солардың бірі – тілдегі функционалдық бағыт. Біз бұл мəселеге мақала деңгейінде қазақ лингвистері А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов еңбектеріндегі етістік категорияларына жəне С. Аманжоловтың септік категориясына қатысты айтқан ғылыми тұжырымдарына талдау жүргізу арқылы тоқталуды жөн көрдік.
|
Достарыңызбен бөлісу: |