27) «электрлі машинаның электр қозғалтқышы (маркасы, типі)» бос жолында - электр қозғалтқышының маркасы мен типі, қысқаша сипаттама (тұрақты немесе айнымалы ток, айнымалы ток үшін – синхронды немесе асинхронды, фазалар саны).
Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады.
Бұл бос жол электр қозғалтқышпен жабдықталған машинаға қатысты пайдаланылады, өзге де жағдайларда – пайдаланылмайды;
«жұмыс кернеуі» бос жолында – машинаның электр қозғалтқышының жұмыс кернеуі (В);
«ең жоғары 30 минуттық қуат» бос жолында – тұрақты ток кезінде тарту жүйесі орташа алғанда 30 минуттық кезең ішінде қамтамасыз ете алатын электр тартқыш жүйесінің ең жоғары пайдалы қуаты (кВт);
28) «энергияны жинақтау құрылғысы» бос жолында – энергияны жинақтау құрылғысы (батарея, конденсатор немесе маховик/генератор) конструкциясының қысқаша сипаттамасы.
Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады.
Бұл бос жол электр жетекті машинаға, электромобильге және гибридті машинаға қатысты пайдаланылады, өзге жағдайларда – пайдаланылмайды;
«орналасқан орны» бос жолында – энергияны жинақтау құрылғысының орналасқан орны;
«жүріс запасы» бос жолында – электр жетекпен қозғалысқа келтірілетін машинаның жүріс (км) запасы (1985 жылғы 20 наурызда Женева қаласында жасасылған Доңғалақты көлік құралдары, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектері үшін біркелкі техникалық нұсқамаларды қабылдау және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітілімдерді өзара тану шарттары туралы келісім негізінде қабылданатын Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының № 101 қағидаларына № 7 қосымшаға сәйкес);
29) «басқа да жетекті қозғалтқыштар немесе қозғалтқыштардың комбинациялары» бос жолында - жасаушы белгілеген маркасы, сауда атауы, қозғалтқыштың типі (іштен жану қозғалтқышы, машинаның конструкциясында қолданылған электр қозғалтқышы), сондай-ақ қозғалтқыштардың саны;
30) «номиналды кернеу» бос жолында – машинаның электр жүйесінің номиналды кернеуі;
31) «трансмиссия (типі, схемасы)» бос жолында – машина трансмиссиясының типі (механикалық, электрлі, гидравликалық және т.б.) мен схемасының сипаттамасы;
32) «электр машинасы (маркасы, типі)» бос жолында – электр машинасының трансмиссияда қолданылатын маркасы мен типі, әрбір электр машинасының сипаттамасы: негізгі функциясы (қозғалтқыш немесе генератор), қысқаша сипаттамасы (тұрақты немесе айнымалы ток, айнымалы ток үшін – синхронды немесе асинхронды, фазалар саны).
Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады.
Электр машинасы трансмиссияда болмаған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды.
«жұмыс кернеуі» бос жолында – электр машинасының жұмыс кернеуі (В);
«ең жоғары 30 минуттық қуат» бос жолында – тұрақты ток кезінде тарту жүйесі орташа алғанда 30 минуттық кезең ішінде қамтамасыз ете алатын электр тартқыш жүйесінің ең жоғары пайдалы қуаты (кВт);
33) «беріліс қорабы (маркасы, типі)» бос жолында – машинаның беріліс қорбының маркасы мен типі;
«беріліс саны» бос жолында – беріліс қорабының «/» бөлгіш белгісі арқылы алға және артқа беріліс саны;
«беру саны» бос жолында – беріліс қорабы сатыларының беру саны;
34) «тарату қорабы (типі, таңбалау)» бос жолында – тарату қорабының типі мен таңбалануы;
«беріліс саны» бос жолында – тарату қорабының беріліс саны;
«беру саны» бос жолында – тарату қорабы сатыларының беру саны;
35) «басты беріліс (типі, таңбалау)» бос жолында – басты берілістің типі мен таңбалануы;
«беру саны» бос жолында – басты берілістің беру саны;
«аралық берілістің беру саны» бос жолында - аралық берілістің беру саны;
36) «қуатты іріктеу білігі» бос жолында - қуатты іріктеу білігі қозғалтқышының саны, типі, орналасуы, айналу жиілігі мен айналу жиілігіне қатынасы;
37) «аспа» бос жолында:
«алдыңғы (сипаттамасы)» бос жолында – алдыңғы аспа конструкциясының сипаттамасы;
«артқы (сипаттамасы)» бос жолында – артқы аспа конструкциясының сипаттамасы;
38) «рульмен басқару (сипаттамасы, орналасуы)» бос жолында – рульмен басқарудың сипаттамасы, типі (қолмен, күшейткішпен, күштік жетекпен немесе көлемдік гидрожетекпен) және оның орналасуы;
39) «тежегіштік жүйелер» бос жолында:
«жұмыс істейтін (сипаттамасы)» бос жолында - жұмыс істейтін тежегіш жүйесі конструкциясының сипаттамасы;
«запастағы (сипаттамасы)» бос жолында – запастағы тежегіш жүйесі конструкциясының сипаттамасы;
«тұрақтық (сипаттамасы)» бос жолында – тұрақтық тежегіш жүйесі конструкциясының сипаттамасы;
«қосалқы (тозуға берік) (сипаттамасы)» бос жолында – қосалқы (тозуға берік) тежегіш жүйесі конструкциясының сипаттамасы;
40) «шиналар» бос жолында жасаушы ұйым қолдануға рұқсат беретін шиналардың барлық типтері туралы мынадай мәліметтер келтіріледі:
«мөлшерлігі» бос жолында – қолданылатын шиналардың мөлшерінің белгіленімі;
«ең жоғары жол берілетін жүктеме үшін салмақ түсіретін қабілетінің индексі» бос жолында – қолданылатын шиналардың ең жоғары жол берілетін жүктеме үшін салмақ түсіретін қабілетінің индексі. Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;
«жылдамдық санаты» бос жолында – қолданылатын шиналардың жылдамдық санаты. Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;
«жетекші доңғалақтардағы ең жоғары мөлшерлер» бос жолында - жасаушы ұйым қолдануға рұқсат берген, жетекші доңғалақтар шиналарындағы ең жоғары мөлшер (бар болған кезде);
«тежегіш жүйесі бар өстерде жол берілетін ең жоғары мөлшер» бос жолында - тежегіш жүйесі бар өстерде қолданылатын шиналардың жол берілетін ең жоғары мөлшері;
41) «ең жоғары жылдамдық» бос жолында – машинаның рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы (км/сағ);
42) «қосымша сипаттамалар» бос жолында – машиналардың функционалдық мақсаттарына және КО КК 010/2011 шеңберінде техниканың алуан түрлеріне арналған стандарттарға сай негізгі параметрлер тізбесіне сәйкес келетін сипаттамалары.
10. «Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) жалпы түрі» бөлімінде машиналардың жалпы түрлерінің бейнесі көрсетіледі.
Электрондық паспортты ресімдеген жағдайда уәкілетті орган (ұйым) бұл бөлімге машиналардың жалпы түрлерінің алдынан, жанынан (екі жағынан) және артқы жағынан түсірілген фотосуреттерін енгізуі мүмкін.
11. «Қосымша ақпарат» бөлімінде кепілдік міндеттемелерінің орындалуы туралы мәліметтер, сондай-ақ өзге де ақпарат (бар болған кезде) көрсетіледі.
12. «Әкімшілік ақпарат» бөлімінде:
1) «жеңілдікті режимді пайдалану арқылы өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі) шығару туралы мәліметтер» бос жолына – (жеңілдікті режимді көрсете отырып) «өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа түрлерінің моделі жеңілдікті режимде жасап шығарылған» деген жазу жазылады.
Егер Одақ органдары қабылдаған шешімдерді іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасында машиналарға қатысты қолданыстағы шектеулер белгіленген жағдайда, бұл бос жолда тиісті шектеулер көрсетіледі.
Машина жеңілдікті режим қолданылмай жасалған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;
2) «жерсеріктік навигация аппаратурасының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер» бос жолында – Жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйенің (өзге де жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйелермен бірге) жерсеріктік навигация аппаратурасының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Мәліметтер болмаған кезде бұл бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады.
3) «шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер» бос жолында - шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Мәліметтер болмаған кезде бұл бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады.
4) «өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспорттарын ресімдеудің негіздемелері туралы мәліметтер» бос жолында – электрондық паспортты ресімдеу негіздемелері;
5) «өздігінен жүретін машинаны (техниканың басқа түрін) әкету елі» бос жолында - аумағынан машина әкетілген ел көрсетіледі.
Машина Одақ аумағында жасап шығарылған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;
6) «өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі) шығарылған (жасалған) ел» бос жолында – машина шығарылған елдің атауы көрсетіледі, ол мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте және халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес айқындалады;
7) «кедендік кіріс ордерінің сериясы, нөмірі, кедендік декларацияның нөмірі» бос жолында – машинаға ресімделген кедендік кіріс ордерінің сериясы мен нөмірі, кедендік декларацияның нөмірі көрсетіледі.
Мәліметтер болмаған кезде бұл бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады.
Машина Одақ аумағында жасап шығарылған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;
8) «кәдеге жарату алымының төленгені туралы мәліметтер» бос жолында – «кәдеге жарату алымы төленген. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет (аумағында осы мемлекеттің заңнамасында көзделген кәдеге жарату немесе өзге де осыған ұқсас алымды төлеу жүзеге асырылған мүше мемлекеттің атауы)» (егер мүше мемлекеттің заңнамасында кәдеге жарату алымын алу көзделсе) немесе «кәдеге жарату алымы төленбейді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет (мүше мемлекеттің атауы)» (егер мүше мемлекеттің заңнамасында кәдеге жарату алымын немесе өзге де осыған ұқсас алым алу көзделмесе) деген жазулар жазылады.
9) «кедендік шектеулер» бос жолында – мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес немесе халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес машинаны пайдалану және (немесе) оған билік ету жөніндегі шектеулер көрсетіледі.
Көрсетілген шектеулер болмаған жағдайда бұл бос жолда «жоқ» деген жазу жазылады.
Машина Одақ аумағында жасап шығарылған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;
10) «өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортын ресімдеген ұйымның (органның) атауы» бос жолында - электрондық паспортты ресімдеген ұйымның толық атауы;
11) «өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортын ресімдеген күн» бос жолында – электрондық паспорттар жүйесінде электрондық паспортқа «қолданыстағы» мәртебесі берілген күн көрсетіледі.
13. «Жасаушының ақпараты» бөлімінде жасаушы ұйым машинаның базалық жабдығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ машина туралы өзге де қосымша ақпаратты көрсетеді.
14. «Өздігінен жүретін машинаны (техниканың басқа түрін) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер» бөлімінде машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтер негізінде:
1) «тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет» бос жолында – тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған мүше мемлекеттің атауы;
2) «меншік иесінің (иеленушінің) түрі» бос жолында – меншік иесінің (иеленушінің): заңды немесе жеке тұлға түрі;
3) «тіркеу әрекеті» бос жолында – машинаға қатысты жасалған тіркеу әрекетінің атауы;
4) «тіркеу әрекетінің күні» бос жолында – машинаға қатысты тіркеу әрекеті жасалған күн;
5) «меншік иесі (иеленуші) орналасқан өңір» бос жолында – аумағында меншік иесі (иеленуші) тіркелген мүше мемлекет өңірінің атауы көрсетіледі.
15. «Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) конструкциясына енгізілетін өзгерістер туралы мәліметтер» бөлімінде:
1) «конструкцияға енгізілген өзгерістер» бос жолында – машинаның конструкциясына енгізілген өзгерістердің сипаттамасы (орнатылатын құрауыштардың типі мен маркасы, монтаждау тәсілі және т.б.), оның жаңа мақсаты (мамандануы);
2) «сипаттамалар» бос жолында – машинаның сипаттамалары және машинаның конструкциясына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, электрондық паспортта көрсетілгендер арасынан олардың жаңа мәндері;
3) «конструкцияға өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен тәртібі туралы қорытынды берген тұлға» бос жолында - машинаның конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен тәртібі туралы қорытынды берген заңды тұлғаның атауы;
4) «конструкцияға өзгерістер енгізген тұлға» бос жолында – машинаның конструкциясына өзгерістер енгізген заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
16. Тәртіптің 21-тармағының «в» тармақшасында айқындалған жағдайларда электрондық паспорттарды Тәртіптің № 2 қосымшасында көрсетілгендерден кем болмайтын мәліметтер көлемінде уәкілетті орган (ұйым) толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |