Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ғашық болып туғалы 
көрмепсің-ау, байғұсым! 
Кетісудің кілті — егес, 
қозғамайық ол жайлы. 
Махаббатың — күлкі емес, 
мұңсыз сүю болмайды 
 
* * * 
 
Баланың еркелігін 
шытынап, көтермейміз. 
Үш жаста-ақ ел сенімін 
ақтаса екен дейміз. 
Ойлаймыз: жүгірмесе, 
сұрақтар бермесе көп, 
көр-жерге үңілмесе, 
жаныма келмесе деп. 
Жүр дейміз арыстан боп 
қарғитын қара құздан. 
Өзіміз данышпан боп 
туғандай анамыздан. 
1960 
ОН ЖЕТІНІҢ ӘНІ 
 
 
Аспан нұрдай ашық екен, 
неткен ғажап, шіркін, бүгін! 
Естігенше асық екен 
менің мөлдір күлкімді кім?! 
Жас көңілдер сыр ашсын деп, 
жас армандар ұлассын деп, 
ашып тастап тұр ғой, міне, 
сұлу көктем түн түндігін! 
Айналамда зыр жүгірген 
бозбалалар - бір жарасым. 
Бірақ мені бір-біріңнен 
іштей бекер қызғанасың! 
Қаққанменен жан есігін, 
әрқайсысың - жеке елсіңдер, 
еркесіне әжесінің 
бәрің ғашық екенсіңдер! 
Болса да алда сынар күнім, 
қызық маған орталарың, 
(көтермеңдер бұған мұрын — 
сендерсіз де жол 
табамын!) 
Бірақ, бірақ кейде мен де 
білгім келіп толғанамын: 
қайсыңыздың мен дегенде 
көп тартады оң қабағың... 
Шеттеріңнен жақұт ұлсың 
иектен бір қыл қақпаған. 


Бірақ қайсың бақытымсың - 
бұл әзірге жұмбақ маған... 
Сөзбен сынап-мінеп ілдім, 
бірақ... қайсың бақытым деп, 
дүрсілінен жүрегімнің 
оңашада тыңдап қалам... 
Ой, қайсыңа сырды ақтарам?! 
1958 
 
* * * 
 
“Төгіп-төгіп жазбай ма ақын деген! 
Терлеп-тепшіп қиналса, пақыр дер ем!” -— 
Қызараңдап осылай, қылғынғаны, 
кіріп-шықпай миына жырдың мәні. 
Майлы ас сіңген таңдайға татыр ма өлең— 
қайтсем ойын оятам, ақыл берем? 
Тұрдым сонда шап етіп теріс келмей, 
халық өспес ойсыздан келісті елдей — 
қурар сусыз ағаштай жеміс бермей. 
Құрбандықсыз келмейтін жеңістердей, 
жазылса жыр ақынның қаныменен, 
ескерткіштей сол ғана нағыз өлең! 
1960 
БИ АЛАҢЫНДА 
 
Топталып тұрған жұртты жайпап еніп, 
шақырдың биге қайта-қайта келіп. 
“Мен сізді көптен көрем, сүйемдерді”, 
айныттың жүрегімді, айта 
беріп. 
“Жоқ!” - дедім, ыза кернеп, тасыдым да, 
Мазақ па әлде әзіл машығы ма? 
...Досыммен биге айналып жүргенімде 
жаңағы көзім түсті “ғашығыма”: 
/Қаншама болсаңыз да жаста қызба, 
ойнауды махаббатпен тастаңыздар./ 
Әлгіде-ақ маған айтқан “жүрек сырын” 
айнытпай ақтарып жүр басқа қызға. 
1959 
 
* * * 
 
Болдың ба, достым, теңізде, 
көрдің бе таудай толқынын? 
Долы желменен егіз бе, 
алмайды неге ол тыным? 
Оң желді бағып ертеңгі, 
міндің бе қайық – “таксиге”? 
Көтеріп аппақ желкенді, 
салдың ба сайран Каспийде? 
Жедің бе балдай балығын, 


іштің бе шайын шөліркеп? 
Көрдің бе қортпа – алыбын, 
толқындай ерке о да үркек. 
Алысқан асау желменен 
жандарды көріп кіл мұнда: 
осы-ау деп өңшең ер деген, 
бас иіп сонда тұрдың ба!? 
1961 
 
ТУҒАН ЖЕР 
 
 
Сағындым туған жердің көгал белін, 
желпіген беттен сүйіп самал желін. 
Асқар тау, шалқар көлің болмаса да, 
көрікті-ақ көрінесің маған керім. 
Елестер көз алдымда құм Нарын да, 
асыр сап ойнаушы едім құмдарыңда. 
Тап салған жас қияқтай туды өзіңде 
жұпыны менің тұңғыш жырларым да. 
Жағалау бұлдырайтын сағым ойнап, 
Каспийім толқын атса балық ойнап, 
қармақ сап шабағыңа, ауық-ауық 
суына шомылушы ем салып ойнақ. 
Соңымда қалыпты ғой сол бір күнім, 
алыстан сағыныштың өрдім гүлін. 
Жүректе қимасымдай сақтап келем 
сол шақтың пәктігі мен мөлдірлігін. 
1956 
 
 
ДАУЫЛПАЗ 
Әбу Сәрсенбаевқа 
 
 
Асқақ бір куәсіндай ақыл-ардың, 
аңсаған көріп тұрмыз ақын алдын. 
Алпыстың асқар белі қажытпапты 
ақиық дауылпазын Атыраудың. 
Тілдескен ақша бұлтпен аспандағы, 
теңіздің өр толқыны – жастанғаны. 
Тәйірі-ай, алыптарға алпыс деген – 
өмірдің кішкене бір баспалдағы! 
Тұрса да тосып өмір жүз арнасын, 
тосқауыл бола алған ба қыранға шын! 
Мен сізді көрген сайын елестетем 
көз жетпес Алатауымның құзар басын! 
Сонда мен алауымын екіндігін, 
ешқашан шалмайтындай бетімді мұң. 
Сонда мен мынау құйттай бойымменен 
аспанды тіреп тұрған секілдімін. 
Ақтарып асқақ жырды сүйікті елге, 


талғампаз көкіректерді ұйыт, тербе! 
Мен, сірә, шықпасам да, шыққандаймын 
сіз тұрған сонау заңғар биіктерге! 
1965 
 
 
ТЕҢІЗДЕ 
 
Шағала шулап төсінде, 
ойнайды көктің жасылы. 
Қосылды долы осы үнге 
тулаған теңіз тасыры. 
Ашулы толқын үстінде 
алысты қайық желменен. 
Балықшы, дүлей күш кімде – 
ойланып тұрар жер ме кең?! 
...Ілезде тынып айнала, 
сылқылдай күлді көк теңіз. 
Балықшы жігіт жай ғана 
күледі: “Қорқып кетпеңіз, 
көңілінде жоқ үлкен кек, 
Шыңдайды жастың жігерін, 
сынайын дейді бұл тентек 
ақынның нәзік жүрегін...” 
Балықшы шықса ертемен, 
айдыннан асқақ күй ұғып, 
осынау теңіз тентегің 
жатады сонда бұйығып!.. 
 
 
АНА ДАУЫСЫ 
 
 
Мен Анамын 
гүл еккен қара жерге. 
Сол гүлдермен құлпырған дала, бел де. 
Гүлдерімді солдырма, 
О, адамдар, 
бақытымды бейуақыт ала көрме! 
Ала көрме, 
енбесін деп тілесең ақ сүт берген 
көкірегімен мезгілсіз ана көрге. 
Мынау аспан, көк аспан, шуақты аспан, 
ақ бас таулар сыңғырлап бұлақ қашқан 
ай нұрымен, күміс күн сәулесімен 
тұрсын мәңгі ананың сезіміндей, 
тереңдігін жүретін өзі білмей. 
Адам, саған аналық жүрек берсін 
аялайтын сәбиін көзі ілінбей. 
Сабыр берсін 
бәрін де кешірем деп 
ұлын күткен Ананның төзіміндей. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау