Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


заңды мүдделерін қамтамасыз ету



жүктеу 3,03 Mb.
бет40/46
Дата14.11.2018
өлшемі3,03 Mb.
#19756
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46

заңды мүдделерін қамтамасыз ету

      35. Мүше мемлекеттердің әрқайсысы сатып алу туралы өз заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды.


      36. Сатып алу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету көлемі Шарттың XXII бөлімінде, осы Хаттамада және мүше мемлекеттің сатып алу туралы өз заңнамасында анықталады.
      37. Сатып алу саласында тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы мүше мемлекет өз заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында, мүше мемлекеттердің әрқайсысы өз заңнамасына сәйкес, сатып алу саласында уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарының болуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, осы функцияларды бір органның орындауына рұқсат беріледі, оның құзыретіне, атап айтқанда, мыналар:
      1) сатып алу саласында бақылауды (оның ішінде, тексеру жүргізу арқылы) жүзеге асыру;
      2) сатып алу туралы мүше мемлекеттің заңнамасын бұзатын сатып алуды жүзеге асыру кезінде, тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары (электрондық алаңдар) операторларының, веб-порталдар, тауар биржалары операторларының, комиссиялардың және өзге де тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) қатысты шағымдар мен өтініштерді қарау жатады. Бұл ретте, сатып алуға қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғанға дейін қабылданған (жасалған), сатып алуларды жүзеге асыру кезінде, тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары (электрондық алаңдар) операторларының, веб-порталдар, тауар биржалары операторларының, комиссиялардың және өзге де тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) кез келген әлеуетті өнім беруші ғана емес, өзге де тұлға сатып алу туралы мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәртіпте шағымдануға құқылы;
      3) мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ көрсетілген бұзушылықтарды болғызбау бойынша (оның ішінде, орындау үшін міндетті осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беру және осындай бұзушылықтар үшін кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту) шаралар қабылдау;
      4) жосықсыз өнім берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу жатады.

V. Сатып алу тиімділігін арттыратын және әлеуметтік


функцияларды іске асыруға бағытталған шараларды қамтамасыз ету

      38. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасымен сатып алуды жоспарлау туралы талап белгіленеді.


      39. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасында сатып алу тиімділігін арттыратын мынадай нормалар:
      1) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге (оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің шекті бағасына) және (немесе) тапсырыс берушілердің функцияларын қамтамасыз етуге нормативтік шығындарына қойылатын талаптарды белгілеу жолымен сатып алуды нормалау;
      2) сатып алуға қоғамдық бақылауды және оны қоғамдық талқылауды жүзеге асыру;
      3) демпингке қарсы шаралар қолдану;
      4) сарапшыларды, сараптамалық ұйымдарды тарту көзделуі мүмкін.
      40. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарына, мүгедектер ұйымдарына, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдарға сатып алуды жүзеге асыру кезінде артықшылық белгіленуі мүмкін.
      Осындай артықшылық туралы ақпаратты тапсырыс беруші сатып алуды жүргізу туралы хабарламада және сатып алу туралы құжаттамада көрсетеді.
      41. Сатып алу саласындағы құқық қолдану практикасының, ақпарат алмасудың, заңнаманы жетілдіру мен үйлестірудің, әдістемелік материалдарды бірлесіп әзірлеудің неғұрлым өзекті мәселелерін талқылау үшін Комиссия мүше мемлекеттердің сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарымен бірлесіп, жылына кемінде 3 рет басшылар және сарапшылар деңгейінде кеңес өткізеді.

Сатып алуды реттеу тәртібі


туралы хаттамаға    
№ 1 қосымша      

Конкурсты, баға ұсыныстарын сұратуды (баға белгіленімдерін


сұратуды), ұсыныстарды сұратуды, акционды және бір көзден не
жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алуды
ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар

      1. Конкурс, оның ішінде электрондық құжат нысанында конкурсқа қатысуға өтінімдер беруді көздейтін электрондық форматта жүргізіледі.


      Сатып алу туралы шартты (келісімшартты) орындаудың ең үздік талаптарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады.
      Бағалау критерийлерін, сондай-ақ өнім берушіні объективті емес және (немесе) әкімшілендірілмейтін айқындауға әкеп соқтыратын, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау және салыстыру тәртібін белгілеуге жол берілмейді.
      2. Конкурс мынадай талаптар ескеріле отырып өткізіледі:
      1) конкурстық құжаттаманы бекіту;
      2) конкурстық комиссия құрамын бекіту;
      3) конкурс өткізу туралы хабарламаны және конкурстық құжаттаманы мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын веб-порталда жариялау (орналастыру). Конкурс өткізу туралы хабарламаға және (немесе) конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізген жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі - енгізілген өзгерістер веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін мұндай мерзім кемінде күнтізбелік 10 күнді құрайтындай етіп ұзартылуға тиіс. Бұл ретте, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасын өзгертуге жол берілмейді;
      4) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі және мұндай түсіндірулерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 3 күн бұрын веб-порталда жариялау (орналастыру). Сұрау салу бойынша конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру оны алған жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады;
      5) конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық сауда алаңына (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталға электрондық құжат нысанында беру;
      6) әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу мақсатында, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссияның ашуы, қарауы;
      7) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашудың және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберудің хаттамаларын веб-порталда жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге осындай өтінімдерді ашу, қарау және жіберу нәтижелері туралы конкурстық комиссия тиісті шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру;
      8) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған, конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау, салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау және тиісті хаттаманы веб-порталда жариялау (орналастыру), әрбір әлеуетті өнім берушіге осындай бағалау, салыстыру және конкурс жеңімпазын айқындау нәтижелері туралы конкурстық комиссия тиісті шешімдер қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру;
      9) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінде және конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарда, конкурс жеңімпазын айқындау туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен немесе 10 жұмыс күнінен кейін және күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу немесе мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған жағдайларда конкурсты өтпеді деп тану. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шартты (келісімшартты) орындаудың ең үздік талаптарын ұсынған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігін негізге ала отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді.
      10) конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия тиісті шешімдер қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру.
      3. Алдын ала біліктілік іріктеуді көздейтін конкурсты жүргізу кезінде мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетілген талаптар қолданылады:
      1) конкурс жеңімпазы алдын ала біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілер арасынан айқындалады;
      2) қосымша талаптар алдын ала біліктілік іріктеуді жүзеге асыру үшін әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қолданылады және конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау және салыстыру критерийі ретінде пайдаланыла алмайды.
      4. Мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін.
      Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылған конкурстың бірінші кезеңінде тапсырыс берушінің техникалық тапсырмаларына сәйкес әзірленген, әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстары негізінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін сарапшының (сарапшы комиссияның) қалыптастыруы жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
      Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылған конкурстың екінші кезеңінде осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетілген талаптар ескеріле отырып, конкурсты жүргізу үшін көзделген іс-шаралар өткізіледі.
      5. Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату) тәсілін қолдану үшін, оның ішінде Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамаға (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша) № 2 және 4 қосымшаларға сәйкес тізбелер бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) шекті бастапқы (ең жоғары) бағасы (сатып алудың бағдарлы құны) айқындалады.
      Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату) жеңімпазы деп сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең төмен бағасын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады.
      Мүше мемлекеттердің кез келгені баға ұсыныстарын сұратудан (баға белгіленімдерін сұратудан) аукциондарды артықшылықпен өткізуге көшуге ұмтылады.
      Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату) тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде веб-порталда, оның мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде, бірақ баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгіленімдерін сұратуға) қатысуға өтінімдер беру аяқталатын күнге дейін кемінде 4 жұмыс күні бұрын оның өткізілетіні туралы хабарлама жарияланады (орналастырылады).
      Баға ұсыныстарын сұратуды (баға белгіленімдерін сұратуды) жүргізу барысында жасалған комиссия хаттамалары электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жарияланады (орналастырылады) және Баға белгілеу комиссиясы қабылдаған шешімдер туралы хабарламалар әрбір әлеуетті өнім берушіге шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.
      6. Ұсыныстар сұратуды жүргізу арқылы сатып алу Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамаға № 2 қосымшада көзделген тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты жүзеге асырылуы мүмкін (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша).
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шартты (келісімшартты) орындаудың ең үздік талаптарын ұсынған әлеуетті өнім беруші ұсыныстар сұратудың жеңімпазы деп танылады.
      Ұсыныстар сұратуды жүргізу арқылы сатып алуды өткізу кезінде веб-порталда, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде, бірақ ұсыныстарды сұратуға қатысуға өтінімдер беру аяқталатын күнге дейін кемінде 5 жұмыс күнінен бұрын оның өткізілетіні туралы хабарлама жарияланады (орналастырылады).
      Ұсыныстар сұратуды жүргізу барысында сатып алуды өткізу барысында жасалған комиссия хаттамалары электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жарияланады (орналастырылады) және комиссия қабылдаған шешімдер туралы хабарламалар әрбір әлеуетті өнім берушіге шешімдерді қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.
      7. Аукциондарға қатысу мақсатында әлеуетті өнім берушілер, егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, кем дегенде 3 жыл мерзімге веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) міндетті түрде аккредиттелуге жатады.
      Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған және аукцион туралы құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.
      8. Аукцион мынадай талаптар ескеріле отырып өткізіледі:
      1) аукцион туралы құжаттаманы бекіту;
      2) аукциондық комиссия құрамын бекіту;
      3) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда аукцион өткізу туралы хабарламаны және аукцион туралы құжаттаманы мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген мерзімде, бірақ аукционға қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын жариялау (орналастыру). Аукцион өткізу туралы хабарламаға және (немесе) аукцион туралы құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда, аукционға қатысуға өтінімдерді беру мерзімі, енгізілген өзгерістер электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап, аукционға қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін осы мерзім кемінде күнтізбелік 7 күнді құрайтындай мерзімге ұзартылады. Бұл ретте, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасын өзгертуге жол берілмейді. Егер мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында аукционды қысқа мерзім ішінде өткізуге мүмкіндік беретін сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғары) бағасы (сатып алудың бағдарлы құны) көзделген болса, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен аукционға қатысуға өтінімдерді беру үшін осы тармақшада көзделгенге қарағанда неғұрлым қысқа мерзім, бірақ аукционға қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 7 күн, ал аукцион туралы құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда - осындай өзгерістер электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап, аукционға қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 3 күн етіп белгіленген болуы мүмкін.
      4) аукционға қатысуға өтінімдер беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей аукцион туралы құжаттаманың ережелерін түсіндіру және мұндай түсіндірулерді электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жариялау (орналастыру). Сұрау салу бойынша аукцион туралы құжаттаманың ережелерін түсіндіру, оны аукционға қатысуға өтінімдер беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей алған жағдайда жүзеге асырылады;
      5) электрондық сауда алаңына (электрондық алаңға) немесе веб-порталға электронды құжат нысанында аукционға қатысуға өтінімдер беру;
      6) аукциондық комиссияның аукцион туралы құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін аукционға қатысуға өтінімдер, оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді осы тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген рәсімдерге жіберу бөлігінде ашу және қарау;
      7) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда аукционға қатысуға өтінімдерді ашу, қарау және әлеуетті өнім берушілерді осы тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген рәсімдерге жіберу хаттамаларын жариялау (орналастыру) және мұндай ашу, қарау және жіберу нәтижелері туралы әрбір әлеуетті өнім берушіге аукциондық комиссия тиісті шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру;
      8) бағасын төмендету жағына қарай аукцион өткізу жолымен сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғары) бағасын (сатып алудың бағдарлы құнын) төмендету рәсімін өткізу. Бұл ретте, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасы сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғары) бағасының (сатып алудың бағдарлы құнының) 0,5 пайызына дейін және одан да төмен төмендетілген жағдайда, аукцион сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасын көтеру арқылы жалғасады, мұндай жағдайда тапсырыс берушіге өнім беруші төлейді;
      9) осы тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген рәсімнің нәтижелері туралы хаттаманы электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жариялау (орналастыру) және мұндай рәсімнің нәтижелері туралы, ол аяқталған күні әрбір әлеуетті өнім берушіге хабар беру;
      10) аукциондық комиссияның аукцион туралы құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және аукцион жеңімпазын айқындау үшін, осы тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген рәсімге қатысқан әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін қарауы, сондай-ақ электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда бұл туралы хаттаманы жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге аукциондық комиссия тиісті шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей мұндай қарау мен аукцион жеңімпазын айқындау нәтижелері туралы хабар беру;
      11) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінде және аукцион туралы құжаттамада көрсетілген талаптармен, осы тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген рәсімнің нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес, осындай әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шартының (келісімшартының) бағасы бойынша, аукцион жеңімпазын айқындау туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен немесе 10 жұмыс күнінен кейін және күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу немесе мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған жағдайларда аукционды өтпеді деп тану. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең төмен бағасын ұсынған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігін негізге ала отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді;
      12) аукцион нәтижелері туралы мәліметтерді электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге аукцион қорытындылары туралы аукциондық комиссия тиісті шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру.
      9. Егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, өнім берушіні таңдауды регламенттейтін нормаларды қолданбай сатып алуды жүзеге асыруға және онымен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасуға жол беріледі. Бұл ретте, мұндай сатып алу Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамаға № 3 қосымшада көзделген жағдайларда, мүше мемлекеттің азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша).
      10. Бір көзден не жалғыз өнім берушіден (мердігерден, орындаушыдан) сатып алу сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасының есеп айырысулары мен негіздемелері болған кезде жүзеге асырылады.
      Бір көзден не жалғыз өнім берушіден (мердігерден, орындаушыдан) сатып алу туралы ақпаратты орналастыруға қойылатын талаптар мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен айқындалады.

Сатып алуды реттеу тәртібі


туралы хаттамаға     
№ 2 қосымша       

Ұсыныстарды сұратуды жүргізу арқылы сатып алуды


жүзеге асыру жағдайларының тізбесі

      1. Тапсырыс беруші Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың 22-тармағының талаптарын ескере отырып бұзылуын жүзеге асырған, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша). Бұл ретте, егер сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бұзылғанға дейін өнім беруші сатып алу туралы шартта (келісімшартта) көзделген міндеттемелерді ішінара орындаған жағдайда, осы тармақтың негізінде сатып алу туралы жаңа шартты (келісімшартты) жасаған кезде, сатып алу туралы бұзылған шарт (келісімшарт) бойынша жеткізілетін тауардың саны, орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің көлемі ескеріліп, жеткізілетін тауардың санын, орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің көлемі азайтылуы тиіс, ал сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасы жеткізілетін тауардың санына, орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің көлеміне пропорционалды азайтылуға тиіс.


      2. Пациенттің медициналық құжатында және дәрігерлер комиссиясы журналында тіркелетін, дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша медициналық көрсетімдер болған кезде (жеке көтере алмаушылық, өмірлік көрсеткіштері бойынша) пациентке тағайындау үшін қажетті дәрілік препараттарды сатып алуды жүзеге асыру. Бұл ретте, сатып алынатын дәрілік препараттар көлемі пациенттің емделу мерзімі ішінде қажетті дәрілік препараттар көлемінен аспауға тиіс. Бұдан басқа, осы тармаққа сәйкес сатып алуды жүзеге асыру кезінде екі және одан көп пациентке тағайындау үшін қажетті дәрілік препараттар бір шарттың (келісімшарттың) нысанасы бола алмайды.

Сатып алуды реттеу тәртібі


туралы хаттамаға     
№ 3 қосымша       

Бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден)


сатып алуды жүзеге асыру жағдайларының тізбесі

      1. Сұйытылған газды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес реттелетін бағалар (тарифтер) бойынша инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуды (жалғау) энергиямен жабдықтаудың немесе электр энергиясын кепілдендірілген өнім берушімен электр энергиясын сатып алу-сатудың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар қызметінің саласына жататын қызметтерді сатып алу.


      2. Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтау және әкелу (әкету) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      3. Мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген бағалар (тарифтер) бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      4. Мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотоқорларды және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған мәдени құндылықтарды (оның ішінде, мұражай заттары мен мұражайлық коллекцияларды, сондай-ақ сирек кездесетін және бағалы басылымдарды, көшірмелерін қоса алғанда, тарихи немесе өзге мәдени маңызы бар қолжазбаларды, мұрағаттық құжаттарды) жеткізу.
      5. Жұмылдыру даярлығы жөніндегі жұмыстарды орындау.
      6. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мүше мемлекеттің заңнамалық актілерінде айқындалған нақты тұлғадан сатып алу, сондай-ақ өкілеттіктеріне сәйкес тек қана атқарушы билік органдары немесе оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік (біртұтас) кәсіпорындар, дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) 100 пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері мүше мемлекеттің заңнамалық актілерінде, мүше мемлекеттің актілерінде белгіленетін заңды тұлғалар жеткізуді, орындауды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      7. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы нәтижесінде, оның ішінде төтенше жағдай (төтенше жағдайлар салдарын оқшаулау және (немесе) жою) авария, шұғыл медициналық араласу қажеттігі туындауы салдарынан уақыт шығынын талап ететін өзге де тәсілдермен сатып алуды жүзеге асыру орынсыз.
      8. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарынан, емдеу-өндірістік (еңбек) профилакторийлері мен емдеу-өндірістік (еңбек) шеберханаларынан, сондай-ақ мүгедектер саны қызметкерлердің тізімдік санының кемінде 50 пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      9. Жазаларды орындайтын мекеменің тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін, заңды тұлғалармен жасалған шарттар негізінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында, шикізатты, материалдарды және жиынтықтаушы бұйымдарды көрсетілген мекеменің мұндай шикізатты, материалдарды, жиынтықтаушы бұйымдарды сатып алуы осы шарттарда көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылу шартымен сатып алуы.
      10. Сатып алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша өткізілмеген деп танылған сатып алу (мүше мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда).
      11. Ұлттық қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктері, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін байланыс қызметтерін көрсету.
      12. Мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленуі мүмкін және бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алуды жүзеге асыруға рұқсат етілетін мәмілелердің шекті сомасы (не шекті тоқсандық немесе жылдық көлемі), бұл ретте, көрсетілген мөлшер жеке сипатта болмауы тиіс (мүше мемлекеттер сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қолжетімділігін барынша кеңейту мақсатында көрсетілген шекті барынша азайтуға ұмтылады).
      13. Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жалғыз өнім берушіден қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуге тапсырысты орналастыру, сондай-ақ қару-жарақты, әскери және арнаулы техниканы жөндеу (жаңғырту) бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      14. Мүше мемлекет басшысының белгілі бір жарлығымен немесе өкімімен, мүше мемлекет басшысының шешімі немесе тапсырмасы бойынша мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органының өкімімен айқындалған әлеуетті өнім берушіден нақты сатып алу. Мұндай актілерді қабылдауға қатысты шешімдер мен әрекеттер Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың 32 және 33-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша).
      15. Белгілі бір авторлардың әдебиет және өнер туындыларын (киножобаларды прокаттау мақсатында сатып алуды қоспағанда), нақты орындаушылардың орындауларын, егер жалғыз тұлғаға осындай шығармаларға, орындауларға және фонограммаларға айрықша құқық тиесілі болса, нақты даярлаушылардан фонограммаларды сатып алу.
      16. Белгілі бір мерзімді баспасөздер мен электрондық басылымдарға жазылу, сондай-ақ белгілі бір авторлардың баспасөз және электрондық басылымдарын сатып алу; осындай баспасөз және электрондық басылымдар баспагерлерінен, егер аталған баспагерлерге осындай басылымдарды пайдалануға айрықша құқық тиесілі болса, мемлекеттік және муниципалдық білім беру мекемелерінің, мемлекеттік және муниципалдық кітапханалардың, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін электрондық басылымдарға қолжетімділік беру жөніндегі қызметтерді көрсету.
      17. Хайуанаттар паркіне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге, спорттық іс-шараға баруға арналған тапсырысты орналастыру, сондай-ақ театр-ойын-сауық, мәдени-ағартушылық және ойын-сауық-көңіл-көтеру іс-шараларына баруға кіру билеттері мен абонементтерін, экскурсия билеттері мен экскурсия жолдамаларын өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу.
      18. Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу және көрсетілген іс-шараларға қатысу үшін ақы төлеу, сондай-ақ бірнеше тапсырыс берушінің қажеттіліктері үшін жүргізілетін іс-шараларға қатысу бойынша, мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып табылатын, тапсырыс беруші болып айқындалған өнім берушімен (мердігермен, орындаушымен) қызметтер көрсетуге арналған сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу.
      19. Жеке тұлғалардан оқытушылық көрсетілетін қызметтерді, экскурсия жетекшісі (гид) қызметтерін көрсетуді сатып алу.
      20. Театр-ойын-сауық ұйымдарының, мұражай, клуб мекемелерінің, кинематография ұйымдарының, өзге де мәдениет ұйымының, мәдениет саласындағы білім беру мекемесінің, телерадио хабарларын тарату ұйымының нақты жеке тұлғадан немесе нақты жеке тұлға сценарий авторынан, орындаушы әртістен, балетмейстерден, теле немесе радиобағдарламаны жүргізушіден, дизайнерден, дирижерден, драматургтен, жануарларды үйретушіден, композитордан, концертмейстерден, либретто авторынан, кино, бейне-, дыбысжазба операторынан, жазушыдан, ақыннан, режиссерден, репетитордан, мүсіншіден, хореографтан, хормейстерден, суретшіден және өзге де шығармашылық қызметкерінен әдебиет немесе өнер туындыларын жасауға немесе орындауға тапсырысты орналастыру, сондай-ақ нақты жеке тұлғадан, оның ішінде дара кәсіпкерден не заңды тұлғадан декорацияларды, сахналық жиһазды, сахналық костюмдерді (оның ішінде бас киімдер мен аяқ киімдерді) және декорациялар мен костюмдерді жасау үшін қажетті материалдарды, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген ұйым шығармаларын құру және (немесе) орындау үшін қажетті театр деректемелерін, бутафория, грим, постижер бұйымдарын, театр қуыршақтарына тапсырысты орналастыру.
      21. Күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамаларын әзірлеуді авторлық бақылау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды реконструкциялауды, күрделі жөндеуді авторлық қадағалауы бойынша қызметтерді сатып алу.
      22. Мүше мемлекеттер халықтарының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткіші) сақтау бойынша жұмысты жүргізуді техникалық және авторлық қадағалауды жүргізуге тапсырысты орналастыру.
      23. Іс-шаралар өткізілетін жерге бару және қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, қызметкерді - қызметтік іссапарға, оқушыларды, студенттерді, аспиранттарды шығармашылық жарыстарға (конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ойындарға), көрмелерге, пленэрлерге, конференцияларға, форумдарға, шеберлік-сыныптарына, тағлымдамаларға, оқу практикалық тапсырмаларды орындауға қатысу үшін жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өкілдік ету шығыстарымен байланысты тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      24. Шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттердің үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдар, парламенттік делегациялар, үкіметтік делегациялар, шет мемлекеттер делегациялары басшыларының сапарларын қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді көрсетуге тапсырысты (қонақ үй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, тамақпен қамтамасыз ету) орналастыру.
      25. Мүше мемлекеттің басшысын, өзге де қорғалатын тұлғаларды және қорғалатын тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу (тұрмыстық, қонақүй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, қауіпсіз тамақ беру), сондай-ақ мүше мемлекет басшысының қызметіне бейнемұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      26. Мемлекеттік және жұмылдыру материалдық резервтерінен іске асырылатын материалдық құндылықтарды сатып алу.
      27. Белгілі бір өнім берушіден сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушіде тиісті тауарлардың қосымша санына қажеттіліктің туындауы, бұл ретте, қосымша сатып алынатын тауар саны сатып алу туралы шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар санының 10 пайызынан аспауға тиіс (қосымша жеткізілетін тауар бірлігінің бағасы келісімшартта көзделген осындай тауар санына келісімшарттың бастапқы бағасын бөлуден жеке меншік ретінде айқындалуға тиіс).
      28. Егер көппәтерлі үйдегі үй-жайлар жеке меншікте, мемлекеттік меншікте немесе муниципалдық меншікте болса, басқарушы ұйымның тұрғын үй заңнамасына сәйкес, көппәтерлі үйде үй-жайлардың меншік иелерінің немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының таңдауы негізінде көппәтерлі үйді басқару жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру.
      29. Нысанасы - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған актілермен тұруға арналмаған үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды сатып алу болып табылатын сатып aлу туралы шарт (келісімшарт) жасасу, сондай-ақ егер осы қызметтер басқа тұлғаға немесе өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұруға арналмаған үй-жайларды пайдаланатын тұлғаларға көрсетілетін болса, тұруға арналмаған ғимаратты, құрылысты, үй-жайды жалдау, жалға берілген үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, мемлекетке немесе муниципалдық тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға берілген бір немесе бірнеше тұруға арналмаған үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру.
      30. Егер мұндай сатып алу мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, сатып алу қорытындыларын жасағанға және сатып алу туралы шарт (келісімшарт) күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы мұқтаждықты сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік. Бұл жағдайда, сатып алу көлемі сатып алуды өткізу мерзімі ішінде, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімде тапсырыс берушінің мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар санынан, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінен аспауға тиіс.
      31. Жедел-іздестіру қызметін, осы әрекеттерді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың тексеру әрекеттерін жүзеге асыру үшін, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғауға жататын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы оқу білімі бар лауазымды тұлғалар мен мамандардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу.
      32. Табиғат пайдалану құқығын алу.
      33. Шетелдерде қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      34. Рейтингтік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерін, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      35. Зағип және нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кітапханалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу.
      36. Бағалы қағаздарды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы (жарғылық қорындағы) үлестерін сатып алу.
      37. Мүше мемлекетте сайлау және референдум өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген тізбе бойынша сатып алу.
      38. Мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы бекіткен тізбе бойынша мүше мемлекеттің халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ мүше мемлекет мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      39. Мемлекеттік шекара сызығының өтуін делимитациялауды, демаркациялауды және тексеруді, сондай-ақ мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында теңіз кеңістігін делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз етуді сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу.
      40. Мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметі қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусіз негізде мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органына беретін гранттардың ақшалай қаражаттарын, сондай-ақ оларды ұсыну туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда, осы гранттарды қоса қаржыландыруға бөлінетін ақшалай қаражатты пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      41. Жеке тұлғалар үшін (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өз бетінше таңдаған жағдайда) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      42. Мүше мемлекеттердің азаматтарын шетелде емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ оларды тасымалдау және ілесіп жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      43. Сатып алынатын тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      44. Мүше мемлекеттің шетелдегі мекемелерінің, олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бітімгершілік операциялар мақсаттары үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      45. Халықаралық ақпараттық ұйымдардың ақпарат беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.
      46. Монетарлық қызметті, сондай-ақ мүше мемлекеттің ұлттық қорын және зейнетақы активтерін басқару жөнінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      47. Халықаралық төрелікте, халықаралық коммерциялық төрелікте және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және мүдделерін білдіру жөніндегі консультациялық және заңдық көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      48. Мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      49. Статистикалық бақылау деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      50. Мүше мемлекеттің банкроттық туралы заңнамасына, жер заңнамасына сәйкес және мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде жүргізілетін, атқарушылық іс жүргізу туралы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сот орындаушылары сауда-саттықта (аукциондарда) өткізетін мүлікті (активтерді) сатып алу.
      51. Адвокаттардың мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған тұлғаларға көрсететін қызметтерін сатып алу.
      52. Мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайда, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу.
      53. Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      54. Мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайда, ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ғарыш аппараттарын жобалау, жинау және сынау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      55. Мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу.
      56. Мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, мүше мемлекеттің заң шығару органы депутатының омырау белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, мүше мемлекет азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) мен жеке куәліктерін, шетелдіктің мүше мемлекетте тұруға арналған ықтиярхатын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы айқындаған өнім берушілерден мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы бекіткен тізбе бойынша арнайы қорғаныс дәрежесін талап ететін баспа өнімдерін сатып алу.
      57. Мемлекеттік бағалы металдар мен бағалы тастар қорын толықтыру үшін бағалы металдар мен бағалы тастарды сатып алу.
      58. Ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарда, сондай-ақ қауіптілігі жоғары, машиналарға және механизмдерге байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлері міндетті медициналық қарап-тексеру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      59. Мүше мемлекеттің спорттық ұлттық және құрама командаларына қатысу және (немесе) дайындау үшін, сондай-ақ мүше мемлекеттің спорттық ұлттық және құрама командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, дефлимпиадалық және басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін осы салады реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы бекіткен күңтізбелік жоспар негізінде қажетті спорт мүкәммалын және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу.
      60. Мүше мемлекеттің саяси, экономикалық немесе әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, мүше мемлекет басшысының немесе мүше мемлекет үкіметінің кезек күттірмейтін шығындарына арналған резервінен бөлінген қаражат есебінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      61. Құқық қорғау және жарылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды табуға және залалсыздандыруға, терроризмге қарсы операцияларды, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды босату, қарулы қылмыскерлерді, экстремистерді, террористерді, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды ұстау және залалсыздандыру жөніндегі арнайы операцияларды жүргізуге байланысты арнайы мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      62. Дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организмінің функциялары біржола бұзылған адамдарға (бірнеше адамнан тұратын отбасыларға) және (немесе) белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға, сондай-ақ жасының ұлғаюына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (бірнеше адамнан тұратын отбасыларға) ұсынылатын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу.
      63. Мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда, халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарын сатып алу.

Сатып алуды реттеу тәртібі


туралы хаттамаға     
№ 4 қосымша       

Сатып алу аукцион арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың,


жүктеу 3,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау