неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимі
27. Әрбір мүше мемлекет осындай (ұқсас) жағдайларда кез келген басқа мүше мемлекеттің қызметтеріне және қызметтерді жеткізушілері мен алушыларына үшінші мемлекеттердің қызметтеріне және қызметтерді жеткізушілері мен алушыларына қолайлылығы осындай (ұқсас) жағдайда берілетін режимнен кем болмайтын режимді ұсынады.
28. Осы Хаттаманың 27-тармағының ережелеріне қарамастан, әрбір мүше мемлекет кез келген басқа мүше мемлекеттің қызметтеріне, қызметтер жеткізушілері мен алушыларына қатысты ұлттық тізбеде немесе осы Хаттамаға № 2 қосымшада көзделген жеке алып қоюларды қолдануы мүмкін.
29. Әрбір мүше мемлекет өзінің аумағында құруға және қызметке қатысты осындай (ұқсас) мән-жайларда кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына үшінші мемлекеттердің тұлғаларына, сондай-ақ олар құрған тұлғаларға берілетін режимнен қолайлығы кем болмайтын режимді ұсынады.
3. Сандық және инвестициялық шаралар
30. Мүше мемлекеттер қызметтер көрсету саудасына, құруға және қызметке байланысты кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларына қатысты:
1) квота, экономикалық орындылығына тест нысанындағы немесе кез келген өзге де сандық нысандағы қызметтерді берушілер санына;
2) құрылатын, сатып алынатын және (немесе) бақыланатын заңды тұлғалардың, филиалдардың немесе өкілдіктердің, тіркелетін дара кәсіпкерлердің санына;
3) квота, экономикалық орындылығына тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы кез келген қызметтерді берушінің операцияларына;
4) құрылған, сатып алынған немесе бақыланатын заңды тұлға, филиал, өкілдік, тіркелген дара кәсіпкер квота, экономикалық орындылығына тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы қызметті жүзеге асыру барысында олардың операцияларына;
5) құру нысанына, оның ішінде заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына;
6) заңды тұлғаның капиталындағы сатып алынатын үлес көлеміне немесе заңды тұлғаны бақылау дәрежесіне;
7) белгілі бір қызметтер көрсету секторында жұмыс істеуі мүмкін жеке тұлғалардың жалпы санын немесе қызметтерді беруші жалға алатын және сандық квота немесе экономикалық орындылығына тест нысанындағы белгілі бір қызмет көрсетуге қажетті және тікелей қатысы бар жеке тұлғалар санын шектеуге қатысты шектеулерді енгізбейді және қолданбайды.
31. Әрбір мүше мемлекет кез келген мүше мемлекеттің қызметтеріне, қызметтерді берушілері мен алушыларына қатысты осы Хаттаманың 30-тармағында көрсетілген шектеулерді, егер осындай шектеулер ұлттық тізбеде немесе осы Хаттамаға № 2 қосымшада көзделген жағдайда, енгізуі және қолданылуы мүмкін.
32. Мүше мемлекеттердің ешқайсысы мүше мемлекеттердің тұлғаларына, сондай-ақ олар құрған тұлғаларға қатысты құруға және (немесе) қызметке байланысты қосымша мынадай:
1) шығарылған тауарлардың немесе қызметтердің барлығын немесе бір бөлігін экспорттау;
2) тауарларды немесе қызметтерді импорттау;
3) мүше мемлекеті шығарған мемлекет болып табылатын тауарларды немесе қызметтерді сатып алу немесе пайдалану;
4) осы мүше мемлекеттің аумағында тауарларды сатуды немесе қызметтерді жеткізуді, осы мүше мемлекеттің аумағына тауарлар импортын немесе осы мүше мемлекеттің аумағынан тауарлар экспортын шектейтін және өндірілетін тауарлар (жеткізілетін қызметтер) көлемдеріне, жергілікті тауарларды немесе қызметтерді пайдалануға тәуелді немесе кәсіпорынның осы тармақта көрсетілген операцияларға байланысты тиесілі шетелдік валютаға қол жеткізуін шектейтін талаптарды;
5) технологияларды, ноу-хауды және коммерциялық құндылығы бар өзге ақпаратты мүше мемлекеттердің өзге халықаралық шарттарында белгіленген бәсекелестік саясатын жүзеге асыру қағидалары сақталған жағдайда соттың немесе бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде беру жағдайларын қоспағанда, оларды беру талаптарын шарт ретінде енгізбейді және қолданбайды.
33. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің тұлғаларына қатысты осы Хаттаманың 32-тармағында көзделген қосымша талаптарды, егер осындай шектеулер ұлттық тізбеде немесе осы Хаттамаға № 2 қосымшада көзделген жағдайда, енгізуі және қолданылуы мүмкін.
34. Осы Хаттаманың 32-тармағында көрсетілген талаптарды орындау құруға немесе қызметке байланысты кез келген мүше мемлекет тұлғасының қандай да бір преференция алуы үшін негіз болып табылмайды.
4. Жеке тұлғаларды алып өту
35. Шарттың XXVI тарауының ережелерін ескере отырып, ұлттық тізбеде немесе осы Хаттамаға № 2 қосымшада көзделген шектеулер мен талаптарды қоспағанда, әрбір мүше мемлекет өзінің аумағында құрылған, сатып алынған немесе бақыланатын заңды тұлға, филиал, өкілдік, тіркелген дара кәсіпкер қызметіне қатысты қызметкерлерді жалдауға байланысты шектеулерді қолданбайды және енгізбейді.
36. Осы Хаттаманың 35-тармағының ережелері, егер оларды қолдану қызметкерлерді азаматтығына қарай нақты кемсітуге әкеліп соқпаса, қызметкерлердің біліміне, тәжірибесіне, біліктілігіне, іскерлік қасиетіне қойылатын талаптарға қолданылмайды.
37. Шарттың XXVI тарауының ережелерін ескере отырып, әрбір мүше мемлекет осы Хаттаманың 6-тармағы 22-тармақшасының бесінші абзацында көзделген тәсілмен қызметтер саудасына қатысатын және осы мүше мемлекеттің аумағында болған жеке тұлғаларға қатысты шектеулер қолданбайды және енгізбейді.
5. Бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру
38. Осы бөлімнің мақсаттары үшін бірыңғай қызметтер нарығы деп нақты сектор шеңберінде қызметтер нарығының жағдайы түсініледі, онда әрбір мүше мемлекет кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына:
1) осы Хаттамаға № 2 қосымшада көрсетілген жағдайлар мен шектеулерді қоспағанда, осы Хаттаманың 21, 24, 27, 29, 30 және 32-тармақтарында көзделген жағдайларда, шектеулерсіз, алып қоюларсыз және қосымша талаптарсыз қызметтерді жеткізуге және алуға;
2) қосымша заңды тұлға нысанында құрусыз қызметтер беруге;
3) қызметтерді беруші өзінің мүше мемлекетінің аумағында алынған қызметтер беруге рұқсат негізінде қызметтер жеткізуге;
4) қызметтерді беруші қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін мойындауға құқық ұсынады.
39. Бірыңғай қызметтер нарығы қағидалары мүше мемлекеттерге қатысты өзара жағдайда әрекет етеді.
40. Бірыңғай қызметтер нарығы Одақ шеңберінде мүше мемлекеттер мен Комиссияның келісілген ұсыныстары негізінде Жоғары кеңес бекіткен қызметтер секторларында әрекет етеді.
41. Мүше мемлекеттер бірыңғай қызметтер нарығы қағидаларын қызметтер секторларының ең көп санына, соның ішінде ұлттық тізбелерде көзделген алып қоюлар мен шектеулерді кезең-кезеңімен қысқарту жолымен өзара негізде таратуға ұмтылады.
42. Жекелеген секторлар бойынша бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру тәртібі мен кезеңдері Жоғары кеңес бекітетін мүше мемлекеттер мен Комиссияның келісілген ұсыныстары негізінде әзірленетін ырықтандыру жоспарларында (бұдан әрі - ырықтандыру жоспарлары) көзделеді.
43. Ырықтандыру жоспарлары жеке мүше мемлекеттер үшін қызметтердің жеке секторларын ырықтандырудың тым кеш мерзімдерін көздеуі мүмкін, бірақ бұл басқа мүше мемлекеттер үшін осындай қызметтер секторларында өзара жағдайда бірыңғай нарық құруға кедергі болып табылмайды.
44. Бірыңғай қызметтер нарығы қағидалары әрекет етпейтін секторларға қатысты осы тараудың 1 - 4-кіші бөлімдерінің ережелері қолданылады.
6. Қызметтер көрсету саудасы, инвестициялар құру, қызметі және
инвестицияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша үшінші
мемлекеттермен өзара қарым-қатынастар
45. Осы Хаттамада ештеңе мүше мемлекеттерге үшінші мемлекеттермен осы Хаттаманың 46-тармағының талаптарына сай келетін экономикалық интеграция туралы халықаралық келісімдер жасауға кедергі келтірмейді.
Осындай экономикалық интеграция туралы халықаралық келісім жасаған әрбір мүше мемлекет осындай (ұқсас) жағдайларда осындай экономикалық интеграция туралы халықаралық келісім шеңберінде ұсынатын жеңілдіктерді мүше мемлекеттерге ұсынады.
Осы тармақта жеңілдіктер деп мүше мемлекеттің оның ұлттық тізбесінде көзделген бір немесе бірнеше шектеуді оның алып тастауы түсініледі.
46. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін мынадай өлшемдерге сай
келетін:
1) қызметтер көрсету секторының қомақты бөлігін қамтитын, сондай-ақ қызметтерді беру тәсілдерінің және құру мен қызмет мәселелерінің бір де біреуін ешқандай жағдайда да априори көрінеу жоққа шығармайтын;
2) қолданыстағы кемсітушілік шараларын жоюға және жаңаларын енгізуге тыйым салуға бағытталған;
3) қызметтер көрсету саудасын ырықтандыруға, құруға және қызметке бағытталған халықаралық келісімдер мүше мемлекеттер мен үшінші мемлекет арасындағы экономикалық интеграция туралы халықаралық келісімдер деп танылады.
Ұқсас халықаралық келісімдердің мақсаты оған қатысушылар арасындағы қызметтер көрсету саудасын және құру мен қызмет шарттарын оңайлату болып табылады. Кез келген үшінші мемлекетке қатысты мұндай келісім ол белгілі бір секторлардағы немесе кіші секторлардағы қызметтер саудасындағы кедергілердің жалпы деңгейінің ұқсас келісім жасалғанға дейін қолданылған деңгеймен салыстырғанда жоғарылауына алып келмеуге тиіс.
47. Үшінші мемлекетпен экономикалық интеграция туралы халықаралық келісім жасасқан мүше мемлекет оған қол қойылған күннен бастап 1 ай ішінде басқа мүше мемлекеттерге оның жасалғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
48. Мүше мемлекеттер үшінші мемлекеттермен қызметтер саудасына, инвестициялар құруға, қызметіне және инвестицияларды жүзеге асыруға қатысты өзінің сыртқы сауда саясатын өз бетінше анықтайды.
7. Қызметтер алушының қосымша құқықтары
49. Шарттың XV бөлімінің ережелерін ескере отырып, әрбір мүше мемлекет қызметтер алушыға қатысты қызметтер берушінің таңдауын немесе құзыретті органдардың рұқсатын алу міндетін қоса алғанда, басқа мүше мемлекеттің қызметтер берушісі көрсететін (көрсеткен) қызметтерді алуға, пайдалануға немесе ақы төлеуге құқығын шектейтін талаптар немесе ерекше жағдайлар белгілемейді.
50. Шарттың XV бөлімінің ережелерін ескере отырып, әрбір мүше мемлекет қызметтер алушыға қатысты оның азаматтығына, тұрғылықты жеріне немесе құрылу немесе қызмет жеріне байланысты кемсітушілік талаптарын немесе ерекше жағдайларды қолданбауды қамтамасыз етеді.
51. Әрбір мүше мемлекет:
1) қызметтер берушілерді қызметтер алушыларға Шартқа және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажетті ақпаратты ұсынуды;
2) құзыретті органдарды қызметтер алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдауды міндеттейді.
52. Осы Хаттамада ештеңе мүше мемлекеттің зейнетақымен қамсыздандыру және халықты әлеуметтік қолдау мәселелерін қоса алғанда, оның әлеуметтік саясатын жүзеге асыру үшін қажетті кез келген шараларды қабылдауға құқығын қозғамайды.
Шарттың XIX, XX және XXI бөлімдерінде қамтылатын қызметтерге тұтынушылардың қол жеткізу және осындай қызметтерді тұтынушыларға ұсынылатын режим мәселелері осы бөлімдердің ережелерінде тиісінше реттеледі.
8. Рұқсаттарды және кәсіби біліктілікті өзара мойындау
53. Ырықтандыру жоспарлары жүзеге асырылатын секторларда қызметтер беруге рұқсатты мойындау осы Хаттаманың 54 және (немесе) 55-тармақтарында көзделген шараларды қабылдаған соң қамтамасыз етіледі.
54. Өзара консультациялар негізінде (соның ішінде ведомствоаралық сипаттағы) мүше мемлекеттер осындай секторларда реттеудің маңызды баламалығына қол жеткізуіне байланысты осындай нақты секторларда қызметтер беруге рұқсатты өзара мойындау туралы шешім қабылдауы мүмкін.
55. Ырықтандыру жоспарларымен:
1) мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру жолымен, нақты қызметтер секторлары бойынша осындай үйлестіруді аяқтау мерзімдерін белгілеумен қызметті жүзеге асыруға (соның ішінде рұқсат ету талаптары мен рәсімдері) рұқсат беру тетіктерін кезең-кезеңімен жақындату;
2) Шарттың 68-бабына сәйкес әкімшілік ынтымақтасу тетіктерін;
3) қызметтерді берушілер қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін мойындау қамтамасыз етіледі.
56. Егер кәсіби қызметтерді жүзеге асыруға рұқсат aлу үшін кәсіби емтихан тапсыру талап етілген жағдайда, әрбір мүше мемлекет осындай кәсіби емтихан тапсырудың кемсітпейтін тәртібін қамтамасыз етеді.
9. Қызметтер саудасы кезінде және құру мен (немесе) қызметке қатысты ішкі реттеу
57. Әрбір мүше мемлекет осы мүше мемлекеттің қызметтер саудасына, құруға және қызметке әсер ететін шараларының барлығы парасатты, объективті және әділ түрде қолданылуын қамтамасыз етеді.
58. Әрбір мүше мемлекет сот, төрелік немесе әкімшілік органдарды немесе мүдделері қозғалған басқа мүше мемлекет тұлғаларының сұрауы бойынша қызметтер саудасына, құруға және қызметіне әсер ететін әкімшілік шешімдерді өзгерту мақсатында дереу қарауды және негізделген түрде қабылдауды қамтамасыз ететін рәсімдерді іс жүзінде мүмкіндігінше жылдам сақтайды немесе құрады. Аталған рәсімдер мұндай әкімшілік шешімдерді қабылдауға уәкілеттік берілген органға тәуелсіз болмайтын жағдайларда мүше мемлекет рәсімдердің шынында да объективті және әділ қарауға негіз болуын қамтамасыз етеді.
59. Осы Хаттаманың 58-тармағының ережелері мүше мемлекетке оның конституциялық тәртібіне немесе оның сот жүйесінің табиғатына сыйыспайтын жағдайларда осы Хаттаманың 58-тармағында көрсетілген органдарды немесе рәсімдерді құруға талап қоюды көздемейді.
60. Қызметтер көрсету саудасына, құруға және (немесе) қызметке рұқсат алу қажет болған жағдайда мүше мемлекеттің құзыретті органдары мүше мемлекеттің заңнамасы талаптарына және реттеу қағидаларына сәйкес ресімделген деп саналған өтініш ұсынылғаннан кейін ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде өтініш берушіге өтінішті қарау және оны қарастыру нәтижесі бойынша қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттардың барлығы және (немесе) мәлімет алынбайынша, көрсетілген өтініш тиісінше ресімделген болып саналмайды.
Кез келген жағдайда өтініш берушіге өтінішке техникалық түзетулер енгізуге мүмкіндік беріледі.
Өтініш берушінің сұрауы бойынша мүше мемлекеттің құзыретті органдары шамадан тыс кідіртпей, өтінімді қарау барысы туралы ақпарат береді.
61. Қызметтер көрсету саудасына, құру және (немесе) қызмет кезінде рұқсат ету талаптары мен рәсімдері ақталмайтын кедергілер жасамауын қамтамасыз ету үшін Комиссия мүше мемлекеттермен келісім бойынша Жоғары кеңес бекітетін қағидаларды әзірлейді. Бұл қағидалардың мақсаты осы рұқсат ету талаптары мен рәсімдері өзгелер қатарында:
1) құзыреттілік және қызметтер көрсету саудасын және қызметті жүзеге асыруға қабілеттілік сияқты объективті және жария өлшемдерге негізделуін;
2) жүзеге асырылатын қызметтің қауіпсіздігін, сондай-ақ берілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шамадан артық ауыртпалықтың болмауын;
3) қызметтер көрсету саудасы, құру және (немесе) қызмет үшін шектеу болып табылмайтынын қамтамасыз ету болады.
62. Мүше мемлекеттер пайданы жоятын немесе қысқартатын және:
1) осы Хаттаманың 61-тармағында аталған өлшемдерге сәйкес келмейтін;
2) мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленбеген және Шартқа қол қойған күнге тиісті мүше мемлекет қолданбайтын рұқсат ету талаптары мен рәсімдерін қолданбайды.
63. Мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 62-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындау фактісін анықтау кезінде мүшелігі барлық мүше мемлекеттер үшін ашық халықаралық ұйымдардың халықаралық стандарттары назарға алынады.
64. Егер мүше мемлекет қызметтер көрсету саудасына, құруға және (немесе) қызметке қатысты рұқсат ету талаптары мен рәсімдерін қолданса, онда мұндай мүше мемлекет:
1) рұқсаттар беруге жауапты құзыретті органдары атауларының жариялануын немесе өзгеше түрде жалпының назарына жеткізілуін;
2) барлық рұқсат ету талаптары мен рәсімдердің мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленуін және рұқсат ету рәсімдерін белгілейтін немесе қолданатын кез келген акт және талап оның күшіне енген күнге дейін жариялануын;
3) құзыретті органдар рұқсат беру не беруден бас тарту туралы шешімді мүше мемлекеттің заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген деп саналған өтінім ұсынылғаннан кейін, мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде, әдетте рұқсат беруге өтініш алған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдауын қамтамасыз етеді. Мұндай мерзім рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алу және өңдеу үшін қажетті ең аз уақытқа сүйене отырып анықталады;
4) қызметті жүзеге асыруға құқық үшін алынатын алымдарды қоспағанда, өтінішті ұсынуға және қарауға байланысты алынатын кез келген алымдардың өздері қызметтер көрсету саудасы, құру және қызмет үшін шектеу болып табылмауын және құзыретті органның өтінішті қарауға және рұқсат беруге байланысты шығындарына негізделуін;
5) осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген уақыт кезеңі өткен соң және өтініш берушінің талабы бойынша осы Хаттаманың 60-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің құзыретті органы өтініш берушіге оның өтінішін қараудың жай-күйі туралы, сондай-ақ бұл өтініш тиісінше толтырылған деп саналатыны не саналмайтыны туралы хабарлауын қамтамасыз етеді.
Кез келген жағдайда өтініш берушіге осы Хаттаманың 57, 58, 60, 62 және 64-тармақтарында көзделген құқықтар берілуі тиіс.
6) өтінішін қабылдаудан бас тартылған өтініш берушінің жазбаша талабы бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартқан құзыретті органның өтініш берушіге мұндай бас тартудың себептері туралы жазбаша хабарлауын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, осындай ереже құзыретті органнан ашылуы заңды орындауға кедергі келтіретін немесе өзгеше түрде қоғамдық мүдделерге немесе мүше мемлекет қауіпсіздігін елеулі мүдделеріне қайшы келетін ақпаратты ашуды талап ететіндей ретінде түсіндірілмеуге тиіс;
7) өтініш қабылдаудан бас тартылған жағдайда, егер құзыретті орган осындай өтінішті тиісті рәсімделмеуі себебінен қабылдаудан бас тартса, өтініш берушінің жаңа өтініш беруін;
8) қызметтерді жеткізуге берілетін рұқсаттың мүше мемлекеттің осындай рұқсаттарда көрсетілетін бүкіл аумағында қолданылуын қамтамасыз етеді.
VII. Инвестициялар
1. Жалпы ережелер
65. Осы бөлімнің ережелері мүше мемлекеттердің инвесторлары басқа мүше мемлекеттің аумағында 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап жүзеге асырған барлық инвестицияларына қатысты қолданылады.
66. Инвестицияны жүзеге асыру нысандарының бірі осы Хаттаманың 2-тармағының 24-тармақшасының ұғымында құру болып табылады. Мұндай инвестицияларға осы Хаттаманың 69 - 74-тармақтарының ережелерін қоспағанда, осы Хаттаманың ережелері қолданылады.
67. Инвестицияларды жүзеге асыру тәсілдерінің, сондай-ақ инвестициялар салынатын немесе қайта инвестицияланатын нысанның өзгеруі мұндай өзгерістің реципиент мемлекеттің заңнамасына қайшы келмеуі шартымен инвестиция ретінде олардың біліктілігіне әсер етпейді.
2. Құқықтық режим және инвестицияларды қорғау
68. Әрбір мүше мемлекет өз аумағында басқа мүше мемлекеттердің инвесторлары жүзеге асыратын инвестицияларға және инвестицияларға байланысты қызметке қатысты әділ және тең құқықты режимді қамтамасыз етеді.
69. Осы Хаттаманың 68-тармағында көрсетілген режим қолайлылығы осы мүше мемлекеттің өзінің (ұлттық) инвесторлары жүзеге асыратын инвестицияларына және мұндай инвестицияларға байланысты қызметке қатысты ұсынатын режимінен кем болмауға тиіс.
70. Әрбір мүше мемлекет дәл осындай (ұқсас) жағдайларда кез келген басқа мүше мемлекеттің инвесторларына, олардың инвестицияларына және инвестицияларға байланысты қызметіне қолайлылығы кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларына, олардың инвестицияларына және мұндай инвестицияларға байланысты қызметіне ұсынылатын режимнен кем емес режим ұсынады.
71. Осы Хаттаманың 69 және 70-тармақтарында көзделген режимдерді мүше мемлекеттер инвестордың таңдауы бойынша режимдердің қайсысы неғұрлым қолайлы болатындығына қарай ұсынуы тиіс.
72. Әрбір мүше мемлекет өз аумағында басқа мүше мемлекеттердің инвесторлары инвестицияларды жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасайды және өзінің заңнамасына сәйкес мұндай инвестицияларға рұқсат береді.
73. Әрбір мүше мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес басқа мүше мемлекеттердің инвесторларының қызметін шектеу, сондай-ақ осы Хаттаманың 69-тармағында көрсетілген ұлттық режимнен өзге де алып қоюларды қолдану және енгізу құқығын өзіне қалдырады.
74. Осы Хаттаманың 70-тармағының ережелері мүше мемлекетті инвестицияларға және бұл мүше мемлекетке қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттардың немесе салық салу мәселелері бойынша басқа да уағдаластықтардың, сондай-ақ осы Хаттаманың 46-тармағында көрсетілген келісімдердің негізінде берілетін немесе келешекте берілуі мүмкін басқа мүше мемлекеттердің инвесторларының осындай инвестициялармен байланысты қызметке қатысты кез келген режимнің, преференцияның немесе артықшылықтың басымдығын міндеттеу ретінде түсіндірілуі тиіс емес.
75. Әрбір реципиент мемлекет басқа мүше мемлекеттердің инвесторларына олар барлық салық және реципиент мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді орындағаннан кейін мыналарға:
1) инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістерді реципиент мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған кез келген мақсатта пайдалану және иелік ету құқығына;
2) инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістерді реципиент мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған кез келген мақсатта пайдалану және иелік ету құқығына;
3) инвестордың қалауы бойынша кез келген елге осы Хаттаманың 8-тармағында көрсетілген инвестицияларға байланысты ақша қаражатын (ақшаны) аударуды және төлемдерді жүзеге асыру құқығына кепілдік береді.
76. Әрбір мүше мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес өз аумағында басқа мүше мемлекеттер инвесторларының инвестицияларын қорғауға кепілдік береді және оны қамтамасыз етеді.
3. Залалды өтеу және инвесторларға кепілдік беру
77. Инвесторлар мүше мемлекеттің аумағындағы азаматтық тәртіпсіздіктер, әскери іс-қимылдар, революция, бүлік, төтенше жағдай енгізу немесе өзге де осындай мән-жайлардың нәтижесінде олардың инвестицияларына келтірілген залалдың орнын толтыруға құқығы бар.
78. Бұл ретте, мұндай инвесторларға мүше мемлекет өзінің ұлттық инвесторларына немесе үшінші мемлекеттің инвесторларына осындай залалды өтеуге байланысты осы мүше мемлекет қолданатын шараларға қатысты инвестор үшін қандай режим едәуір қолайлы болып табылатындығына байланысты қолайлылығы кем емес режим ұсынылады.
4. Экспроприация кезіндегі инвесторлардың құқықтарына кепілдік
беру
79. Бір мүше мемлекеттің инвесторларының инвестициялары мұндай шаралар кемсітушілік болып табылмайтын және жылдам, барабар өтемақы төлеумен қамтамасыз етілетін қоғамдық мүдде үшін реципиент мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданылатын жағдайларды қоспағанда, тікелей немесе жанама экспроприацияға (бұдан әрі - экспроприация) немесе мемлекет меншігіне алуға, сондай-ақ экспроприация немесе мемлекет меншігіне алу салдары бойынша тең күші бар өзге де шараларға ұшырауы мүмкін емес.
80. Осы Хаттаманың 79-тармағында көрсетілген өтемақы оларды нақты экспроприация күні не экспроприация туралы жалпы белгілі болған күні алдындағы күн инвесторлардың экспроприацияланатын инвестицияларының нарықтық құнына сәйкес келуге тиіс.
81. Осы Хаттаманың 79-тармағында көрсетілген өтемақы реципиент мемлекеттің заңнамасында көзделген мерзімде кідіріссіз, бірақ экспроприация күнінен бастап үш айдан кешіктірмей еркін айырбасталатын валютамен төленеді және реципиент мемлекет аумағынан шетелге еркін аударылады.
Өтемақыны төлеу кідіртілген жағдайда экспроприация күнінен бастап өтемақы нақты төленетін күніне дейін өтемақы сомасына 6 айға дейінгі мерзімде АҚШ долларымен, бірақ LIBOR мөлшерлемесінен кем емес нақты берілген кредиттер бойынша ұлттық банкаралық нарық мөлшерлемесі бойынша есептелетін немесе инвестор мен мүше мемлекет арасындағы уағдаластық бойынша айқындалатын тәртіппен пайыздар есептеледі.
5. Инвестор құқықтарының ауысуы
82. Реципиент мемлекеттің аумағындағы өз мемлекеті инвесторының инвестицияларына байланысты коммерциялық емес тәуекелдерден қорғау кепілдігінің негізінде осындай инвесторға төлем жасаған мүше мемлекет немесе ол өкілеттік берген орган суброгация тәртібімен инвестордың құқықтарын инвестордың өзі сияқты көлемде жүзеге асыра алады.
83. Осы Хаттаманың 82-тармағында көрсетілген құқықтар осы Хаттаманың 21, 24, 27, 29, 30 және 32-тармақтарының ережелеріне нұқсан келтірмей реципиент мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Инвестициялық дауларды шешу тәртібі
84. Осы Хаттаманың 77-тармағына сәйкес залалды өтеу және осы Хаттаманың 79 - 81-тармақтарында көзделген өтемақы ретінде алынған соманы төлеудің мөлшеріне, шарттарына немесе тәртібіне немесе осы Хаттаманың 8-тармағында көзделген төлемдер мен ақша қаражатын аударуды жүзеге асырудың тәртібіне қатысты дауларды қоса алғанда, реципиент мемлекет пен басқа мүше мемлекеттің инвесторы арасындағы осы инвестордың реципиент мемлекеттің аумағындағы инвестицияларына байланысты туындаған даулар мүмкіндігінше келіссөздер жолымен шешіледі.
85. Егер дау даудың кез келген тарабы оны келіссөздер жолымен шешу туралы жазбаша хабарлаған күннен бастап 6 ай ішінде келіссөздер жолымен шешілмесе, онда ол инвестордың таңдауы бойынша мыналардың:
1) тиісті дауларды қарауға құзыретті реципиент мемлекет сотының;
2) дауға қатысушылармен келісілген, кез келген мемлекеттің сауда палатасының жанындағы халықаралық коммерциялық төреліктің;
3) егер дау тараптары өзгеше келіспесе, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) төрелік регламентіне сәйкес құрылуға және әрекет етуге тиіс ad hoc төрелік сотының;
4) 1965 жылғы 18 наурыздағы Мемлекеттер мен екінші мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғалары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенцияға сәйкес құрылған, осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес (дау тараптарының екі мүше мемлекеті үшін ол күшіне енген жағдайда) немесе Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың қосымша ережелеріне сәйкес дауды шешу үшін (дау тараптары мүше мемлекетінің екеуі немесе бірі үшін Конвенция күшіне енбеген жағдайда) Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың қарауына берілуі мүмкін.
86. Дауды реттеу үшін ұлттық сотқа не осы Хаттаманың 85-тармағының 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген төрелік соттардың біріне берген инвестордың осы дауды қандай да бір басқа сотқа немесе төрелік сотқа қарауға қайта беруге құқығы жоқ.
Инвестордың сотқа немесе Хаттаманың 85-тармағында көрсетілген төрелік сотқа қатысты таңдауы түпкілікті болып табылады.
87. Осы Хаттаманың 85-тармағының сәйкес қаралатын дау жөніндегі кез келген төрелік шешім дау тараптары үшін түпкі және міндетті болып табылады. Әрбір мүше мемлекет өз заңнамасына сәйкес мұндай шешімнің орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Қызметтер көрсету саудасы, құру,
қызмет және инвестицияларды жүзеге
асыру туралы хаттамаға
№ 1 қосымша
Электр байланысының көрсетілетін қызметтерімен сауда тәртібі
1. Осы Тәртіп мүше мемлекеттердің электр байланысы саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын реттейтін шараларына қолданылады.
2. Осы Тәртіп пошта байланысы саласындағы қызметке қолданылмайды.
3. Осы Тәртіптегі ештеңе мүше мемлекеттердің кез келгенінен ортақ пайдаланымдағы электр байланысы желісіне қосылмаған электр байланысы желілеріне қатысты айрықша талаптар белгілеуді талап етуші (не мүше мемлекеттен оның юрисдикциясындағы қызметтер берушілерді міндеттеуді талап етуші) ретінде түсіндірілмейді.
4. Осы Тәртіпте пайдаланылатын негізгі ұғымдар мыналарды білдіреді:
«ортақ пайдаланымдағы электр байланысы желісі» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің аумағында электр байланысы қызметтерін кез келген пайдаланушыға электр байланысы қызметтерін өтеулі түрде көрсетуге арналған байланыс құралы мен желісін қамтитын технологиялық жүйе;
«электр байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» - кез келген елді мекенде электр байланысы қызметтерін кез келген пайдаланушыға белгіленген сапамен және осы қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін бағамен қызмет көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылатын, мүше мемлекет белгілеген электр байланысы қызметтерінің тізбесі;
«электр байланысының көрсетілетін қызметтері» — электр байланысы хабарларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру және жеткізу жөніндегі қызмет.
5. Әрбір мүше мемлекет ортақ пайдаланымдағы электр байланысы желілеріне және электр байланысы қызметтеріне қол жетімділік шарттары туралы ақпараттың (қызмет көрсету шарттары, оның ішінде осындай желілерге техникалық қосылу ерекшелігінің тарифтері (бағалары) туралы, осындай қолжетімділік пен пайдалануды қозғайтын стандарттарды дайындауға және қабылдауға жауапты органдар, түпкілікті жабдықтарды немесе басқа да аппаратураны қосуға қатысты шарттар, сондай-ақ егер мұндайлар қажет болса, хабарламаларға, тіркеуге немесе лицензиялауға және өзге де кез келген рұқсат ету рәсімдеріне қойылатын талаптар туралы ақпаратты қоса алғанда) жалпыға қолжетімді болуын қамтамасыз
етеді.
6. Электр байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген лицензиялардың негізінде олардың белгіленген аумақтық шекаралары шегінде мерзімдері сақтала және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен әрбір электр байланысы операторына берілген нөмірлеу пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
7. Электр байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті радиожиілік спектрін пайдалана отырып жүзеге асырған кезде, мүше мемлекеттің аумағында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан басқа, мүше мемлекеттің уәкілетті органының тиісті радиожиілік белдеулерін, радиожиілік арналарын және радиоэлектрондық құралды пайдалану үшін радиожиілікті бөліп беру және тиісті радиожиіліктерді және (немесе) радиожиілік арналарын беру (тағайындау) туралы шешімін алу да қажет.
8. Радиожиілік белдеулерін, радиожиілік арналарын немесе радиожиіліктерді бөліп беру, радиожиіліктерді немесе радиожиілік арналарын беру (тағайындау), радиожиілік спектрін пайдалану құқығына рұқсаттарды беру мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Радиожиілік спектрін бөлумен және пайдаланумен байланысты төлемдер мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алынады.
10. Мүше мемлекеттер электр байланысы желілері мен қызметтеріне кемсітусіз тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құқықтық және әкімшілік шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды.
11. Электр байланысы операторының электр байланысы қызметтерін көрсету нарығындағы жағдайына қарамастан, оны ортақ пайдаланымдағы электр байланысы желілеріне қосуды мүше мемлекеттердің салыстырмалы жағдайларда жұмыс істейтін басқа электр байланысы операторлары үшін көзделгеннен де кем емес қолайлы жағдайлардағы техникалық мүмкіндіктер болған кезде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Мүше мемлекеттер электр байланысы қызметтерінің жекелеген түрлеріне тарифтерді мемлекеттік реттеуді енгізуге және қолдануға құқылы. Электр байланысы қызметтеріне арналған тарифтерді қалыптастыру мүше мемлекеттің заңнамасының талаптарына негізделуге тиіс.
Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің кез келгенінің тұлғаларына болу елінің операторларымен электр байланысы қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан жағдайда, болу елінің тарифтері бойынша қызмет көрсетуге кепілдік береді.
13. Тарифтері мемлекеттік реттеуге жатпайтын электр байланысы қызметтерінің түрлеріне қатысты мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің байланыс қызметтерін берушілердің, сондай-ақ алушылардың арасындағы бәсекелестіктің шарттарын бұрмалауға кедергі келтіретін бәсекелі заңнаманың болуын және тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.
14. Комиссия Кеңесі 2020 жылғы 1 қаңтарға қарай мүше мемлекеттердің телефон трафигін өткізу жөніндегі қызметтерге арнап баға белгілеуге бірыңғай тәсілін бекітуі тиіс.
15. Мүше мемлекеттердің электр байланысы операторларының оператораралық шарттардың негізінде, сондай-ақ желілердің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, транзиттікті қоса алғанда, трафикті кедергісіз өткізуін қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттер барлық қажетті шараларды қабылдайды.
16. Мүше мемлекеттер өз аумағында халықаралық шақыру аяқталуы есебінен жергілікті және қалааралық электр байланыс қызметтерін субсидиялауды қолданбайтынына кепілдік береді.
17. Радиожиілік спектрінің ресурстарын, сондай-ақ нөмірлеу ресурсын бөлу және пайдалану мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Мүше мемлекеттер өз аумағында осы саладағы халықаралық ұйымдардың ұсынымдарында көзделген бірыңғай қағидаттар мен қағидалардың негізінде электр байланысының әмбебап қызметтерін көрсетуге кепілдік береді. Әрбір мүше мемлекет әмбебап қызмет жөніндегі міндеттемелерді өзі айқындауға құқылы. Бұл міндеттемелер олардың бәсекелестік тұрғысынан ашықтық, кемсітпеушілік және бейтараптық негізде жүзеге асырылуы және осы мүше мемлекет белгілеген әмбебап қызметтің түрі үшін қажет болатындай неғұрлым ауыртпалықты болмауы шартымен бәсекеге қарсы ретінде қаралмайтын болады.
19. Мүше мемлекеттердің реттеуші органдары электр байланысы операторларына тәуелсіз және оларға есеп бермейді. Осындай органдардың шешімдері осы нарықтың барлық қатысушыларына қатысы бойынша әділ сипатқа ие болуға тиіс.
Қызметтер көрсету саудасы, құру,
қызмет және инвестицияларды жүзеге
асыру туралы хаттамаға
№ 2 қосымша
Қызметтің барлық секторлары мен түрлеріне қатысты мүше
Достарыңызбен бөлісу: |