8
6) бос тұрып қалу – экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзгеде
өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша
тоқтап тұруы;
7) біліктілік санаты (разряды) – орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін,
қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
8) бітімгерлік комиссиясы – ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге келтіру
жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың өкілдері)
арасындағы келісім бойынша құрылатын орган;
9) бітімгерлік рәсімдері – ұжымдық еңбек дауын алғашында – бітімгерлік
комиссиясында, ал онда келісімге қол жетпеген кезде еңбек төрелік сотында өз
кезегімен қарау;
10) делдал – еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет
көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;
Схемалар, тапсырмалар, жағдайлар
Еңбек құқығының қағидаларының түрлері бойынша және қайнар көздерінің
түрлері кроссворд құру.
Блиц – тест
1.Төмендегілердің қайсысы еңбек заңдылығының қайнар көздері болып табылады?
а) халықаралық шарттар;
ә) Конституциялық Кеңес қаулылары;
б) Жоғарғы сот қаулылары;
в) Сенат және Мәжіліс қаулылары;
г)жергілікті әкімшілік актілері.
2.Төмендегілердің қайсысы еңбек заңдылығының қайнар көздеріне жатпайды?
а) Конституция;
ә) еңбек кодексі;
б) Конституциялық Кеңес қаулылары;
в) Ұжымдық шарт туралы заң;
г) еңбек дауларын келісім комиссиясында қарау тәртібі туралы нұсқаулық.
3.Төмендегі еңбек құқығының локальды қайнар көздерінің қайсысы жұмыс
берушінің актілеріне жатпайды?
а) бұйрық;
ә) нұсқаулық;
б) ішкі еңбек тәртібі;
в) ұжымдық шарт;
г) барлығы.
4.Адамның құқықтарымен бостандықтары ең жоғарғы құндылық болып
табылады.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қандай қағидасына жатады.
а)Жалпы құқықтық қағидасына.
в)Салааралық қағидасына.
с)Салалық қағидасына.
д)Сала ішілік қағидасына.
5.Саларалық қағидасы өзара екі құқық саласын қамтиды.
а)Еңбек құқығы,Отбасы құқығы.
в)Азаматтық құқық пен отбасы құқығын
с)Әкімшілік құқық,еңбек құқығы.
9
д)Қылмыстық құқық ,әкімшілік құқығын.
6.ҚР-ның Үкіметті өз құзыретті шегінде белгілейтін тәртіп бойынша республикалық
деңгейде және аумақтарда...........анықталады.
а)Тоқсан сайын.
в)Жыл сайын.
с)Ай сайын
д)Алты ай сайын.
7.Әлеуметтік қамсыздандырудың қаржы деңгейін атаңыз
а)Бюджет қаржысы және мемлекеттік емес жинақтаушы қорлар қаржысы.
в)Тек бюджет қаржысымен қаржыландырылады.
с)Республикалық және жергілікті қаржы қорымен.
д)Жинақтаушы қорлар қаржысымен.
8.Аумақтық -қандайда бір әлеуметтік қамсыздандыру құқық беретін қызметінің
(қандай табиғи жағдайларда) жүргізілгеніне б жалданбалы қызметкерлердің еңбегін
пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды,еңбек нарығын реттейтін
нормативтік құқықтық актілер.
айланысты.
а)Семей полигонынан зардап шекендерге.
в)Мүгедектерге.
с)Жұмысыздарға.
д)барлығы дұрыс.
9.Еңбек құқықтық реттеудің негізгі қағидалары-бұл
а)Жалпы құқықтық қағидасына.
в)Салааралық қағидасына.
с)Салалық қағидасына.
д) қолданыстағы еңбек заңнамасының мәнін қысқаша көрсететін басты ережелер.
10.Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл
а)жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі
қатынастарды,еңбек нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілер.
в)Салааралық қағидасына.
с)Салалық қағидасына.
д) қолданыстағы еңбек заңнамасының мәнін қысқаша көрсететін басты ережелер.
Пайдаланылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. ҚР Еңбек кодексі. 2007
2. Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.
3. АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005.
4. Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана:
Атамұра. 2004
Қосымша әдебиеттер:
5. Абузярова Н.А. Трудовое право РК. –Актобе, 1997.
6. Гусов. К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. – М.: Юрист,
1997.
7. Уваров В.Н. Трудовое право РК. – Алматы: Изд. КАЗГЮА. 2000.
10
№3 Сабақ. Еңбек құқығының субъектілері
Сабақтың мақсаты: тараптардың жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде
белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен
қызметкер арасындағы қатынастар жайында кеңірек ақпарат беру.
Сұқбат сабақтың жоспары
1. Еңбек құқықтық қатынастардың субъектілері, олардың жіктелуі және
құқықтық мәртебесі.
2. Жұмыс берушінің еңбектік құқық субъектілігі.
3. Қызметкерлердің еңбектік құқық субъектілігі.
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбек қатынастарының тараптарын атаңыз.
2. Еңбек қатынастарының өзге құқық қатынастарынан ерекшелігі неде?
3. Еңбек құқығымен реттелетін қатынастар жүйесіне талдау жасаңыз, олардың
айырмашылығы, ұқсастығы, байланысы неде деп ойлайсыз?
Глоссарий
1.Еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті
азаматтар(қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс беруші, яғни кез келген меншік
нысанындағы жеке және заңды тұлғалар), еңбек ұжымдары, кәсіптік одақтар және
мемлекеттік органдар қатысады.
2.Еңбекке құқық қабілеттік-бұл еңбек заңнамасында танылған еңбек құқықтары мен
міндеттерін иелену қабілеті ,яғни, еңбек құқығы қатынастарының қатысушысы
болудың теориялық мүмкіндігі немесе қабілеті.
3.Еңбекке әрекет қабілеттік-бұл нақты құқықтық қатынастардың мазмұнын
құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді өз әрекеттері арқылы иелену
қабілеті.
4.Жұмыс беруші-ұйымдардың еңбек құқықсубъектілігінің екі өлшеммен анықтауға
болады; жедел және мүліктік.
5.Жедел өлшем мамандарды таңдауды, орналастыруды және ұйымдастыруды жүзеге
асыруды, еңбекті қорғауды және қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін орындауы
үшін қауісіз және қажетті еңбек жағдайларын жасауды білдіреді.
6.Мүліктік талап еңбектің ақылы сипатымен байланысты және жұмыс берушінің
жалданбалы еңбекті төлеу қабілетін білдіреді.
7.Еңбек ұжымы - еңбек шарттарының негізінде белгілі бір ұйымның шегінде
бірлескен еңбек қызметін жүзеге асыру барысындағы адамдардың бір жұмыс
берішімен ерікті түрде бірігуі
8.еңбек – адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға
қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтардыжасауға бағытталған
адам қызметі;
9.еңбекке ақы төлеу – осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзгеде
нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық
шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкесқызметкерге еңбегі үшін берілетін
сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты
қатынастар жүйесі;
10.еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты (ЕАТС) – ауыр жұмыстарда, еңбек
жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкердің
айлық жалақысының сақталуына кепілдік берілген «ең төменгі мөлшері, бұған
Достарыңызбен бөлісу: |