Әулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 5,17 Mb.
бет5/11
Дата30.01.2018
өлшемі5,17 Mb.
#8156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

9.10 Көмекші жабдықтар
9.10.1 Өткір жиектердегі және майыстырылған жерлердегі жіптерді қорғау үшін маталық қаптар немесе пластиктен, металдан немесе ағаштан жасалынған тайғанау немесе теңселетін беттер түріндегі қорғаныс құралдарын және протекторларды пайдалану ұсынылады. Протекторлардың немесе қорғаныстың құрылымы жіптердің зақымдануының, сондай-ақ жіптердің жұмыс істеу кезінде шығып кетуінің мүмкін еместігіне кепілдік беруі керек.

9.10.2 Жарықтың автономды көздері өнеркәсіптік альпинисттермен табиғи немесе жасанды жарықтандырудың жоқ болуы немесе жеткіліксіздігі жағдайларында пайдаланылуы керек.

Ашық отты пайдаланатын жарықтың автономды көздерін пайдалануға тыйым салынады.

Жарықтың автономды көздері өнеркәсіптік альпинистке қолдарды бос қалдыратындай және басқа керек-жарақтарды пайдалануға кедергі келтірмейтіндей бекітілуі керек. Жарықтың автономды көздерін қорғаныс каскасына бекіту ұсынылады (басқа тағылатын шамдар).

9.10.3 Тұғырлар, бесіктер, торлар секілді көмекші жабдықтарды және арнайы мақсатқа арналған басқа да бұйымдарды оларға жұмысшылардың альпинистік әдістермен биіктікте пайдалануы үшін пайдалану кезінде, осындай жабдықтарды бекіту нүктелері осындай жабдыққа альпинистік әдістермен қол жеткізу үшін пайдаланылатын бекіту нүктелерінен бөлек болуы керек.
9.11 Керек-жарақтарды тексеру және ақауын анықтау
9.11.1 Байлам
9.11.1.1 Байламның жағдайы және пайдалануға жарамдылығы әрбір жұмыс ауысымы басталардың алдында жүргізіледі.

Қарау кезінде барлық тоқыма керек-жарақтарды келесілерге көзбен шолып және дене түйсігі арқылы тексеру жүзеге асырылады:

- кез келген бөліктің тозуы;

- абразивті тозу, әсіресе жүктеме түсетін бөлшектерде;

- жалбыраған ілмектер немесе жіптер (абразивті тозу белгісі);

- кесілген, сынған немесе жұлмаланған тігістердің бар-жоқтығы;

- кесіктер, әсіресе жүктеме түсетін бөлшектерде;

- лас ілмектер немесе жіптер (сырттан және іштен абразивті тозу себептерінің бірі);

- таңбалаудың бар болуы және оқылуы;

- химиялық заттармен немесе ультра күлгін сәулемен зақымдану (үгіліп жатқан беттер және (немесе) түстің жоғалуы және (немесе) қатып қалған бөліктер);

- жылу зақымдану (жылтыраған бөліктер).

Кез келген тоқыма керек-жарақтың (жіптердің, ілмектердің, тартқыштардың) бекіту ілмектерінің ішінен және сыртынан осындай тексеру жүргізіледі.

Бекіту қапсырмалары және байламды реттеу құрылғылары дұрыс жинауға, дұрыс жұмыс істеуге, тозуға, тоттануға, сызаттардың пайда болуына, басқа да зақымдануларға тексеріледі.

Байламның қауіпсіздік үшін өте маңызды, металдан және пластиктен жасалынған басқа да құрамдас бөліктері дұрыс жұмыс істеуге, тоттануға, сызаттардың пайда болуына, басқа да зақымдануларға тексеріледі.

9.11.1.2 Байлам төменгі байламда, жоғарғы байламда, амортизациялық құрылғыда, бекіту ілмектерінде төменде көрсетілген ақаулықтардың біреуі анықталған жағдайда жарамсыз деп танылады:

- тері және тоқыма элементтерде және жасанды былғарыдан жасалынған элементтерде жыртық тесіктердің, кесіктердің, күйген жерлердің, жиырылған, созылған, жалбыраған бөліктердің бар болуы;

- металдан жасалынған бөлшектердің түрінің өзгеруі, сызаттардың, майысқан жерлердің, қабыршықтанулардың, көзбен шолып анықталатын тәуекелдер, жіңішкерген және тот басқан бөліктердің бар болуы;

- белбеулерде, таспаларда, бауларда тігу орындарында үйкелген және үзілген жіптердің, арасы ашылған тігістердің бар болуы;

- жіп элементтерінде жалбыраған, тарқатылған немесе үзілген ұштардың, иірілген жіптердің, диаметрі жіңішкерген немесе қалыңдатылған бөліктердің, тоқыма қабыққа механикалық әсер ету іздерінің бар болуы;

- жоғары температураның, химиялық заттардың немесе ультра күлгін сәуленің әсер ету белгілерінің бар болуы;

- тот басу дақтарының бар болуы;

- бұйымды таңбалаудың жоқ болуы немесе оқылмауы.

Кірді анықтау жағдайында – керек-жарақты тазартуды жүргізу керек.

9.11.1.3 Байламды, сақтандыру белдігін және амортизациялық құрылғыны жоспарлы сынаудан өткізу бірінші рет пайдаланудың алдында және ары қарай 6 айда бір реттен сирек емес түрде жүргізілуі керек. Жоспарлы сынауларды өткізуге қойылатын талаптар – МЕМСТ 12.4.089 сәйкес.

Сынаудан өтпеген, сақтандыру белдіктері немесе амортизациялық құрылғылары бар байламдар пайдалануға жіберілмейді.

Сынаудың өткізілген күні және нәтижелері қорғаныс құралдарын сынау журналына және байламның сақтандыру белдігінің таңбалау тақтайшасына (трафаретіне) жазылады. Сақтандыру белдігінде таңбалау тақтайшасы (трафареті) жоқ байламдар пайдалануға жіберілмейді.


9.11.2 Жіптер
9.11.2.1 Жіптердің жағдайы және пайдалануға жарамдылығы әрбір жұмыс ауысымы басталардың алдында жүргізіледі.

Қарау кезінде келесілерге көзбен шолып және дене түйсігі арқылы тексеру жүзеге асырылады:

- кез келген бөліктің тозуы;

- жалбыраған жіптер (абразивті тозу белгісі);

- кесіктер;

- лас жіптер (сырттан және іштен абразивті тозу себептерінің бірі);

- жіптердің таңбалауының бар-жоқтығы және жағдайы;

- химиялық заттармен немесе ультра күлгін сәулемен зақымдану (белгі – үгіліп жатқан беттер және (немесе) түстің жоғалуы және (немесе) қатып қалған бөліктер);

- жылу зақымдану (белгі – жылтыраған бөліктер);

- жіптердің ұштарының тозуы;

- ішкі зақымдану. Кабельдік жіптерді жоғарыда көрсетілгендей тарқату және тексеру. Тоқылған тоқыма қабықтары бар синтетикалық жіптерді тоқыма қабығы бойынша және өзегі бойынша өте жұмсақ немесе өте қатты бөліктерді (зақымдану белгісі) сезіну үшін ұстап көру керек. Әсіресе жіптердің ұштарын мұқият тексеру керек;

- барлық түйіндерді сенімділік;

- түйіндердің шықпыртуының жеткіліктілігі.

9.11.2.2 Жіптер келесі ақаулықтардың біреуі анықталған жағдайда жарамсыз деп танылады:

- тоқыма қабықтың зақымдануы;

- жіптің диаметрінің көзбен шолып анықталатын тегіс еместігі;

- өте жұмсақ немесе өте қатты бөліктер (егер зақымдану бір жерде болса, зақымданған бөлікті кесіп тастауға болады);

- кез келген бөліктің тозуы;

- абразивті тозу (абразивті тозудың кішкене мөлшеріне рұқсат беріледі);

- кесіктер;

- химиялық ластану белгілері;

- жылумен зақымдану белгілері;

- тот басу дақтарының бар болуы;

- жіпті таңбалаудың жоқ болуы немесе оқылмауы.

Іште кірді (ұсақ құмды) анықтау жағдайында өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес тазалау керек. Егер кірді (ұсақ құмды) жою мүмкін болмаса, жіпті абразивті тозу есебінен зақымдануға әдеттегіден қарағанда жиірек тексеру керек.

Егер түйіндерге шүбәлі болсаңыз жіпті пайдаланудан алып тастаңыз. Түйіндер білікті тұлғамен байлануы мүмкін. Түйінді дене салмағымен тартыңыз және жеткілікті қиылыстың (кем дегенде 100 мм) бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер анкерлік тартқыштағы түйіндер қатты тартылған болып көрінсе түйіндерді қайтадан байлаңыз немесе анкерлік тартқышты ауыстырыңыз.

9.11.2.3 Жоспарлы тексеру байламның жоспарлы тексеруімен салыстырғанда сирек емес жүргізілуі керек.

Жоспардан тыс тексеру жіптердің жағдайын кішкене күдік пайда болған кезде жүргізілуі керек.

9.11.2.4 Ұстаушы тораптар үшін арналған ілмектердің жағдайларын бақылау көтеруші және сақтандыру жіптерінің жағдайында бақылау жүргізу секілді, әрбір жұмыс ауысымы басталардың алдында күн сайын жүзеге асырылады.
9.11.3 Сақтандыру керек-жарақтары
9.11.3.1 Сақтандыру керек-жарақтарының жағдайы және пайдалануға жарамдылығы әрбір жұмыс ауысымы басталардың алдында жүргізіледі.

Қарау кезінде сақтандыру керек-жарақтарын келесілерге көзбен шолып және дене түйсігі арқылы тексеру жүзеге асырылады:

- кез келген бөліктің тозуы;

- абразивті тозу, әсіресе жүктеме түсетін бөлшектерде;

- жалбыраған ілмектер немесе жіптер (абразивті тозу белгісі);

- кесілген, сынған немесе жұлмаланған тігістердің бар-жоқтығы;

- кесіктер, әсіресе жүктеме түсетін бөлшектерде;

- лас ілмектер немесе жіптер (сырттан және іштен абразивті тозу себептерінің бірі);

- бұйымды таңбалаудың бар болуы және жағдайы;

- химиялық заттармен немесе ультра күлгін сәулемен зақымдану (үгіліп жатқан беттер және (немесе) түстің жоғалуы және (немесе) қатып қалған бөліктер);

- жылу зақымдану (мысалы, жылтыраған бөліктер);

- тот басу дақтарының бар болуы;

- жоғарыда көрсетілгендей бекіту нүктесінің кез келген ілмегінің ішінде және сыртында;

- барлық тораптардың сенімділігі;

- түйіндердің қиылыстарының жеткіліктілігі;

- түйіндердің тартылғандығы (түйіндер қатты тартылмауы және энергияның кейбір сіңірілуін қамтамасыз етуі керек).

9.11.3.2 Сақтандыру керек-жарақтары келесі ақаулықтардың біреуі анықталған жағдайда жарамсыз деп танылады:

- кез келген бөліктің тозуы;

- абразивті тозу (абразивті тозудың кішкене мөлшеріне рұқсат беріледі);

- кесіктер;

- химиялық ластану белгілері;

- жылумен зақымдану белгілері;

- кесілген, сынған немесе жұлмаланған тігістер;

- таңбалаудың жоқ болуы немесе оқылмауы.

Кірді анықтаған жағдайда өндірушінің нұсқауларына сәйкес тазалауды жүргізу керек.

Егер түйіндерге шүбәлі болсаңыз бұйымды пайдаланудан алып тастаңыз. Түйіндер білікті тұлғамен байлануы мүмкін. Түйінді дене салмағымен тартыңыз және жеткілікті қиылыстың (кем дегенде 100 мм) бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер сақтандыру мұртындағы түйіндер қатты тартылған болып көрінсе түйіндерді қайтадан байлаңыз немесе сақтандыру мұртын ауыстырыңыз.


9.11.4 Карабиндердің және басқа да жалғастыру элементтері
9.11.4.1 Карабиндердің және басқа да жалғастыру элементтерінің жағдайы және пайдалануға жарамдылығы әрбір жұмыс ауысымы басталардың алдында жүргізіледі.

Қарау кезінде карабиндерді және басқа да жалғастыру элементтерін келесілерге көзбен шолып және дене түйсігі арқылы тексеру жүзеге асырылады:

- тозу, әсіресе жіп немесе ілмек өтетін жерлерде;

- түрінің өзгеруі;

- кесіктер;

- сызаттар;

- терең тыртықтар немесе тырналған жерлер;

- қабыршықтанулар;

- тоттанулар;

- химиялық заттармен ластану, мысалы, алюминийден жасалынған бөлшектердің желінуі, түлеуі (теңіз суының әсеріне байланысты);

- бөгде заттардың, мысалы, құмның, майдың, бояудың жиналуы;

- бұйымды таңбалаудың бар болуы және жағдайы;

- жылжымалы бөлшектердің дұрыс жұмыс істеуі, мысалы, сақтандырғыш корпуста дұрыс орналасқан, серіппе сақтандырғышты дұрыс қайтарады, сақтандырғыштың механизмі дұрыс жұмыс істейді, кез келген бұрандалық бөлшектер дұрыс бұралады/шығарылады;

- топсалы саусақтың жағдайы жақсы;

- тоқтатқыш штифт майыспаған.

9.11.4.2 Карабиндер және басқа да жалғастыру элементтері келесі ақаулықтардың біреуі анықталған жағдайда жарамсыз деп танылады:

- көзге көрінетін түрдің өзгеруі;

- жылжымалы бөлшектердің және сақтандыру құрылғысының жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы;

- сызаттар (олардың көлеміне тәуелсіз);

- кесіктер, терең тыртықтар, қабыршықтанған немесе тырналған жерлер;

- шұңқырлар және көзбен шолып анықталатын тозу іздері;

- бөлшектердің арасындағы жоғары саңылаулар (люфттер) және олардың функцияларының бұзылуы;

- топсалық саусақтың нашар жағдайы;

- майысқан тоқтатқыш штифт;

- бұрандалы қосылыстардың дұрыс емес тартылуы;

- таңбалаудың жоқ болуы немесе оқылмауы.

Бөгде заттар анықталған кезде тазалауды жүргізу керек.

9.11.4.3 Карабиндердің (жалғастыру элементтерінің) техникалық жағдайын тексеру бұйымның паспортына немесе бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылуы керек.


9.11.5 Түсіру құрылғылары
9.11.5.1 Түсіру құрылғыларының жағдайы және пайдалануға жарамдылығы әрбір жұмыс ауысымы басталардың алдында жүргізіледі.

Қарау кезінде түсіру құрылғыларын келесілерге көзбен шолып және дене түйсігі арқылы тексеру жүзеге асырылады:

- тозу, әсіресе катушкаларда;

- түрінің өзгеруі;

- кесіктер;

- сызаттар;

- терең тыртықтар немесе тырналған жерлер;

- қабыршықтанулар;

- тоттанулар;

- химиялық заттармен ластану, мысалы, алюминийден жасалынған бөлшектердің желінуі, түлеуі (теңіз суының әсеріне байланысты);

- бөгде заттардың, мысалы, құмның, майдың, бояудың жиналуы;

- бұйымды таңбалаудың бар болуы және жағдайы;

- жылжымалы бөлшектердің дұрыс жұмыс істеуі, мысалы, құрылғыны блоктайтын тұтқалар;

- бұрандалы қосылыстардың толық тартылуы және дұрыс бекітілуі.

9.11.5.2 Түсіру құрылғылары келесі ақаулықтардың біреуі анықталған жағдайда жарамсыз деп танылады:

- көзге көрінетін түрдің өзгеруі;

- кесіктер, әсіресе терең қабыршықтанулар, тыртықтар немесе тырналған жерлер;

- өндірушімен рұқсат берілгеннен жоғары тозу;

- сызаттар (олардың көлеміне тәуелсіз);

- жылжымалы бөлшектердің (егер бұндайлар бар болса) жұмыс қабілеттілігінің бұзылулары;

- химиялық заттармен ластану;

- дұрыс емес жұмыс істеу;

- бұрандалы байланыстарды дұрыс емес тарту;

- таңбалаудың жоқ болуы немесе оқылмауы.

Бөгде заттар анықталған кезде тазалауды жүргізу керек.

9.11.5.3 Маңызды зақымданулары жоқ, бірақ тозу нәтижесінде жіптің бос ұшының (ұштарының) тартылуының шамадан тыс күштерін талап ететін түсіру құрылғылары пайдаланудан шығарылуы керек.

9.11.5.4 Соққылық жүктемеге ұшыраған түсіру құрылғылары дереу пайдаланудан шығарылуы керек және білікті тұлғамен тексеріліп зақымдалмаған және қайтадан пайдалануға жарамды деп танылғанға дейін сақтандыру жүйелерінде немесе көтеруші жүйелерде қайтадан пайдаланылмауы керек.

9.11.5.5 Түсіру құрылғыларының техникалық жағдайын тексеру бұйымның паспортына немесе бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылуы керек.


9.11.6 Қысқыштар
9.11.6.1 Қысқыштардың жағдайы және пайдалануға жарамдылығы әрбір жұмыс ауысымы басталардың алдында жүргізіледі.

Қарау кезінде қысқыштарды келесілерге көзбен шолып және дене түйсігі арқылы тексеру жүзеге асырылады:

- тозу, әсіресе жұдырықшаның тістерінде немесе беттерінде, жіп арнасында;

- түрінің өзгеруі;

- кесіктер;

- сызаттар;

- терең тыртықтар немесе тырналған жерлер;

- қабыршықтанулар;

- тоттанулар;

- химиялық заттармен ластану, мысалы, алюминийден жасалынған бөлшектердің желінуі, түлеуі (теңіз суының әсеріне байланысты);

- бөгде заттардың, мысалы, құмның, майдың, бояудың жиналуы;

- бұйымды таңбалаудың бар болуы және жағдайы;

- жылжымалы бөлшектердің дұрыс жұмыс істеуі, мысалы, жұдырықша, серіппелер, блоктаушы ысырма;

- топсалы саусақтың жағдайы;

- бұрандалы қосылыстардың толық тартылуы және дұрыс бекітілуі.

9.11.6.2 Қысқыштар келесі ақаулықтардың біреуі анықталған жағдайда жарамсыз деп танылады:

- көзге көрінетін түрдің өзгеруі;

- сызаттар (олардың көлеміне тәуелсіз);

- жылжымалы бөлшектердің жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы;

- өндірушімен рұқсат берілгеннен жоғары тозу;

- негізгі функцияны – жіппен сырғанауды жоғалту;

- топсалық саусақтың нашар жағдайы;

- кесіктер, терең қабыршықтану, тыртықтар немесе тырналған жерлер;

- химиялық заттармен ластану;

- дұрыс емес жұмыс істеу;

- бұрандалы қосылыстардың дұрыс емес тартылуы;

- бұйымның таңбалауының жоқ болуы немесе оқылмауы.

Бөгде заттар анықталған кезде тазалауды жүргізу керек.

9.11.6.3 Соққылық жүктемеге ұшыраған қысқыштар дереу пайдаланудан шығарылуы керек және білікті тұлғамен тексеріліп зақымдалмаған және қайтадан пайдалануға жарамды деп танылғанға дейін сақтандыру жүйелерінде немесе көтеруші жүйелерде қайтадан пайдаланылмауы керек.

9.11.6.4 Қысқыштардың техникалық жағдайын тексеру бұйымның паспортына немесе бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылуы керек.


9.11.7 Қорғаныс каскалары
9.11.7.1 Қорғаныс каскаларының жағдайы және пайдалануға жарамдылығы әрбір жұмыс ауысымы басталардың алдында жүргізіледі.

Қарау кезінде қорғаныс каскаларын келесілерге көзбен шолып және дене түйсігі арқылы тексеру жүзеге асырылады:

- корпустың сызаттары, тырналған жерлері, кесіктері;

- корпустың түрінің өзгеруі;

- корпустың, иектің қорғанысының немесе иек асты белбеуінің абразивті тозуы;

- иектің қорғанысының зақымдануы;

- иек асты белбеуінің зақымдануы;

- қорғаныс каскасының кез келген бөлігінің тозуы;

- касканың әртүрлі бөліктерінің арасындағы бекіту сенімділігі;

- әртүрлі элементтердің (мысалы, тігілген және тойтармалы бөліктер) арасындағы бекіту сенімділігі;

- иек асты белбеуін реттеудің жеңілдігі, ыңғайлылығы және дәлдігі;

- таңбалаудың бар болуы және жағдайы.

9.11.7.2 Қорғаныс каскалары келесі ақаулықтардың біреуі анықталған жағдайда жарамсыз деп танылады:

- 9.11.7.1-да көрсетілген кез келген ақаулар;

- иек асты белбеуінің жоқ болуы;

- иектің қорғанысының жоқ болуы;

- таңбалаудың жоқ болуы немесе оқылмауы.
9.11.8 Басқа керек-жарақтар және құрылғылар
9.11.8.1 Өнеркәсіптік альпинизм үшін арналған басқа да керек-жарақтар, құрылғылар және жабдықтар өндірушінің ұсыныстарына сәйкес, сондай-ақ қауіпсіздікке немесе сенімділікке күдіктің пайда болуы кезінде тексерілуі керек.

9.11.8.2 Пайдаланылмайтын керек-жарақтар және құрылғылар жыл сайын тексерілуі керек.


9.12 Есепке алу және сақтау
9.12.1 Қатесіз анықтау үшін барлық жұмыс керек-жарақтарына және жабдықтарына пайдаланылған уақытты және пайдалану шарттарын тіркеу үшін арналған формуляр басталуы керек. Формулярда әрбір бұйым бойынша келесілер көрсетіледі:

- зауыттық сертификаттың номері;

- берілген номер;

- өндірушінің атауы;

- шығарылған күні;

- түрі (жіптер үшін сондай-ақ диаметрі, ұзындығы және түсі);

- сатып алынған күні;

- пайдаланудың ерекше шарттары бағанымен пайдаланылған уақыттың сағат мөлшерін айлар бойынша жазумен күнтізбелік кесте;

- соңғы тексеру күні;

- кезекті жоспарлы тексеру күні;

- тексеруші тұлғаның қолы.

Осы талаптар есепке алынуға жатпайтын керек-жарақтарға (мысалы, карабиндерге және репбауларға) қатысты емес. Бұндай керек-жарақтар үшін пайдалану және (немесе) сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін және тексерудің нәтижелері бойынша ақаулығын анықтауды және жоюды қамтамасыз ету керек.

9.12.2 Есепке алынуға жататын бұйымдардың барлық бірліктері кем дегенде келесі мәліметтер көрсетілген таңбалаумен жабдықталуы керек:

- формулярдағы номері;

- материалдық мүлікті тіркеу кітабы бойынша коды.

Болаттан жасалынған арқан сандармен арқанның ұзындығы көрсетілген алюминийден жасалынған тақтайшалармен таңбаланады. Тақтайшаларды арқанның екі ұшына жұмсақ сыммен бұрап бекітеді. Арқанның ұштарының тарқатылуынан сақтану үшін олар қысқа кесінділермен мыстан жасалынған түтіктермен тойтарылады.

9.12.3 Бұйымда бар зауыттық таңбалау жойылмауы керек.

9.12.2-та көрсетілген таңбалау зауыттық таңбалауды жауып қалмайтындай және зауыттық таңбалауды және 9.12.2-та көрсетілген таңбалауды анықтауда және түсінуде проблема жасамайтындай етіп салынуы керек.

9.12.4 Жіптердің кесінділерін (ұштарын) пайдалануға берердің алдында олар формуляр бойынша берілген шартты номер көрсетілген затбелгімен (маркамен) жабдықталуы керек.

9.12.5 Әрбір бұйым сақтауға қоярдың алдында өкілетті тұлғамен жүзеге асырылатын көзбен шолу және функционалдық тексеруден өтуі керек, ол туралы журналда сәйкес келетін жазба жасалынады.

Тексеру 9.11-ға сәйкес жүргізілуі керек.

9.12.6 Әрбір бұйым сақтауға қоярдың алдында 9.14-дың талаптарына және (немесе) өндірушінің ұсыныстарына сәйкес тазалануы және/немесе кептірілуі (қажет болған жағдайда) керек.

9.12.7 Жабдық кез келген қажетті тазалаудан және кептіруден кейін қапталмаған түрде салқын, құрғақ, қараңғы жерде химиялық бейтарап ортада, шамадан тыс ыстықтан немесе жылу, жоғары ылғалдылық көздерінен, өткір бұрыштардан, тоттану заттарынан немесе зақымданудың басқа да ықтимал себептерінен алыста сақталу керек. жабдық дымқыл күйінде сақталмау керек.

9.12.8 Жұмыс ұштарына кесілмеген және пайдаланудағы жіптерді орамаға оралған қалпында, желдетілетін құрғақ үй-жайда минус 10°С-тан плюс 30°С дейінгі температурада, жылыту аспаптарынан алыста, оларға тік күн сәулелері әсер етпейтіндей сақтау керек.

Егер жіп ұзын болса орауды ортасынан бастауға және екі орама жасауға болады. орамаға орайтын орамды тарту керек, әйтпесе жіп тасымалдау кезінде шешіліп және шатасып қалады.

9.12.9 Керек-жарақтардың және жабдықтардың жұмысқа жарамай қалған элементтерін жұмыс орындарында сақтауға болмайды.

Биіктікте жұмыстарды жүргізу үшін жұмысқа жарамай қалған, бірақ басқа мақсатқа пайдалануға болатын керек-жарақтар мен жабдықтар оның ұзақ уақыттық таңбалауын алып тастағаннан кейін жеке сақталулары керек.

Пайдаланудан шығарылып тасталған жабдық кесілуі немесе сындырылуы керек.


9.13 Пайдалану және сақтау мерзімі
9.13.1 Өндірушімен белгіленген пайдалану мерзімі, моральдық тозу немесе сақтау мерзімі аяқталған, өнеркәсіптік альпинизмде пайдаланылатын кез келген бұйым пайдаланудан шығарылуы, кесілуі немесе сындырылуы керек.

9.13.2 Пайдалануға енгізген уақыттан бастап жіптің пайдалану мерзімі, егер ол паспортта көрсетілмесе, 9.11.2.2-та көрсетілген ақаулықтар жоқ болған жағдайда келесілерден аспауы керек:

- күн сайын пайдалану кезінде – 1 жыл;

- аптасына бір күн пайдалану кезінде – 2 жыл;

- анда-санда пайдалану кезінде – 5 жыл,

бірақ өндірушімен ұсынылған мерзімнен ұзақ емес.

9.13.3 Ұстаушы тораптар үшін арналған ілмектерді пайдаланудың барынша ұзақ мерзімі 6 айдан аспауы керек.

9.13.4 Өндірушімен пайдалану мерзімі белгіленбеген және 9.11.4.2-та көрсетілген ақаулықтары жоқ карабиндерді және басқа да жалғастыру элементтерін пайдалану мерзімі шектелмеген.

9.13.5 Қорғаныс каскаларын пайдаланудың барынша ұзақ мерзімі 5 жылды құрауы керек.

9.13.6 Соққылық жүктемеге ұшыраған кез келген сақтандыру керек-жарағы, түсу немесе көтерілу үшін арналған жабдық таңбалануы және пайдаланудан шығарылуы керек және білікті тұлғамен тексеріліп зақымдалмаған және қайтадан пайдалануға жарамды деп танылғанға дейін сақтандыру жүйелерінде немесе көтеруші жүйелерде қайтадан пайдаланылмауы керек, бұған жұмыс және сақтандыру жіптері жатпайды, олар пайдаланудан дереу және өмір бойы шығарылуы керек.


9.14 Керек-жарақтарға және жабдықтарға күтім көрсету
9.14.1 Керек-жарақтар және жабдықтар келесілерді қоса, өндірушінің нұсқауларына сәйкес пайдаланылуы және жұмысқа қабілетті қалыпта ұсталуы керек:

- механикалық жабдықтың құрамдас бөліктерін тазалау және майлау;

- байлам, жіптер және ілмектер секілді жұмсақ элементтерді тазалау.

9.14.2 Керек-жарақтар және жабдықтар тек өндірушімен көрсетілген мақсаттар үшін ғана пайдаланылуы және пайдаланушымен өзгертілмеуі керек.

9.14.3 Нейлонды және полиэфирлі тігілген ілмектерді, байламдарды, жіптерді, сақтандыру мұрттарын және амортизаторларды қоса синтетикалық жұмсақ жарақтарға қойылатын күмiт жалпы талаптар өзіне келесілерді қосады:

- күн сәулесінің астында ұзақ жатудан сақтану;

- жоғары температуларда (50°С жоғары) ұзақ жатудан сақтану;

- химиялық ластаушылардан, әсіресе күшті қышқылдардан және негіздерден сақтану;

- өткір және абразивті беттерден сақтану;

- соққылық жүктемелерден немесе жараққа жүктердің құлауынан қорғау;

- жұмсақ жуу заттарын және жылы суды пайдаланумен жуу;

- ілінген қалыпта кептіру және дымқыл қалыпта сақтауға қоймау;

- салқын және құрғақ жерде тік күн сәулесінен алыста сақтау.

9.14.4 Синтетикалық жұмсақ жарақтың топырақпен былғанған бұйымдары сабынды немесе жұмсақ жуу затын (рН 5,5-тен 8,5-ға дейінгі өрісте) пайдаланумен таза суда (ең жоғарғы температурасы 40°С) жуылуы керек, осыдан кейін олар суық, таза суда мұқият жуылуы керек.

Кір жуу машиналарын пайдалануға рұқсат беріледі, бірақ бұйымды механикалық зақымданудан қорғау үшін сәйкес келетін қапқа салу ұсынылады. Алдыңғы бетінен салынатын кір жуу машиналарында жуардың алдында жіптерді тізбекке жалғау ұсынылады.

Дымқыл бұйым жылудың тікелей әсеріне ұшырамай, жылы үй-жайда табиғи түрде кептірілуі керек.

9.14.5 Жіптерді жуу заттарын пайдаланбай және 30ºС жоғары емес температурада жуу, бір-біріне қысылған екі щетканың арасынан өткізу арқылы сулап және шаю ұсынылады. Жіпті бекітілген карабин немесе түсіру құрылғысы арқылы сығу ұсынылады. Жіпті көлеңкеде немесе түнде немесе қараңғы үй-жайда кептіру керек.

9.14.6 Синтетикалық жұмсақ жарақтар өндірушімен жүргізілетін бояуды қоспағанда боялмауы керек.

9.14.7 Жалғастыру элементтері, түсіру құрылғылары, қысқыштар, сақиналар, байламдағы тоғалар секілді металдан жасалынған бұйымдар тазалықта ұсталуы керек. Олардың жылжымалы бөлшектері (сондай-ақ карабиндердің ысырмалары және муфталық бекіткіштердің бұрандалары) құрғақ қалыпта жабысқақтығы төмен майды немесе силиконды майды пайдаланумен майлануы керек.

Ілмектерді бекіту белбеулерімен, жіптермен, тартқыштармен және басқалармен (мысалы, байламның тоғаларын бағыттаушы аспақ) байланысатын жерлерді майлаудан сақтану керек.

Сақтауға қоярдың алдында бұранданың зақымдануынан сақтану үшін бұрандалы қосылыстарды бұрап бекіту керек.

Түсіру құрылғылары пайдаланылмаған кезде олардың бүйірлік пластиналарын жабық қалпында ұстау керек.

Қысқыштар мен ұстағыштар пайдаланылмаған кезде олардың ысырмаларын жабық қалпында ұстау керек.

9.14.8 Тұтастай металдан жасалынған жабдықты бірнеше минут, жуу заты немесе сабын қосылған таза ыстық суға батыру арқылы тазалауға болады.

Егер температура ұсынылған ең жоғары температура 100°С асып кететін болса, жоғары қысымды бумен тазалағыштар пайдаланылмауы керек.

Тазалау үшін теңіз суы пайдаланылмауы керек.

Жабдық тазаланғаннан кейін таза суық сумен мұқият жуылуы және жылудың көзінен алыста табиғи жолмен кептірілуі керек.

9.14.9 Құрылыс жұмыстары кезінде пайдаланылатын кейбір химиялық қосылыстар алюминий қорытпаларынан жасалынған бұйымдардың шамадан тыс тоттануына алып келуі мүмкін. Осы проблемамен күрес жөніндегі ұсыныстарды бұйымды өндірушіден алу керек.

9.14.10 Керек-жарақтар және жабдықтар қажет болған жағдайда дезинфекциялануы керек. Дезинфекциялау затын таңдау кезінде келесілерді есепке алу керек:

- оның аурулармен күрестегі тиімділігін;

- бір рет немесе көп рет дезинфекциялағаннан кейін ол керек-жарақтарға және жабдықтарға көрсететін теріс әсерлері.

Дезинфекциялау жөніндегі ұсыныстарды дезинфекциялауды бастағанға дейін жабдықты өндірушіден немесе жеткізушіден алу керек.

Дезинфекциялаудан кейін жабдық таза, суық сумен мұқият жуылуы және содан кейін жылудың көзінен алыста жылы үй-жайда табиғи жолмен кептірілуі керек.

9.14.11 Теңіздік ортада пайдаланылған керек-жарақтар және жабдықтар таза, суық тұщы суға ұзақ уақыт батыру арқылы тазалануы, содан кейін жылудың көзінен алыста жылы үй-жайда табиғи жолмен кептірілуі керек, содан кейін сақтауға қоярдың алдында тексерілуі керек.

9.14.12 Қорғаныс каскаларына күтім көрсету кезінде келесі талаптарды орындау керек:

- химиялық заттардан, әсіресе күшті қышқылдардан және негіздерден сақтану, және күн сәулелерінің астында ұзақ уақыт жатудан сақтану;

- ластану деңгейіне байланысты тазалау;

- тазалау үшін жылы суды және жеңіл жуу затын пайдалану;

- құрғақ және таза қалыпта және ластайтын заттардан және тік күн сәулелерінен алыста сақтау;

- нәтижесінде корпуста сызаттар немесе майысулар пайда болуы мүмкін дөрекі пайдаланудан сақтану;

- қандай да бір әдіспен корпусты немесе белбеулерді өзгертпеу;

- басқа тағылатын шамдар тек үйлесімді бекіту аспаптарына немесе белбеулерге бекітілуі керек.



жүктеу 5,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау