Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет43/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 93
 
оқу тапсырмаларының сипаттамаларын орындау керек, оқу мақсаттарын анықтап оларды 
операцияландыру  керек  (яғни  оқуды  жақсы  бітірген  әркім  орындай  алтын  операциялар 
арқылы берілуі). 
Ол  үшін  оқыту  мақсаттарының  иерархиясын  дайындауды  жүргізу  керек.  Оқыту 
мақсаттарының  иерархиясын  дайындау  –  оқыту  мазмұнын  сараптаудың  алдында 
жүргізілетін жұмыстың негізгі бӛлігі. Ол мыналарды қамтиды: 
 - сабақтың мақсаттарын анықтау; 
 - қалыптастырылатын білімді кӛрсететін іс-әрекеттерді анықтау; 
 -сол іс-әрекеттерді орнындауға мүмкіндік беретін білімдерді анықтау; 
 - сол білімдерді болашақ оқушыға мәлім немесе беймәлім деп бӛлу. 
Кейбір  білім  мен  дағды  түрлі  тапсырмаларды  шешу  үшін  қажет  болуы  мүмкін. 
Мұндай  білім  мен  дағдының  материалдар  мазмұнын  анықтаудағы  бӛлу  және  пайдалану 
кезіндегі мәні ерекше. Оқу материалдарының  түрлі бӛлімдерінде  меңгерілетін әрекеттер 
жиынтығын орналастыру, оқыту кезінде қайталаулар санын азайтуға мүмкіндік береді. 
Студенттердің  әрбір  әрекеті  нәтижелі  орындауы  үшін  қажетті  жоғарыда  айтылған 
білім  мен  дағдыны,  бұл  оларға  бұрыннан  белгілі  және  мынаны  оларға  оқыту  керек  деп 
екіге бӛлеміз. 
Ол үшін білім мен дағдыны шамамен былайша бӛліп кӛрсету керек болып табылады: 
- барлық студенттер үшін жаңа; 
- барлық студенттерге  бұрыннан мәлім; 
- кӛптеген студенттерге мәлім; 
- тек кейбіреулеріне ғана мәлім білімдер. 
Барлық  студенттерге  мәлім  білімдер  мен  дағдыларды  әдетте    жасалатын  тізімге 
қоспайды.  Дегенмен,  білім  мен  дағды  тізімін  жасау  сатысында  онда  күдік  туғызатын 
жағдайлар  туралы  ескеруді  және  мұқият  қарастырғанан  кейін  ғана  барып  ақтық  шешім 
қабылдауды  ұсынады.  Кӛптеген  студенттерге  не  тек  кейбірулеріне  ғана  мәлім 
білімдерді  жасалатын  материалға  қосу  керек.  Электрондық  оқыту  құралдарының 
психологиялық-педагогикалық стратегиясының қалыптасуына қарай оларда студенттердің 
ӛз еркімен оқытылуын қарастыруға болады. 
Оқыту  мақсаттарының  иерархиясын  дайындау  -  информатикадан  жасалатын 
электрондық оқыту құралдарының жеке бӛлімдерінің мақсаттары мен мазмұнын анықтау 
процедурасы.  Алайда,  мұнда  кейбір  қиыншылықтар  туындауы  мүмкін,  оның  себебі 
иерархияны  дайындауда  әр  оқытушы  әртүрлі  нәтижелер  алуы  мүмкін.  Бұны  осы 
нәтижелерді  тексеру  мен  салыстыру  үшін  пайдалануға  болады.  Егер  мамандардың 
арасында бұл мәселеге қатысты даулар туындаса, онда бұл дауды педагогикалық тәжірибе 
шеше  алады.  Жоғарыда  айтылған  оқыту  мақсаттары  иерархиясының  құрамы  жайлы 
материал  жасалатын  арнайы  курстың  оқыту  мазмұнында  кӛрініс  табуы  керек. 
Информатикадан білім ресурстарына, оның сапасына, ақпараттық архитектурасы мен қоса 
оның бірізділігіне де талаптар қойылады.  
Информатикадан  электрондық  оқыту  құралдарын  оларды  жасаушылармен 
қабылданған келісімдер негізінде жасау қажет: 
- ақпараттарды құрылымдау критерийлері мен терминологиясының бірлігі; 
- визуалды дизайнның жалпы элементтері; 
-  біркелкі қызмет кӛрсетулерді жинақтау міндеттілігі; 
- ресурсаралық ақпарат алмасу принциптері мен форматы жайлы; 
- жалпы ақпараттық ресурстарды қолдану принциптері мен форматы жайлы; 
- ақпаратқа қатысты навигация жүйесінің бір нұсқалылығы; 
- ішкі ақпарат кӛздерін қолдану принциптері; 
- іздеу жүйелері жұмыстарының тиімділігі үшін ақпаратты беру әдістері; 
- метаақпараттардың айрықша экспорты және импортын жүргізу тәртібі. 
Метасипаттау  түрінде  рәсімделетін  ақпараттық  білім  басылымы  немесе  ресурс 
жайлы  біріздендірілген  мәліметтер  жүйесінде  құрамында  тӛмендегідей  критерийлері  бар 


94  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
бӛлімдер бекітілуі мүмкін: 
- ЭОҚ атауы; 
- ЭОҚ түрі; 
- білім деңгейі; 
-  оқу үдерісінің түрлері мен формалары; 
- оқытылатын аудиторияның ерекшелігі; 
- пәндік және білім салалары; 
- ЭОҚ авторларының аты жӛндері: 
- ЭОҚ жасау мен соңғы жаңарту уақыты. 
Сонымен анықталған мақсаттарға сәйкес электрондық оқыту құралдарын жасау мен 
пайдалануды  оқыту  арнайы  курс  түрінде  немесе  факультативтік  курс  түрінде  міндетті 
түрде  оқытылуы  керек.  Курсты  оқыту  нұсқасын  таңдау  ЖОО-да  оқу  үдерісін  ӛткізуге 
байланысты  (ЭОҚ  жасау  технологиясын  оқытуға  бӛлінетін  уақыт,  бағдарламалық  және 
ақпараттық қамтамасыз етілуі, мұғалімдердің дайындығы т.б.). 
Оқытудың кез келген әдістемелік жүйесі: мақсаттардан, әдістерден, оқыту құралдары 
мен  формаларынан,  сондай-ақ,  оқыту  мазмұнынан  тұрады.  ЭОҚ  жасауды  информатика 
мұғалімдеріне  үйретудің  әдістемелік  жүйесін  жаңғыртуды  жүзеге  асыру  үшін  оқытудың 
әдістерін, формаларын және оқытудың тиісті құралдарын инновациялық тұрғыдан таңдау 
қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. 
Т.С.Назарова,  Е.С.Полат  Средства  обучения:  технология  создания  и 
использования. - М.: Изд-во УРАО. - 1998. - 204 с. 
2. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования. - М.: Аспект-Пресс. 
- 1995. - 271 с. 
3. В.П.Беспалько Теория учебника. Дидактический аспект. - М.: Педагогика. -1988.-
С. 27. 
4.  Теоретические  основы  содержания  общего  среднего  образования  /  Под  ред.  В.В. 
Краевского, И.Я. Лернера. - М.: Педагогика. - 1983. - С. 311. 
5. И.Ф.Харламов. Педагогика. - 3-е изд. - М.: Юристъ. - 1997. - С. 127-128. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  определено  необходимость  обучения  будущих  учителей 
информатики  к  технологии  разработке  и  использование  образовательных  средств 
обучения,  а  так  же  рассмотрены  проблемы  при  определении  целей  и  содержания 
обучения.  
 
SUMMARY 
 
The article deals  with  the necessity  of  training  future  teachers of computer  technology  to 
the  development  and  use  of  educational  recources,  and  the  problems  in  determining  the 
objectives and content of education.  
 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау