Ғылыми-көпшілік журнал №3 (17) 2015



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата27.12.2019
өлшемі2,34 Mb.
#25187
1   2   3   4   5   6

22

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

Дәрігердің қабылдауында

Бедеулік - 

ерлі-зайыптыларға

ортақ мәселе

Соңғы кездері елімізде

қаншама отбасы бедеулік

жағдайына душар болып

отырғаны белгілі. Әсіресе, ер-

лер арасындағы бедеулік

күн санап белең алып келеді.

Сондықтан бедеулік ерлі-

зайыптыларға ортақ мәселе

болғандықтан, екеуінің

де жан- жақты емделуін

қажет етеді. Бүгінгі таңда

медицинаның даму 

жетістіктері осынау дертті 

жеңіп, бала сүюге мүмкіндік 

ашып отыр. Десе де, ерлер 

арасындағы бедеуліктің 

себептерін анықтап,

көпшілікке түсініктірек бол-

сын деген мақсатпен 

«Экомед» медициналық 

орталығының уролог-андро-

лог маманы Таш-

пулатов Бахадыр Азатұлын

сөзге тартқан едік.

да мүмкін. Бұрындары бедеулік 40-

50 жастан асқан ер кісілерде кездес-

се, қазір 20-25 жастағы жігіттердің 

бойынан да табылады. Бұл жастағы 

ер азаматтар таза ауада серуендеудің 

орнына таңатқаннан кеш батқанша 

компьютердің алдында отырады. 

Оның үстіне ерте жастан шамадан 

көп спирттік ішімдіктерді қолданып, 

оған қоса темекі шегеді.

Мұның бәрі бедеулікке жол аша-

ды.

Кейбір азаматтарымыздың 



аталық безі дамымай қалады, кейде 

тіпті, аталық ұрықтың болмауы да 

мүмкін.

Тағы бір айта кететін жәйт, 



бедеулікке көбінесе ерлердің қуық 

асты безінің қабынуы себеп болады. 

Мұны дер кезінде емдемесе, ол созыл-

малы простатитке айналуы мүмкін. 

Сонымен қатар, ерлердің кездейсоқ 

жыныстық қатынасқа түсіп, түрлі 

жұқпалы ауруларды жұқтыруының 

салдарынан да бедеулікке тап бола-

ды. Ең алдымен төсек қатынасында 

тазалық ережелерін қатаң сақтаған 

жөн. Жыныстық жолмен келетін 

түрлі жұқпалы аурулар еркектің 

ұрпақ өрбіту қабілетін жоюы әбден 

мүмкін. Ол еш белгі бермей ағзада 

ұзақ жүргенімен, арты бедеулікке 

әкеліп соғары анық.



- Біздің қоғамда ер азаматта-

ры- мыз өздігінен дәрігерге барып 

қарала бермейтіні қалыптасқан 

жағдай. Бедеуліктің алдын алу 

үшін жігіттеріміз қай жастан 

дәрігерлерге тексерілгені жөн 

деп кеңес берер едіңіз?

- Иә, ерлер қатты ауырып, сырқаты 

мазалағанда ғана дәрігердің 

көмегіне жүгінеді. Көбінесе 

әйелдерімен келеді, өздігінен келе 

бермейді. Себебі, ер азаматтардың 

табиғаты сондай. Ал, бедеуліктің ал-

дын алу үшін адам өз денсаулығын 

үнемі қадағалап оты-руы тиіс, яғни, 

уақытылы тамақтанып, темекі, 

алкогольді қолданбай, спортпен 

шұғылдануы керек. Жыныстық 

қатынаста да сақтанғаны абзал. 

Және жыл сайын арнайы тексеру-

ден өтіп тұрғаны артық етпейді. Ер-

лер көбінесе 20-25 жас аралығында 

отбасын құратындықтан, үйлене 

сала балалы болмас бұрын, аталық 

ұрықты тексерткені жөн.

- Еркектердің бедеулігін 

қандай тәсілмен анықтауға бо-

лады?

- Еркектердің бедеулігін 

анықтаудың ең тиімді тәсілі - олардың 

шәуһетін алып тексеру (спермо-

грамма). Яғни, аталық ұрықтың 

қалыпты, қалыптан тыс немесе 

қалыптан ауытқыған жағдайын, жал-

пы шәуһеттің сапасын анықтаймыз. 

Нәтиже көрсеткішіне қарай қажет 

бо-лып жатса өзіміздің орталықта 

операция жасаймыз. Қазіргі озық 

медицинаның дамуының арқасында 

операциясыз да көп нәтижеге қол 

жеткізуге болады. Еркекпен қоса 

әйелді де тексереміз. Егер еркектің 

шәуһеті қалыпты болып, әйелде 

де ешқандай кінәрат табылмаса, 

онда екі жақ ұрығының әрекеттесу 

қабілетін анықтаймыз. Мұндай 

жағдайда де-неден тыс ұрықтандыру 

(ДТҰ) тәсілін қолданамыз. Еркектің 

ұрығының көрсеткіші өте төмен 

болған жағдайда, егер еркектен 1-2 

аталық ұрық табылса ДТҰ әдісін 

жасай береміз. Емдеу барысында 

бірінші кезекте ұрықтың өрбуіне 

кедергі келтіретін жағдайларды 

жоюға тырысамыз. Сондықтан 

өздері де емге бейімделуі ке-

рек. Яғни, мүмкіндігінше стрестік 

жағдайдан қашып, суық тигізуден 

және жыныстық жолмен берілетін 

инфекциялардан сақтануы тиіс. Осы 

орайда тағы бір айта кететін жағдай, 

бедеулікке экологияның да септігі 

тиеді. Ол дегеніңіз, егер ер азамат-

тар экологиясы уланған аймақта 

неғұрлым көбірек жұмыс жасаса, 

соғұрлым оның жыныстық орган-

дарына, ішкі секреция бездеріне, 

аталық бездеріне кері әсерін тигізеді.

Әңгімеңізге рахмет.



Материалды дайындаған

Динара Тұрғымбай

- Бахадыр Азатұлы, маман 

ретінде ерлер бедеулігін қалай 

түсіндіріп берер едіңіз? Жалпы 

бедеулік дерт пе?

- Еркек бедеулігі дегеніміз 

қарапайым тілмен айтар болсақ, ол 

- еркек шәуһетінің әйелдің аналық 

ұрығын ұрықтандыруға қабілетсіздігі 

немесе ұрықтың мүлдем жоқ болуы. 

Бала көтермеу жағдайының тең 

жартысында оған негізгі себептер 

еркектердің ағзасынан табылып жа-

тады. Мұны қазір медициналық зерт- 

теулер анықтап беріп отыр. Өкінішке 

орай, еліміздегі ер азаматтардың 

бестен бірінде ұрпақ өрбітуге 

дәрменсіздік байқалады. Әртүрлі 

урологиялық аурулардың салдары 

бедеулікке әкеліп соқтыруда. Яғни, 

бедеулікті дерт деп қарап, одан 

айығудың жолын дер кезінде іздеген 

жөн.

- Бедеуліктің себептерін 

айтып өтсеңіз. Әлде бұл туа 

біткен дерт пе?

- Бедеуліктің себептері өте көп. Ол 

сіз айтпақшы туа біткен дерт болуы 

Еркектерге нені білу маңызды, 

андрологтың кеңестері

 Ұл баланың бір жасқа дейінгі кезеңінде аталық жыныс бездері 



ұмаға түскеніне көз жеткізу керек.

• 

Бұлай болмаған жағдайда, жыныстық мүше ерлер гормондары 

мен аталық ұрықты өндіру қабілетін жоғалтып қана қоймай, мүше 

тканьдарының рак жасушаларына айналу қауіпі туындайды.

• 

Көбінесе қала тұрғындары бұл мәселеде сауаттырақ болады. 

Ал ауылда, әсіресе, жанұясында ылғи әйелдер болған жағдайда, ұл 

баланың ұмасына аса назар аудара бермейді. Жыныс мүшелерінің 

дұрыс дамуын бақылау үшін, ұл балаларды жылына бір рет дәрігер 

уролог-андрологқа тексертіп тұрған жөн.

• 

Аталық жыныс бездері орнына түспеген жағдайда - операция 

жасау арқылы қалпына келтіруге болады. Бірақ, операция баланың 

жыныстық жетілу кезеңінде жасалса, аталық жыныс бездері орындай-

тын функциялары қайта қалпына келмейді. Сол себептен дер кезінде 

қамданған жөн.

• 

Германияда 40 жастан асқан еркектер жыл сайын онкомар-

керге қан тапсырып тұрады, яғни қан құрамында спецификалық 

керіденелердің (антитела) бар-жоғын анықтайды. Біз де осыны әдетке 

айналдырсақ абзал болушыеді. Әдетте біздің жігіттер қыз балаға гүл 

сыйлауға немесе киноға апаруға ақшасын аямайды, ал дәрігерге 

барып тексеруден өтіп тұруға бірде уақыт таба алмайды, бірде 

қымбатсынады.

• 

Тағы бір айта кететін жағдай - ұл балалар ержететін, аумалы-

төкпелі кезеңдерінде көп жарақаттар алып, ол туралы айтуға ұялатын 

кездері болады. Бірақ, сол төбелестер кезінде жыныстық мүшесіне 

зақым келген болса, дереу қаралғаны жөн. Өйткені, мұндай жағдайда 

аталық жыныс бездерінің қабынуымен бірге жүретін ісінулерді 

деркезінде емдемесе, жыныстық мүше тканьдары жабысып, аталық 

ұрық шығару қабілетінен айырылады.


24

25

25



Дәрігерді ести білу

Күйеуіме айтпастан ДТҰ-

жасауға болады ма?

Ол мүмкін емес. Себебі ДТҰ 

жасағанда әр түрлі қиындықтар 

туу мүмкін. Көп жағдайларда 

кездесетін аналық бездің гипер-

стимуляция синдромына кезігуі 

ықтимал. Әйтпесе аналық жасу-

шаны алу әдісі жасалып жатқанда 

қан тамырға тиіп кетіп, қан сырау 

мүмкін. Бұл сирек болатын жағдай. 

Бірақ теориялық тұрғыда әбден 

болатын жағдай. Ондай кезде 

шұғыл түрде ота жасауға тұра кел-

се дәрігерлер бұл жағдайды қалай 

туыстарына немесе күйеуіне кенет-

тен айтады? 



Күйеуім дәрігерлік талдауға 

шәуетін тапсыруға мүлде қарсы. 

Оның рұқсатынсыз шәуетті 

мүшеқапта (презервативте) 

алып келуге болады ма? 

Алып келуге болады. Бірақ 

ол тексеріске жарамай қалады. 

Себебі презерватив арнайы спер-

мициттермен өңделеді. Ол аталық 

ұрықтарды өлтіріп тастайды. Кей-

де әйелдер шәуетті ауызда алып 

келуге болады ма? - деп сұрайды. 

Ондай жағдайда да тексеріске 

жіберілмейді - дейді репродук-

тологтар. Өйткені ондайда ауыз 

қуыстағы микрофлоралар кедергі 

болады. Егер күйеуіңіз келуге мүлде 

қарсылық білідіріп жатса сіздің 

бір ғана мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін 

таңертең ер адамыңызбен төсектік 

қатынасқа түсіп, бірден дәрігерге 

келіп қынаптан жағынды (мазок) 

тапсырыңыз. Мұндай жағдайда 

да жүз пайыз оның қаншалықты 

жақсы екенін тексере алмайды. 

Бірақ шәуеттің белсенділігін тексе-

руге мүмкіндік бар. Шын мәнінде 

ер азаматтар өзінің бедеулігін 

мойындағысы келмейді. Тіпті 

бірінші некеден балалары болса, 

менде ол жағынан қиыншылықтар 

болады - деп ойламайды. 



«Күйеуіме айтпай емханаға 

оның ұрығын презерватив-

те алып келіп, инсемина-

ция жасауға болады ма? 

Мұн 

дай жағдайда әйелдің 

денсаулығына қауіп төнбейді 

ме...? 

Әрине, инсеминация ең жеңіл 

ем шара болып есептеледі. Ондай 

жағдайда қиындықтар тек заңды 

тұрғыда пайда болуы мүмкін. 

Мәселен, инсеминация жасау үшін 

міндетті түрде ерінің келісімі керек. 

ЭКОМЕД емханасында шәуетті ин-

семинация жасау әдісінде қатаң 

тәртіп сақталады. Егер шәуетті 

сізге анализ тапсыру үшін ғана 

керек болса үйденде алып келу-

ге болады. Ал аналық жасушаны 

ұрықтандыру үшін міндетті түрде 

емханаға жеке куәлікпен келу ке-

рек. Мұндай кезде құжатты бірнеше 

рет қарап, сол жердегі сурет пен 

қолтаңбаны салыстыра отырып, ер 

адамның шын мәнінде өз келісімін 

бергеніне көз жеткізіп, оның инсе-

минация жасатуға еш қарсылық 

білдірмейтіні жәйлі айтқаны 

тексеріледі. 

ДТҰ бағдарламасын Сал-

танат Берденқызының өзіне 

жасатуға болады ма? Ол қанша 

тенге тұрады? Әлде ол тек 

қалталыларға ғана жасалады 

ма?

Ия, шыныменде көптеген 

емделушілер, әсіресе ДТҰ-дан 

жағымсыз әсер алған адам-

дар емхананың басшысы ғана 

олардың балалы болу арманын 

орындай алады - деп ойлайды. 

«ДТҰ бұл бір топтың жұмысы, ре-

продуктологтар бала бағушылар 

емес, олар мимен қызмет етеді», 

- дейді Салтанат Байқошқарова. 

Мұндай жағдайда олар есіктен 

есікке сіздердің қолдарыңыздан 

ұстап, шамадан тыс күлу керек 

деп ойласаңыздар қателесесіздер. 

Әрине жеке дара бір сұраныстар 

болып жатады. Ондай жағдайда 

Салтанат Берденқызы қол ұшын 

береді. Бірақ әдетте жұмыс бары-

сын басқа қаладан басқарады. 

Өйткені көбіне сапарлармен 

әр түрлі қалаларда жүреді. 

Мұндай жағдайда қосымша ақша 

төленбейді. 

Мен үшін дәрежесі жоғары , 



Дәрігерлерге кейде бір түрлі күтпеген сұрақтар қояды. Сол кезде шыныменде оның 

қаншалықты санаға сыймайтынын айтуға болады. Бірақ ондай сұрақтар қойылғаннан 

кейін ақ халатты жандардың оған жауап беруіне тура келеді. Ең қызығы дәл сондай кенеттен 

қойылған сұрақтардың астарында бір мән болады.

яғни «VIP» кісі деген көз қарас жоқ. 

Мен үшін барлығы бірдей. Өйткені 

әрбір келген адамның арманы бір – 

перзент сүю.

ДТҰ жасар алдында кемінде 

қанша әрекет жасауға тура 

келетіні жәйлі айтып берсеңіз?

Соңғы кездері емханада 

АҚШ-тың әріптестері жүргізген 

тәжірибені мысалға келтіре оты-

рып, бірден ескерте отырып, ор-

таша есеппен алты әрекет жасауы 

мүмкін - дейді. Статистика бойын-

ша көбіне 5 – 6 талпыныстан кейін 

ғана 80%-ы жасанды жолмен 

көтереді. Әрине бірінші әрекеттен 

кейінде көтеріп жатады. Ал болмай 

қалған жағдайдағы емделуші мен 

дәрігердің есірігі жүйкеге тиеді. Он-

дай кезде қиын әрине. 



ДТҰ-ны өткізуге болмайтын 

бір қарама қайшылықтар бар 

ма? 

Бар, ол денсаулық сақтау ми-

нистірлігінің жарлығымен ескер-

тілген. Мәселен оның ем деуге келетін 

және мүлде жасауға болмайтын 

кездері болады. Біріншісіне суық 

тиіп немесе терапевтің қандайда 

бір айтылған сырқауларын емде-

уге келетін жағдайлар. Ал кейбір 

психологиялық жағынан ауру не-

месе онкологиялық дерттерге 

шалдыққан, сонымен қатар ана мен 

балаға қауіпті жағдайларда мүлде 

ДТҰ жасауға рұқсат жоқ. 



«ДТҰ жасағанда халықтық 

медицинадан нені қолдануға 

рұқсат бар?» 

Мұндай қиын жұмыс бары-

сында ондай әрекеттерді репро-

дуктологтар мүлде қолданбауға 

кеңес береді. Сондықтан басқа 

әрекеттерге бармай түрлі дәрі- 

дәрімекетерден сақтану керек. ДТҰ 

жұмысы басталғанда дәрумендер 

мен баланың қалыпты дамуына 

көмектесетін фолий қышқылын ішу 

қажет. 

Санаға сыймайтын 

сұрақтар 



26

27

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал



Оқиғалар

...бұл қызметкерлер үшін өте 

қиын жағдай. Егер әкелер анда-

санда ғана дәрігерлерді мазаласа, 

өзін-өзі ұстай алмайтын әйел басқа 

түскен бір сынақтай болады. 

Мысалы, Шынар – басын-

да ешкімге аса қиындықтар 

туғызбайтын сияқты болып 

көрінген. Себебі өзі дәрігер кар-

диолог. Оңтүстік өңірдің тұрғыны. 

Ол анық және байсалды түрде 

дәрігердің айтқанын істейді де-

ген ой туғызған. Бірақ барлығы 

керісінше болды...

Жағдай өте қиын болды. Ең алды-

мен Шынарға зақымданған жатыр 

құбырларын алып тастады. Күйеуі 

үйіне қайтып кетті, ал әйел ДТҰ-ның 

бірінші әдісін жасауға қалды. Осы-

лайша бұрымды егіз көтергенде 

дәрігерлердің қуанышында шек 

болмады. Бірақ қиындықтар дәл 

осы кезде туа бастады. Шынардың 

күйеуі аса қуанбағанба, жарымен 

дұрыс сөйлемегенбе, әйтеуір әйел 

қобалжып, балалар әкесіне ке-

рек еместігін айтып, оларды туса 

жалғыз қиналатынын жеткізіп 

дәрігерлерді мазалай берді. Мұндай 

кезде қатаң әңгіме өткізуге тұра 

келді. 


- Мен әйелдерге үнемі айтам, 

- дейді Салтанат Берденқызы, - 

баланы күйеуің немесе туыс-ту-

ма үшін емес, өзің үшін туасың. 

Мұны нақты түсіну керек. Мен өзім 

40 жаста бала көтергенде қатты 

токсикозды басымнан өткердім. 

Жұмыста өзімді ұстағанымен, 

үйге бара жатқанда бар ызамды 

күйеуіме көрсететінмін. Мен жылап, 

наразылық білдіретінмін. Сөйтіп ол 

бір күні маған: «Ұнамаса барып ба-

ланы алдыртып таста, басымды ау-

ыртып жібердің ғой» -деді. Міне осы 

сөздерден кейін мен өз-өзіме келіп, 

түсіндім. Қандай жағдай болма-

сын өзіңді ұстау керек. Күйеуіңнің 

мұнда еш қатысы жоқ. Біз үлкен кісі 

болғаннан кейін өзіміздің көңіл-

күйімізді басқара білуіміз қажет.

Айгерім қызарып, қолындағы бет орамалын мүжгілеп 

отырды. Дәрігер оны тыңдап отырғанмен не айтқанын 

ұқпады. Оқиғасы ұзақ, көп сөздерге толы болғанмен, 

әйтеуір бір шешімі табылатын сияқты еді. Айгерім 

мен Болатбек он жыл бойы балалы бола алмаған. 

Туыстарының айтуымен ДТҰ бағдарламасын өтуге шешім 

қабылдап келген екен. Барлығы сәтті болып, алғашқы 

бағдарламаның нәтижесі жүктілікпен аяқталады.Осы 

үшін Айгерімнің дәрігерлерге айтар алғысы шексіз 

еді. Ары қарай әңгіме жалғаса берді: жүктілік болған 

сәттен бастап өмірлерінің күрт өзгеруі, Айгерімнің ток-

сикоз болып қиналғаны, қалыпты жағдайда басынан 

өткермеген түрлі құбылыстар, ауылдағы жұмыстың 

ауыр болуы, оңтүстіктегі ер адамдардың шыдамсыз 

болып келуі сияқты т.б.толып жатқан мәселелер…. 

Бір сөзбен айтқанда, Болатбек жүктілікті үзуді талап 

еткен екен. Себеп: әйелінің куйеуіне көп көңіл бөле 

алмағандығы, бала туылғанда одан да асқан күрделі 

мәселелердің ту- ындайтыны, көп қаражаттың қажет 

болатыны жайлы ойлап Болатбек қорқыныш танытса 

керек. Ал Айгерім болса күйеуінің бұл менмен шешіміне 

қарсы тұра алмайды, әйел ретінде баланы сақтап қалу 

үшін басқа мүмкіндікті таба алмағанына қынжылады... 

Қожайын күйеу баланы қаламады, демек істі тез арада 

шешу керек болды. Және де абортқа кеткен шығын ДТҰ 

бағдарламасына кеткен қаражаттан әлде қайда арзан 

болатын... Осылай ша істеген ісіне өкініп, дәрігерден 

тағы да көмек сұрауға келген сыңайы бар...

Ашушаң аналар...

Ал мен ше?




«Экомед» 

Алматы қ., Гагарин даңғылы 78, Шевченко көш.қиылысы.

Тел./факс: (8-727) 277-55-73, 375-90-04, 375-39-69, 

+77017348184, +77017777269. e-mail: ecomed_sb@mail.ru



«Экомед Плюс» 

Астана қ., Сары-Арқа даңғылы, 1Б 

(«Radisson» қонақ үйіне қарама-қарсы).

Тел./факс: (8-7172) 928-441, 928-442, 517-807, 517-808,

e-mail: ecomed_plus@mail.ru

«Экомед Тараз» 

Тараз қ., Сәтпаев көш., 14 а.

Тел.: (8-7262) 42-53-03, +77011111512,

e-mail: ecomed_taraz@mail.ru



«Экомед Шымкент»

Шымкент қ., Тәуке хан көш., 125.

Тел.: (8-7252)-432129, +77017777269

«Экомед Атырау»

Атырау қ., «Авангард» 3, 6 ықшам аудандары, 2 кеңсе.



Тел. +77015504245  

Сайт: www.ecomed.kz

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау