Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет85/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 179
 
SUMMARY 
The article deals with the  research results  and the influence of the accumulation of copper 
in the growth of the plant Zea Mays hybrid Kazakhstan 587, as well as their dry biomass. 
 
 
 
ӘОЖ 581.5 
ЕМЕН, АРША, АКАЦИЯ ӚСІРУДІҢ АРЗАН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАН 
ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУДЕГІ  
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
К.Н.Жайлыбай – б.ғ.д., профессор, Г.Сыпабекқызы, Ж.Қоңырова,  
У.Ережетова – экология мамандығының 4-курс студенттері  (Алматы қ., Қазмемқызпу)  
 
Аннотация:  мақалада  Қазақстандағы  бүгінгі  және  болашақ  экологиялық 
проблемалар  қарастырылған.  Экологиялық  жағдайларды  жақсарту  үшін  күшті 
фотосинтездеуші  ағашты  ӛсімдіктерді  (емен,  арша,  акация  т.б.)  кӛптеп  ӛсіру  керек. 
Аталған ағаштарды ӛсірудің ең арзан әдістемесі тұжырымдалған. 
Түйін  сӛздер:  емен,  арша,  акация,  оларды  ӛсірудің  ең  арзан  әдістемесі,  экология, 
ғасыр ішілік табиғи циклдар, Қазақстанда болатын қуаңшылық жағдай. 
Қазіргі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, атмосферадағы оттегі 
түгелімен  ӛсімдіктер  фотосинтезі  нәтижесінде  жинақталған.  Мысалы,  құрлықтағы 
ӛсімдіктер  жамылғысының  фотосинтезі  нәтижесінде  атмосфераға  жылына  280-320  млрд. 
тонна оттегі қосылады. Оның 80-85% мӛлшері биосферадағы тірі организмдердің, соның 
ішінде  адамдардың  тыныс  алуына  жұмсалады  екен,  ал  10%-ы,  яғни  28-32  млрд.  тонна 
оттегі ӛндірісте, транспорттың барлық түрлерінде жағылады. Ал, ӛндіріс, транспорт, ауыл 
шаруашылығы қазіргі кездегідей қарқынмен  дамитын болса, XXI-ғасырда жылына 58-64 
млрд.  тонна  және  одан  да  кӛп  мӛлшерде  оттегі  жағылып,  пайдаланылады  деген  болжам 
бар.  Нәтижесінде  құрлықтағы  ӛсімдіктердің  фотосинтезі  процесінде  шығарылған  оттегі 
адамзаттың  энергия  алуы  үшін  жағылған  оттегі  мӛлшерін  қайтадан  толтырып,  қалпына 
келтіре  алмайды,  аталған  газ  (оттегі)  мӛлшері  жылдан  жылға  азая  береді.  Егер  аталған 
салаларда энергия алу үшін жанармайды жағу шектелмесе оттегінің мӛлшері 21%-дан 8%-
ға  дейін  азаюы  мүмкін.  Бұл  сүтқоректі  жануарларға  ӛте  зиянды  құбылыс,  олар  жаппай 
қырылуы мүмкін. 
Атмосферадағы оттегі мӛлшері 12% болғанда адам есінен танып құлайды. Яғни, бұл 
жағдай  адамзат  тіршілігіне  де  аса  қауіпті.  Адам  баласына  нан,  ет,  сүт,  тағы  басқа  азық-
түлік  қаншалықты  қажет  болса,  оттегі  де  ӛте  керекті  фактор.  Бірақ,  атмосферада  оттегі 
әзірге  жеткілікті  болғандықтан  оны  дефицит,  шектеуші  фактор  деп  есептемейміз. 
Осындайда «алтынның қолда барда қадірі жоқ» деп қазақ айтқан ғой. 
Биосферадағы  және  Қазақстандағы  ауа  бассейнін  жақсартып  тазалау  үшін  адам 
баласының әліде 40-45 жыл уақыты бар. 
Гренландиядағы,  Антарктидадағы,  биік  таулар  басындағы  мұздықтар  жылдам 
ерігендіктен жоғарыда аталған 40-45 жылдың әдепкі 20-25 жылы ішінде кӛктем, жаз, күз 
айларында жауын, ал қыс айларында қар кӛп жауып, тасқын су проблемалары туындайды. 
Кейінгі  2-3  жыл  ішінде  мұндай  жағдайлар  Европада,  Австралияда,  Индияда,  Қытайда, 
Жапонияда, Ресейде, Тынық  мұхит аралдарында және Қазақстанда қыс кезіндегі  қар ӛте 
кӛп  мӛлшерде  жауғандықтан,  кӛктемдегі,  жаздағы  нӛсер  жаңбыр  әсерінен  кӛптеген  елді 
мекендерді тасқын су басып қалды. 
Мысалы,  Ресейдің  Краснодар  (Кубань)  ӛңірінде  2012  жылдың  5-6  шілдесі  күндері 
нӛсер  жаңбыр  (аз  уақыт  ішінде  121-300  мм  жауын  жауған)  әсерінен  кӛптеген  елді 
мекендерді  тасқын  су  басып  қалды,  171  адам  қайтыс  болды,  мыңдаған  адамдар  (30 
мыңдай)  зардап  шегіп,  баспанасыз  қалды.  Жапонияның  оңтүстігінде  нӛсер  жаңбырлар 


180  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
әсерінен  туындаған  су  тасқынынан  240  мың  адам  қоныс  аударуға  мәжбүр  болуда.  Ал  
Қытайда тасқын судан 7 млн-дай адамдар зардап шегуде.  
Осы  кезеңдерде  (2012  жылғы  шілде  айында)  АҚШ-та  екі  аптаға  созылған  аптап 
ыстықтан  77  адам  қайтыс  болды,  техника  істен  шыға  бастады.  Канзас  штатында  қатты 
қуаңшылық  болып,  егіс  алқаптары  қурап  жатыр.  Қазақстандағы  Қызылорда  облысында 
40-45°С ыстық болып тұр. Ақтӛбе, Қостанай,  Ақмола, Маңғыстау облыстарында 35-39°С 
ыстық сақталуда.  
Ғалымдардың  болжамы  бойынша,  ғасыр  ішілік  табиғи  циклдардың  ұзақтығына 
(интервалына)  байланысты  Жер  ғаламшарының  солтүстік  бӛлігінде  климаттың  ылғалды-
салқын фазасы 1978-1979 жылдардан басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді, 2012-
2013  жылдардан  бастап  климаттың  жылы-құрғақ  кезеңі  басталып,  ұзақ  жылдарға 
созылады. Ал, ең қатал, жауын-шашыны аз, ыстық, қуаңшылық жағдайдың максимальды 
әсерлі  кезеңі  2018-2021  жылдары  байқалады  және  2026-2035  жылдарға  дейін  созылады, 
сосын  кезең  аяқталады.  Бұл  табиғи  циклдық  құбылыстың  зиянды  әсері  әлемдік  «жылу 
эффектісі» әсерінен күшейе түседі және уақыт бойынша ұзарады деп күтілуде. Осындай 
циклді құбылыстардың зиянды әсерінен 2012 жылы Қазақстанда 1 млн. гектар егістік ӛте 
тӛмен ӛнім берді.  
Жоғарыда  аталған  40-45  жылдың  кейінгі  20-25  жылында  құрлық  ортасындағы 
жерлерде,  әсіресе  Қазақстанда  ӛте  күшті  қуаңшылық  жағдай  қалыптасып,  тұщы  су 
проблемасы  туындауы  мүмкін.  Бұл  жағдайларды  болдырмау  үшін  Қазақстан 
территориясында  күшті  фотосинтездеуші,  СО
2
-ні  сіңіріп,  кӛп  мӛлшерде  оттегіні 
шығаратын  және  ұзақ  жыл  ӛмір  сүретін  емен,  арша,  акация  т.б.  ағашты  ӛсімдіктерді 
жылда-жылда  кӛптеп  егіп,  ӛсіру  керек.  Нәтижесінде,  ӛте  күшті  қуаңшылық  және  қатал 
континентальды  климатты  жағдайды  болдырмай,  экологиялық  жағдайды  жақсартуға, 
әлеуметтік  шығындарды  (жануарлар,  адам  ӛлімін  болдырмауға)  болады  деп  күтілуде. 
Осыған  сәйкес,  аталған  студенттердің  тікелей  қатысуымен  және  профессор 
К.Н.Жайлыбайдың  жетекшілігімен  Экология  кафедрасында  арша,  емен,  акация,  сирень 
ағашты  ӛсімдіктерді  ӛсірудің  ең  арзан  әдістемесі  тұжырымдалып,  ӛндіріске    енгізілуде. 
Соған қысқаша тоқталамыз. 
Арша.  (Juniperus-можевельник)  −  кипарис  тұқымдасына  жататын  мәңгі  жасыл 
жапырақты  ағашты  немесе  бұталы  ӛсімдік.  Қазақстанда  оның  жабайы  10  түрі  бар,  олар: 
Түркістан аршасы (Juniperus turkestanica), Талас аршасы (Juniperus talassica), Сібір аршасы 
(Juniperus communis), Виргинский аршасы (Juniperus virgiana), т.б. 
Арша  ағашы  жұмсақ,  одан  қарындаш,  домбыра,  бесік  жасалады.  Бұрын  қазақтар 
айран,  қымыз  пісетін  күбіні,  ас  табақтарын  арша  ағашынан  ойып  жасаған.  Арша 
ағашының  иісі  қымыз  иісіне  ұқсас  және  мұндай  табақтарда  микробтар  ӛсіп  дамымайды. 
Арша  биіктігі  10-15  м  болатын,  300-800  жыл  ӛмір  сүретін  ағашты  ӛсімдік.  Жетілген  бір 
аршаның  шығарған  оттегі  мӛлшері  25-30  адамның  бір  жыл  тыныс  алуына  жетеді  екен. 
Сонымен қатар арша бір жыл ішінде 20-25 тонна шаң-тозаңды залалсыздандырады екен.  
 Емен (Quercus-дуб) − шамшат тұқымдасына жататын, күз, қыс айларында жапырақ 
тастайтын ағашты ӛсімдік. Дүние жүзінде оның 450-дей түрі бар. Қазақстанда бір түрі − 
кәдімгі емен (Quercus rober) ӛседі. 
 Емен  биіктігі  30-40  м  болатын,  1000-1500  жыл  ӛмір  сүретін  ағашты  ӛсімдік. 
Жетілген бір емен ӛсімдігінің фотосинтез процесінде бір жылда шығарған оттегі мӛлшері 
40-45  адамның  жаз  бойы  тыныс  алуына  жетеді  екен.  Сонымен  қатар  емен  ағашы  бір 
жылда  30-40  тонна  шаң-тозаңды  залалсыздандырады  және  кӛктемнен  күзге  дейін 
микробтарды жояды екен. 
Ұнтақталған  емен  ағашы  қабығын  медицинада  іш  ауруына  қарсы  қолданады.  Арал 
ӛңіріндегі  аптап  ыстықта  іші  ӛтіп  ауырған  кӛптеген  балаларды  емен  қабығының 
қайнатылған  суы  аман  алып  қалды.  Еменнің  тұқымы  жаңғақ  жабайы  шошқалардың, 
тиындардың,  тағы  басқа  жануарлардың  қорегі.  Егер  емен  жаңғағын  сыртқы  қабығынан 
аршып, ұнтақтап, малға берсе құнарлы жем болады. 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау