|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА
|
Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі
Пән, пәннің коды - Терапиялық стоматология пропедевтикасы модульі ПДО
Мамандық: 051302 «Стоматология»
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА
Тақырыбы: «Тісжегіні емдеудің негізгі қағидалары мен кезеңдері, пломбылық материалдарды клиникалық таңдау»
Жалпы академиялық сағат – 3 сағат
Курс: 4
Семестр -7
2012ж
Құрастырушы: м.ғ.к. асс. Смагулова Е.Н.
асс. Уразбаева Б.М.
Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі отырысында талқыланды.
Хаттама №_______ «_____» 2012ж
Бекітілді:
Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулнің жетекшісі
м.ғ.д. проф. __________________Баяхметова А.А.
Тақырып№ 19. Тісжегіні емдеудің негізгі қағидалары мен кезеңдері, пломбылық материалдарды клиникалық таңдау.
2. Мақсаты:
А) Білімді қалыптастыру:
Тісжегін емдеудің негізгі қағидаларын;
Тісжегін емдеудің негізгі кезеңдерін;
Пломбылық материалдарды клиникалық таңдау;
Б) Операциональды дағдаларды қалыптастыру :
- Тісжегін емдеудің негізгі емдеу тәсілдерін;
- тісқуысын егеп тазалаудың тәсілдерін;
- Пломбылық материалдарды клиникалық таңдау ;
- пломбылық материалдардың қолданылуы
В) коммуникативті дағдылар, қалыптастыру
-Жаңа терминдерді енгізу ; « этитропты терапия», «Патогенетикалық терапия», «Комплексті терапия», «Жалпы емдеу»
- науқаспен қарым - қатынаста вербальді және вербальды емес комуникативті дағдыларды дамыту
- жазбаша, ауызша және топтық коммуникациялық дағдыларды дамыту
- науқасқа аргумент және науқастан сұхбат алу дағдыларын дамыту
Г) Құқықтық компетенцияны оқып, қалыптастыру
- тісжегін диагностикалау
-тісжегімен келген науқастардың зерттеу карталарын қортындылау
- тісжегімен келген науқастардың зерттеу карталарын қортындылау
- пломбалық материалдарды таңдай білу
-ауру тарихын терең оқып зерттеу
Д) Студенттердің мотивациясын жетілдіру:
3. Оқудың міндеттері:
1. тісжегінің этиологиясы және патогенезін негіздеу
2. тісжегі кезінде негізгі тексеру әдістерін қарастыру
3.Блэк бойынша орналасқан тісжегі кезінде пломбалық материалдарды таңдай білу
4.Уақытша пломбылау үшін пломбалық материалды таңдай білу
5. Тұрақты пломбалық материалдарды таңдай білу
6. тісжегі емдеудің этиотропты мәнін талдау
7. тісжегі емдеудің патогенетикалық мәнін талдау
8. тісжегін емдеуде жалпы емдеу мәнін талдау
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тісжегін емдеу қағидалары. Түсініктеме беру.
Тісжегін емдеудің кезеңдері;
Контакті түйісу, түсінік, жүргізілуі.
Тісжегі қуысының әр түрлі орналасуына байланысты пломбалық материалды таңдай білу;
Уақытша пломбылау үшін пломбалық материалды таңдай білу
Емдік төсеммен пломбылау үшін пломбалық материалды таңдай білу;
тісжегі емдеудің этиотропты емдеу, жүргізілуі, түсінік
тісжегі емдеудің патогенетикалық , жүргізілуі, түсінік;
жалпы емдеу – жүргізілуі, түсінік;
тісжегін емдеуде кездесетін қателіктер мен асқынулар
5. Оқытудың және сабақ жүргізудің тәсілдері: ауызша сұрау, тест тапсырмалар, топтап жұмыс істеу, клиникалық жағдайларды қарастыру, күнделік толтыру және науқастардың карталарын толтыру:
Оқу құралдары: пломбалық материалдар стоматологиялық аспаптар, галлоген лампасы, күнделік және науқастың амбулаториялық картасы.
Тақырыптың қысқаша хронометражы
№
|
тақырыптың кезеңдері
|
Оқудың құрылымы
|
Оқудың тәсілі
|
Бақылау тәсілі
|
Кезеңге берілген уақыт
|
1.
|
кіріспе
|
Амандасу, тақырыппен танысу, мақсаты, мотивациясы. Тақырыптық тапсырма
|
-
|
-
|
5минут
|
2.
|
Сабаққа дайындығын бақылау
|
Сабаққа дайындығын бағалау
|
|
Ауызша сұрау
Жазбаша сұрау
Блиц-сұрақ
тесттеу
|
45 минут
|
|
|
Үзіліс
|
|
|
10 мин
|
3.
|
Негізгі кезең
|
1.Оқытушы студенттермен бірге тісжегін емдеуде қолданылатын пломбалық материалды таңдауды көрсету
2.Оқытушы фантомда тісжегінің әр түрлі орналасуына байланысты емдеуде қолданылатын оперативті түрлерін көрсету
3.Оқытушы тіс жегін емдеудегі этиопатогенді және жалпы емдеуді түсіндіру
|
Түсіндіру, демонстрация,
тренинг
|
|
50 минут
|
|
|
|
4.Студенттер аз топта (2-3студенттен) волонтерлермен және фантом блокта тісжегін емдеу және пломбалық материалдарды таңдай отырып жұмыс жүргізеді.шағымын анамнез,тексеру әдістерін,сипап, ұрып,шұқып текскеру,ЭОД тәсілдерін жүргізу
|
Аз топпен жұмыс жүргізу
|
1.Коммуникативті дағдыларын бақылау
2.операциональды дағдыларын бақылау
|
|
|
|
5.Студенттер есеп-оқу құжаттарын толтыру (күнделік.амбулаториялық карталар, 037у- картасын).
|
Күнделік. Амбулаториялық карта толтыру
|
операциональ
ды дағдыларын бақылау
|
15
минут
|
|
|
Үзіліс
|
|
|
10 мин
|
4.
|
Сапасын тексеру кезеңі
|
1.Соңғы бақылау
|
|
1.Ауызша сұрау
2.Жазбаша сұрау
3.Блиц-сұрақ
4.тесттеу
|
15
минут
|
|
|
2. Кері байланыс
|
|
|
10
минут
|
|
|
3.Бағалау чек парақты толтыру,баллдарын санау
|
|
|
5
минут
|
|
|
4.Оқу журналына қойған бағалармен таныстыру
|
|
|
5
минут
|
|
|
5.Келесі сабақтың тақырыбымен таныстыру
|
|
|
5
минут
|
|
Қортынды
|
170 минут (3 академиялық сағат 50 минуттан, 150 минут,үзіліс 10 минуттан 2 рет
|
6.Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб және доп.- М., 2007. – 544 б.
2. Максимовский Ю.М. Фантомный курс терапевтической стоматологии – Москва, 2005 . – 320 б.
4. Лукиных Л.М. Кариес зубов. Нижний Новгород, 2004 – 172б.
Қосымша:
Борисенко А.В. Кариес зубов - Киев, 2005 – 416б.
Костромская Н.Н., Глотова О.Н. Лечебные и изолирующие прокладки в стоматологии – Нижний Новгород, 2001. – 78б.
Баскакова И.В. Современные пломбировочные материалы. Лечебные прокладки. Стеклоиономерные цементы. Компомеры. (учебное пособие) – Алматы, 2008. – 70б.
Биденко Н.В. Стеклоиономерные цементы в стоматологии – Киев, 1999.- 110б.
Борисенко А.В. Композиционные пломбировочные материалы. Москва, 1999.- 172б.
7.1 Когнитевті компетенцияны бағалау:
Сұрақтары;
Тісжегін емдеудің негізгі қағидалары.деонтологиялық, анестезиологиялық, биологиялық негіз ретінде, пародонт тінін рациональды, пунктуальды сақтау мақсатында. Түсінікті дәлелдеп түсіндіру.
Тіс жегінің дақты түріндегі оперативті емдеу кезеңі;
Беткей тісжегі кезіндегі оперативті емдеу кезеңі;
Орта тісжегі кезіндегі оперативті емдеу кезеңі
Жылдам дамыған терең тісжегі кезіндегі оперативті емдеу кезеңі.
Түйісу (контактного пункта) нүктесін қалыпқа келтіру
Баяу дамыған терең тісжегі кезіндегі оперативті емдеу кезеңі :
Блэк жүйесі, 1-2 класс бойынша орналасқан тісжегі қуысын пломбалауға арналған материалды таңдау;
Блэк жүйесі, 3- 4 класс бойынша орналасқан тісжегі қуысын пломбалауға арналған материалды таңдау;
Блэк жүйесі, 5 класс және атипиялық орналасқан бойынша тісжегі қуысын пломбалауға арналған материалды таңдау;
Қысқа уақытқа қойылатын уақытша пломбалық материалдар таңдау;
Жылдам дамыған терең тісжегін емдеуде қолданылатын емдік төсемдерді таңдай білу;
Жалпы емдеу – түсінік,жүргізу тәсілдері;
Тісжегін емдеуде кездесетін асқынулар мен қателіктер.
Тест тапсырмалар:
Тапсырма№1
Тісжегін емдеудің қай түрінде тістің бұзылған тіндерін толығымен алып , сау тіндерін сақтап қалуға көңіл бөле отырып емдеу принцепі қалай аталады:
1) Деонтологиялық
2) Анестезиологиялық
3) +Биологиялық мақсат
4) Рационды
5) алдын алу үшін кеңейту
Тапсырма №2
Тісжегін емдеудің қай түрінде тістің бұзылған тіндерін егеуде толығымен алып ,тіс тінінің тісжегі зонасына дейін алып тастауы қалай аталады:
1) Деонтологиялық
2) Анестезиологиялық
3) Биологиялық мақсат
4) Рационды
5) +алдын алу үшін кеңейту
Тапсырма№ 3
Тісжегін емдеуде , дәрігердің іс қимылы, келген науқасқа сөйлесуде психо-эмоцианальды әсер ету қалай аталады:
1) + Деонтологиялық
2) Анестезиологиялық
3) Биологиялық мақсат
4) Рационды
5) алдын алу үшін кеңейту
Тапсырма №4
Тісжегін емдеуде стоматологиялық кабинеттің жұмысын дұрыс ұйымдастыру, эргономиканы, ғылыми еңбек жұмыс орнын ұйымдастыруды қалай атайды:
1) Деонтологиялық
2) Анестезиологиялық
3) Биологиялық мақсат
4) +Рационалды
5) алдын алу үшін кеңейту
Тапсырма №5
Тісжегін емдеуде жансыздандыруды жүргізу, керек болса науқасқа алдын ала дәрі-дәрмектерді салу қалай аталады:
1) Деонтологиялық
2) +Анестезиолоялық
3) Биологиялық мақсат
4) Рациональды
5) алдын алу үшін кеңейту
Тапсырма №6
Жоғарғы жақтың бүйір күрек тістінің тұйық тесігінде орналасқан тісжегі қуысы қай классқа жатады:
1) +Блэк бойынша І классқа
2) Блэк бойынша II классқа
3) Блэк бойынша III классқа
4) Блэк бойынша IV классқа
5) Блэк бойынша V классқа.
Тапсырма №7
Жоғарғы жақтың бүйір күрек тісінің түйісу бетінде орналасқан тісжегі қуысы қай классқа жатады:
1) Блэк бойынша І классқа
2)+Блэк бойынша II классқа
3) Блэк бойынша III классқа
4) Блэк бойынша IV классқа
5) Блэк бойынша V классқа.
Тапсырма №8
Кіші азу тістің түйісу бетінде орналасқан тісжегі қуысы қай классқа жатады:
1) Блэк бойынша І классқа
2)+ Блэк бойынша II классқа
3) Блэк бойынша III классқа
4) Блэк бойынша IV классқа
5) Блэк бойынша V классқа.
Тапсырма №9
Үлкен азу тістің түйісу бетінде орналасқан тісжегі қуысы қай классқа жатады:
1) Блэк бойынша І классқа
2)+ Блэк бойынша II классқа
3) Блэк бойынша III классқа
4) Блэк бойынша IV классқа
5) Блэк бойынша V классқа.
Тапсырма №10.
Күрек тістің мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуысы қай классқа жатады:
1) Блэк бойынша І классқа
2) Блэк бойынша II классқа
3) Блэк бойынша III классқа
4) Блэк бойынша IV классқа
5) +Блэк бойынша V классқа.
Тапсырма №.11
V класс бойынша тісжегі қуысын егеп-тазалау кезінде тісжегі қуысына қандай пішін
беріледі?
1) дөңгелек.
2) Тікбұрышты.
3) үшбұрышты,
4) Квадрат.
5) бүйрек пішіндес.
Тапсырма №12.
V класс бойынша тісжегі қуысы қайда орналасады?
1) Шайнау бетінде.
2) Үлкен және кіші азу тістердің түйісу бетінде.
3) +Барлық тістердің мойын бөлігінде.
4) Күрек және сүйір тістердің түйісу бетінде.
5) Күрек және сүйір тістердің кесу қырын бұза тістердің жанасу бетінде .
Тапсырма №13
V класс бойынша тісжегі қуысының қызылиекке қараған қабырғасы қалай орналасады?
1) 90° бұрышпен.
2) 30° бұрышпен.
3) 45° бұрышпен.
4) 60° бұрышпен.
5) 70° бұрышпен.
Тапсырма №14
V класс бойынша егеліп –тазаланған тісжегі қуысының табаны қандай болуы керек ?
1) Жазық,
2) Иілген.
3) Томпайған (выпуклый).
4) табанының конфигурациясы тісжегі қусының тереңдегене байланысты
5) сопақ.
Тапсырма №15
Тісжегі қуысынын егеп –тазалаудың соңғы сатысы болып табылады:
ашу
кеңейту
некрэктомия
қырларын тегістеу
қалыпқа келтіру
Тапсырма №16.
III класстық тісжегі қуысы көп жағдайда мына қалыпқа келтіріледі:
1. үшбұрышты
2. квадрат тәрізді
3. тікбұрышты
4. ромб тәрізді
5. қарлығаштың құйрығы.
Тапсырма №17.
II класс бойынша тісжегі қуысы қай жерде орналасады?
1) Шайнау бетінде.
2) Күрек тістердің кесу қырларында.
3) Атипиялық орналасу
4) Барлық тістердің мойын бөлігінде.
5) үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттерінде.
Тапсырма №18.
Тісжегі қуысын егеп-тазалау сатларына не жатады?
1) Жансыздандыру, ашу, кеңейту, ыдыранды дентинді алу (некрэктомия).
2) Жансыздандыру, ашу, қалыпқа келтіру.
3) Ашу, кеңейту, мүсіндеу.
4) Ыдыранды дентинді алу, кіреуке қырларын тегістеу.
5) жансыздандыру, ашу, кеңейту, ыдыранды дентинді алу, қалыпқа келтіру, фкіреуке қырларын тегістеу.
7.2 Операциональды компетенция орындалған тапсырма нәтижесі бойынша бағаланады;
7.3 Коммуникативті дағдыларды – тікелей бақылау арқылы бағалау
7.4 Құқықты компетенцияны бағалау
Сұрақтары;
Емдік төсем және аралық төсемдермен жұмыс жүргізу.
Өздігіен қатаятын пломбалық материалдармен жұмыс жүргізу
Сәулемен қатаятын пломбалық материалдармен жұмыс жүргізу
.
Страница из 18
Достарыңызбен бөлісу: |