Ғылыми-көпшілік журнал №3 (17) 2015



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата27.12.2019
өлшемі2,34 Mb.
#25187
1   2   3   4   5   6

12

13

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал



Тым ұзақ емделмеңіз!

Нағыз маман



Салтанат Байқошқарова - Қазақстандағы тұңғыш бедеулікті емдеудегі денеден тыс 

ұрықтандыру әдісін енгізген маман. Осы мамандықтың қыр-сырын жақсы меңгерген 

және өз ісіне қатты берілген кісі. Ол көздеген мақсаты басқа емес дәл осы денеден тыс 

ұрықтандыру ісі (ДТҰ) болуында не сыр бар? Неліктен емхана жетекшісі халықтың сау-

атын ашуға бар күш-жігерін арнады екен? Онсызда жетекшілері секілді өз ісіне берілген 

жоғары білікті дәрігерлер де жетерлік емес пе? Бүгінгі әңгімемізді, міне, осы сұрақтар

төңірегінде өтбіткенді жөн көріп отырмыз.

- Қазіргі таңда қазақстан 

халқымедицинаның барлық сала-

сында дерлік, оның ішінде бедеулікті 

анықтау және емдеуде жаңа заманға 

сай технологияларды қолдана алады, 

- дейді Салтанат

Берденқызы. Бірақ бәрінен бұрын 

халықтың медицина саласындағы 

сауатсыздығы (медицина саласынан 

хабарсыздығы) біздіңvжұмысымызды 

қиындатады. Жәй ғана мысал, егер 

екі жұп балалы болғысы келсетек 

гинекологтың, ең жақсы дегенде 

қабыну процесін емдеп, инфекция-

ларды анықтап беретін маманның 

көмегіне қанағаттанады. Дамыған 

мемлекеттерде бедеулік мәселесімен 

арнайы мамандар - репродуктологтар 

айналысады. Адам ұрпағын өрбіту 

ғылымы - репродуктология тура-

лы айтатын болсақ - бұл көптеген 

биологиялық және медициналық 

пәндер тоғысқан өте күрделі сала. 

Бұл шын мәнінде тез өзгеріп отыра-

тын, ғылымның дамып келе жатқан 

жаңа саласы. Яғни, бес жылда бір рет 

шет елдерге шықпай, білімін жетілдіру 

курстарынан өтіп отыратын, ескі 

әдіспен жұмыс істейтін дәрігер, жаңа 

өзгерістерді, көп нәрсені біле бермейді. 

Статистикаға сүйенсек, әр жыл сайын 

медициналық ақпарат 20 пайызға 

өзгеріп отырады екен, яғни, бес жыл-

да түгелімен дерлік жаңарады. Осыған 

орай дәрігер репродуктолог пен жал-

пы гинекологтың бедеулікті емдеуде 

білім-тәжірибесін салыстырсақ, үлкен 

айырмашылығы бар.

- Сонда айырмашылығы неде?

- Мен сізге бір мысал келтірейін: 

сіз жылдар бойы қабыну процесін 

емдеп, жүктілікке кедергі келтіретін 

инфекцияның ізін іздеп немесе жа-

тыр түтікшелерін қалпына келтіру 

үшін бірнеше рет ем-операция 

жасатуыңыз мүмкін. Бірақ мұның 

арты қалауыңыздағыдайbжүктілікке 

апара бермейді. Оның үстіне алтын 

уақытыңызды жоғалтып, денсаулы-

ғыңызды құртып, жүйкеңіз тозып, 

қаншама ақша жұмсайсыз. Бізге 

көбінесе қырық жасқа таяп қалған па-

циенттер келеді. Өкінішке орай біздің 

пациенттердің 40-50 пайызы осы жас 

шамасындағылар. Оған қоса 65-70 

пайызы бірнеше рет гинекологиялық 

операция жасағандар. Бір сөзбен 

айтқанда, бұл әйелдердің басым 

бөлігінде аналық бездері қауқарсыз, 

ұрық тапшылығы байқалады, яғни 

өзінің аналық ұрығымен балалы 

болу мүмкіндігі өте төмен, көбінесе 

тіпті мүмкін емес. Бұл шын мәнінде 

қорқынышты сандық көрсеткіш. 

Әйелдің ең ұрпақты болатын кезі 18-25 

жастың аралығы екенін барлығымыз 

ұмытып кетеміз. Сондықтанда, ұзақ 

уақыт дұрыс емес ем қабылдап 

адаспай, оқу, ман- сап қуа бермей, 

ұрпақсыздық мәселесімен тікелей ай-

налысатын арнайы мамандарға дер 

кезінде барғаны жөн.



- Ендеше ерлі-зайыптылардың 

ең тиімді әдіс - денеден тыс 

ұрықтандыруды кейінге қал 

ды-

ра тыны  неліктен?

- Бізге түрлі инфекцияларды жыл-

дар бойы емдегеннен соң ғана келеді. 

Тіпті кейбір адамдардың психология-

сы ұзақ емделуге үйреніп кеткен, бірде 

шөп дәрілерді ішіп немесе басқа да 

дәрігердің кеңесін тыңдап көргісі келіп 

тұрады. Кейде жергілікті дәрігерлер 

жаңа технологиялардан хабарсыз 

болғандықтан, емделушіге қысқа, 

тиімді жолды нұсқай алмай жатады. 

Оның үстіне анализ қорытындысы 

бойынша инфекция байқалса, оны 

қабыну процесінің белгілері деп 

қабылдап, қайтадан антибиотиктер-

мен ұзақ емдейді. Көбінесе ол бұрын 

болған инфекциялардың ақпаратын 

көрсететін анализдер болып шығады. 

Дамығанvмемлекеттерде мұндай 

жағдайда ем тағайындалмайды. 

Үміттері таусылған ерлі-

зайыптылардың тәуіптер мен әулиелі 

жерлерді аралайтынын айтпағанда. 

Нәтижесінде бізге қырық жасында 

келеді, көбінесе бұндай жағдайда біз 

оның аналық безінен аналық ұрық ала 

алмаймыз.

- Сіз осы жалпы бедеулікті 

емдеу ісіне, ДТҰ әдісін енгізіп, 

дамытуға бет бұруыңызда не 

сыр бар?

- Өйткені, бедеулік мәселесі менің 

өз басымнан өткен жағдай. Көп жыл-

дар бойы емдеудің әр түрінен, опе-

раци- ялардан өтіп, оның көбісінің 

нәтижесіз екенін көріп, ізденіп өзіме де, 

өзгеге де көмектескім келді. Бедеулік - 

жаратушының басқа салған сынағы 

болар, сол сынақтан шыдамдылықпен, 

төзімділікпен ғана, ғылымның 

жетістіктерін пайдалана отырып 

өткен адам ана-әке бақытына ие бо-

лады деп ойлаймын. Жаратушының 

қолдауымен, ізденгенімнің арқасында 

екі рет ана болу бақытына ие бол-

дым. Әрбір бір перзентке зар болған 

әйелдің мұңын өз басымнан өткен соң 

жақсы түсінемін, мүмкіндігінше қолдау 

көрсетуге тырысамын. Бірақ бәрі менің 

қолымда емес. Алла алға жылжыған 

адамды ғана қолдайды дейді емес 

пе, менің тәжірибемде мақсатын 

қолға мықтап алып, еңбектенген 

адамдардың бәрі сәбилі болды.



- Бүкіл әлемде әйелдер бала ту-

ралы өте кеш ойланады. Қазір жи-

ырма жастағы жас анаға басқаша 

көзқараспен қарайды. Алдымен 

өз аяғынан тұрып, материалдық 

жағдайын түзеу керек дегендей...

- Бұл да заманымыздың әлемдік 

мәселесі. Қазір әйелдер бет әлпеттерін 

күте біледі, түріне қарасаң өз жасы-

нан он жасқа жас көрінеді. Бірақ, 

бұл ішкі ағзамыздың да қартаю 

процесін тоқтаттық деген сөз емес. 

Физиологтардың айтуы бойынша 

әйелдің бала тууына ең қолайлы 

уақыт - 18-25 жас аралығы. 25 жастан 

ары гормондық өзгерістер байқала 

бастайды. Отыз жасқа келгенде ақ 

шаштың пайда бола бастауы да бе-

кер емес. Сондықтан бетімізді қанша 

әрлегенімізбен, ішкі ағзамызды 

өзегерте алмаймыз, яғни, адамның 

биологиялық уақытын кері жылжыту 

мүмкін емес. Мен кейбір пациенттеріме 

таң қаламын. Олар алдыма келеді де 

«мен жаспын, денсаулығым жақсы, 

өмірде өз орнымды таптым, енді маған 

бала керек» дейді. Ал біз оның аналық 

бездерінде ұрық жоқ екенін анық көріп 

тұрамыз. Біздің пациенттеріміздің 40 

пайызға жуығы донорлық аналық 

ұрыққа зәру. Бұл да күрделі мәселе 

болып тұр. Табиғи ерекшеліктеріне 

байланысты оңайшылықпен әйелден 

аналық ұрық алу мүмкін емес, және 

өзге әйел текке ұрығын бере салмай-

ды.

- Неліктен бүкіл әлемде дене-

ден тыс ұрықтандыру әдісі (ДТҰ) 

соншалық сұранысқа ие?

- Себебі бұл көздеген мақсатқа 

жетудің ең тиімді жолы. Дамыған 

елдерде адамдар емделуге уақыт 

пен көп ақша жоғалтпауды жөн са-

найды. Айтпақшы, бізге келетін 

емделушілердің 30-40 пайызға 

жуығына ДТҰ жасау қажет. Ал 

қалғандарына заманға сай, дұрыс ди-

агностикадан өтіп, репродуктолог ма-

ман таңдаған емдеу әдісімен емделген 

де жеткілікті.



- Нақты мәліметтерге 

сүйенсек, бала туу жасындағы 

отбасылардың 15-20 пай- ызында 

бедеулік мәселесі бел алған. Сонда 

жер бетіндегі әр бір бесінші адам 

бедеуліктен зардап шегеді екен. 

Мұндай қорқынышты диагноз 

қалайша бәрінде болуы мүмкін.

- Бедеулік - диагноз емес, Бүкіл 

Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымымен 

қабылданған дәлел. Егер ерлі-

зайыптылар ұрпақты болатын жаста 

бір жыл бойы бірге тұрып, жыныстық 

қатынаста болса, бірақ, жүктілік 

байқалмаса, міне, осыны бедеулік 

дейміз. Егер екі жұп 35 жастан асқан 

болса, біз оларға бір жыл емес, алты 

айдан асқан соңақ дәрігерге көрінуіне 

кеңес береміз.



- Бала көтеру неліктен үлкен 

мәселеге айналып барады?

- Қарап отырсақ, өзімізді жер 

бетіндегі басқа тіршілік иелерімен 

салыстырғанда, бала көтеру жағынан 

ең төменгі мүмкіндікке иеміз. Тіпті, 

жиырма жастағы дені сау әйелдің 

бала көтеру мүмкіндігі бір етекккір ци-

клында бар-жоғы 15-20 пайыз ғана. 

Отыз жаста бұлкөрсеткіш 10 пайызға 

тең болса, ал 40 жаста бар болғаны 5 

пайыз ғана. Әйелде әр ай сайын тек 

бір аналық ұрық қана жетіледі, және 

ол әркез ұрықтануға қабілетті бола 

бермейді. Қазіргі адамдардың өмір 

сүру салты ұрпақ өрбітуге мүмкіндік 

берер емес. Өйткені, адам қазіргі кез-

де табиғи емес, жасанды ортада өмір 

сүреді. Яғни, адамдардың ұрпақ өрбіту 

мүмкіншілігі төмендеп барады. Бұл 

тек Қазақстандағы ғана емес, әлемдік 

мәселе.

- Мұндай процеске қандай фак-

тор көбірек әсер етеді?

-Бұл - қазіргі замандағы 

адамдардың өмір сүру көрінісімен 

тығыз байланысты. Күнделікті өмірде 

басымыздан өтетін стресс, адамды 

шаршататын түрлі сапарлар- бәрі де 

осы жағдайға негіз бола алады. Ұялы 

телефонды әрқашан белдің тұсында, 

одан төмен тағып жүру - аталық 

ұрықтағы хромосомоларға кері әсерін 

тигізеді. Бұл дәлелденген факт. Әрине, 

әйелдерде де дәл солай. Біз қазір 

сексуалды революцияның зардабын 

шегіп отырмыз. Кезінде жүктілікке 

қарсы гормондық дәрі-дәрмек ішкен 

аналардан туған қыз балалардың 

арасында поликистоз (көп кисталық) 

дерті жиі кездеседі, бізге келетін 

жас келіншектердің қырық пайызға 

жуығында осы диагноз бар. Ал 

жыныстық қатынасты өте ерте ба-

стау - сексуалды революцияның 

тағы бір көрінісі болып табылады. 

Мұндағы сандық көрсеткіш тіптен 

қорқынышты. Мен Алматы қаласында 

бір конференцияда естіген жағдайды 

айтып берейін: егер осыдан он жыл 

бұрын ерте жыныстық қатынасқа 

түсу 16 жастан басталса, қазір 12 

жастан жыныстық қатынасқа түседі 

екен. Мұның арты түсік жасатумен 

бітсе, одан ары түрлі жыныстық ин-

фекциядан туындайтын аурулары-

мен асқынады. Бұл дегеніңіз тұрмыс 

құрғанға дейін жастардың организмі 

жүктілікке қарсы гормондармен және 

антибиотиктермен уланады. Олардың 

балаларында қандай болашақ болмақ.



- Ал жасанды стимуляция ішкі 

ағзаны медикаментозды және 

гормональды улау болып табыл-

май ма?

- Басқа тұсынан қарағанда бұл 

дұрыс. Жапондар бұл мәселеге өте 

жауапты қараған. Әлемдегі ДТҰ 

циклының мөлшері бойынша (бір 

жылда 20 000-нан астам ДТҰ ци-

клы) ең үлкен ДТҰ клиникасының 

жетекшісі, профессор О. Като 15 жыл 

зерттеу жүргізіп, ең төменгі стимулия-

циямен де және физиологиялық цик-

лде де еш наркозсыз аналық бездер-

мен жұмыс істеуге болатынын бүкіл 

әлемге дәлелдеп берді. Бұл ғалым тез 

арадағы нәтижеге қол жеткізу бары-

сында адамның ішкі ағзасын бұзып 

алмас үшін, адам ағзасына сырттан 

әрекетті азайтуды қолдайды. Дәл осы 

себептен Жапон, Америка және Еуро-

па мемелекеттері ең төменгі стимуля-

цияны қолданып, адам физиология-

сына жақын схемамен жұмыс істеуді 

қолға алып жатыр. Біз де осы әдісті 

қолдаймыз. Бірақ, бұл әдіс емделуші 

ерлі-зайыптылардың физиологиялық 

ерекшеліктерін, ауру тарихын еске-

ре отырып, оның алдыңғы емдерінің 

нәтижесі бойынша жеке таңдалады.

- Негізінде медициналық 

ақпарат дәрігерге ғана керек 

емес пе?

- Бұлай ойлау - қателік, «ақпаратты 

білген адам - әлемді бағындырады» 

де ген сөз бар емес пе. Көздеген мақ-

сатқа жетіп, аналық бақытқа ие бо-

лу үшін, ақпараттық білім тек дә 

рі-

герлерге ғана емес, пациенттерге де 



аса қажет. Мені немістердің бір ем-

ханасының емделушілерге ар 

налған 

ескерту қағазында жа зылған мына сөз 



таңқалдырды: «Ақ 

паратқа бай паци-

ент - біз үшін ең жақсы пациент!». Шын 

мәнінде солай. Әрбір адам өзінің қандай 

емге, немесе қандай операция жасатуға 

бара жат қанын білуі тиіс және онымен 

байланысты қандай қиыншылықтар 

болу мүмкіндігінен хабардар болуы ке-

рек. Кейде шөп дәрілермен емделгеннің 

де кері әсері болуы мүмкін емес пе? Бұл 

дәрігердің қолданған еміне пациенттің 

«ақпараттық келісімі» болып табылады.




жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау