Еуразиялық экономикалық комиссия


Өздігінен жүретін машина мен техниканың



жүктеу 393,5 Kb.
бет4/5
Дата23.11.2018
өлшемі393,5 Kb.
#23829
1   2   3   4   5

Өздігінен жүретін машина мен техниканың

басқа түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу

ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттарын (бұдан әрі тиісінше – электрондық паспорт, машина) ресімдеу электрондық паспорттар жүйелеріндегі оның бөлімдері мен бос жолдарын толтыру арқылы жүзеге асырылады.

2. Электрондық паспортты толтыруға қол жеткізу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымның) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін жасаушы ұйымның (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекет, уәкілетті орган (ұйым), жасаушы ұйым) бірыңғай тізіліміне енгізілген, көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін) жасаушы ұйымның таңдауы мен растауына, өкілеттіктеріне қарай және Кеден одағы Комиссиясының 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған (бұдан әрі – КО ТР 031/2012) «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012), Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен (бұдан әрі – КО ТР 010/2011) қабылданған «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) немесе Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) қабылданған «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына машинаның сәйкестігін растайтын құжаттардағы мәліметтерге қарай әртүрлі режимдерде жүзеге асырылады.

3. «Электрондық паспорт түрі:» бөлімінде уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым «өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспорты» жазбасын жасайды.

4. «Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортының нөмірі» бөлімінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімімен бекітілген Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібінің (бұдан әрі – Тәртіп) 17-тармағына сәйкес автоматты түрде электрондық паспорттар жүйелерінде қалыптастырылған машинаның электрондық паспортының бірегей нөмірі көрсетіледі.

5. «Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортының мәртебесі» бөлімінде электрондық паспорттың мынадай мәртебелерінің бірі көрсетіледі:

«аяқталмаған»;

«қолданыстағы»;

«жойылған»;

«өтелген»;

«кәдеге жаратылған өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі)».

6. «Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) сәйкестендіру белгілері» бөлімінде:


  1. «сәйкестендіру нөмірі» бос жолында – жасаушы ұйым берген машинаның реттік өндірістік нөмірі көрсетіледі, егер таңбалауға сәйкес машинаға (VIN) сәйкестендіру нөмірі немесе (PIN) сәйкестендіру нөмірі салынған жағдайда, машинаға берілген тиісті шартты белгіленім көрсетіледі. Машина сериялы түрде жасалатын тракторлардың немесе олардың атауын өзгерте отырып, өзге де машиналардың базасында жасалған жағдайда, аталған бос жолда бөлгіш «/» белгісі арқылы жасаушы ұйым берген машинаның реттік өндірістік нөмірі және базалық трактордың немесе өзге де машинаның өндірістік нөмірі (базалық машинаның нөмірі машинаның өзінде немесе таңбалау тақтайшасында сақталған жағдайда) көрсетіледі;

  2. «өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) мақсатымен айқындалатын атауы» бос жолында – машинаның конструктивтік ерекшеліктерімен және мақсатымен айқындалатын сипаты көрсетіледі;

  3. «Өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу қағидаларына сәйкес санаты (Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібінің 8-қосымшасы)» бос жолында – мынадай параметрлерге сәйкес айқындалатын машинаның санаты көрсетіледі:

«А» санаты – жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүруге арналмаған не сағатына 50 км және одан кем ең жоғары конструктивтік жылдамдығы бар автомотокөлік құралдары:

І – жол талғамайтын мотокөлік құралдары;

ІІ – рұқсат етілген ең жоғары массасы 3500 килограмнан аспайтын және жүргізушінің орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын жол талғамайтын автокөлік құралдары;

ІІІ – рұқсат етілген ең жоғары салмағы массасы 3500 килограмнан асатын («А ІV» санатына жататындарды қоспағанда) жол талғамайтын автокөлік құралдары;

ІV – жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа 8-ден асатын отыратын орны бар жол талғамайтын автокөлік құралдары;

«В» санаты – қозғалтқышының қуаты 25,7 кВт-қа дейінгі шынжыр табанды және доңғалақты машиналар;

«С» санаты – қозғалтқышының қуаты 25,7 кВт-тан 110,3 кВт-қа дейінгі доңғалақты машиналар;

«D» санаты – қозғалтқышының қуаты 110,3 кВт-тан артық доңғалақты машиналар;

«E» санаты – қозғалтқышының қуаты 25,7 кВт-тан артық шынжыр табанды машиналар;

«F» санаты – өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналары.

