Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт



жүктеу 3,03 Mb.
бет39/46
Дата14.11.2018
өлшемі3,03 Mb.
#19756
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46

тізбесі


Р/с


Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы*

Ресей Федерациясы**

1

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, пойыздардың қозғалысын (жүріп етуін) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және пойыздардың қозғалысын (жүріп өтуін) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, пойыздардың қозғалысын (жүріп өтуін) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау

2

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау

3

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің, багаждың және жүк-багаждың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және коммерциялық бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

-

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және коммерциялық бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

      * Оның ішінде Ресей Федерациясының аумағындағы Қазақстан Республикасына тиесілі инфрақұрылым учаскелері үшін;
      ** Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы Ресей Федерациясына тиесілі инфрақұрылым учаскелері үшін.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа 
№ 25 ҚОСЫМША    

Сатып алуды реттеу тәртібі туралы


ХАТТАМА

I. Жалпы ережелер



      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) XXII бөліміне сәйкес әзірленген және сатып алуды реттеу тәртібін айқындайды.
      2. Шарттың XXII бөлімінде және осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      «веб-портал» — сатып алу туралы ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай орнын беретін Интернет желісіндегі мүше мемлекеттің бірыңғай ресми сайты;
      «тапсырыс беруші» - мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, бюджеттік ұйым (оның ішінде мемлекеттік (муниципалдық) мекемелер), сондай-ақ мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасында айқындалған жағдайларда, осы заңнамаға сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын өзге де тұлғалар. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында қызметі осы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастырушыны құру (жұмыс істеуі) көзделуі мүмкін. Бұл ретте, сатып алуды ұйымдастырушыға тапсырыс берушінің сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу жөніндегі функцияларын беруге жол берілмейді;
      «сатып алу» - мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу, бұл арқылы тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы және мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, бюджет қаражаты, сондай-ақ өзге қаражат есебінен өзге де сатып алу, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) орындауға байланысты қатынастар түсініледі;
      «сатып алу туралы ақпарат» - сатып алуды жүргізу туралы хабарлама, сатып алу туралы құжаттама (оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жобасы), осындай хабарламаларға, құжаттамаға енгізілетін өзгерістер, сатып алу туралы құжаттаманы түсіндіру, сатып алу процесінде жасалған хаттамалар, сатып алу рәсімінің нәтижесі туралы мәліметтер, сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) және осындай шарттарға жасалған қосымша келісімдер туралы мәліметтер, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалу нәтижесі туралы мәліметтер, мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы уәкілетті, реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарына шағымдардың түсуі туралы, олардың мазмұны және осындай шағымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер туралы, осындай органдар берген нұсқамалар туралы мәліметтер. Сатып алу туралы ақпарат веб-порталға міндетті түрде орналастыруға жатады;
      «ұлттық режим» - әрбір мүше мемлекет сатып алу мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің аумақтарынан шығарылатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге, осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілеріне және мүше мемлекеттердің өнім берушілеріне өз мемлекетінің аумағынан шығарылатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін өз мемлекетінің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілеріне ұсынылатын режимнен кем емес қолайлы режимді қамтамасыз ететінін көздейтін режим. Тауардың шығарылған елі Одақтың кедендік аумағында қолданылатын, тауарлардың шығарылған елін айқындау ережелеріне сәйкес айқындалады;
      «электрондық сауда алаңының (электрондық алаң) операторы» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңына (электрондық алаңға), оның жұмыс істеуі үшін қажет бағдарламалық-аппараттық құралдарға иелік ететін және (немесе) оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
      «өнім беруші» - өнім беруші, орындаушы не мердігер болып табылатын және сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасалған тұлға;
      «әлеуетті өнім беруші» - кез келген заңды тұлға немесе кез келген жеке тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер);
      «электрондық сауда алаңы (электрондық алаң)» - электрондық форматта сатып aлу жүргізу үшін мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған Интернет желісіндегі сайт. Бұл ретте, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) веб-портал болып табылады деп белгіленуі мүмкін, сондай-ақ электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдардың) шектеулі саны айқындалуға тиіс;
      «электрондық сатып алу форматы» - Интернет желісін, веб-порталды және (немесе) электрондық сауда алаңын (электрондық алаңды), сондай-ақ бағдарламалық-аппараттық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі.
      3. Осы Хаттаманы қолдану кезінде, егер мүше мемлекет заңнамасының ережелерінен осы Хаттамада белгіленгеннен өзге мағына болмаса, мүше мемлекеттің заңнамасын осы Хаттамаға сәйкес келтіру талап етілмейді.

II. Сатып алу саласына қойылатын талаптар



      4. Мүше мемлекеттерде сатып алу мынадай тәсілдермен жүргізіледі:
      ашық конкурс, ол оның ішінде екі кезеңді рәсімдерді және алдын ала біліктілік іріктеуді (бұдан әрі - конкурс) көздеуі мүмкін;
      баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату);
      ұсыныстарды сұрату (егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделсе);
      ашық электрондық аукцион (бұдан әрі - аукцион);
      биржалық сауда-саттық (егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделсе);
      бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алу.
      Мүше мемлекеттер конкурсты және аукционды электрондық форматта ғана өткізуді қамтамасыз етеді және сатып алудың басқа тәсілдерін жүзеге асыру кезінде электрондық форматқа көшуге ұмтылады.
      5. Конкурс өткізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 1-4-тармақтарында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      6. Баға ұсыныстарын сұратуды (баға белгіленімдерін сұратуды) жүргізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 5-тармағында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      7. ұсыныстар сұратуды жүргізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 6-тармағында көзделген талаптар ескеріле отырып, осы Хаттамаға № 2 қосымшада көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленсе, осы Хаттамаға № 3 қосымшаның 10, 42, 44, 47, 59 және 63-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
      8. Аукцион жүргізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 4 қосымшаға сәйкес, осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 7 және 8-тармақтарында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Мүше мемлекет сатып алу туралы өз заңнамасында аукцион өткізу арқылы сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің неғұрлым ауқымды тізбесін белгілеуге құқылы.
      9. Тауар биржасында биржа тауарларын (оның ішінде, осы Хаттамаға № 4 қосымшада көзделген тауарларды) сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мүше мемлекет өз заңнамасында сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін тауар биржаларын айқындауға құқылы.
      10. Бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алу осы Хаттамаға № 3 қосымшада көзделген жағдайларда, осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 10-тармағында көрсетілген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Мүше мемлекет сатып алу туралы өз заңнамасында осы Хаттамаға № 3 қосымшада көзделген тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін қысқартуға құқылы.
      11. Мүше мемлекет сатып алу туралы өз заңнамасында сатып алуды жүзеге асыру аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау қажеттілігіне байланысты сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін, сондай-ақ айрықша жағдайларда 2 жылдан аспайтын мерзімге - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін біржақты тәртіппен белгілеуге құқылы.
      Осындай ерекшеліктерді белгілеуге қатысты шешімдер мен әрекеттер осы Хаттаманың 32-33-тармақтарында көзделген тәртіппен қабылданады.
      12. Тапсырыс беруші сатып алуды дербес не сатып алуды ұйымдастырушының қатысуымен жүзеге асырады (егер мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алуды ұйымдастырушының жұмыс істеуі көзделген болса).
      13. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында жосықсыз өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу көзделуге тиіс, оған:
      сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер туралы;
      олармен жасасқан сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы;
      орындау барысында өнім беруші сатып алу туралы құжаттамада белгіленген әлеуетті өнім берушілерге, өнім берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні немесе оның нәтижесінде осындай шарт жасалған сатып алу рәсімінің жеңімпазы болуына мүмкіндік берген, өзінің осындай талаптарға сәйкес келетіні туралы анық емес ақпарат бергені анықталса, тапсырыс берушілер сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) біржақты тәртіппен бұзған өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында мүше мемлекеттің жосықсыз өнім берушілері тізіліміне осындай тізілімге енгізілген тұлғаның құрылтайшылары, алқалы атқарушы органдардың мүшелері, жалғыз атқарушы органының функцияларын орындайтын тұлғалары туралы мәліметтерді енгізу көзделуі мүмкін.
      Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу осы тармақтың екінші - төртінші абзацтарында көзделген мәліметтер расталған (фактілер анықталған) кезде, мүше мемлекет сотының және (немесе) сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органының шешімі негізінде 2 жыл мерзімге жүзеге асырылады.
      Өзі туралы мәліметтер жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген тұлға осы тізілімге енгізілгеніне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында осы Хаттамаға № 3 Қосымшаның 1 және 6-тармақтарына сәйкес айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілерді жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу бөлігінде ерекшелік көзделуі мүмкін.
      14. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында осы мүше мемлекеттің жосықсыз өнім берушілері тізілімінде және (немесе) басқа мүше мемлекеттердің жосықсыз өнім берушілері тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді негізге ала отырып, тапсырыс берушінің сатып алуға қатысуға жіберуді жүзеге асыру құқығы немесе міндеті көзделуі мүмкін.
      15. Мүше мемлекеттер сатып алуға қатысуды:
      1) сатып алу туралы өз заңнамасына сәйкес, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қойылатын қосымша талаптар белгілеу арқылы;
      2) осы Хаттамада белгіленген өзге де жағдайларда шектейді.
      16. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында:
      1) сатып алу шарттарына әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қойылатын кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптарды енгізуге;
      2) сатып алу туралы құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға қатысуға жіберуге;
      3) сатып алуды жүргізу хабарламасында және (немесе) сатып алу туралы құжаттамада көзделмеген негіздемелер бойынша әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға қатысуға жіберуден бас тартуға тыйым салу белгіленеді.
      17. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерден және өнім берушілерден сатып алуға қатысқаны үшін төлемақы алуға жол берілмейді.
      18. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қойылатын, сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету туралы талаптар белгіленуі мүмкін.
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері мен нысаны белгіленеді. Бұл ретте, сатып алу туралы шартта (келісімшартта) аванс төлемі көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мөлшері - сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының 5 пайызынан (сатып алудың бағдарланатын құнынан), ал сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету - сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының 30 пайызынан (сатып алудың бағдарланатын құнынан) аспауға тиіс. Мұндай жағдайда, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері - аванс мөлшерінің кемінде 50 пайызын құрауға тиіс.
      Егер сатып алу туралы шарт (келісімшарт) өнім берушіге аванс беру туралы талапты қамтыған жағдайда, өнім беруші одан бас тартуға құқылы.
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің және сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етудің кемінде 2 тәсілі (түрі) белгіленуге тиіс.
      Бұл ретте, сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету және сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету ретінде, оның ішінде мыналар:
      тапсырыс берушінің не, егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген болса, сатып алуды ұйымдастырушының, электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) операторының банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
      банк кепілдігі қабылданады.
      Сатып алу мақсаты үшін банктік кепілдіктерге қойылатын талаптар мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасы осындай заңнамада көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге олардың сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуін және сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етуін уақтылы қайтаруды қамтамасыз етуге тиіс.
      19. Сатып алу туралы құжаттамаға және өзге құжаттарға сатып алуды жүргізу кезінде - сатып алу объектісінің сипаттамаларын бейнелеудің барынша дәл басқа тәсілі болмаған (мұндай жағдайларда сатып алушы сатып алу туралы құжаттамаға «немесе баламасы (сол тектес)» деген сияқты сөздерді қосады) жағдайларды қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына, өндірушіге немесе өнім берушіге талаптар немесе нұсқамалар қосылмауға тиіс. Сатып алынатын тауардың осындай тауарлардың үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет болған кезде (оның ішінде, негізгі (белгіленген) жабдықты толық жабдықтау, жаңғырту және толық жарақтандыру) тапсырыс беруші пайдаланатын тауармен үйлеспейтіні - ерекшелік болып табылады.
      Тапсырыс беруші халықаралық шарттарда және Одақ құқығын құрайтын актілерде және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген техникалық регламенттерге, стандарттарға және өзге де талаптарға сәйкес айқындалған, сатып алу объектісінің техникалық және сапалық сипаттамаларына қатысты стандарттық көрсеткіштерді, талапты, шарттық белгілеулерді және терминологияны белгілеуге құқылы.
      20. Сатып алудың нәтижелеріне өздері мүдделі жеке тұлғалар (оның ішінде конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгіленімдерін сұратуға) немесе ұсыныстарды сұратуға қатысуға өтінімдер берген жеке тұлғалар), конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгіленімдерін сұратуға) немесе ұсыныстар сұратуға қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілер қызметкерлері не әлеуетті өнім берушілер (оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің қатысушылары (акционерлері), олардың басқару органдарының қызметкерлері және әлеуетті өнім берушілердің кредиторлары болып табылатын жеке тұлғалар) өздеріне ықпал етуге қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ сатып алу саласында бақылауды тікелей жүзеге асыратын сатып алу саласындағы мүше мемлекеттің уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарының лауазымды тұлғалары комиссия (оның ішінде конкурстық, аукцондық және белгіленімдік) мүшелері бола алмайды.
      21. Сатып алу туралы шарт (келісімшарт) мынадай міндетті талапты:
      1) сатып алу туралы осындай шартта (келісімшартта) көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың жауаптылығын;
      2) ақы төлеу тәртібін, сондай-ақ тапсырыс берушінің сатып алу нәтижесінің сатып алу туралы шартта (келісімшартта) белгіленген талаптарға сәйкестігіне (оның ішінде, саны (көлемі), жиынтығы, сапасы бойынша қабылдап алуды жүзеге асыру тәртібі туралы қамтуға тиіс.
      22. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында мыналарға:
      1) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілердің және өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) талаптарын белгілеуге;
      2) сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бойынша міндеттемелерді басқа тарап тиісінше орындамаған және осындай заңнамада көзделмеген жағдайларда, тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартуына;
      3) осындай заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттық міндеттемелердің орындалу талаптарының өзгеруіне, оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасының өзгеруіне тыйым салу көзделуге тиіс. Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасын пропорционалды төмендетпейінше тауарлардың санын, жұмыстар көлемін, көрсетілетін қызметтерді азайтуға жол берілмейді.
      23. Мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда, бірнеше өнім берушілермен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасуға жол беріледі.
      24. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында тауарды немесе жұмысты сатып алуды, кейіннен қызмет көрсетуді, қызмет мерзімі ішінде пайдалануды, жеткізілген тауарды немесе жұмысты орындау нәтижесінде құрылған объектіні (өмірлік цикл шарты (келісімшарты)) жөндеуді және кәдеге жаратуды көздейтін сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу туралы талап белгіленуі мүмкін.
      25. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында нақты сатып алуға қатысты сатып алу туралы құжаттың ажырамас бөлігі болып табылатын сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жобасына оны орындаудың (оның ішінде, сатып алу объектісіне байланысты емес) қосымша талаптарын енгізу қажеттігі көзделуі мүмкін.
      26. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында әлеуетті өнім берушінің және (немесе) өнім берушінің сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бойынша тапсырыс берушіге барлық бірлесіп орындаушылар және қосалқы мердігерлер туралы ақпаратты беру міндеті көзделуі мүмкін.
      27. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шартты (келісімшартты) банктік сүйемелдеу көзделуі мүмкін.
      28. Мүше мемлекеттер сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) электрондық форматта жасауға 2016 жылға дейін көшуге ұмтылады.
      29. Мүше мемлекеттер ақпараттық ашықтықты және сатып алу айқындығын қамтамасыз етеді, оның ішінде мыналар арқылы:
      1) әрбір мүше мемлекеттің веб-портал құруы;
      2) сатып алу туралы ақпаратты, жосықсыз өнім берушілер тізілімін (оның ішінде, орыс тілінде) веб-порталда жариялау (орналастыру);
      3) мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін (оның ішінде, орыс тілінде) веб-порталда жариялау (орналастыру);
      4) электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдарды) шектелген санын және (немесе) веб-порталды - электрондық форматта сатып алу туралы ақпаратқа және егер мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында бұл көзделген болса, осындай сатып алуға байланысты электрондық көрсетілетін қызметтерге рұқсат берудің бірыңғай орны ретінде анықтау;
      5) веб-порталда жарияланатын (орналастырылатын) сатып алу туралы ақпаратқа, жосықсыз өнім берушілердің тізілімі мен мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне кедергісіз және тегін қол жеткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ осындай ақпарат, тізілім мен акті бойынша мәліметтерді барынша кеңінен іздеуді қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етеді.

III. Ұлттық режим және оны қамтамасыз ету ерекшеліктері



      30. Мүше мемлекеттердің әрқайсысы басқа мүше мемлекеттердің аумақтарынан шығатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты, сондай-ақ осындай тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ұсынатын басқа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілеріне қатысты сатып алу саласындағы ұлттық режимді қамтамасыз етеді.
      31. Мүше мемлекет сатып алу туралы өз заңнамасында белгіленген біржақты тәртіппен ерекше жағдайларда ұлттық режимнен кемінде 2 жыл мерзімге алып тастауларды белгілеуге құқылы.
      32. Мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органы күні бұрын, бірақ осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес, алып қоюды белгілеу туралы актіні қабылдаған күнге дейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша нысанда Комиссияны және әрбір мүше мемлекетті оны қабылдау қажеттігін негіздей отырып, осындай актіні қабылдағаны туралы хабардар етеді.
      Осындай хабарламаны алған мүше мемлекет тиісті консультациялар жүргізу туралы ұсыныспен, оны жіберген органға жүгіне алады.
      Көрсетілген хабарламаны жіберген мүше мемлекет консультациялар жүргізуден бас тарта алмайды.
      33. Комиссия осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес мүше мемлекет қабылдаған, алып қоюды белгілеу туралы актінің күшін жою жою қажеттігі туралы шешімді - оны қабылдаған күнінен бастап 1 жыл ішінде қабылдауға құқылы.
      Комиссия көрсетілген актінің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешім қабылдаған мүше мемлекет 2 айлық мерзімде осындай актіге тиісті өзгерістер енгізуді (күші жойылды деп тануды) қамтамасыз етеді.
      Комиссияның осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес актілерді қабылдау туралы хабарламаларды және олардың күшін жою мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің өтініштерін қарауы, сондай-ақ Комиссияның осындай актілердің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдауы Комиссия айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      Осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес қабылданған актінің күшін жою қажеттігі туралы Комиссия шешімі күшіне енген күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, өзіне қатысты көрсетілген шешім шығарылған мүше мемлекет оны орындамаған жағдайда, мүше мемлекеттердің әрқайсысы біржақты тәртіппен осындай мүше мемлекетке ұлттық режимді қолданбауға құқылы. Бұл туралы хабарлама Комиссияға және мүше мемлекеттердің әрқайсысына дереу жіберіледі.
      34. Егер мүше мемлекет Шарттың XXII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген міндеттемелерді орындамаса, басқа мүше мемлекеттер Комиссияға жүгінуге құқылы. Комиссия қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      бұзушылық фактісінің болмауы;
      бұзушылық фактісін және мүше мемлекеттің анықталған бұзушылықты жою қажеттігін тану.
      Егер анықталған бұзушылықты жою қажеттігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, өзіне қатысты осындай шешім шығарылған мүше мемлекет оны орындамаса, басқа мүше мемлекеттердің әрқайсысы біржақты тәртіпте осындай мүше мемлекетке ұлттық режимді қолданбауға құқылы.
      Бұл туралы хабарлама Комиссияға және мүше мемлекеттердің әрқайсысына дереу жіберіледі.

IV. Сатып алуға қатысу кезінде тұлғалардың құқықтары мен


жүктеу 3,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау