Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
63
Республика мектептерінің алдына оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға
барлық мүмкіндіктер жасау мақсаты алға қойылып отыр. Мектеп - қоғамның талаптарына
байланысты ӛзгеретін және қоғамның барлық мүшелеріне қызмет жасайтын ерекше
әлеуметтік құрылым. Мектептің айналысатын мәселесі жӛнінде әр дәуірдің адамдарының
кӛзқарасы мен түсінігі түрліше сипатта болды. Әлеуметтік прогресс неғұрлым
жоғарылаған сайын осы прогресті қамтамасыз етудегі мектептің орны мен міндеті
солғұрлым күштірек болмақ [3].
Қазір Республикамыздың мектептері ӛтпелі кезеңде тұр, ол дүние жүзінің алдыңғы
қатарлы мектептерінің озық тәжірибесінен үйреніп оқытуды ұйымдастыру түрі жӛнінен
де, білім беру сапасы жӛнінен де жаңа жоғары кезеңге кӛтеріліп келеді, ол ескі әдіс-
тәсілдермен бұдан былай оқыта алмайды.
Оқушылардың оқу саласындағы шығармашылық қызметі жӛнінде (ТМД кӛлемінде)
А.Е.Әбілқасымованың, М.Ахметовтың, Г.Д.Балктың, И.И.Дырченконың, К.Қадыровтың,
В.Н.Сергеевтың,
Г.А.Тонянның,
М.И.Махмутовтың,
А.М.Матюшкинның,
П.И.Пидкасистидың т.б. мазмұнды еңбектері бар. Сонымен бірге математиканы оқыту
әдістемесінде және әсіресе сыныптан тыс жұмыстарға байланысты оқушылардың
шығармашылық қызметі туралы түсініктің ӛзі осы күнге дейін әртүрлі сипатта
түсіндіріліп келеді [6].
Психология ғылымында математикалық қабілеттілік проблемалардың комплексі
ретінде қарастырылады. Осы заманғы психологиялық зерттеулерде математикалық
қабілетке қатысты 1) есептер шешуге байланысты ойлау тәсілдерінің ерекшеліктерін
анықтауға ұмтылу; 2) математикалық қабілеттің құрылымына талдау жасауға ұмтылу
сияқты екі бағыт бар.
Логикалық ойлау математиалық ой қорытудың негізін құрайды, осы тұрғыдан
алғанда есептер шешу процесі бұрыннан белгілі проблемаларға жаңа салдарлар жасау
болып табылады. Қарастырылған пәнге байланысты бұрын алған білімдерге сүйеніп
негізделген салдарлар жасай аламыз. Бірақ математикалық ой тұжырымы тек логикалық
жағынан тұрмайды. Математикалық қызметтің жемісті болуы үшін тек логикалық
қорытындылардың жетімсіз болатыны туралы ірі математиктер Декарт пен Галуа
кӛрсетті. Кез келген жаңа теореманы ашудың себебі ол алғашқы аксиомаларға
байланысты бола отырып дәлелденген, Олай болса осы аксиомалардан шығарып ойды
қорытуға болатын сияқты. Бұл тек дайын ғылымға қарап отырған сияқты болып шығады.
Ал, шынында да дәлелдеушілер салыстырады, мәселенің барлық жақтарын қарастырып,
шындыққа қол жеткізеді.
Зерттеулердің түрлі авторлары оқушылардың оқудағы шығармашылық қызметінің
дамуы мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі
жолдарын бӛліп кӛрсетеді:
1)
Шығармашылық іс-әрекеттің табиғаты жӛнінен дербес екенін білдіретін ӛз
бетіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы;
2)
Шығармашылық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы;
3)
Іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу
арқылы;
4)
Оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы;
5)
Оқу іс-әрекетін ӛздігінше бақылауды дамыту арқылы;
Бір авторлар шығармашылық ізденімпаздықты оқып-үйренуші бӛгде адамның кӛмегінсіз
жүзеге асыратын кез келген әрекетпен салыстыратынын, екінші біреулері тек
шығармашылық әрекетпен ғана салыстыратынын да айта кетеміз [4].
Мысал келтірсек:
7=11 болатынын дәлелдейік
Ол үшін 35+14-49=55+22-77 теңдігін қарастырамыз. Бұл теңдіктің оң жағында және сол
жағында ортақ кӛбейткішті жақша сыртына шығарамыз, сонда: 7(5+2-7)=11(5+2-7).
64 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Екі жағын жақша ішіндегі ортақ кӛбейткішіне бӛлсек: 7=11 теңдігін аламыз,
дәлелдеу керегі осы болатын. (қатесі: 5+2-7 нӛлге тең, ал санды нӛлге бӛлуге болмайды)
[5].
Жоғарыдағы шолудан айқын кӛрініп отырғанындай, шығармашылықтың мазмұнын
бір аяда (әрекет, дайындық, бейімділік т.б.) ғана ашуға болмайтын күрделі ұғым болып
табылады. Тегінде, жеке тұлғаның бұл біріккен қасиеті талдау жасау негізінде жүйелі
түсіндіруді талап ететін кӛп қырлы қасиет болса керек.
Ғалым-математиктер мен педагогтар, әдіскерлердің оқушылардың математикалық
қабілеті мен шығармашылығы жӛнінде жазған еңбектері, олардың мәні құрылымына
жасалған талдаулар зерттеушілерді белгілі бір қорытындылар жасауға келтіреді. Олар
бӛліп қарастырған математикалық қабілет пен шығармашылық бір мезгілде күрделі білім
беру, қабілеттіліктен басқа компоненттер: қабылдаудың ерекшелігі, түсінік және т.б. шын
ойлау тәсілдеріне жақын, бұларды мектеп математикасын шығармашылықпен меңгерген
оқушының қалай қолданғанына байланысты.
Білімді меңгерудегі оқушылардың жеке ерекшеліктері оның ойлау тәсіліне
байланыстылығын психологтар ерекше атап ӛтеді. Оның үстіне оқушылардың белгілі оқу
материалын меңгеруіне қатысты берілген тәсілдер бойынша жеке тұлғаның әр түрлі ойлау
әдістерін игеруінің ерекше мәні бар.
Сонымен, оқушылардың қабілеттілігін дамыту мен оларды математикаға
қызықтырудағы қосымша мүмкіндіктер математикадан жүргізілетін сыныптан және
мектептен тыс сабақтарда туады.
Сыныптан тыс жұмысты біз барлық оқушылармен жүргіземіз. Онда бір немесе
бірнеше нақтылы форма қолданылуы мүмкін: математикалық үйірме, математикалық
кештер, математикалық сайыс, әр түрлі жарыстар, викториналар, конкурстар және т.с.с.
Қорыта келгенде, танымдық белсенділік, қызығушылық, ізденімпаздық және әртүрлі
формадағы математикалық қабілетті жан-жақты жетілдіру арқылы жоғары деңгейдегі
шығармашылық қабілетті дамытуға болатынын психологтар мен педагогтардың,
әдіскерлер мен математиктердің еңбектерінен байқаймыз. Оқушылардың оқу-танымдық
қызметінің, ӛз бетіндік шығармашылық әрекетінің, жеке адамның шығармашылық
қызметінің дамуы ең алдымен психологиялық ұғым екені талданады, математиканың
сыныптан тыс жұмыстарында қызығу, себеп-салдар, қабілеттілік, аналитикалық және
эвристикалық ойлау сияқты психологиялық ұғымдардың математиканың сыныптан тыс
жұмыстарында әр түрлі формада қолданылуы айқындалған.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А.Е.Әбілқасымова Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. -
Алматы: «Білім», 1994, - 192б.
2. М.Ахметов Математиканы оқытуда оқушылардың ғылыми-диалектикалық
ойлауын қалыптастыру: (студенттерге арналған құрал). - Алматы: Республикалық баспа
кабинеті, 1993.-215б.
3. М.И.Махмутов
Теория
и
практика
проблемного
обучения.-
Казань:Татариздат,1972.-240 с.
4. А.М.Матюшкин
Проблемная
ситуация
в
мышлении
и
обучении.-
М:Педагогика,1969.-с 9-10.
5. Қ.Қаңлыбаев, Ш.Бекбаулиева, М.Меңдіғалиева Математикадан сыныптан тыс
жұмыстар. Орта мектеп жоғары сынып оқушыларының сыныптан тыс оқуына арналған.-
Алматы: Рауан, 1992.-116 б.
6. Қ.Жарықбаев Психология.-Алматы: Білім, 1993.-372 б.
Достарыңызбен бөлісу: |