Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
Бұрынғыға қарағанда бұл едәуір оңайлатылған. Мұнда табысты пайдалану-ды, бюджетке төлемді, табыс салығы бойынша жеңілдіктерді есептеу барысын-дағы шығындар ашып көрсетілмеген. Ол тек есепті кезеңдегі қаржылық нәти-женің қалыптасуын (таза табысты немесе зиянды) ғана көрсетеді.
Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алыңады. Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 2015 жылы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойын-ша 2016 жылы 12 қарашада №2 каржылық есепті дайындау және тапсыруға қа-жетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қар-жылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтер-дің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.
Табыстар мен шығындар баптарынын арасына койылған шектеулер тәжіри-беде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.
№3 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі" ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есеп-те кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықтала-ды және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезе-ңіндегі қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушьшарды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпа-раттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Операциялық қызмет деп субъектің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.
Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражатта-рының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру ны-сандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп беруде-гі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.
Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын ке-шенді түрде талдауға мүмкіндік береді [1].
Достарыңызбен бөлісу: |