Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V Заңымен.
Шектеу
|
Шектеуді қолдану үшін негіз (Шартқа № 16 қосымшаның тармақтары)
|
Шектеуді қолдану үшін негіз (нормативтік құқықтық акт)
|
I. Беларусь Республикасы
|
1. Субсидияларға және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларына қолжетімділік шарттары мен тәртібі, осындай қолжетімділікті шектеуді қоса, Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленеді және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) XXIV және XXV бөлімдерінің ережелеріне нұқсан келтірместен, толық көлемде қолданылады
|
23 және 26-тармақтар
|
Беларусь Республикасының Бюджет кодексі,
Беларусь Республикасының Салық кодексі
Беларусь Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдары,
Беларусь Республикасы Президентінің «Заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің тәртібін құқықтық реттеуді жетілдіру туралы» 2006 жылғы 28 наурыздағы № 182 Жарлығы,
Беларусь Республикасының, республикалық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері
|
2. Жер учаскелері шетелдік заңды тұлғаларда және дара кәсіпкерлерде жалдау құқығында ғана болуы мүмкін
|
23 және 26-тармақтар
|
Беларусь Республикасы Президентінің «Жер учаскелерін алып қою және ұсыну туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 667 Жарлығы,
Беларусь Республикасының Жер туралы кодексі
|
3. Концессионерді таңдау рәсімі және концессиялық келісімнің қолданыстағы шарттарының тізбесі Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Концессиялық шарт негізінде концессия объектісін иелену және пайдалану қызметі немесе құқығы, оның ішінде оның шарттарын айқындау
|
15 - 17, 23, 26, 31 және 33-тармақтар
|
«Концессиялар туралы» 2013 жылғы 12 шілдедегі № 63-З Беларусь Республикасының Заңы, Беларусь Республикасы Президентінің «Беларусь Республикасында инвестициялық қызмет үшін қосымша жағдайлар жасау туралы» 2009 жылғы 6 тамыздағы № 10 Декреті, «Инвестициялар туралы» 2013 жылғы 12 шілдедегі Беларусь Республикасының № 53-З Заңы
|
4. Нақты аумақта немесе акваторияда жануарлар әлемін пайдалануға ұсынуда басымдық Беларусь Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарына беріледі
|
23 және 26-тармақтар
|
«Жануарлар әлемі туралы» 2007 жылғы 10 шілдедегі Беларусь Республикасының № 257-З Заңы
|
5. Жерге орналастыруды (жерді түгендеу, жерлерді пайдалануды жоспарлау, жерге орналастыру объектілерінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) және бекіту, жерді пайдалану мен қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған басқа жерге орналастыру іс-шараларын жүргізу жөніндегі іс-шаралар) мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органына бағынысты (жүйеге кіретін) мемлекеттік ұйымдар ғана жүзеге асырады
|
16, 17, 23, 26 және 31-тармақтар
|
«Мемлекеттің ғана меншігіндегі объектілер және жүзеге асырылуына мемлекеттің айрықша құқығы қолданылатын қызметтің түрлері туралы» Беларусь Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 169-З Заңы,
Беларусь Республикасы Президентінің «Жер учаскелерін алып қою және ұсыну туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 667 Жарлығы
|
6. Жылжымайтын мүлікті, оған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді техникалық түгендеуді және мемлекеттік тіркеуді мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органына бағынысты (жүйеге кіретін) мемлекеттік ұйымдар ғана жүзеге асырады
|
16, 17, 23, 26 және 31-тармақтар
|
«Мемлекеттің ғана меншігіндегі объектілер және жүзеге асырылуына мемлекеттің айрықша құқығы қолданылатын қызметтің түрлері туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Беларусь Республикасының № 169-З Заңы, «Жылжымайтын мүлікті, оған құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2002 жылғы 22 шілдедегі Беларусь Республикасының № 133-З Заңы
|
7. Олармен мәмілелер және (немесе) өзге де заңдық тұрғыдан алғанда маңызды әрекеттерді жасау үшін мемлекеттік мүлікті бағалауды мемлекеттік ұйымдар, жарғылық қорында мемлекеттік меншіктің үлесі 50%-дан артықты құрайтын, бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органына бағынысты (жүйеге кіретін) мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады
|
16, 17, 23, 26 және 31-тармақтар
|
«Бағалау қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 615 Жарлығы
|
8. Нәтижелері жалпы мемлекеттік, салааралық мәндерге ие геодезиялық және картографиялық жұмыстарды мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органына бағынысты (жүйеге кіретін) мемлекеттік ұйымдар ғана жүзеге асырады
|
16, 17, 23, 26 және 31-тармақтар
|
«Мемлекеттің ғана меншігіндегі объектілер және жүзеге асырылуына мемлекеттің айрықша құқығы қолданылатын қызметтің түрлері туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Беларусь Республикасының № 169-З Заңы
|
II. Қазақстан Республикасы
|
1. Субсидияларға және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларына қолжетімділік шарттары мен тәртібі, осындай қолжетімділікті шектеуді қоса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және билік органдары белгілейді және Шарттың XXIV және XXV бөлімдерінің ережелеріне залал келтірместен, толық көлемде қолданылады
|
23 және 26-тармақтар
|
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі,
Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдары, Қазақстан Республикасының, республикалық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері
|
2. Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жер учаскелері шетелдік тұлғалардың жеке меншігінде болуы мүмкін емес. Шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін және орман өсіруді жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы шетелдік тұлғаларға 10 жыл мерзімге беріледі
|
23 және 26-тармақтар
|
Қазақстан Республикасының Жер кодексі
|
3. Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, және шетелдік заңды тұлғаларға жеке меншікке беруге жол берілмейді.
|
23 және 26-тармақтар
|
Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Қазақстан Республикасында көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының № 156-ХIIІ Заңы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Қазақстан Республикасының Заңы
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының күзетілетін аймағына тікелей іргелесіп жатқан (үш шақырымдық аймақ) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері, егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, оларды делимитацияланғанға және демаркацияланғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана уақытша жер пайдалану құқығымен беріледі
|
|
4. Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі болмайды
|
23 және 26-тармақтар
|
Қазақстан Республикасының Жер кодексі
|
5. Шарт күшіне енген күнге дейін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-ІV Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасасылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қатысты осындай келісімшарттардың талаптары қолданылады1
|
16, 17, 23, 26, 31, 33 және 35-тармақтар
|
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-ІV Қазақстан Республикасының Заңы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы
|
6. Шарт күшіне енгеннен кейін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасасылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қатысты2:
|
16, 17, 23, 26, 31, 33 және 35-тармақтар
|
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-ІV Қазақстан Республикасының Заңы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы
|
6.1. Қазақстан Республикасы инвестициялық келісімшартқа сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларынан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды инвесторлардан талап ету құқығын сақтайды:
|
|
|
6.1.1. қатты пайдалы қызбаларды барлауға және өндіруге қатысты - инвестициялық келісімшартты іске асыруға байланысты осындай инвестор сатып алатын барлық көрсетілетін қызметтердің 50% аспайды
|
|
|
6.1.2. көмірсутегін барлауға және өндіруге қатысты:
|
|
|
6.1.2.1. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін - инвестициялық келісімшартты іске асыруға байланысты осындай инвестор сатып алатын
|
|
|
6.1.2.2. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылған күнге дейін - инвестициялық келісімшартты іске асыруға байланысты осындай инвестор сатып алатын барлық көрсетілетін қызметтердің 60% аспайды
|
|
|
6.1.2.3. Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға қосылған күннен бастап - инвестициялық келісімшартты іске асыруға байланысты осындай инвестор сатып алатын барлық көрсетілетін қызметтердің 50% аспайды
|
|
|
6.2. инвестор қосалқы мердігерді тартуға арналған конкурсты өткізген кезде Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға қосылғаннан кейін 6 жыл ішінде инвестор, егер Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы конкурстық құжаттамада белгіленген стандарттар мен сапалық сипаттамаларға сәйкес келген жағдайда, осы қосалқы мердігердің білікті қызметкерлерінің тым болмағанда 75%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ұсынған конкурстық өтінімнің бағасын 20%-ға шартты түрде азайтады
|
|
|
6.3. инвестор қосалқы мердігерді тартуға арналған конкурсты өткізген кезде Қазақстан Республикасы ДСҰ-ғa қосылғаннан кейін 6 жыл өткеннен кейін инвестор, егер Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы конкурстық құжаттамада белгіленген стандарттар мен сапалық сипаттамаларға сәйкес келген жағдайда,
осы қосалқы мердігердің білікті қызметкерлерінің тым болмағанда 50%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ұсынған конкурстық өтінімнің бағасын 20 %-ға шартты түрде азайтады
|
|
|
6.4. жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізу шарттарын белгілеу кезінде Қазақстан Республикасы мыналарды ескере отырып, кадрлардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі 50%-дан аспайтын қазақстандық қамтымды белгілемейді:
|
|
|
6.4.1. жер пайдалану құқығы берілген инвестор (бұдан әрі - инвестор) тартатын кадрлардағы қазақстандық қамтым Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, көрсетілетін қызметтер нарығына қолжетімділік бойынша ДСҰ шеңберінде Қазақстан Республикасының ерекше міндеттемелерінің тізбесінде корпорация ішінде ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын адамдардың (бұдан әрі - білікті жұмыскерлердің) келуі және уақытша болуы мақсатында айқындалған осы терминдердің мәніне сәйкес басшылар, менеджерлер мен мамандар санының негізінде тең үлестердегі пропорция ретінде есептелетін болады
|
|
|
6.4.2. инвесторға көрсетілетін кез келген қызметтердегі қазақстандық қамтым Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына төленген, барлық келісімшарт бойынша қызметтер көрсетілгені үшін жалпы жылдық төлем (шығын) сомасының үлесі ретінде айқындалады.3 Алайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы төлеген сома Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылмайтын ұйымдарға кез келген деңгейде қосалқы мердігер шарты негізінде төленген кез келген сомаға азайтылуға тиіс
|
|
|
6.4.3. Жер пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын айқындау кезінде Қазақстан Республикасы кадрлардағы және көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамтымның 50%-дан астам деңгейін әлеуетті инвестор ұсына алатын фактіні ескермеуі тиіс
|
|
|
6.5. Қазақстан Республикасы инвестициялық келісімшартқа сәйкес Шартқа № 28 қосымшаға II бөлімнің 5-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен тауарларды сатып алуды инвесторлардан талап ету құқығын сақтайды
|
|
|
7. «Ұлттық әл-ауқат коры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы және «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 Қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) 50 пайызын және одан артық пайызын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тікелей немесе жанам иеленетін ұйымдардың, сондай-ақ тікелей немесе жанама мемлекетке тиесілі (олардағы мемлекеттің үлесі 50 пайыз және одан артық) компаниялардың сатып алуларға қатысты, жергілікті қамтымға қатысты алып қою Шартқа № 28 қосымшаға II бөлімнің 6-бөлімінде көзделген жағдайларда және тәртіппен сақталады және қолданылады4
|
16, 17, 23, 26, 31, 33 және 35-тармақтар
|
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Қазақстан Республикасының Заңы, «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысы
|
8. Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстарын пайдалану және (немесе) стратегиялық объектілерін пайдалану, иемдену жөніндегі мәмілелерді жасау бір елден шыққан бір тұлғада немесе тұлғалар тобында операциялар жүргізуге құқықтардың шоғырлануына әкеп соғатын болса, мемлекеттік орган өтінім берушіге бұған рұқсат беруден бас тартуға құқылы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстарына (объектілеріне) меншік құқығының ауысуына және туындауына шектеу қояды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімін (актісін) іске асыру мақсатында акцияларының бақылау пакеті тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі эмитент акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында орналастырылған кезде акцияларды шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға сату құқығы жоқ
|
15, 16, 23, 26, 31 және 33-тармақтар
|
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Қазақстан Республикасының Заңы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 Қазақстан Республикасының Заңы
|
9. Концессионерді таңдау рәсімі және концессиялық келісімнің қолданыстағы шарттарының тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Айрықша концессионерді тағайындау құқығы сақталады. Концеденттің жеке құқықтары мен міндеттемелерін уәкілетті концедент жүзеге асыруы мүмкін
|
15 - 17, 23, 26, 31 және 33-тармақтар
|
«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167-3 Қазақстан Республикасының Заңы
|
10. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы шегіндегі қызметке қатысты шектеу енгізілуі мүмкін
|
15 - 17, 23, 26, 31 және 33-тармақтар
|
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Қазақстан Республикасының Заңы
|
11. Нақты аумақта немесе акваторияда жануарлар дүниесін пайдалануға беруге басымдық Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарына беріледі
|
23 және 26-тармақтар
|
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
|
III. Ресей Федерациясы
|
1. Субсидияларға және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларына қолжетімділік шарттары мен тәртібін, осындай қолжетімділікті шектеуді қоса, мемлекеттік биліктің федералдық, өңірлік және муниципалдық органдары белгілейді және Шарттың XV бөлімінің шарттарына қарамастан толық көлемде қолданылады
|
23 және 26-тармақтар
|
Ресей Федерациясының Бюджет кодексі, тиісті жылға арналған федералдық бюджет туралы федералдық заң, Ресей Федерациясының, Ресей Федерациясы мен муниципалдық құрылымдар субъектілерінің нормативтік құқықтық актілері
|
2. Ауыл шаруашылығы жерлеріне және шекара маңы аумақтарындағы жерлерге шетелдік меншікке тыйым салынады және жердің басқа түрлері үшін де шектелуі мүмкін. Жер учаскелерін 49 жылға дейінгі кезеңге жалдауға рұқсат етіледі
|
23 және 26-тармақтар
|
Ресей Федерациясының Жер кодексі, «Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің айналымы туралы» 2002 жылғы 24 шілдедегі № 101-ФЗ Федералдық заң
|
3. Жарғылық (жинақтамалы) капиталында шетелдік тұлғалардың үлесі (не олардың жиынтық үлесі) 50%-дан артықты құрайтын ресейлік заңды тұлғалар ауылшаруашылық мақсаттағы жер учаскелеріне тек жалдау құқығына ғана ие бола алады. Мұндай жалдау мерзімі 49 жылдан аспайды
|
23 және 26-тармақтар
|
Ресей Федерациясының Жер кодексі, «Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің айналымы туралы» 2002 жылғы 24 шілдедегі № 101-ФЗ Федералдық заң
|
4. Байырғы саны аз халық пен шағын этникалық топтар дәстүрлі тұратын және экономикалық қызметті жүзеге асыратын жерлермен, сондай-ақ шекара маңы аумақтарындағы және Ресей Федерациясының өзге де ерекше белгіленген аумақтарындағы жер учаскелермен жасалатын операциялар Ресей Федерациясының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін
|
23 және 26-тармақтар
|
Ресей Федерациясының Жер кодексі, «Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің айналымы туралы» 2002 жылғы 24 шілдедегі № 101-ФЗ Федералдық заң
|
5. Шартқа № 16 қосымшаның 6-тармағы 22-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген қызметтерді жеткізу тәсілдері арқылы көрсетілетін қызметтердің саудасына қатысты Ресей Федерациясының заңды тұлғаларының өнімді бөлу туралы келісімді іске асыруға мердігерлер, өнім берушілер, тасымалдаушылар ретінде немесе инвесторлармен келісімдер (келісімшарттар) бойынша басқалары ретінде қатысуға артықшылықты құқығы болады
|
23-тармақ
|
«Өнім бөлу жөніндегі келісімдер туралы» 1995 жылғы 30 желтоқсандағы № 225-ФЗ Федералдық заң
|
6. Ресей Федерациясының жабық әкімшілік-аумақтық құрылым аумағында кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларының заңды тұлғаларды құруы, филиалдар мен өкілдіктерді құруы, дара кәсіпкер ретінде тіркелуі, кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларының әкімшілік-аумақтық құрылым аумағында тіркелген заңды тұлғалардың капиталына қатысу үлесін сатып алуы, сондай-ақ жабық әкімшілік-аумақтық құрылым аумағында тіркелген заңды тұлғалардың (соның ішінде шетелдік капиталмен) филиалдар мен өкілдіктердің қызметі Ресей Федерациясының нормативтік-құқықтық актілерімен шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін
|
15 - 17, 23, 26, 31 және 33-тармақтар
|
«Жабық әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» 1992 жылғы 14 шілдедегі № 3297-1 Федералдық заң
|
7. Ресей Федерациясының континенттік қайраңы шегіндегі қызметке қатысты шектеу енгізілуі мүмкін
|
15 - 17, 23, 26, 31 және 33-тармақтар
|
«Ресей Федерациясының континенттік қайраңы туралы» 1995 жылғы 30 қарашадағы № 187-ФЗ Федералдық заң
|
8. Нақты аумақта немесе акваторияда жануарлар әлемін пайдалануға ұсынуда басымдық Ресей Федерациясының азаматтарына беріледі
|
23 және 26-тармақтар
|
«Жануарлар әлемі туралы» 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 52-ФЗ Федералдық заң
|
9. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған Өнімді бөлу туралы келісімдер жасауға қатысты5:
|
23 және 26-тармақтар
|
«Өнімді бөлу туралы келісімдер туралы» 1995 жылғы 30 желтоқсандағы № 225-ФЗ Федералдық заң
|
өнімді бөлу туралы келісім жасауға арналған аукционның шарттарында ресейлік заңды тұлғалардың Ресей Федерациясының Үкіметі айқындаған үлестегі келісімдерді іске асыруға қатысуы көзделуі тиіс
|
|
|
келісімде:
|
|
|
ресейлік заңды тұлғаларға келісім бойынша жұмыстарға инвесторлармен шарттар (келісімшарттар) негізінде мердігерлер, жеткізушілер, тасымалдаушылар ретінде немесе басқалары ретінде қатысуына артықшылықты құқық беру
|
|
|
саны тартылған барлық қызметкерлер құрамының кемінде 80%-ды құрауы тиіс Ресей Федерациясының азаматтарын - жұмыскерлерін тарту, шетелдік жұмысшылар мен мамандарды келісім бойынша жұмыстардың бастапқы кезеңдерінде ғана немесе тиісті біліктіліктегі Ресей Федерациясының азаматтары - жұмысшылары мен мамандары болмаған кезде тарту
|
|
|
пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу, өндіру, тасымалдау және өңдеу үшін қажетті Ресейде жасалған технологиялық жабдықты, техникалық құралдар мен материалдарды келісім бойынша жұмыстарды орындау үшін әрбір күнтізбелік жылы сатып алу мен пайдалану шығындары инвесторларға өтеу өнімімен өндірілетін сатып алынған (оның ішінде жалдау шарты, лизинг және басқа да негіздер бойынша) жабдықтың, техникалық құралдар мен материалдардың жалпы құнының кемінде 70%-ы көлемінде сатып алу бойынша инвестордың міндеттемелері көзделеді. Бұл ретте, жабдықты, техникалық құралдар мен материалдарды Ресей Федерациясының аумағында ресейлік заңды тұлғалар және (немесе) Ресей Федерациясының азаматтары құндық мәнде кемінде 50% Ресей Федерациясының аумағында ресейлік заңды тұлғалар және (немесе) Ресей Федерациясының азаматтары шығарған тораптардан, бөлшектерден, конструкциялардан және жиынтықтауыштардан жасаған деген шартпен олар Ресейде шығарылған деп танылады.
|
|
|
Мүше мемлекеттер келісімде келісім бойынша жұмыстарды орындау үшін инвестор пайдалы қазбаларды өндіру, оларды тасымалдау және өңдеу үшін (егер бұл келісімде көзделсе) сатып алатын және (немесе) пайдаланатын технологиялық жабдықтың құндық мәнде кемінде 70%-ы Ресейде шығарылған болуы тиіс деген шартты көздеуге тиіс. Бұл жағдай құрылысы және сатып алынуы Келісімде көзделмеген магистральдық құбыр көлігі объектілерін пайдалануға қолданылмайды
|
|
|
10. Концессионерді таңдау рәсімі және концессиялық келісімнің қолданыстағы шарттарының тізбесі Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Айрықша концессионерді тағайындау құқығы сақталады.
Концеденттің жеке құқықтары мен міндеттемелерін уәкілетті концедент жүзеге асыруы мүмкін
|
15 - 17, 23, 26, 31 және 33-тармақтар
|
«Концессиялық келісімдер туралы» 2005 жылғы 21 шілдедегі № 115-ФЗ Федералдық заң
|
11. Кез келген мүше мемлекеттің тұлғасы жасайтын және елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші стратегиялық маңызы бар қызмет түрлерінің тым болмағанда біреуін жүзеге асыратын ресейлік шаруашылық жүргізуші қоғамдарға бақылау орнатуға әкеп соғатын мәміле Ресей Федерациясының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен Ресей Федерациясының уәкілетті органының рұқсатын алуды талап етеді.
|
15, 16, 23, 26, 31 және 33-тармақтар
|
«Елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар шаруашылық жүргізуші қоғамға шетелдік инвестицияларды жүзеге асыру тәртібі туралы» 2008 жылғы 29 сәуірдегі № 57-ФЗ Федералдық заң
|
Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ олардың бақылауындағы тұлғалар, оның ішінде Ресей Федерациясының аумағында құрылғандары елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар қызмет түрлерінің тым болмағанда біреуін жүзеге асыратын ресейлік шаруашылық қоғамдарға бақылау орнатуға әкеп соғатын мәмілелер жасауға құқылы емес.
|
|
|
Шетелдік инвесторлар немесе тұлғалар тобы уәкілетті органға елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар қызмет түрлерінің тым болмағанда біреуін жүзеге асыратын ресейлік шаруашылық қоғамдардың жарғылық капиталдарын құрайтын акциялардың (үлестердің) 5 немесе одан да көп пайызын сатып алу туралы ақпаратты ұсынуға міндетті
|
|
|
12. Теңіз порты шекараларындағы жер учаскелері шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік ұйымдардың меншігінде бола алмайды
|
23 және 26-тармақтар
|
«Ресей Федерациясындағы теңіз порты туралы және Ресей Федерациясының жекелеген заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 8 қарашадағы № 261-ФЗ Федералдық заң
|