Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет40/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 87
 
ӘОЖ 517.51  
БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ - АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ 
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 
Ж.Б.Ашимова - магистр, оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  Бұл  жұмыста  білім  берудің  басты  факторы  –  ақпараттық  және 
коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану қарастырылады. 
Түйін  сӛз:  білім  беруді  ақпараттандыру,  коммуникациялық  құралдар,  ақпараттық 
технологиялар. 
Ақпараттандыру  дамыған  елдердің  әлеуметтік-экономикалық  прогрестің  бастаушы 
тенденциясы  ретінде,  адамзаттың  барлық  іс-әрекеттерінің  объективті  процесі  болып 
табылады, соның ішінде білім жүйесінде де [1].  
«Ақпараттық  қоғам»  түсінігі  ӛткен  жүзжылдықтың  80-ші  жылдары  пайда  болып, 
микроэлектронды  революция  әсерінен  пайда  болған  әлеуметтік  ӛзгерістерді  сипаттайды. 
Еңбек  ең  басты  жүйелейтін  фактор  ретінде  болған  «Қоғамның  синонимдері» 
(Р.Дарендорф) ақпараттық қоғам «супериндустриалдық қоғамның»  орнына (О. Тоффлер), 
ал  «постиндустриалдық  қоғам»  (Д.Белл),  еңбек  басты  «посткапиталистік  еңбек» 
түсініктерінің орнына келді. Қоғамдық ақпараттандыру – телекоммуникациялық құралдар 
мен  қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  кӛмегімен  жүзеге  асырылатын  әртүрлі 
ақпаратты  қолдану,  сақтау,  алмастыру,  жинау  қызметті  ерекшелігі  бар  ғаламдық 
әлеуметтік процесс болып табылады. Ол әртүрлі бағыттарда, соның ішінде компьютерлік 
сауатсыздықты  жою,  ақпараттандыру  мәдениетін  құруда  ӛте  кӛп  күшті  қажет  етеді. 
Кӛптеген ғалымдардың пікірінше, қоғамды ақпараттандыру мыналарды қамтамасыз етеді: 
а)  ғылыми,  ӛндірістік  және  т.б.  салалардың  мүшелеріне  реттелген  қоғамның 
әрдайым кӛбейіп отыратын интеллектуалдық потенциалын қолдану; 
б)  еңбек  қызметін  ӛрістету,  ӛндірістің  барлық  саласын  ұйымдастырып,  дамытушы, 
ақпараттық, ғылыми және ӛнеркәсіптік технологиялар интеграциясы;  
в)  ақпараттық  қызмет  етудің  жоғарғы  дәрежесі,  кез-келген  қоғам  мүшесінің 
ақпараттық  ресурстарға  қол  жете  алуы,  ұсынылған  ақпараттың  визуальдылығы, 
қолданылатын ақпараттың болуы [2,3,4,5]. 
Қазіргі  қоғамның  ақпараттандыру  процесінің  негізгі  бағыттарының  бірі  керекті 
шарттар  мен  жалпы  Қазақстандағы  маңызды  ақпараттандыру  кезеңіндегі  білімнің 
ақпараттануы  болып  табылады.  Білімді  ақпараттандыруды  анықтайтын  әртүрлі  амалдар 
бар.  Мысалы,  Ресейлік  педагогикалық  энциклопедияда  білімді  ақпараттандыру  кең 
мағынада-ақпараттық  ӛнімнің  технологияларымен  қамтылған  білім  жүйесімен 
байланысты әлеуметтік-педагогикалық ағарту кешені [6].  
А.А.Андреев  және  В.И.Солдаткин  білімді  ақпараттандыруды  жинау,  ӛңдеу,  сақтау, 
тарату және ақпаратты қолдану мақсатында интеграцияланған процестермен бағдарлама-
техникалық қажеттіліктерінің әдістер жүйесі деп түсінеді [7].  
Л.И.Холина  және  Э.Г.Скибицкийдің  пікірінше,  білімді  ақпараттандыру  –  бұл  білім 
жүйесінің  интенсивті  функциялану  мақсатында  қазіргі  ақпараттық  технологиялар  мен 
телекоммуникациялардың  қажеттіліктер  арқылы  ақпаратты  беру  және  білім  жүйесіндегі 
мүшелердің  ақпаратты  жедел  алмастыру,  жедел  жинауды  қамтамасыз  етуге,  ӛңдеуге, 
жүйелеуге, жинауға, сақтауға бағытталған бір-бірімен тығыз байланысты күрделі жүйелер 
кешені [8]. 
Білімді  ақпараттандырудың  басқа  да  анықтамалары  бар.  Бұл  процестің  жан-
жақтылығын ғалымдардың әртүрлі зерттеулерінен кӛруге болады. Олардың ұқсастылығы 
немесе  жалпылығы  мынада:  қоғамды  ақпараттандыру  ӛндіріске,  ізденуге,  алмастыруға, 
сақтауға, ӛңдеуге, тираждауға бағытталған. 
Ғалымдардың  пікірінше  қазіргі  ақпараттандырудың  негізін  үш  техникалық 
жетістіктер құрайды. 


88  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
1)  машина  оқушы  құралдарда  ақпараттың  жаңа  ортасының  пайда  болуы  (магниттік 
ленталар, магниттік дискілер, оптикалық компакт-дискілер және т.б.).  
2)  уақыт  пен  арақашықтыққа  қарамастан  әлемнің  кез  келген  жеріне  ақпаратты 
жеткізу,  тұрғындардың  ауқымды  байланыс  жүйелермен  қамтамасыз  етілуі  (радио, 
теледидар,  спутниктік  байланыстар,  факстар,  модемдер,  телефондық  байланыстар, 
ғаламтор және т.б.). 
3)  берілген 
алгоритмдер  бойынша  компьютерлік  технологиялар  кӛмегімен 
ақпаратты  автоматизациялық  ӛңдеу  мүмкіндігі  (талдау,  классификациялау,  керекті 
пішімге келтіру және т.б.)  
Қоғамды  ақпараттандырудың  мақсаты  мәдениетті  оқыту,  ғылыми  ақпаратқа  еркін 
қол  жеткізу  үшін  педагогикалық  үрдістегі  қатысушының  интеллектуалдық    қызметін 
интенсификациялау болып табылады. Ол келесі бағыттарда жүзеге асуы мүмкін [9]:  
- оқушы тұлғаның дамуы, ақпараттық қоғам шеңберінде ӛзіндік қызметті даярлау; 
- компьютермен  қарым-қатынастың  ерекшеліктерінің  арқасында  конструктивті, 
алгоритмдік ойды қалыптастыру; 
- репродуктивті қызметтің азаюына байланысты шығармашылық ойлаудың дамуы; 
- бірігіп 
жасаған 
жобалардың 
негізінде 
коммуникативтік 
мүмкіндіктерін 
қалыптастыру; 
- қиын жағдайларда қолайлы шешімдер қабылдауды үйрету; (компьютерлік ойындар 
мен тренажер бағдарларымен жұмыс істеу барысында); 
- ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  (мәліметсіз,  жүйелік  және  локальдік, 
мәтіндік,  графикалық,  кестелік  редакторлардағы  ақпараттарды  қолданған  кезде  жаңарту, 
түзетуді жүзеге асыруды үйрету); 
- қазіргі 
қоғамды  ақпараттандыру  үшін  әлеуметтік  ұсыныстарды  ӛткізуді 
қалыптастыру; 
- ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялар  саласындағы  мамандардың 
біліктілігін жоғарылату (дайындық, қайта дайындық); 
- дәстүрлік  және  қашықтық  оқу  бойынша  педагогикалық  және  ақпараттық 
технологиялармен оқушының ӛзіндік жұмысын даярлау; 
- ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялар  мүмкіндіктері  арқасында  оқу 
процесінің сапасы мен тиімділіктерін жоғарылату; 
- оқушылардың оқу-таным қызметінің дамуын қолдану; 
- әртүрлі пән аумағындағы есептерді шешкенде қазіргі ақпаратты ӛңдеу құралдардың 
арқасында  пән  аралық  тереңдету  (компьютерлік  модельдеу,  локальдік  және  мәліметсіз 
желі). 
Ақпараттық  және коммуникациялық  технологиялар білім жүйесінде педагогикалық 
процеске  жаңаша  қараудан  бӛлек,  ғылыми-методологиялық  ақпарат,  оның  талдауы  және 
жаңаруы үшін қажет ғылыми-әдістемелік аппаратын береді, ал оқуды компьютерлендіру 
процесі  –  білім  берудің  басты  факторларының  бірі  болып  табылады.  Ақпараттық  және 
коммуникациялық  технологиялар  білімді  тарату  әдістеріне  ӛзгеріс  енгізіп  қана  қоймай, 
білімнің ӛзіне де ӛзгеріс енгізеді. Сондықтан да білім берудің маңызы мен педагогикалық 
процеске ӛзінің әсерін тигізеді (талдау, жоспарлау, болжам, бақылау, ұйым т.б.). 
Ривер  Фоле  Кэрол  Бэглидің  пікірінше,  ақпараттық  құралдар  кӛмегімен  мына 
түсініктер жүйесі қалыптасқан кезде ғана, ақпараттық құралдар білім жүйесінде маңызды, 
құнарлы болады: 
- білім беру процесінің болуы (оқу және оқыту); 
-  ақпараттық  ортада  оқытушы  мен  оқушының  арасындағы  интеллектуалдық  – 
эмоционалдық қатынас; 
- оқушы мен оқытушының жұмыс орындарының ақпараттық және коммуникациялық 
технологиялармен қамтамасыз етілуі [4]. 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау