ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
АЛҚА
ШЕШІМ
2015 жылғы «22» қыркүйек
|
№ 122
|
Мәскеу қаласы
|
Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы
2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдары шассилері электрондық паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері электрондық паспорттарының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті: 1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі бекітілсін.
2. Мынадай:
а) 2016 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасында белгіленген нысан бойынша және қағидаларға сәйкес көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) ресімдеуге жол беріледі;
б) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мүше мемлекет заңнамасында белгіленген нысан бойынша және қағидаларға сәйкес өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын ресімдеуге жол беріледі;
в) 2017 жылғы 15 наурызға дейін өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері паспорттының бірыңғай нысанына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 100 шешімімен бекітілген оны толтыру тәртібіне сәйкес өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын ресімдеуге жол беріледі;
г) осы Шешім күшіне енгізілгенге дейін, сондай-ақ осы тармақтың «а» - «в» тармақшаларына сәйкес ресімделген көлік құралдарының паспорттарын және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын көлік құралдарының электрондық паспорттарына және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттарына ауыстыру көлік құралы (өздігінен жүретін машина және техниканың басқа түрлері) меншік иесінің өтініші бойынша жүзеге асырылады;
д) 1 көлік құралына, (көлік құралының шиссиіне), өздігінен жүретін машинаға және техниканың басқа түріне бір мезгілде электрондық паспорт пен қағаз жеткізгіштегі паспортты ресімдеуге жол берілмейді деп белгіленсін.
3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында:
а) электрондық паспорт бөлімдерінің барлық бос жолдары толтырылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын, көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген уәкілетті органның (ұйымның) немесе жасаушы ұйымның электрондық паспорттың бірегей нөмірін беруінің 24 сағаттан аспайтын және электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) пайдалану арқылы электрондық паспортта қамтылған мәліметтерді растау мерзімі;
б) көлік құралдарына, өздігінен жүретін машиналарға және техниканың басқа түрлеріне қатысты тіркеу әрекеттерін жүзеге асыратын мүше мемлекеттер органдарының электрондық паспорттарға өзгерістер енгізу туралы өтініштерді электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісіне жіберуінің 24 сағаттан аспайтын мерзімі;
в) электрондық паспорттар ресімделген көлік құралдарына, өздігінен жүретін машиналарға және техниканың басқа түрлеріне қатысты тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру үшін электрондық паспорттар жүйелерінде «қолданыстағы» мәртебесі бар электрондық паспорттардың бар болу қажеттілігі айқындалады деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко
Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 122 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу
ТӘРТІБІ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдары шассилері электрондық паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері электрондық паспорттарының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3-бабына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары (бұдан әрі – электрондық паспорттар) жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын айқындайды.
2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар Келісімнің 2-бабында айқындалған мағыналарда қолданылады.
3. Электрондық паспорттар мүше мемлекеттердің заңды және жеке тұлғаларына, Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ азаматтығы жоқ жеке тұлғаларға тиесілі:
а) мемлекеттік тіркеуге жататын, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары арқылы жүруге арналған көлік құралдарының;
б) көлік құралдары шассилерінің (бұдан әрі - шасси);
в) мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа түрлерінің (бұдан әрі - машиналар) электрондық паспорттары жүйелерінде ресімделеді.
4. Мыналар:
а) электрондық паспорттар жүйелерініңң әкімшісі (бұдан әрі - әкімші);
б) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын, көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген көлік құралдарын (шассилерді, машиналарды) жасаушы ұйымдар (бұдан әрі тиісінше – бірыңғай тізілім, жасаушы ұйымдар);
в) бірыңғай тізілімге енгізілген көлік құралдарының (шассилердің, машиналардың) паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуге уәкілеттік берілген органдар (ұйымдар) (бұдан әрі – уәкілетті органдар (ұйымдар);
г) Еуразиялық экономикалық комиссия;
д) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары, соның ішінде:
көлік құралдарын (машиналарды) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – тіркеу органдары);
кеден органдары;
құқық қорғау органдары;
салық органдары;
е) көлік құралының (шассидің, машинаның) меншік иесі;
ж) электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтерді алуға (жіберуге) мүдделі өзге де тұлғалар электрондық паспорттар жүйелеріне қатысушылар болып табылады.
5. Электрондық паспорттарды электрондық паспорттардың жүйелерінде:
а) электрондық паспорттарды қолдану басталатын күннен бастап жасаушы ұйым жасап шығарған көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға) қатысты – осы жасаушы ұйым;
б) мыналарға:
жалғыз дана көлік құралдарына;
Одақтың кедендік аумағына жеке немесе заңды тұлға қатарынан 12 айдан асатын мерзімге әкелетін көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға);
мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің меншігіне айналдырылған көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға);
өндіріп алу қолданылған, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға);
мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайда - Одақтың кедендік аумағында бірыңғай тізілімге енгізілмеген жасаушы ұйым жасап шығарған көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға);
электрондық паспорттарды қолдану басталатын күнге дейін айналымға шығарылған көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға) қатысты – уәкілетті орган (ұйым) ресімдейді.
6. Электрондық паспортты ресімдеу, толтыру және өзгерістер енгізу процесінде оған электрондық паспорттар жүйелерінде мынадай мәртебелердің бірі беріледі:
а) «аяқталмаған» - электрондық паспорттың бірегей нөмірі берілгеннен кейін автоматты түрде беріледі және уәкілетті органның (ұйымның) немесе жасаушы ұйымның осы Тәртіптің ІІ бөліміне сәйкес электрондық паспортты ресімдеу объектісінің ерекшеліктерін ескере отырып, толтыру үшін ұсынылған барлық бос жолдарды толтыруын көздейді. Бұл мәртебе «қолданыстағы» мәртебесін беру шарттары орындалған жағдайда берілмейді;
б) «қолданыстағы» - электрондық паспорттың бірегей нөмірі берілгеннен және тауардың шығарылғаны туралы (әкелу жағдайында) және мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда осы мүше мемлекетің заңнамасына сәйкес кәдеге жарату немесе өзге де осыған ұқсас алымның (бұдан әрі – кәдеге жарату алымы) төленгені туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін автоматты түрде беріледі;
в) «өтелген» - басқа көлік құралының базасында түпкілікті көлік құралының (шассидің, машиналардың) жасалғаны және көлік құралының (шассидің, машиналардың) электрондық паспортын ресімдеу туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін «қолданыстағы» мәртебесі бар электрондық паспортқа қатысты автоматты түрде беріледі. Бұл мәртебе көлік құралы (шасси) электрондық паспортының бірегей нөмірін және сәйкестендіру (зауыттық) нөмірін не машинаның сәйкестендіру нөмірін (VIN немесе PIN) немесе машинаның зауыттық нөмірін (бұдан әрі - машинаның сәйкестендіру нөмірі) енгізу жолымен электрондық паспортты ресімдеу аяқталған кезде түпкілікті көлік құралын (шассиді, машиналарды) жасаушы ұйымның мәліметтері негізінде беріледі. «Өтелген» мәртебесі бар электрондық паспортқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
«Өтелген» мәртебесін өзгесіне ауыстыруды жасаушы ұйым ұсынған, «өтелген» мәртебесін беруге негіз болған мәліметтер негізінде әкімші жүзеге асырады. «Өтелген» мәртебесі бар электрондық паспорт басқа электрондық паспортты ресімдеуге негіз бола алмайды;
г) «жойылған» - әкімші:
мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органының көлік құралының (шассидің, машинаның) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты қолданыста емес деп тану туралы хабарламасы;
тіркеу органының Одақтың кедендік аумағынан әкетуге байланысты көлік құралын (шассиді, машинаны) тіркеу есебінен шығару туралы немесе көлік құралының (шассидің) сәйкестендіру (зауыттық) нөмірін немесе көлік құралына (шассиге, машинаға) түсірілген машинаның сәйкестендіру нөмірін жасыру, қолдан жасау, өзгерту, жою белгілерінің анықталуына байланысты мемлекеттік тіркеу есебінің жойылуы туралы мәліметтері;
мүше мемлекеттер кеден органдарының «қолданыстағы» мәртебесі шарттарының орындалмауына себеп болатын, кедендік құжаттар мен шектеулер туралы мәліметтері;
мүше мемлекеттердің «қолданыстағы» мәртебесі шарттарының орындалмауына себеп болатын, кәдеге жарату алымын алуға уәкілеттік берілген органдарының (ұйымдарының) мәліметтері;
уәкілетті органның (ұйымның) немесе жасаушы ұйымның жасалған жылының сәйкессіздігі туралы мәліметтері, көлік құралының (шассидің) сәйкестендіру (зауыттық) нөмірі немесе машинаның сәйкестендіру нөмірі туралы және (немесе) көлік құралының (шассидің, машинаның) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтері негізінде жою жүргізген электрондық паспортқа беріледі.
«Жойылған» мәртебесін өзгесіне ауыстыру электрондық паспортқа «жойылған» мәртебесін беруге негіз болған себептер жойылған жағдайда жүзеге асырылады;
д) «кәдеге жарату» - тіркеу органдарынан және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған мамандандырылған ұйымдардан көлік құралын (шассиді, машинаны) кәдеге жарату туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін «қолданыстағы» мәртебесі бар электрондық паспортқа қатысты автоматты түрде беріледі.
7. Электрондық паспорттар жүйелері шеңберінде:
а) электрондық паспортты ресімдеу;
б) электрондық паспортқа өзгерістер енгізу;
в) әкімшінің тізбесін, беру тәртібі мен төлемақы мөлшерін әкімші айқындайтын қосымша қызметтер көрсетуі жүзеге асырылады.
8. Осы Тәртіптің 7-тармағының «а» және «б» тармақшаларында көрсетілген іс-әрекеттер орындалған кезде электрондық паспорттар жүйелерінде уәкілетті органдар (ұйымдар) және әкімші көрсететін қызметтерге ақы төлеу мүше мемлекеттің заңнамасы айқындайтын тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады.
9. Электрондық паспортты ресімдеу аяқталғаннан кейін электрондық паспорттар жүйелерінде көлік құралының (шассидің, машинаның) меншік иесіне электрондық паспорттан үзінді көшірме ретінде көрсетілген үзінді көшірмені кейіннен басып шығару мүмкіндігімен тиісінше № 1 және 2 қосымшаларға сәйкес тізбе бойынша мәліметтер жіберіледі.
10. Көлік құралының электрондық паспорты № 3 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша мәліметтерді, № 4 қосымшаға сәйкес шассидің электрондық паспортын және № 5 қосымшаға сәйкес машинаның электрондық паспортын қамтиды.
Көлік құралының (шассидің, машинаның) электрондық паспортына, егер аумағында көлік құралы (шасси, машина) айналымға шығарылған және (немесе) тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, ақпараттық сипаттағы өзге де мәліметтер енгізіледі.
11. Осы Тәртіптің 7-тармағының «в» тармақшасында көзделген қосымша қызметтерге ақы төлеу тәртібі мен мөлшері әкімшінінің «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында, ал осы Тәртіптің 8-тармағында көзделген қызметтерге ақы төлеудің тәртібі мен мөлшері уәкілетті органдардың (ұйымдардың) және әкімшінің «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайттарында орналастырылады.
12. Электрондық паспорттар жүйелеріне қатысушыларға сұрау салу бойынша мынадай мәліметтер:
а) уәкілетті органдарға (ұйымдарға) және жасаушы ұйымдарға - өздері ресімдеген:
«аяқталмаған» мәртебесі бар электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтер - толық көлемде;
осы Тәртіпке № 3 қосымшаның 12 және 13-тармақтарында, осы Тәртіпке № 5 қосымшаның 12 және 13-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда - «қолданыстағы» мәртебесі бар электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтер;
б) түпкілікті көлік құралдарын (шассилерді, машиналарды) жасаушы ұйымдарға – электрондық паспортқа көлік құралы электрондық паспортының бірегей нөмірі және көлік құралының сәйкестендіру (зауыттық) нөмірі немесе шассидің сәйкестендіру нөмірі немесе машинаның сәйкестендіру нөмірі енгізілген жағдайда, мемлекеттік тіркеу есебіне қою жөніндегі іс-әрекеттер жүргізілмеген түпкілікті көлік құралын (шассиді, машинаны) жасау үшін базалық ретінде пайдаланылатын көлік құралына (шассиге, машинаға) басқа жасаушы ұйымдар немесе уәкілетті органдар (ұйымдар) ресімдеген, «қолданыстағы» мәртебесі бар электрондық паспорттардағы мәліметтер;
в) мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарына – кез келген мәртебесі бар электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтер толық көлемде;
г) көлік құралының (шассидің, машинаның) меншік иесіне – мәліметтер осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшаларда көзделген көлемде;
д) өзге тұлғаларға – сұрау салу бойынша:
көлік құралының (шассидің) сәйкестендіру нөмірін (VIN), көлік құралы (шасси) үшін – шассидің (раманың) нөмірін немесе шанақтың (кабинаның, тіркеменің) нөмірін;
машинаның сәйкестендіру нөмірін немесе машина үшін - шанақтың (кабинаның, тіркеменің) нөмірін қамтитын электрондық паспорттың мәртебесі туралы мәліметтер тек ғана өз мұқтаждығы үшін пайдалану және (немесе) өзіне осы Тәртіпке және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттерді іске асыру үшін ақы алынбай беріледі.
13. Электрондық паспорттар жүйелеріне қатысушыларға шарттық негізде, осы Тәртіптің 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтерге және электрондық паспорттар жүйелерінің сервистеріне әкімші айқындайтын көлемде, тәртіппен және шарттарда рұқсат беріледі.
14. Электрондық паспорттардың жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі № 6 қосымшаға сәйкес келтірілген.
ІІ. Электрондық паспорттарды ресімдеу және оларға өзгерістер енгізу тәртібі
15. Электрондық паспорт орыс тілінде толтырылады және мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес оған электрондық цифрлық қолтаңбамен (электрондық қолтаңбамен) қол қойылады.
Электрондық паспорттар жүйелерінің өзара іс-қимыл интерфейсі электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтерді (техникалық терминдерді және белгіленімдерді қоспағанда) көрсетуге және мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар бар болған кезде анықтама режимінде электрондық паспорттан үзінді көшірмені осы мүше мемлекеттің ұлттық тілінде басып шығаруға мүмкіндік береді.
16. Осы Тәртіпке № 1, 3 және 4 қосымшаларда көзделген тізбе бойынша көлік құралының (шассидің) электрондық паспортын ресімдеу № 7 қосымшаға сәйкес қағидалар бойынша, осы Тәртіпке № 2 және 5 қосымшаларда көзделген тізбе бойынша машинаның электрондық паспортын ресімдеу № 8 қосымшаға сәйкес қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
17. Электрондық паспорттың бірегей нөмірі электрондық паспорттар жүйелерінде автоматты түрде қалыптасады және 15 белгіден тұрады:
1-ші белгі – электрондық паспорттың түрі:
1 – көлік құралының электрондық паспорты;
2 – шассидің электрондық паспорты;
3 – машинаның электрондық паспорты;
2-ші - 4-ші белгілер – аумағында көлік құралын (шассиді, машинаны) айналымға шығару жүзеге асырылатын немесе көлік құралы (машина) тіркелген мүше мемлекеттің ISO 3166-1 (numeric-3) анықтамалығына сәйкес 3 мәнді цифрлық коды;
5-ші белгі – резервтік. Әкімші өзге шешім қабылдағанға дейін «0» мәні қолданылады.
6-шы белгі – электрондық паспортты ресімдеу негізінің коды:
1 – көлік құралын (шассиді, машинаны) жасау;
2 – көлік құралын (шассиді, машинаны) Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттен Одақтың кедендік аумағына әкелу;
3 – тіркеу органы тіркеген көлік құралына (машинаға) электрондық паспорт ресімдеу;
4 - өзге де негіздерде көлік құралына (шассиге, машинаға) электрондық паспорт ресімдеу;
7-ші – 14-ші белгі - әрбір мүше мемлекет үшін жеке қалыптастырылатын электрондық паспорттың реттік нөмірі (1-ші және 4-ші белгілер ескеріле отырып);
15-ші белгі – 1-шіден 14-ші белгіге дейінгі аралықтағы цифрлардан тұратын санды 11-ге бөлуден қалатын қалдық ретінде қалыптасатын бақылау саны. Егер бөлу қалдығы 10-ға тең болса, бақылау разряды 0-ге тең.
Электрондық паспорттың бірегей нөмірі уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым толтыратын электрондық паспорттар бөлімдерінің барлық бос жолдары толтырылғаннан және электрондық паспортта қамтылған мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба) арқылы расталғаннан кейін, сондай-ақ электрондық паспорттар жүйелерінде Келісімнің 7-бабында көзделген іс-шаралар өткізілгеннен кейін беріледі. Көлік құралының (шассидің, машинаның) көрсетілген іс-шараларды өткізу нәтижесінде ұсынылған мәліметтерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда электрондық паспорттың бірегей нөмірі берілмейді.
18. Кәдеге жарату алымының төленгені туралы мәліметтер:
а) Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттен мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін көлік құралына (шассиге, машинаға) қатысты – аумағына көлік құралы (шасси, машина) әкелінген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес;
б) басқа мүше мемлекеттің аумағынан өткізілген көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға) қатысты – аумағына көлік құралы (шасси, машина) өткізілген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес;
в) мүше мемлекеттің аумағында жасап шығарылған (жасалған) көлік құралдарына (шассиларға, машиналарға) қатысты – осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кәдеге жарату алымы төленген кезде;
г) мыналар:
көлік құралдарын (шассилерді, машиналарды) жасап шығаруды (жасауды) жүзеге асыратын;
көлік құралын (шассиді, машинаны) мүше мемлекеттің аумағында мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кәдеге жарату алымын төлемейтін тұлғалардан немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпті бұза отырып, кәдеге жарату алымын төлемеген тұлғалардан сатып алған тұлғалар кәдеге жарату алымын төлеген кезде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кәдеге жарату алымын алуға уәкілеттік берілген осы мемлекеттердің тиісті органдарының (ұйымдарының) мәліметтері негізінде электрондық паспорттың «Әкімшілік ақпарат» бөліміне енгізіледі.
19. Кедендік кіріс ордері немесе кедендік декларация және мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына немесе халықаралық шарттарға және Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес көлік құралдарын (шассилерді, машиналарды) пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулер туралы мәліметтер мүше мемлекеттердің кеден органдарының мәліметтері негізінде электрондық паспорттың «Әкімшілік ақпарат» бөліміне енгізіледі.
20. Көлік құралының (шассидің) электрондық паспортын ресімдеу мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:
а) көлік құралының (шассидің) электрондық паспортын көлік құралының (шассидің) типін мақұлдау немесе Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік немесе КО ТР 018/2011 техникалық реттеу объектісі болып табылатын, КО ТР 018/2011 күшіне енетін күнге дейін көлік құралына (шасссиге) қатысты берілген, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжат болған кезде көлік құралына (шассиге) қатысты уәкілетті орган (ұйым) ресімдейді;
б) басқа көлік құралының (шассидің) базасында жасалған түпкілікті көлік құралының электрондық паспортын ресімдеген кезде уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым электрондық паспорттың «Қосымша ақпарат» бөліміне соңғы базалық көлік құралы (шасси) туралы мәліметтерді және оның электрондық паспортының (бар болған кезде) нөмірін енгізеді. Бұл ретте базасында түпкілікті көлік құралы жасалған көлік құралының (шассидің) электрондық паспортына «өтелген» мәртебесі беріледі;
в) мыналарға:
электрондық паспорттарды пайдалану басталатын күнге дейін тіркеу органында тіркелген көлік құралына;
қозғалтқышы, шанағы мен рамасы түпнұсқалы, түпнұсқалы күйіне дейін сақталған немесе реставрацияланған, шығарылған күнінен бері 30 және одан көп жыл өткен L және M1 санатындағы (КО ТР 018/2011 № 1 қосымшаға сәйкес), сондай-ақ шығарылған күнінен бері 50 және одан көп жыл өткен, жолаушылар мен жүктерді коммерциялық тасымалдауға арналмаған M2 M3 және N санатындағы (КО ТР 018/2011 № 1 қосымшаға сәйкес) көлік құралдарына;
КО ТР 018/2011 қатысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабы 3-тармағының бірінші абзацының ережелері күшіне енбеген және мүше мемлекет үшін Еуразиялық экономикалық комиссия белгілеген КО ТР 018/2011 өтпелі ережелерінің мерзімі өтпеген мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін көлік құралына;
Одақтың кедендік аумағына әкелінетін және:
шетелде тұратын адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдем көрсету жөніндегі ұлттық мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылар болып табылатын не белгіленген тәртіппен босқындар немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударушылар деп танылған жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне;
жалпы жұрт таныған қағидаттарға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге, халықаралық (мемлекетаралық) ұйымдарға, осы өкілдіктердің (мекемелердің, ұйымдардың) қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиесілі көлік құралына қатысты осы тармақтың «а» тармақшасында көрсетілген құжат болмаған кезде көлік құралының электрондық паспортын уәкілетті орган (ұйым) ресімдейді;
г) электрондық паспортты мүше мемлекеттің аумағына тіркелген (соның ішінде уақытша) тұлғаға тиесілі көлік құралына (шассиге) қатысты осы мүше мемлекеттің аумағында тіркелген уәкілетті орган (ұйым) ресімдейді;
д) көлік құралының (шассидің) электрондық паспортын ресімдеу кезінде уәкілетті орган (ұйым) көлік құралына (шассиге) сәйкестендіру жүргізеді;
е) жасаушы ұйым сәйкестендіру таңбасын жасыру, қолдан жасау, өзгерту, жою белгілерін тапқан жағдайда не көлік құралының (шассидің) уәкілетті орган (ұйым) ұсынған мәліметтерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда электрондық паспорт ресімделмейді және өзінің мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің құзыретті органдарын хабардар етуді жүзеге асырады;
ж) осы тармақтың «в» тармақшасында көзделген көлік құралының электрондық паспортын ресімдеген кезде уәкілетті орган (ұйым) осындай көлік құралын, соның ішінде оның сәйкестендіру таңбасын суретке түсіруді жүзеге асырады.
21. Машинаның электрондық паспортын ресімдеу мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:
а) машинаның электрондық паспортын Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012) (бұдан әрі - КО ТР 031/2012) талаптарына сәйкес бағалау туралы құжат немесе көлік құралы (шассиі) типінің мақұлдауы немесе КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік (ең жоғары конструктивтік жылдамдығы 25 км/сағ және одан астам, бірақ 50 км/сағ аз немесе соған тең көлік құралдарына қатысты) немесе халықаралық шарттарда және Одақ құқығын құрайтын актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген, тиісті техникалық регламенті күшіне енетін күнге дейін көрсетілген техникалық регламенттердің бірінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын машинаға қатысты берілген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжат бар болған кезде уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым ресімдейді;
б) көлік құралының (шассидің) немесе басқа машинаның базасында жасалған түпкілікті машинаның электрондық паспортын ресімдеген кезде уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым электрондық паспорттың «Қосымша ақпарат» бөліміне соңғы базалық көлік құралы (шасси, машина) туралы мәліметтерді және оның электрондық паспортының нөмірін (бар болған кезде) енгізеді. Бұл ретте базасында түпкілікті машина жасалған көлік құралының (шассидің, машинаның) электрондық паспортына «өтелген» мәртебесі беріледі;
в) мынадай:
электрондық паспорттарды пайдалану басталатын күнге дейін тіркеу органында тіркелген;
бұрын пайдалануда болған машиналардың арасынан Одақтың кедендік аумағына әкелінетін;
КО ТР 010,/2011, КО ТР 018/2011 немесе КО ТР 031/2012 қатысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабының 3-тармағы бірінші абзацының ережелері күшіне енбеген және мүше мемлекет үшін Еуразиялық экономикалық комиссия белгілеген аталған техникалық регламенттердің өтпелі ережелерінің мерзімі өтпеген осы мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін;
Одақтың кедендік аумағына әкелінетін және:
шетелде тұратын адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдем көрсету жөніндегі ұлттық мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылар болып табылатын не белгіленген тәртіппен босқындар немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударушылар деп танылған жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне;
жалпы жұрт таныған қағидаттарға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге, халықаралық (мемлекетаралық) ұйымдарға, осы өкілдіктердің (мекемелердің, ұйымдардың) қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиесілі машиналарға қатысты осы тармақтың «а» тармақшасында көрсетілген құжат болмаған кезде машинаның электрондық паспортын уәкілетті орган (ұйым) ресімдейді;
г) жасаушы ұйым машинаға түсірілген сәйкестендіру таңбасын жасыру, қолдан жасау, өзгерту, жою белгілерін тапқан жағдайда не машинаның уәкілетті орган (ұйым) ұсынған мәліметтерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда электрондық паспорт ресімделмейді және өзінің мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің құзыретті органдарын хабардар етуді жүзеге асырады;
д) электрондық паспортты ресімдеген кезде уәкілетті орган (ұйым) машинаны, соның ішінде оның сәйкестендіру таңбасын фотосуретке түсіруді жүзеге асырады.
22. Электрондық паспорттарды қолдану басталатын күнге дейін айналымға шығарылған көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға) арналған электрондық паспорттарды тиісінше осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілгеннен кем болмайтын мәліметтер көлемінде ресімдейді. Бұл ретте уәкілетті орган (ұйым) электрондық паспорттың «Әкімшілік ақпарат» бөліміне электрондық паспортты ресімдеу негіздері туралы мәліметтерді енгізеді.
23. Электрондық паспортқа өзгерістер енгізуді (техникалық қателерді түзетуді) әкімші:
а) уәкілетті органның (ұйымның) өтініші негізінде - жасалған жылын қоспағанда, осындай уәкілетті орган (ұйым) енгізген мәліметтерге, көлік құралының (шассидің) түсі, сәйкестендіру (зауыттық) нөмірі немесе машинаның сәйкестендіру нөмірі туралы және (немесе) көлік құралының (шассидің, машинаның) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы, негізгі құрауыштары (қозғалтқыш, шасси, рама, шанақ, кабина) туралы мәліметтерге;
б) жасаушы ұйымның өтініші негізінде - жасалған жылын қоспағанда, осындай жасаушы ұйым енгізген мәліметтерге, көлік құралының (шассидің) түсі, сәйкестендіру (зауыттық) нөмірі немесе машинаның сәйкестендіру нөмірі туралы және (немесе) көлік құралының (шассидің, машинаның) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтерге;
в) тіркеу органының өтініші негізінде – мемлекеттік тіркеу, көлік құралының (машинаның) түсі туралы, сондай-ақ оның конструкциясына енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерге;
г) мүше мемлекеттің кеден органының өтініші негізінде – кедендік құжаттар және шектеулер туралы мәліметтерге;
д) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кәдеге жарату алымын алуға уәкілетті мүше мемлекет органының (ұйымының) өтініші негізінде – кәдеге жарату алымы туралы мәліметтерге қатысты жүзеге асырады.
24. Әкімші өзгерістер енгізу туралы өтінішті алғаннан кейін мұндай өзгерістерді электрондық паспортқа енгізеді. Электрондық паспорттағы өзектіленген мәліметтерге қол жеткізу әкімші өтінішті алған кезден бастап 24 сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
25. Әкімші электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтерді мәртебесіне қарамастан электрондық паспорттар жүйелерінде мерзімсіз сақтауды қамтамасыз етеді.
_______________
-
Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары
шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібіне
№ 1 қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |