Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
173
SUMMARY
This article deals with the methods of effective usage of irrigaton area and improvement of
the one year feeding cultures productivity in the way of deepening crops
such as watering culture
as a rape.
ӘОЖ 633.11: 632.4: 632.911
БИДАЙ САРЫ ТАТЫН ЖІКТЕЙТІН АМЕРИКАНДЫҚ СОРТТАРДЫҢ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СИПАТТАМАСЫ
Ж.С.Тілеубаева – б.ғ.к.,
аға оқытушы, Қ.Д.Маселбаева – ізденуші,
Қ.А.Асқарбаева – оқытушы. (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: Оңтүстік Қазақстан жағдайында алғаш рет америка сары тат сорт
жіктегіштері зерттелінді. Жіктегіш сорттардың ауруға тӛзімділігі жасанды індет аясында
ӛсімдіктердің вегетациялық кезеңдерде бағаланды.
Түйін сӛздер: Сары тат, Питомник, Тӛзімділік, Сары
тат сорт жіктегіш, Зақымдану.
Сары тат (қоздырғышы -
Puccinia srtriiformis f. sp.tritici) әлемде бидай ӛсірілетін
барлық егістік аймақтарда кең таралған қатерлі ӛсімдік ауруы.
Сары тат ӛсімдіктің жапырақ тақтасын зақымдап, ассимиляциялық әрекетін
нашарлатады, осы себептен физиологиялық процестері бұзылып, масақ ұзындығы
қысқарады, бидай
масағындағы масақшалар саны, масақтағы дән саны, дән мӛлшері және
салмағы азайып, бидай сапасы және егін түсімі кемиді. Ӛсімдіктің тіршілікке
қабілеттілігін тӛмендетеді немесе оның функцияларын бұзады. Осының салдарынан
ӛсімдікте ассимиляция процесі бұзылады, тамыр жүйесінің дамуы, масақтағы масақша
саны, масақтағы дән саны, дән массасы, сабақтың беріктігі кемиді, құрғақшылыққа және
қысқа тӛзімділігі тӛмендейді [1].
Сонымен қатар зақымдану салдарынан ӛсімдік бойы, сабағының жуандығы және
тамырының дамуы қысқарады, нәтижесінде тамырдың қоректік заттарды топырақтан
сіңіруі қиынға айналады. Індет неғұрлым күшті болғанда зақымданған жапырақ күні
бұрын ӛліп қалады, ӛсімдіктің ӛсуі және дән түзуі тӛмендеп, егін түсімінің кемуі 70-80%-
ке жетеді [2].
Дән ӛнімінің қатты кемуі сары таттың сабақты зақымдануынан туындайды. Әдетте
бұған жапырақтың, жапырақ түтікшесінің, масақ қабықшасының және масақ
қылтанағының зақымдануы бастама береді, масақ астындағы сабақтын зақымдалуы егін
түсімінің жойылуына дейін әсерін тигізеді [3, 4]. Тат ауруларынан ӛсімдікті қорғаудың
экологиялық жағынан таза, экономика жағынан тиімді әдісі бұл ӛндіріске тӛзімді
сорттарды ендіру. Селекцияда жетістіктерге жету үшін патоген расасына немесе тұтас
популяциясына қарсы тиімділігі жоғары тӛзімді генді білу керек, сонымен қатар ол геннің
ұзақ сақталуы жиі қадағаланып тұру қажет [5].
Материалдар және әдістер. Зерттеу материалдары ретінде америка сары тат сорт
жіктегіштері пайдаланылды. Тәжірибе институттың тәжірибелік танап жағдайында
жүргізілді. Танаптық жағдайда әр сорт тӛрт қатардан ені 1м, қатар арасы 20 см болатын
мӛлтектерге қолмен егілді. Әр питомниктің шеткі жағасына індет кӛзі ретінде Богарная
56, Стекловидная 24 және ауруды қабылдағыш сорт
Morocco егілді. Түптену фазасында
бидай сорттарына бүрку әдісі бойынша сары тат уредоспорасы жұқтырылды. Сары татпен
зақымдануды есепке алу бақылау сорттарында ауру дамыған кезде Гасснер және Штрайб
кӛрсеткіші бойынша ұпаймен, Петерсон кӛрсеткіші бойынша пайызбен (%) жүргізілді.
Нәтижелер және талқылаулар.Танап жағдайында американдық доктор Ченнен
келіп түскен сорт жіктегіштердің ӛсімдіктің вегетация кезеңдерінде сары тат аруына
тӛзімділігі зерттелінді. Зерттелінген сорт дифференциаторлар арасынан
Paha (Yr Pa1, Yr