Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

қос бәйгеге шабыттың тарпаң атын! 
ұқсын әлем Адамзат құдыретін, 
ынтымақты күндердің әр сағатын. 
Жырла бейбіт елімнің көгіндегі 
әділет пен бостандық салтанатын! 
1967 
 
 
*** 
 
Жанымда жүрші 
аласармайтын армандай асқар тауым боп
шілдедегі әппақ жауын боп. 
Сенімен жүрсем – 
мынау жалғанда мен көтермейтін ауыр жоқ, 
бет қаратпайтын дауыл жоқ. 
Сенсіз күндерім; 
бұлыңғыр күнгі көңілсіз күңгірт екінді. 
Сезбей-ақ күннің шуақ сәулесін, жұпар самалды не түнгі, 
өмір кешетін сонда да мәз боп өкінбей 
ойсыз байғұстар секілді… 
Жанымда жүрші 
көңілімнің арай рауандап атқан таңы боп, 
кіршік шалмаған менің әжемнің ары боп. 
Күйдіре түссін өзімшіл мына жүректі 
сендегі сөнбес жалын от. 
Әйтеуір осы тірлік дегеннің мен үшін 
өзіңсіз ешбір мәні жоқ. 
1968 
 
ҚЫРДАҒЫ АЙҚАС 
 
 
Әженің әңгімесі 
Жаз қандай шіркін біздің Нарын құмда! 
Ойнақтап шығады ерке сағым қырға. 
Күн күліп тау шағылға асылғанда, 
қосардай әрбір сұлу таңын жырға. 
Жыңғылдар — шыршалы орман 
тұрған тұнып, 
жиекте шуылдайды қырға ұмтылып. 
Тарихтың талай сырын ішке түйіп, 
мекен бұл жатқан қанша жылдан сұлық. 
Шілдеде Күн жайлайды көгін күліп, 
жаппайды көк аспанның өңін бұлт. 
Жайланып отырасың сым-жүйкені 
тыныштық теңізіне шомылдырып. 
Нарынның күйзелдірген елін жорық, 
қаңғыртты байлар жұртты жерін қорып . 
өткен-ді бір оқиға. Дәл сол жылы 
түсіп ем осы ауылға келін болып. 
 


Нұрет бай тең келмейтін болыста жан, 
мың-мыңдап жылқы  мен қой ол ұстаған. 
Қалдырған атасының мұрасындай 
Жайлауын Мұңайтпастың қоныстаған. 
Ертемен бай ауылда бұл жұрт керім 
білмедік неге мұнша дүрліккенін. 
Ақ үйлер абыр-сабыр,әншейінде 
ашатын сәске түсте түндіктерін. 
- Бай қызы кетіпті ғой бүгін қашып! 
- Не дейді, әй? Қыз емес пе еді 
бұрын жасық?! 
Жерошақ басындағы жалшы әйелдер 
қояды үн шығармай сыбырласып. 
Тап болды Нұрет сынды байға бір мұң, 
О, Құдай, қызды бақпай,қайда жүрдің!/ 
Бір түнде, амал қанша, бос қалыпты 
қаңырап ақ отауы Айғанымның. 
Бай отыр ашу кернеп, қашып төзім
бұл кесел жанын қинап, жасытты өзін. 
Бәйбіше үһлейді аласұрып, 
ұшымен жаулығының басып көзін. 
Ата-ана теңесе де балаға әлі, 
қыз кетті, ел-жұртына қарамады. 
 
Не істерге білмегендей, ақ боз үйге 
бір кіріп, бір шығады ағалары. 
Дәйді әке: “Көмді-ау тірі мына мені”… 
Қайтсін де, құлақтанбай тұра ма елі. 
Ата-ана сүт кенжем деп әлпештеген 
бес ұлдың ортасында шынар еді. 
Көп болды қыз тағдырын ойланғалы, 
қыз бірақ ерте дейтін той-қам жағы. 
Қайтеміз, алабұртқан пәк жүректі 
жиырма жас ұрлап алып қойған дағы! 
Он жігіт атқа дереу кетті қонып, 
бастады қыз ағасы Бекқұл оны. 
Тал түсте бай қызына қолын салған, 
япыр-ау, қандай жанның епті қолы?! 
Көп екен көзбен көріп, білмеген де, 
жау болды-ау қызды ауылға түн деген де. 
Жалаңаш жатып ылғи жай тұратын 
бай ауыл қалды осылай дүрбелеңге. 
Кәдімгі жиырмасыншы жыл еді бұл
жасарып жаңа өмірмен түледі қыр. 
Әлі де байлар елде бақ түзеді, 
әндесіп ақ бандымен тілегі бір. 
Дабылы жаңғыртса да 
Он жетінің, бүтіндеп болған жоқ қыр кем-кетігін. 
Шұбырған ақ бандының қалдықтары 
Биыл жаз бермей қойды елге тыным. 
Нарынның жорықтардан қашты реңі, 
елде әлі жасақшылар тапшы да еді, 


Манашта милиция бөлімінің 
Қайыржан Молдағүлов бастығы еді. 
Сәске түс. Құмдар қызып жалындады, 
О, Нарын, қысың қарлы, жазың жалын/ 
он шақты үй Қайыржанның ауылы еді 
отырған Сартөбенің маңындағы. 
Құмында банды жүр деп 
Бозалақтың, 
Жетті ғой елге істеген азабы ақтың. 
Соларды қапылыста ұстаймыз деп
кеткен-ді бәрі аттанып азаматтың. 
Төккенде күн сәулесін шашыратып, 
құм жатты ыссылықтан басы қатып. 
Ауылда жайбарақат бала біткен 
отырды көлеңкеде асық атып. 
Кенеттен дүбір шықты сатырлаған, 
шамасы ат тұяғы-ау жақындаған. 
“О не?” - деп үрпиісе тысқа шықты, 
кеп қалды он бес шақты аттылы адам. 
“Банды” деп ауыл түгел елеңдеді, 
маңырап қозы-лақ та көгендегі. 
Дабырлап келе жатыр, естіледі 
“начальник”,“милиция”дегендері. 
Жүздері сұсты ылғи атты кісі, 
асынған қылыш, мылтық, жат жүрісі. 
үлкендер бас шайқады көрді дағы, 
“Бандылар болмағай, - деп, - тап мұнысы”. 
- Дәндеген ақ әскерін олжа қылып 
Біздің “дос” қайда— шықсын Молдағұлов! 
Киіз үйге телмеңдеді қазақ-орыс, 
паңданған қара торы жорға мініп. 
Найзамен әйелдердің түртіп ішін, 
мәз болып біреулері тұр күлісіп. 
“Ә” десе, ажал төніп амал құрып
тұрды ауыл адамдары күрсінісіп. 
Жапырлап аттарынан түсті бәрі, 
“Көре алмай жүр екен, - деп, -күштіні әлі!” 
Қазанды қатық толы үйге әкеліп: 
“Тәтті, - деп,—дос шарабы”, - ішті бәрі. 
Төзіп көр мынау іске, болса шыдам, 
жаны ашыр тым болмаса болсашы жан!/ 
"Қазанын қақыратты" десін деп жұрт, 
бір теуіп қақ айырды ортасынан. 
- Біздерге салды балаң қандай ылаң, 
түбі оны тірі айырам жан-жайынан. 
ұлыңа арызыңды айтарсың, - деп, 
кемпірді қойып қалды маңдайынан. 
Анасы Қайыржанның Ақкенже еді
көрмеген мыналардай жат пендені. 
“Ақ дәмім жібермесін!” - деген кезде, 
офицер қылышына тап бергені. 
Жауыздың жаны қаннан тіксіне ме, 


/о, адам, мұндайларды күшті деме!/ 
Әлгіде-ақ тілі сайрап сөйлеп тұрған 
ұзыннан қақ бөлініп түсті дене! 
Қыз-келін, кемпір мен жас өрендері 
тұр мынау бұзықтардың боп ермегі. 
Қолдарын артқа байлап шырылдатып, 
желіге құлындайын көгендеді. 
Ауылға ақылшы еді. өлді. Кетті. 
үй ішін алқызыл қан көлдіретті. 
Шошынған келін бала “шешем-айлап”, 
жас тұнып жанарларын мөлдіретті. 
Жарылып дене жатыр түскен сұлық 
жоқ мынау қанішерге істер қылық, 
Шуласып бала біткен, әйел жағы 
егіліп жыласады іштен тынып. 
Барлығын /қырық шақты ең кемінде/ 
жатқызды қойдай тізіп жерге, міне. 
- Ойынды көрсетейік, - деп қояды,- 
советтің милиционерлеріне. 
Бас қосып “банды” деген тағыларың, 
салуда ойға келген бар ылаңын. 
Киіз үйін Қайыржанның сатырлатып 
түсірді ортасына шаңырағын. 
—Қалмасын, -деді офицер, - қимас мүлік, 
кетейік жұртын оған мирас қылып! 
Бөктерді аттарына үй біткеннен 
бар тәуір дүниені жинастырып. 
Шығысқа жөнеп берді банды қашып, 
ала шаң ауыл үстін қалды басып. 
Күңіреніп Сартөбенің бауырында 
бір ауыл жатты осылай қан жыласып. 
 
 
*** 
 
Атты да шұғылалы таң күншығыстан, 
арайдан қараңғылық бұлты ығысқан. 
Талпынған тіршілікке қыр әлемін 
бөледі сазды әуенге жыршы құстар. 
Бас иіп қырдың жасыл қияқтары
тұрғандай жаныңа әсем күй ақтарып, 
нәп-нәзік қырдың гүлі албырайды, 
алғашқы балғын сезім сияқтанып. 
Күн шықты жанарынан нұр атылып, 
құм жатыр бұйра жондар шұбатылып. 
Жартыкеш ай барады жаутаң қағып, 
үйінен кеткен қыздай ұзатылып. 
Тұнжыр түн үйқылы-ояу таңға ұласып, 
қыр жатты тәтті ұйқысын қалғып ашып. 
Әлемде тек екеуі секілденіп, 
отырды қыз бен жігіт албырасып. 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау