Ф-жоокб-01/018 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі



жүктеу 0,62 Mb.
бет5/21
Дата28.04.2020
өлшемі0,62 Mb.
#30042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Әбілсерік Махамбет Әбілсерікұлы

1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 2019 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беру-ге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықты-рылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хат-та, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырған-дығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақ-параттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгі-сіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:


  1. зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сон-дай-ақ жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

  2. қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;

  3. активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бо-йынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарық-тық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байла-нысты.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді. «Қар-жылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәти-желері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады[12]. Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешім-дерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағьгмдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұ-мыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамты-майды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипат-тайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жаб-дықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айнал-дыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қор-ғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, деген-мен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға косымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектіле-рінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір кө-зіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті анали-тикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржы-лық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, ба-ланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныс-тырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдар-дың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшы-лар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алын-ған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиім-ділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайда-лануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек ала-ды, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудін мақсатқа сәйкестігі және оның шарт-тары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тә-уекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылы-ғын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.

Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүм-кіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке же-туі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты тал-дау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қа-жетті түрі болып табылады.

2017 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұ-ратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық күқық құны ре-тінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгіле-рі бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пас-сиві мүлік және онын қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элемент-тер мен қорытындыланған керсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұн-дай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйекті-лікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына прин-цип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бапта-ры жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтім-ді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шот-тардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.

Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәреже-сіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.

Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жа-ңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипаттала-ды.

Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтер-лік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сү-йейді.

Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып та-былады.

Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау" деген оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып та-былады.

Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, со-ны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].

Ағылшын ғалымдары шығарған "Бухгалтерлік іске кіріспе" деген оқу құра-лында былай жазылған: Баланс - бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті бар-лық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл бе-рілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие бо-лады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс[14].

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды: Актив-тер-бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.

Капитал - пассивтердің арнайы түрі.

Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғанда-ғы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.

Әлемдік банк өңдеп шығарған "Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша нұсқаулар" оқулығында бұл ұғымдарды былайша түсіндіреді: "Баланстық есеп - бұл белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржы-лық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей байланысқан баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл ак-тивтер, пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұ-мысын камтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпа-ратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы ақ-параттан тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, әлде меншікті ме".

Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері (жақтары) мен эле-менттері келесідей анықталады:

«Актив дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен ба-қыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы мін-деттемесі.

Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстары-ның шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

Капитал - бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».

Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымыз-да берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп тура-лы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. "Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі элементтері – активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттеме-сі" болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей сипаттама береді.

«Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсіпорыннын мүлкі, мүліктік, жеке мү-ліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.

Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастаған-нан кейінгі активтері» [11]. Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықтамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп ай-туға болады.

Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп беру-дегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, мен-шікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.

Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорын-ның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қа-былдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС–2-нің 7-пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: "барлық маңызды ақпараттар, қаржылық есепті қолданушылар үшін анық және түсінікті болатын-дай дәрежеде ашылуы тиіс" [12].

БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде құрастырылған [16] бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1-кестеде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады.

Алайда айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып табы-лады.

Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

1) ұзақ мерзімді активтер;

2) ағымдағы активтер;

3) меншікті капитал;

4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;

5) ағымдағы міндеттемелер.

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент - табыс және шығын – қаржы - шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.

Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметте-ріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бух-галтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыз-дылары келесілер болып табылады:

1.Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мә-ліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық тал-дау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.

2.Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде статус-квоны си-паттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпо-рын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдай-ға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсе-тілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми- техника-лық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).

3.Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көр-сеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығы-на шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажет-ті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен са-лыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланста-рындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екінше-де 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қо-ры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді.

5.Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиын-тығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық

операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динами-калық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім", '"тауарлар", "де-биторлық борыш" және басқалар.

кесте-1




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау