Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ауылымды сағындым. 
Қош айтып қол бұлғаған 
бауырымды сағындым. 
Ақша бұлты жарасқан 
аспаныңды сағындым. 
Қуыршақ ойнап таласқан 
достарымды сағындым. 
Еркелеткен жасымнан 
ағаларды сағындым. 
Мейірім төккен асыл жан – 
жан анамды сағындым. 
Таң нұрымен даланың 
жайнағанын сағындым. 
Әнші құстар таң әнін 
сайрағанын сағындым. 
Жазғы кеште тербеткен 
самалыңды сағындым. 
Кеше ғана сенде өткен 
бала күнді сағындым. 
1956 
 
* * * 
 
Қадалып, іштей тамсана, 
қайтесіз мені ұялтып. 
Өртенсеңіз де қаншама, 
мен үшін құрмет – сый артық. 
Бетке алып өзен жағасын, 
сырлассам, рас, сізбенен, 
Жүрек те табар жарасым, 
бағым ба ең әлде іздеген?! 
Қадірлі туыс бол маған, 
таппайын сізге баға да. 
Жүректе мәңгі орнаған 
бір тентек інің бар, аға! 
1960 
 
 
ҚОШТАСАРДА 
 
 
Қоштасу кезі келгенде 
жаутаңдап маған қарадың. 
“Жүрмейсің бірге сен неге?” 
Дегендей болды жанарың. 
Елжіреп тұрды жас жүрек, 
жеңе алмай күшін сезімнің. 
Кеудеме жалын түсті кеп 
жаныңдай ыстық өзіңнің. 
Перронға шықтың, қарадың, 
тұрсың ба мені қия алмай? 
Сыр ашпай қалай қаламын, 


“сәулешім” дер ме ем ұялмай?! 
Айта алмай қалдым. Жалынға 
өртеніп кеудем тұрды-ау бір... 
Қалды да қойды жанымда 
жауғалы тұрған бір жаңбыр. 
1959 
ТЕҢІЗБЕН КЕЗДЕСУ 
 
 
Кеудеңмен көтерсең де нелер жүкті, 
қыңбайсың, паш етесің тек ерлікті. 
Мен де бір тылсымдарға бет алып ем – 
бер маған өзіңе тән тереңдікті! 
Теңізде сынға түсу – бұл бір үміт! 
Сұлу қыз кеме үстінде, құрбы жігіт. 
Шетінен батыр мінез, толқын қылық – 
 
 
оларға теңіз жатыр құлдық ұрып! 
Кемелер тізілгенде, жарасып ән, 
дәм таттық балығынан – бал асынан. 
Түнгі оттар жылтылдайды, тұрғандай бір 
қала өсіп толқындардың арасынан. 
Жүрсем де ойша талай қамалды алып, 
сендегі күшті көріп, қалам налып. 
Балапан бойымдағы қайсарлықты 
алмасам болмайды екен саған жанып! 
1960 
 
 
П О Е З Д А 
 
Зулайды поезд ырғалып, 
қараймын кербез далаға. 
Көтеріп көкке шыңдарын, 
көрінді таулар ақ ала. 
Мынау бір жасыл даланың 
естуші ем атын бұрын жай. 
Көрінді, міне, Аралым – 
ақынның мөлдір жырындай. 
Көрдім де сұлу Сыр маңын, 
селт етіп бір сәт тыңдадым: 
Әбділда ағам жырларын – 
күбірлеп жатыр сырлы ағын. 
Зулайды поезд белеспен, 
етегін таудың бөктерлеп. 
Жұпардай майда желі ескен, 
жотасы жасыл – көкпеңбек. 
Дүние жаңа, жер жаңа 
қартаймас мәңгі ұямдай. 
Созылып жатыр кең дала 
жеткізбей жүрген қиялдай… 


1957 
 
* * * 
 
Басымды айналдырды-ау мұң аптабы, 
еніп ем тәтті қиял құшағына. 
Жаныма жақындамай жырақтады 
арманым ақ сағымға ұсады да. 
Жан, жүрек, ой, қиялым сендік еді, 
зулайтын саған қарай үміт-кемем. 
өн бойым хатыңа да елжіреді, 
сенуші ем, болмайтын-ды күдік деген. 
Көңілімнің арман туы 
самалменен 
қиын-ау қайта тағы желбірері... 
Мөп-мөлдір сезімдерім саған деген 
есейтіп жібергендей енді мені. 
1958 
 
 
* * * 
 
Лүпілдей соқты жас жүрек, 
еркелеп назбен қарадым. 
“Поезда-ақ хатты жазшы?!” - деп, 
елжірей қалды жанарың. 
Сезімтал жүрек, жас жаным – 
бәрі де сен деп талпынды. 
Білдірер аяқ басқаның 
абыржып тұрған қалпыңды. 
Сөз таппай, үнсіз тұрмын кеп, 
теңіздей жүрек толқыды. 
Ышқынды гудок жүр-жүрлеп, 
мұңая қарап ол тұрды. 
Сөйткенше қолдар бұлғанды, 
мөлдіреп көздер соңғы рет. 
Айтылмай талай сыр қалды, 
қимастық сезім толды кеп... 
1959 
 
* * * 
 
Бір сезім жанарыңда елжіреген 
жанымды тұңғыш рет дір еткізді. 
Басармын сол дірілді енді немен – 
бір арман кернегендей жүректі ізгі. 
Жаныма жақын тартып барады үнің, 
сені айтып сыбырлайды терек, емен. 
Еркелеп асыр салған балалығым 
алыстап бара жатыр неге менен? 
Ұйқымды шайдай ашып ұзақ түнде, 
елесің көлбеңдейді неге сенің? 


Ойыма сөздеріңді жүз ап күнге, 
күбірлеп қиялыммен кеңесемін. 
Сыланам. Жиіледі шашты да өру. 
Жанымды жайлап алдың, санамды ұрлап. 
Қайғы ма, қуаныш па жақсы көру 
баласын бөтен үйдің? 
Маған жұмбақ. 
1958 
 
 
 
ТАБЫЛМАЙ БІР КЕРІМ ЖІГІТ 
 
 
"Сізге ғана құштармын", - деп, 
көп жігіттер ғашық болды. 
Бір "керімін" ұстармын деп, 
қыз көңілі тасып толды. 
Біреуінің бойы қысқа, 
біреуінің мұрны жаман, 
біреуі өте алып ұшпа, 
біреуі тым тұнжыраған. 
Сұрыптады, іріктеді, 
жұмысы да тексерілді. 
"Маған тең жоқ жігіт", - деді, 
таба алмады еш "керімді". 
Орны бар жас, кәрінің де, 
сүйе білсе, теңін біліп. 
Сол ару жүр әлі күнге 
табылмай бір "керім" жігіт. 
1957 
 
 
БАЛЫҚШЫ ҚЫЗДЫҢ ӘНІ 
 
 
Асыр сап өстім ерке көк теңізде, 
Жап-жас қыз – балықшы! – деп, сөкпеңіз де! 
Алыссақ асау толқын құшағында, 
ерігіп жүргеміз жоқ текке біз де. 
Долы жел гулесе оттай лапыл қағып, 
бұлқынар асау толқын қатуланып. 
Бәрі де елең емес балықшыға, 
өйткені ол сескенбейтін батыр халық. 
Өйткені толқында өстім жас шағымнан, 
өзімді сезіп сонда асқақ ұлан. 
Өйткені перзентімін табиғаттың, 
жан сырын көк теңіздің жастан ұғам. 
Тотықса ақша бетім – шыныққаным, 
жігітім, шошып қалма, сынып сағың. 
Немене көмірдей деп, қабақ түйме, 
жас жаным – нәзік, ерке қылықтарым. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау