1) жеке сөздің (тұлғаның) мағынасы;
2) тілдік құралдың қызметі; сөздің (тұлғаның) орны (позициясы) Функция тілдік бірліктердің мағынасы, яғни қолданыстағы қызметі ретінде түсіндірілетін көзқарас Прага лингвистикалық мектебі өкілдерінің еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Олардың түсінігінде функция тілдік элементтің қызметі, мақсаты дегенді білдіреді.Бұл ұғымдағы функция тіл элементінің кез келген қызметін көрсетеді. Функция мен мағына ұғымдары бірдей емес: кез келген мағына белгілі бір құрал немесе тілдік құралдар кешенінің қызметі ретінде қарастырылуы мүмкін, бірақ кез келген функция мағына емес (мәселен, ісәрекетке барғызу мағынасының түрлі жүзеге асыратын бұйрық рай тұлғаларының қызметі мен сөйлем мүшелерінің құрылымдық қызметі).
Функция терминін тар және кең ұғымда алып қарауға болады. Мұның өзін екі жақтан қарастыруға болады.
Бірі – тілдің (жалпы тілдік жүйенің) атқаратын қызметтері;
ал екіншісі – сол жүйені құрайтын тіл деңгейлері бірліктерінің қызметі. Соңғының өзі екі аспектіде қаралады. Оны сызбамен былайша өрнектеуге болады: Функция (қызмет); Тіл (тілдік жүйе) Тілдің жүйедегі тіл деңгейі қызметі бірліктерінің қызметі
Функциямен байланысты ұғым – жұмсалым әрекеті (функционирование). Тілдік бірліктердің жұмсалым әрекеті – сөйлеуде актуализацияланған тілдік жүйенің әр түрлі деңгейіне жататын элементтер мен ортаның өзара әрекеттестігі [4, 10]. Тілдік бірліктердің жұмсалым түрлері мен заңдылықтары тілдік жүйеге, тілдік нормаға жатқанымен, жұмсалым процесі сөйлеуде жүзеге асады. Жұмсалым әрекетіне тән белгі – қозғалыс.
«Мағына» тілдік бірліктердің (тұлғалардың) семантикасына, «қызмет» тілдік бірліктердің қызметіне қатысты қолданылатын термин. Сонымен қатар, соңғы терминді функционалды грамматикада «семантикалық функция» терминімен де атайды. Таратып айтар болсақ, бұл жерде «функция»сөзінің мағынасы кең болып келеді. Бұл жерде аталған термин ұғым, түсінік, мазмұн дегенге жақынырақ келеді. Яғни функционалды тіл білімі мағынаға сүйенеді деген сөз. Мағынасы болмайтын тілдік бірлік жоқ, қосымша, сөз, сөйлем – бәрінің мағынасы болады. Мағынаның екі түрі бар: грамматикалық мағына және лексикалық мағына.Өйткені функционалды грамматика қандай да бір ойды жеткізу үшін сөйлеудегі тілдік құралдарының қызмет зерттеуді және тіл бірліктерінің мағыналық жақтан жұмсалымдық әлеуетін анықтауды да басты назарда ұстайды. Қазақ тілтанымында функция терминіне балама ретінде қызмет, қолданыс, жұмсалым сөздері де ұсынылып жүр.
Философияда функция белгілі бір нысанға тән және сол нысанның немесе өзі элемент ретінде енетін жүйенің бар болуын қамтамасыз ететін тәсілдің қозғалысы ретінде анықталады. Тіл білімінде, ең алдымен, жалпы тілдің қызметі (бейнелеуші-экспрессивті және коммуникативті) мен жеке тілдік элементтердің қызметі ажыратылады. Лингвистикада функция ұғымына қатысты көзқарастарда бірізділіктің жоқтығы тілдік бірліктердің функциясы мен семантикасының арақатынасына байланысты: функция тіл бірліктерінің семантикасына қарсы қойылады немесе керісінше, тілдік бірліктердің мағыналары олардың қызметі ретінде ұғынылады. Сондай-ақ, осы функция, мағына терминдері бір-біріне жақын ұғымдар болып табылады. Функция ұғымының тіл білімінде термин ретінде қалыптасуы В.Гумбольдт, Г.Майер, О.Есперсен, А.А.Потебня, Ш.Балли, Е.Курилович еңбектерінен басталады. Функция тілдік бірліктердің мағынасы, яғни қолданыстағы қызметі ретінде түсіндірілетін көзқарас Прага лингвистикалық мектебі өкілдерінің еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Олардың түсінігінде функция тілдік элементтің қызметі, мақсаты дегенді білдіреді. Функция терминін тар және кең ұғымда алып қарауға болады. Мұның өзін екі жақтан қарастыруға болады. Бірі – тілдің (жалпы тілдік жүйенің) атқаратын қызметтері; ал екіншісі – сол жүйені құрайтын тіл деңгейлері бірліктерінің қызметі. Соңғының өзі екі аспектіде қаралады. Тілдің ақтаратын қызметін санамалап көрсеткенде: тіл – қарым- қатынас құралы; тіл – ақпаратты бойында сақтаушы және оны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізуші; тіл – эмоцияны білдірудің бір тәсілі және т.б.., ал жинақтап, «тіл коммуникативтік, когнитивтік және кумулятивтік қызмет
Достарыңызбен бөлісу: |