Тіркемелерге қатысты аталған бос жолда тіркеме агрегатталатын машинаның санаты көрсетіледі;

4) «қозғалтқыш (қозғалтқыштар) нөмірі» бос жолында – жасаушы ұйым берген қозғалтқыш нөмірі. Егер машинаның конструкциясында бірнеше қозғалтқыш болған жағдайда, олардың нөмірлері бөлгіш «/» белгісі арқылы көрсетіледі.

Тіркемелерге қатысты аталған бос жолда «жоқ» деген жазу жазылады.

5) «шанақ (кабина, тіркеме, рама) нөмірі» бос жолында – жасаушы ұйым берген және салған шанақтың (кабинаның, соның ішінде оператор кабинасының, тіркеменің, раманың) сәйкестендіру нөмірі;

6) «беріліс қорабының нөмірі» бос жолында – жасаушы ұйым берген және салған беріліс қорабының сәйкестендіру нөмірі;

7) «негізгі жетекші белдіктің нөмірі» бос жолында – жасаушы ұйым берген және салған машинаның негізгі жетекші белдігінің сәйкестендіру нөмірі.

Машинаның конструкциясында бірнеше жетекші белдік болған жағдайда, сәйкестендіру нөмірлері бөлгіш «/» белгісі арқылы көрсетіледі;

8) «қозғағыш типі» бос жолында – машинаның конструкциясында қолданылған: доңғалақты, шынжыр табанды, жартылай шынжыр табанды, жанышқыш табанды, шаңғы-шынжыр табанды, шана табанды және т.б. қозғағыш түрі;

9) «шанақ (кабина) түсі» бос жолында – машина шанағының (кабинасының) сыртқы жағына боялған мынадай негізгі мынадай: ақ, сары, қоңыр, қызыл, қызғылт сары, күлгін, көк, жасыл, қара, сұр түстердің біреуі көрсетіледі.

Негізгі түспен қатар түстің реңін немесе жасаушы ұйымның ерекшелігіне сәйкес түсті қосымша көрсетуге жол беріледі.

Машина шанағының (кабинасының, тіркемесінің) сыртқы жағы бірнеше түспен боялған жағдайда, аталған бос жолда (3-тен аспайтын негізгі түстерді көрсете отырып) «аралас» немесе «көптүсті» деген жазу жазылады;

10) «жасалған айы мен жылы» бос жолында – машинаның жасалған айы мен жылы.

Машина сериялы түрде шығарылатын тракторлардың немесе олардың атауын өзгерте отырып, өзге де машиналардың базасында жасалған жағдайда, аталған бос жолда базалық трактордың немесе өзге де машинаның жасалған айы мен жылы көрсетіледі.

7. «Өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі) туралы мәліметтер» бөлімінде мыналар көрсетіледі:

1) «қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкестікті растайтын құжат» бос жолында:

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімінде көзделген, берілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізіліміне сәйкестік сертификаты туралы жазбаны немесе машинаның КО ТР 031/2012 немесе КО ТР 010/2011 талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны енгізудің тіркеу нөмірі мен күні, сондай-ақ Кеден одағының сертификаттау және сынау зертханалары (орталықтары) жөніндегі органдардың Бірыңғай тізіліміне енгізілген, сәйкестік сертификатын берген сертификаттау жөніндегі органның атауы немесе аталған бірыңғай тізілімге енгізілген сәйкестік туралы декларацияны тіркеген сертификаттау жөніндегі органның атауы не Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 76 шешімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына Өнімдердің сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу жөніндегі ережеге сәйкес сәйкестік туралы декларацияны тіркеуге уәкілетті мүше мемлекет органының атауы не КО ТР 031/2012 немесе КО ТР 010/2011 техникалық реттеу объектісі болып табылатын немесе тиісінше КО ТР 031/2012 немесе КО ТР 010/2011 күшіне енгенге дейін машинаға қатысты берілген, халықаралық шарттармен және Одақ құқығын құрайтын актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжатты беру нөмірі мен күні, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы осындай құжатты берген (тіркеген) органның (ұйымның) атауы;

немесе берілген көлік құралының типін мақұлдаудың, шассидің типін мақұлдаудың бірыңғай тізіліміне көлік құралының типін мақұлдау (шассидің типін мақұлдау) туралы жазбаны немесе көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік жөніндегі жазбаны енгізудің тіркеу нөмірі мен күні, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 225 шешімінде көзделген «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттың күші жойылғаны туралы тіркелген хабарламаны тіркеу нөмірі мен күні, сондай-ақ көлік құралының типін мақұлдауды (шассидің типін мақұлдауды) ресімдеген сертификаттау жөніндегі органның немесе көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеген сынау зертханасының атауы не КО ТР 018/2011 техникалық реттеу объектісі болып табылатын, КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін көлік құралына (шассиіне) қатысты берілген, мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжатты ресімдеу нөмірі мен күні, сондай-ақ осындай құжатты ресімдеген органның (ұйымның) атауы;

Тәртіптің 21-тармағының «в» тармақшасында айқындалған жағдайларда, аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады және аталған мән-жайларды растайтын құжаттың деректемелері көрсетіледі;

2) «марка» бос жолында – жасаушы ұйым берген машинаның маркасы.

Көлік құралында (шассиде) маркасы болмаған жағдайда, аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады;

3) «коммерциялық атауы» бос жолында – жасаушы ұйым берген машинаның коммерциялық атауы көрсетіледі.

Көлік құралында (шассиде) марка болмаған жағдайда, аталған бос жолда «жоқ» деген жазу жазылады;

4) «типі» бос жолында – жасаушы ұйым берген машинаның типі;

5) «шасси» бос жолында:

«көлік құралының базалық шассиінің маркасы, моделі мен типі, көлік құралы шассиінің паспортын (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні» бос жолында – түпкілікті машинаны жасап шығару кезінде базалық ретінде пайдаланылатын шассидің маркасы, моделі (бар болған кезде) мен типі, көлік құралы шассиінің паспортын (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын) (бар болған кезде) ресімдеу нөмірі мен күні көрсетіледі. Машина басқа жасаушы ұйымның шассиінің базасында жасалған жағдайда, аталған бос жол толтырылады.

Машина көлік құралының базасында жасалған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

«базалық көлік құралының маркасы, моделі мен типі, көлік құралының паспортын (көлік құралының электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні» бос жолында – түпкілікті машинаны жасап шығару кезінде базалық ретінде пайдаланылатын көлік құралының маркасы, моделі (бар болған кезде) мен типі, көлік құралының паспортын (көлік құралының электрондық паспортын) (бар болған кезде) беру нөмірі мен күні. Машина басқа жасаушы ұйымның көлік құралының базасында жасалған жағдайда, аталған бос жол толтырылады.

Түпкілікті машина шассидің базасында жасап шығарылған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

«базалық өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) маркасы, моделі, өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) паспортын (өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні» бос жолында – түпкілікті машинаны жасап шығару кезінде базалық ретінде пайдаланылатын басқа жасаушы машинасының маркасы мен моделі (бар болған кезде), машинаның паспортын (машинаның электрондық паспортын) (бар болған кезде) беру нөмірі мен күні. Машина басқа жасаушы ұйым машинасының базасында жасалған жағдайда, аталған бос жол толтырылады;

6) «модификация» бос жолында – машинаның модификациясы (түрлендірілуі);

7) «Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентіне, (КО ТР 031/2012), Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 010/2011) немесе Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкестік санаты» бос жолында – КО ТР 031/2012, КО ТР 018/2011 сәйкес санаттары және типтері бойынша тракторлар мен тіркемелердің сыныптамасына немесе КО ТР 010/2011 шеңберінде (бар болған кезде) техниканың әралуан түрлеріне арналған стандарттарда белгіленген сыныптамаға сәйкес тракторлар мен олардың тіркемелерінің санаты көрсетіледі. Машина КО ТР 031/2012, КО ТР 018/2011 немесе КО ТР 010/2011 шеңберінде техниканың әралуан түрлеріне арналған стандарттарда көрсетілген санаттардың біріне сәйкес келген жағдайда, аталған бос жол толтырылады;

8) «жасаушы және оның мекенжайы» бос жолында – жасаушы ұйымның толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы (заңды тұлға үшін) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін - тұрғылықты жері көрсетіледі.

Егер жасаушы бірнеше құрастырушы зауыты, соның ішінде әр елде орналасқан зауыттары бар трансұлттық компания болып табылатын жағдайда, сәйкестікті бағалау кезінде жасаушы ретінде мәлімделген ұйымның атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және нақты мекенжайы көрсетіледі.

8. «Өздігінен жүретін машинаны (техниканың басқа түрін) таңбалаудың сипаттамасы» бос жолында мыналар көрсетіледі:

1) «жасаушы тақтайшасының орналасу орны» бос жолында – машинада тақтайшаның көзге көрінуі үшін оның орналасу орнының сипаттамасы;

2) «өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) сәйкестендіру нөмірінің орналасу орны» бос жолында – машинаның сәйкестендіру (зауыттық) нөмірінің көзге көрінуі үшін оның орналасу орнының сипаттамасы;

3) «өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) сәйкестендіру нөмірінің құрылымы мен мазмұны» бос жолында – әрбір символдың (ұштасқан символдардың) мағынасын көрсете отырып, машинаның сәйкестендіру нөмірінің символдары;

4) «қозғалтқыш нөмірінің орналасу орны» бос жолында – қозғалтқыш нөмірінің көзге көрінуі үшін оның орналасу орнының сипаттамасы.

Қозғалтқыштың нөмірі болмаған жағдайда, аталған бос жолда «жоқ» деген жазу жазылады;

5) «қозғалтқыш нөмірінің құрылымы мен мазмұны» бос жолында –машинаның қозғалтқышындағы нөмір символдарының құрылымы көрсетіледі.

Қозғалтқыштың нөмірі болмаған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды.

9. «Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) жалпы сипаттары» бос жолында қозғағыштың түріне қарай мыналар көрсетіледі:

1) «өс/доңғалақ саны» бос жолында – машинаның өстері мен доңғалақтарының жалпы саны.

Аталған бос жолда мыналар қосымша көрсетіледі:

қосарланған шиналары бар доңғалақтар саны мен орналасуы (бар болған кезде);

басқарылатын өстердің саны мен орналасуы;

жетекші өстер (саны, орналасуы мен жетегі);

тежегіш өстер (саны мен орналасуы).

Шынжыр табанды қозғағышы бар машиналар үшін аталған жол пайдаланылмайды;

2) «жинақтастыру схемасы» бос жолында – кабинаның орналасуын (қозғалтқыш үстіндегі кабина, капотты, вагонды және т.б.), раманың конструкциясын (блокты рама, жота типтес, лонжеронды, топсалы және т.б.) көрсете отырып, машинаның жинақтастыру схемасы.

Машина КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін бағалау олардың типін мақұлдау нысанында өткен көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің) базасында жасалған жағдайда, аталған бос жол толтырылады. Аталған бос жолды жасаушы ұйымның қалауы бойынша көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің) базасында жасалмаған машинаға қатысты толтыруға жол беріледі;

3) «жетекті қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) қалпы мен орналасуы» бос жолында – жетекті қозғалтқыштың (алдыңғы, артқы, ұзына бойғы, көлденең және т.б.) қалпы мен орналасуы көрсетіледі.

Машинаның конструкциясында 2 және одан да көп жетекті қозғалтқыш бар болған кезде «/» бөлгіш белгісі арқылы әрқайсысының қалпы мен орналасуы көрсетіледі;


  1. «шанақ типі/есіктер саны» бос жолында – машина есіктерінің орындалуына (жабық, ашық немесе жүк-жолаушы) және санына қарай шанақ типі көрсетіледі.

Аталған бос жол жолаушыларды тасымалдауға арналған машиналарға қатысты пайдаланылады.

Аталған жол осы тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;



  1. «рульдік доңғалақтың қалпы» бос жолында – машинаның рульдік доңғалағының (рульдік басқару органдарының) ұзына бойғы өске қатысты (оң жақ, сол жақ немесе ортасы) қалпы;

  2. «оператордың реверсивті орнының бар болуы туралы мәліметтер» бос жолында – машина конструкциясында оператордың реверсивті орнының бар болуына (жоқ болуына) қарай «иә» немесе «жоқ» деген жазу жазылады;

  3. «жүктеме кеңістігінің орындалуы» бос жолында – машинаның жүктеме кеңістігінің орындалуы (бар болған кезде) көрсетіледі.

Аталған жол осы тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;

  1. «жолаушылардың сыйымдылығы» бос жолында – ең жоғары рұқсат етілген масса кезіндегі жолаушылардың сыйымдылығы.

Аталған бос жол жолаушыларды тасымалдауға арналған машиналарға қатысты пайдаланылады;

Аталған жол осы тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;



  1. «көліктік қалпындағы габариттік мөлшерлері» бос жолында – машинаның көліктік қалпындағы ұзындығы, ені мен биіктігі (мм) көрсетіледі;

  2. «база» бос жолында – шынжыр табанды машинаның базасы немесе доңғалақты машинаның базасы (мм.).

Шынжыр табанды машинаның базасы – шынжыр табанды қозғағыштың жетекші және бағыттаушы осьтері арасындағы аралық, доңғалақты трактор үшін - алдыңғы және артқы доңғалақтардың арасындағы аралық. Қосарланған артқы белдік болған кезде артқы дөңгелектердің ортасы осы белдік доңғалақтарының остері арасының ортасынан өтетін сызықпен айқындалады;

11) «жолтабан» бос жолында - әрбір осінде өзгеретін жолтабаны бар машиналар үшін жолтабан мөлшерінің (мм) әрбір мәні (жалаң немесе қосарланған дөңгелектердің орташа жазықтықтары арасында өлшенеді).

Жолтабандарының тұрақты мәні бар машиналар үшін бұл бос жол әрбір өс үшін жолтабан мөлшерінің мәні көрсетіле отырып толтырылады.

Шыншыр табанды трактор жолтабанының мөлшері үшін жетекші доңғалақтар тістерінің ортасы арқылы өтетін қос жазықтық арасындағы аралық алынады;

12) «жол бос аралығы» бос жолында – машинаның бос аралығы (мм) (бар болған кезде) көрсетіледі;

13) «өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) жарақталған (пайдалану) массасы» бос жолында – машинаның аударылу кезіндегі қорғау құрылғысын, салқындатушы сүйықтықты, жағатын материалдарды, отынды (номиналды сыйымдылығы кемінде 90 пайызға толтырылған бак), құралдар мен операторды қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған күйіндегі массасы (кг);

14) «өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) техникалық жол берілетін ең жоғары массасы» бос жолында – машинаның жасаушы ұйым белгілеген ең жоғары массасы (кг);

15) «алдыңғы өстен бастап, өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі) өстерінің әрқайсысына келетін техникалық жол берілетін ең жоғары масса» бос жолында – тіреудің үстіңгі бетіне өстен (өстер тобынан) түсетін жол берілетін ең жоғары статикалық тік жүктемеге сәйкес келетін, оны жасаушы ұйым белгілеген өс (өстер тобы) және көлік құралының конструкциясына негізделген масса (кг);

16) тарту-тіркесу құрылғысының ілінісу нүктесіне тігінен түсетін техникалық рұқсат етілетін статикалық жүктеме» бос жолында - тарту-тіркесу құрылғысының ілінісу нүктесіне тігінен түсетін техникалық рұқсат етілетін статикалық жүктеме (кг).

Тарту-тіркесу құрылғысы болмаған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;

17) «пайдалы жүктеме» бос жолында – машинаның пайдалы жүктемесі (кг);

18) «өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) және тіркеменің техникалық жол берілетін жалпы массасы» - машинаның және тіркеменің техникалық жол берілетін жалпы массасы (кг);

Егер тіркемені тіркеп сүйреу машинаның конструкциясында көзделмеген жағдайда, бос жолға «тіркеп сүйреу көзделмеген» деген жазу жазылады;

19) «техникалық жол берілетін тіркеп сүйреу массасы» - машинаның техникалық жол берілетін тіркеп сүйреу массасы (кг).

Егер тіркемені тіркеп сүйреу машинаның конструкциясында көзделмеген жағдайда, бос жолға «тіркеп сүйреу көзделмеген» деген жазу жазылады;

20) «өздігінен жүретін гибридті машинаның (техниканың басқа түрінің) сипаттамасы» - гибридті машина конструкциясының сипаттамасы: сыртқы қуат көздерінен зарядтау, жұмыс режимі (іштен жану қозғалтқышы, электр қозғалтқышы немесе қосарлы қозғалтқыш), жұмыс режимінің қысқаша сипаттамасы көзделгені (көзделмегені).

Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады.

Гибридті жетек болмаған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;

21) «іштен жану қозғалтқышы (маркасы, типі)» бос жолында – жасаушы белгілеген маркасы, сауда атауы, қозғалтқыштың типі (іштен жану қозғалтқышы, машинаның конструкциясында қолданылған электр қозғалтқышы), саны мен жұмыс істеу қағидаты (мәжбүрлеп оталдыру, сығымнан тұтану, тікелей бүрку, камера алды бүрку, қос тактілі қозғалтқыш, төрт тактілі қозғалтқыш);

«цилиндрлердің саны мен орналасуы» бос жолында – қозғалтқыш цилиндрлерінің саны мен орналасуы (қатар, V-тәрізді);

«цилиндрлердің жұмыс көлемі» бос жолында - іштен жану қозғалтқышы цилиндрлерінің жұмыс көлемі (см3);

«ең жоғары қуаты» бос жолында –қозғалтқыштың бір минуттағы айналу мөлшерін көрсете отырып, іштей жану қозғалтқышының ең жоғары қуатына жететін номиналды қуаты (кВт);

«ең жоғары айналған сәті» бос жолында - қозғалтқыштың бір минуттағы айналу мөлшерін көрсете отырып, іштен жану қозғалтқышы дамытатын ең жоғары айналу сәтіне жететін ең жоғары айналған сәті (Н/м);

22) «отын» бос жолында – отынның негізгі түрі (дизель, бензин, сұйытылған мұнай газы және т.б.) немесе «/» бөлгіш белгісі арқылы көп отынды қозғалтқыштар үшін отынның әрбір түрі;

23) «қоректендіру жүйесі (типі)» бос жолында – машина қозғалтқышының қоректендіру жүйесінің конструктивтік ерекшеліктері (типі).

Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;

24) «басқару блогы (таңбалау)» бос жолында – машина қозғалтқышын басқару блогын таңбалау;

25) «оталдыру жүйесі (типі)» бос жолында – машина қозғалтқышының оталдыру жүйесінің типі;

26) «пайдаланылған газды шығару және бейтараптандыру жүйесі» бос жолында - пайдаланылған газды шығару және бейтараптандыру жүйесінің қысқаша сипаттамасы;


жүктеу 393,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау