10 Жұмыс уақытының нормалары
10.1 Жұмыстардың түріне байланысты жұмыстың ұзақтығы келесі түрде шектелуі керек:
- қимылдау машықтарының жоғары деңгейін талап етпейтін және қарапайым қимылдарды көп рет қайталаумен байланысты тапсырма – 8 сағаттан аспайды;
- қажетті үзілістермен ауыр, тұрақты жұмыс – 6 сағаттан аспайды;
- кездейсоқ түрде өзгеретін ақпараттардың негізінде шешімді қабылдау қажеттілігімен байланысты жауапты жұмыс – 4 сағаттан аспайды;
- қимылдардың ерекше дәлдігін және жауап реакциясының өте жоғары жылдамдығын қажет ететін, босаңсуға уақыт берілмейтін өте жауапты, бірақ бір сарынды жұмыс – 2 сағаттан аспайды.
Бұл кезде жұмыс уақытының барынша көп ұзақтығы 10.1-кестеге сәйкес желдің жылдамдығына байланысты шектелуі керек.
10.1-кесте – Желдің әртүрлі жылдамдықтары кезінде 8-сағаттық жұмыс ауысымындағы рұқсат берілген жұмыс уақыты
Желдің жылдамдығы, м/с
|
Рұқсат берілген жұмыс уақыты, сағат
|
2
|
8
|
5
|
5
|
7
|
4
|
9
|
3
|
11
|
2
|
14
|
1,5
|
1-ЕСКЕРТПЕ 15 м/с және одан да жоғары жылдамдық кезінде өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады
2-ЕСКЕРТПЕ Бұл жерде шамалап алынған сандар келтірілген, себебі рұқсат берілген жұмыс уақытына сондай-ақ нақты биіктік және қоршаған ортаның температурасы да әсер етеді
3-ЕСКЕРТПЕ Желдің жылдамдығы өлшеу аспаптарымен (анемометрлермен) немесе желдің жердегі заттарға әсер етуі немесе ашық теңіздегі толқындар бойынша (мысалы, континенттік қайраңдағы мұнай мұнарасында биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде) көзбен шолып анықталуы керек (А-қосымшасын қараңыз)
|
10.2 Демалуға берілетін уақыт 10.2-кестеге сәйкес жұмыстардың сипатына және ұзақтығына байланысты анықталуы керек.
10.2-кесте – Жұмыстардың сипатына және ұзақтығына байланысты демалуға берілетін уақыт нормасы
Әсер
|
Әсерлердің сипаттамасы
|
Демалуға берілетін уақыт, жұмыс істелінген уақыттың %
|
Физикалық күш салулар
|
Шамалы (10 – 150 Н)
|
1 – 2
|
Орташа (150 – 300 Н)
|
2 – 4
|
Ауыр (300 – 500 Н)
|
4 – 6
|
Өте ауыр (500 – 800 Н)
|
6 – 9
|
Жүйкеге күш түсулер
|
Шамалы
|
1 – 2
|
Орташа
|
2 – 4
|
Жоғары
|
4 – 6
|
Жұмыстың қарқыны
|
Біркелкі
|
1
|
Орташа қарқындылық
|
2
|
Жоғары
|
3 – 4
|
Жұмыс қалыбы
|
Шектелген
|
1
|
Ыңғайсыз
|
2
|
Қысылған
|
3
|
Өте ыңғайсыз
|
4
|
Жұмыстың бір сарындылығы
|
Шамалы
|
1
|
Орташа
|
2
|
Жоғары
|
3
|
Қоршаған ортаның температурасы, ылғалдылығы
|
Шамалы көтерілген немесе төмендеген: 70% дейінгі ылғалдылық кезінде 20ºС– 25ºС (немесе минус 5ºС – минус 15ºС)
|
1
|
Орташа: 75% дейінгі ылғалдылық кезінде 26ºС – 30ºС (немесе минус 16ºС – минус 20ºС)
|
2
|
Көтерілген немесе төмендеген: 70% - 75% дейінгі ылғалдылық кезінде 31ºС – 35ºС (немесе минус 21ºС – минус 25ºС)
|
3
|
Жоғары немесе төмен: 75% ылғалдылық кезінде 35ºС – 40ºС (немесе минус 25ºС – минус 40ºС)
|
4
|
Өте жоғары немесе өте төмен: 75% ылғалдылық кезінде 41ºС – 45ºС (немесе минус 30ºС төмен)
|
5
|
Ауаның ластануы
|
Шамалы
|
1
|
Орташа
|
2
|
Жоғары
|
3
|
Күшті
|
4
|
Өте күшті
|
5
|
Өндірістік шу
|
Біркелкі
|
1
|
Жоғары
|
2
|
Күшті
|
3 – 4
|
10.2-кесте – Жұмыстардың сипатына және ұзақтығына байланысты демалуға берілетін уақыт нормасы (жалғасы)
Әсер
|
Әсерлердің сипаттамасы
|
Демалуға берілетін уақыт, жұмыс істелінген уақыттың %
|
Діріл
|
Жоғары
|
1
|
Күшті
|
2
|
Өте күшті
|
3 – 4
|
Жарықтандыру
|
Жеткіліксіз
|
1
|
Нашар немесе өте жарық
|
2
|
10.3 Егер объектінің шарттары және жұмыстардың сипаттамасы мүмкіндік берсе жұмыстарды орындауды жоспарлауды төменде көрсетілген ұсыныстарды есепке ала отырып жүзеге асыру керек:
- қауіпті және күрделі жұмыстарды (қауіптіліктің бірінші деңгейінің жұмыстары) орындауды жұмыс ауысымының басынан бастап емес, оны бастағаннан кейін шамамен алғанда 1,5 – 2,0 сағаттан кейін және түскі тамақ үзілісінен кейін бір сағаттан кейін жоспарлау керек; осы жұмыстарды екінші немесе үшінші ауысымда және әсіресе түнгі сағат 1-ден 4-ке дейін орындауға болмайды;
- жұмыс аптасында биіктіктегі жұмыстарды аптаның орта күндері – сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі – жұма күні түскі тамақ үзілісіне дейін біту үшін дүйсенбіде негізінен дайындық жұмыстарымен айналысу мақсатқа сай болады;
- жұмысты үш ауысымдық ұйымдастыру кезінде биіктіктегі қауіптіліктің екінші деңгейіндегі жұмыстарды орындауды сағат 8-ден 22-ге дейін бірінші және екінші ауысым ішінде жоспарлау керек;
- қауіптіліктің үшінші деңгейіндегі жұмыстарды жеткілікті жарықтандыру бар болған кезде сағат 0-ден таңғы сағат 8-ге дейінгі кезеңде үшінші ауысымда орындау керек;
- қауіптіліктің бірінші деңгейінің жұмыстарын орындау кезінде жұмысшының биіктікте болуын 1,5 – 2,0 сағатқа дейін, ал қолайсыз ауа-райы жағдайларында – қатты суықта (минус 30ºС төмен) немесе ыстықта (35ºС жоғары) – 0,5 – 1,0 сағатқа дейін шектеу керек.
10.4 Бірінші (жоғары) деңгейдің қауіптілігі – жерден 5 м асатын биіктікте немесе тірексіз кеңістіктегі аражабында немесе тар құрылымдық элементтерде (байланыстарда, кермелерде, арқалықтарда, фермаларда, бағаналарда және с.с.), жұмысшы ыңғайсыз қалыпта: еңкейген, арқасымен немесе бетімен төмен қарап жатқанда, жүрелеп отырғанда немесе тізесімен тұрғанда орындалатын; жұмыс операцияларын бір қолмен құрылымның элементтеріне ұстанып бір қолмен орындалатын; «тұрып» немесе «еңбектеп» қалпында құрылымның тар элементтері (ені 0,5 м аспайтын), сондай-ақ аспалы тік немесе көлденең орналасқан баспалдақтармен немесе қапсырмалармен басқа қоршауларды немесе арнайы ұстағыштарды пайдаланбай өту арқылы орындалатын жұмыс операциялары.
ЕСКЕРТПЕ Көрсетілген жұмыс операциялары әдетте құрылыстық құрылымдарды, бірегей ғимараттар мен құрылыстарды, технологиялық жабдықтарды, құбырларды жинақтау және тоттануға қарсы сырлау, электр берудің әуелік желілерін, түтін мұржаларын, сондай-ақ құрылымды күшейту жөніндегі күрделі жөндеу жұмыстары кезінде кездеседі.
10.5 Екінші (орташа) деңгейдің қауіптілігі – «тұрып», «отырып» қалыптарында немесе кішкене еңкеюмен биіктікте, тірексіз кеңістікте немесе кең құрылымдық элементтерде (1 м асатын) орындалатын; қоршаулардың, тік арқандармен немесе көлденең сақтандыру арқандары бар ұстағыштардың бар болуы кезінде арқалықтармен, беларқалармен, баспалдақтармен немесе қапсырмалармен өту арқылы орындалатын жұмыс операциялары.
ЕСКЕРТПЕ Бұндай жұмыс операциялары темірбетонды қаңқасы, аражабыны немесе жиналмалы темірбетон тақталардан тұратын аражабыны бар бір қабатты және көп қабатты өндірістік, әкімшілік, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын салу кезінде орын алады.
10.6 Үшінші (кіші) деңгейдің қауіптілігі – биіктіктен құлау шекараларында қоршаулардың бар болуы кезінде құрылымдық элементтерден орындалатын жұмыс операциялары.
ЕСКЕРТПЕ Көрсетілген жұмыс операциялары әдетте көп қабатты тұрғын үй, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарын салу, ғимараттардың ішкі және сыртқы әрлеу, жұмсақ шатырларды орнату және жөндеу және с.с. кезінде орындалады.
11 Жұмыстарды бастауға дайындық
11.1 Жұмыстарды бастауға дайындық келесілерден тұрады:
- тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасын алу және зерттеу;
- жұмыстарды орындау орынын қарау;
- жергілікті қызметкерлермен және апаттық-құтқару қызметтерімен, сондай-ақ объектіде жұмыстарды орындап жатқан басқа мердігерлермен танысу;
- жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптерді анықтау және тәуекелдерді бағалау;
- жұмыстарды ұйымдастыру жобасын жасау, келісімнен өткізу және бекіту;
- жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентін жасау;
- апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарын жасау;
- жұмыстарды орындауға наряд-рұқсатты алу;
- қажетті жабдықтарды және керек-жарақтарды дайындау;
- жоғарыда көрсетілген құжаттармен қарастырылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау;
- анкерлерді орнату және сақтандыру сызбаларын анықтау;
- нұсқау беруді жүргізу.
11.2 Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасын зерттеу және жұмыстарды орындау орынын қараудың негізінде жұмыстардың жауапты жетекшісі:
- бригада мүшелерінің талап етілген жұмысты орындау мүмкіндіктерін бағалауы керек;
- талап етілген жұмысты орындау үшін бригаданың күштерінің және құрал-жабдықтарының жеткіліктілігін бағалауы керек;
- жұмысты орындау үшін қосымша күштерді және құрал-жабдықтарды тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдауы керек.
11.3 Жұмыстарды орындаудың жаңа немесе таныс емес орынында жұмыстарды орындау орынын қарауды бригаданың барлық мүшелерімен жүргізу ұсынылады.
11.4 Жұмыстарды жүргізумен байланысты қауіптерді анықтауды және тәуекелдерді бағалауды жүргізу кезінде жұмыстардың барлық көзге көрінетін және болжанатын аспектілер талдануы керек. Негізгі қауіптер, олардың өнеркәсіптік альпинистердің жұмысына әсер етуі және алдын алудың сәйкес келетін шаралары 11.1-кестеде көрсетілген.
11.1-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер
Қауіп
|
Қауіптің сипаттамасы
|
Алдын алу шаралары
|
Құлау, жұлыну
|
- Жарақаттану немесе қаза табу
|
- 1,3 м немесе одан да көп тереңдікке құлау мүмкіндігі бар қорғалмаған жиектен 1,3 м шектерде болған кезде сәйкес келетін құлаудан қорғанысты және альпинистік жабдықты барлық уақытта пайдалану керек.
- Барлық қызметкерлер тиісті түрде оқытылған және сәйкес келетін дайындыққа ие болуы керек.
|
Өнеркәсіптік альпинистің қателігі
|
- Жарақтарды пайдалану кезіндегі қателіктер
|
- Жұмыс жібі тіректің алғашқы құралы болған кезде екі жіпті жүйені пайдалану керек.
- Тәуелсіз анкерлеуді пайдалану керек.
- Әрқашан төрт элементті: жіптерді (анкерді қоса), техникалық құралдарды, байламды және касканы тексеру керек.
|
Байланыс қиыншылықтары
|
- Айналадағы қатты шу (көліктердің жылжуы, жабдықтың жұмыс істеуі, судың ағуы, жел және тағы басқа)
- Дұрыс емес жұмыс істейтін рация немесе жерге түсіріп алған рация
- Жұмыстарды орындау жағдайларының өзгеруі
|
- Ақпараттармен алмасу үшін стандартталған сигналдарды келісу және пайдалану керек.
- Байланыс жүйесін тексеру керек.
- Жұмыстарды орындау жағдайларының өзгеруі немесе техникалық проблемалардың пайда болуы жағдайларына байланыстың баламалы жүйесін қарастыру керек.
- Қолмен берілетін сигналдардың дайындығын өткізу керек (осындай сигналдарды пайдалану мақсатқа сәйкес болғанда).
|
Өткір/абразивті беттер
|
- Жіптердің немесе анкерлердің зақымдануы және/немесе жұлыну
- Абразивті зақымданулар немесе қолдың кесілуі
|
- Жіптердің сәйкес келетін қорғаныстарын пайдалану керек.
- Қажеттілікке байланысты ауытқитын немесе аралық анкерлерді пайдалану керек.
- Қолғаптарды және сәйкес келетін арнайы киімді кию керек.
|
Электр сымдары
|
- Кернеу бар сымдармен қасақана емес байланысқа түсу
- Байланысқа түсудің нәтижесінде электр тоғына күю немесе зақымдану
|
- Желмен теңселетін жіптер тиюі мүмкін сымдарды тексеру керек.
- Сымдардан сәйкес келетін ара қашықтықты сақтау керек.
- Сөндіру/блоктау және хабарлау процедураларын сақтау керек.
|
11.1-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер (жалғасы)
Қауіп
|
Қауіптің сипаттамасы
|
Алдын алу шаралары
|
Жабдық
|
- Жабдықты қасақана емес немесе келісілмеген қосу
- Жабдықты пайдаланумен пайда болған жарақаттар
- Қауіпті жағдайларды жасау
|
- Жабдықтан сәйкес келетін ара қашықтықты сақтау керек.
- Сөндіру/блоктау және хабарлау процедураларын сақтау керек.
- Сөндіруді/блоктауды және хабарлауды тексеру керек.
|
Аспапты пайдаланумен пайда болған жарақаттар
|
- Қауіптер пайдаланылатын аспаптардың түріне байланысты
- Альпинистік немесе сақтандыру жабдығының зақымдануы
|
- Өндірушінің барлық нұсқауларын сақтау және барлық сақтандыру құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек.
- Салмағы 10 кг-нан ауыр аспаптар үшін бөлек аспалы жіп қажет болуы мүмкін.
|
Құлаған аспаптар немесе материалдар
|
- Қызметкерлердің немесе айналадағы адамдардың ықтимал жарақаттануы
- Жұмыс немесе эвакуация үшін маңызды аспаптарды жоғалту
- Құрылыстың немесе жабдықтың зақымдануы
|
- Тыйым салынған аймақты анық белгілеу және қоршау керек.
- Қауіпті аймақта каскаларды немесе қорғаныс дулығаларын киіп жүру керек.
- Жұмыс алаңында тазалықты және тәртіпті сақтау керек.
- Барлық құралдар мен құрылғылар байлануы немесе бекітілуі керек.
- Басқа жұмысшылардың астында жұмыс істемеу және тұрмау керек.
|
Бекітілмеген материалдар
|
- Қызметкерлердің немесе айналадағы адамдардың ықтимал жарақаттануы
- Құрылыстың немесе жабдықтың зақымдануы
- Жіптердің кесілуі
|
- Жұмыстарды бастаудың алдында жұмыс аймағын мұқият тазалау керек.
- Бекітілмеген материалдар бекітуді (уақытша немесе тұрақты) қажет етуі мүмкін.
- Бекітілмеген материалдардың орынынан жылжуынан сақтану үшін жіптерді абайлап басқару керек
|
11.1-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер (жалғасы)
Қауіп
|
Қауіптің сипаттамасы
|
Алдын алу шаралары
|
Жауынды/ылғалды жағдайлар
|
- Дымқыл киімнің жылуды оқшаулағыш қасиеттері төмендейді
- Гипотермия (дене температурасының қауіпті төмендеуі) орын алуы мүмкін
- Ылғалды беттер тайғанақ болуы мүмкін
- Түсіру құрылғыларындағы және қысқыштардағы азайтылған үйкелу
- Дұрыс емес оқшауланған немесе дұрыс емес жерлендірілген жабдықтың жанында кезбе тоқ қауіпі
- Жеткіліксіз көру мүмкіншілігі
|
- Егер жағдайлар қауіпті болса, жұмыстарды тоқтату керек.
- Сәйкес келетін аяқ киімді және киімді кию керек.
- Су сіңбейтін керек-жарақтар мен жабдықтар пайдаланылуы керек.
- Ықтимал тайғанау туралы есте сақтау керек.
- Электр жабдығы тиісті түрде жерлендірілген және жерге қысқа тұйықтау жүйесінің сөндіргішімен жабдықталуы керек.
|
Қар/мұз
|
- Дымқыл киімнің жылуды оқшаулағыш қасиеттері төмендейді
- Гипотермия (дене температурасының қауіпті төмендеуі) немесе үсу орын алуы мүмкін
- Қол-аяқтардың ептілігінің жоғалуы
- Дымқыл және мұз қатқан беттер тайғанақ болуы мүмкін
- Түсіру құрылғыларындағы және қысқыштардағы азайтылған үйкелу
- Дұрыс емес оқшауланған немесе дұрыс емес жерлендірілген жабдықтың жанында кезбе тоқ қауіпі
- Жеткіліксіз көру мүмкіншілігі
|
- Егер жағдайлар қауіпті болса, жұмыстарды тоқтату керек.
- Қолғаптарды және бас киімдерді қоса сәйкес келетін аяқ киімді және киімді кию керек.
- Су сіңбейтін керек-жарақтар мен жабдықтар пайдаланылуы керек.
- Ықтимал тайғанау туралы есте сақтау керек.
- Осындай жағдайлар үшін сәйкес келетін альпинистік керек-жарақтар мен жабдықтар пайдаланылуы керек.
- Электр жабдығы тиісті түрде жерлендірілген және жерге қысқа тұйықтау жүйесінің сөндіргішімен жабдықталуы керек.
|
11.1-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер (жалғасы)
Қауіп
|
Қауіптің сипаттамасы
|
Алдын алу шаралары
|
Су (ағып жатқан немесе тұрған судың жанында немесе үстінде жұмыс істеу)
|
- Ылғалды беттер тайғанақ болуы мүмкін
- Суға батудың ықтимал қауіпі
- Жұлыну кезінде ағынға ұсталу (суға бату қауіпі)
|
- Егер жағдайлар қауіпті болса, жұмыстарды тоқтату керек.
- Егер төмен түсу эвакуацияның жалғыз әдісі болса, әсіресе судың тікелей үстінде жұмыс істеген кезде құтқару қайығы қолда болуы керек
- Құлаудан қорғау жабдығы немесе альпинистік жабдық жұмысшыға суға (әсіресе, ағып жатқан суға) құлауға мүмкіндік бермеуі керек
- Егер құлаудан сенімді қорғаныс қамтамасыз етілсе, жүзуді қамтамасыз етудің жеке құралдары қажет болмайды.
|
Күн/жылу
|
- Күнге қызудан немесе жылу өтуден пайда болған ықтимал сусыздану, жылудан титықтау
- Аспаптарға, жабдықтарға және болаттан жасалынған құрылымдарға күюлер
- Желімдер және алғашқы көмек құралдары жылудың әсерінен деградацияға ұшырауы мүмкін
|
- Егер жағдайлар қауіпті болса, жұмыстарды тоқтату керек.
- Жұмысшылар үшін арналған судың жеткілікті қоры болуы керек.
- Жұмыстардың арасындағы үзілістерді дұрыс бөлу және қатты ыстық температуралардан сақтану үшін таңертең және кешке жұмыс істеу керек.
- Қолдарды ыстық беттерден қорғау үшін қолғаптарды және дұрыс киімдерді кию керек.
- Сәйкес келетін күннен қорғайтын кремдерді пайдалану және жиі жағу керек.
|
Төмен температуралар/ қату температурлары
|
- Гипотермия, үсу, қол-аяқтардың ептілігінің жоғалуы орын алуы мүмкін
- Жұмыстың тиімділігінің төмендеуі
- Желімдер және алғашқы көмек құралдары суықта дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін
- Ішуге арналған және жұмысқа арналған сулар қатып қалуы мүмкін
- Тайғанақ беттер
|
- Егер жағдайлар қауіпті болса, жұмыстарды тоқтату керек.
- Қолғаптарды және бас киімдерді қоса сәйкес келетін аяқ киімді және киімді кию керек.
- Жұмысшылар үшін арналған жылы сұйықтықтар бар болуы керек.
|
11.1-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер (жалғасы)
Қауіп
|
Қауіптің сипаттамасы
|
Алдын алу шаралары
|
Жел
|
- Салқындаудың немесе гипотермияның ықтимал жоғары қауіпі, төмен ылғалдылық кезінде сусызданудың жоғары қауіпі
- Жұмыстың тиімділігінің төмендеуі
- Бригада мүшелерінің арасындағы байланысқа кедергілер
- Бекітілмеген жабдықтар немесе материалдар желмен жұмыс аймағына айдалу қауіпі
- Байланыстың қиыншылықтары
|
- Егер жағдайлар қауіпті болса, жұмыстарды тоқтату керек.
- Қолғаптарды және бас киімдерді қоса сәйкес келетін аяқ киімді және киімді кию керек.
- Бекітілмеген материалдарды жұмыс алаңына бекіту керек.
- Жел жіптерді айдауы, соған байланысты олар оларды алу қиын жерлерге кетуі мүмкін екеніне естен шығармау керек.
|
Найзағай
|
- Найзағайдың соғуына байланысты электро тоғының ұруы, естен тану немесе қаза табу орын алуы мүмкін
- Альпинистік жабдық жұмысшыға тоқ өткізгіш ретінде қызмет етуі, сол арқылы электр тоғының ұруына алып келуі мүмкін
|
- Найзағай қауіпі бар болған жағдайда жұмыстарды тоқтату керек.
|
Нашар жарықтандырылған алаң немесе түнде жұмыс істеу
|
- Өткір немесе шығып тұрған объектілер (метал құрылымдар, шегелер, болттар, және тағы басқалар) орынын ауыстырып жатқан жұмысшылар үшін көзге көрінбейтін болуы мүмкін
- Жұмысшылардың ұйқысының келуі
|
- Сәйкес келетін жарықтандыруды қамтамасыз ету керек: алаңды жарықтандыру және/немесе басқа тағылатын шамдар және қол шамдар.
- Қосалқы аккумуляторларды, жарық көздерін және шамдарды қарастыру керек.
|
Шаң
|
- Тыныс алудың қиындауы, ықтимал аллергиялық реакция
- Шаңданған ортада ұзақ уақыт болудың ықтимал қауіпі
|
- Бақылаудың/ күресудің сәйкес келетін инженерлік құралдарымен қамтамасыз ету керек.
- Бақылаудың/ күресудің сәйкес келетін инженерлік құралдары мүмкін емес немесе ыңғайсыз болғанда сәйкес келетін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету керек.
|
11.1-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер (жалғасы)
Қауіп
|
Қауіптің сипаттамасы
|
Алдын алу шаралары
|
Химиялық заттардың болуы
|
- Тыныс алудың қиындауы, бас айналу, естен тану
- Терінің, көздердің, ішкі органдардың химиялық күюлері
|
- Жұмысшыларда жұмыс алаңында жұмыс кезінде пайдаланылатын барлық химиялық заттар үшін материалдардың қауіпсіздігі туралы ақпараттық беттер бар болуы керек.
- Сәйкес келетін жеке қорғаныс құралдары және бақылаудың/ күресудің инженерлік құралдары болуы керек.
|
Шектелген кеңістікке кіру
|
- Жұмыс аймақтарында уытты газдар немесе жұмыс істеу үшін оттегінің жеткіліксіз мөлшері болуы мүмкін
- Кеңістік қол жетімдікті күрделендіретін, шектелген кіретін/шығатын жерге ие болуы мүмкін
|
- Шектелген кеңістіктер үшін жасалынған процедураларды сақтау керек.
- Улану кезінде шектелген кеңістікке кіргенге дейін құтқару жоспарын жасау және жүзеге асыру керек.
|
Шудың жоғары деңгейі бар аймақтар
|
- Есту қабілетінің тұрақты немесе уақытша зақымдануы
- Коммуникацияның қиыншылықтары
- Шудың жоғары деңгейлері қауіптің ескерту сигналдарын және басқа да сигналдарды естіртпеуі мүмкін
|
- Есту мүшелерін қорғау қажет болады, ерекше қатты шу (120 dBA) бар жерлерде қорғаныстың бірнеше түрлері қажет болуы мүмкін.
- Қолмен берілетін сигналдарды жұмыстарды бастағанға дейін келісу керек.
- Жұмысшылар рация үшін дыбысты оқшаулайтын қорғаныспен қарулануы мүмкін.
|
Жәндіктердің шағуы немесе жануарлардың тістеуі
|
- Шағудың немесе удың күшіне байланысты жұмысшының еңбек қабілетін жоғалтуы немесе жарақат алуы мүмкін
|
- Өрмекшілер, жыландар, сарышаяндар немесе басқа да жәндіктер өмір сүруі мүмкін жерлерге абайлап кіру керек.
- Қолғаптарды тұрақты түрде пайдалану, алғашқы медициналық көмек жиынтығына күтілетін шағуларға сәйкес келетін препараттарды қосу керек.
|
11.1-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер (жалғасы)
Қауіп
|
Қауіптің сипаттамасы
|
Алдын алу шаралары
|
Көліктердің жылжуы
|
- Соққыдан немесе басудан жарақат алу мүмкін
|
- Жұмыс аймағын және тыйым салынған аймақты мұқият қоршау керек.
- Қажеттілікке байланысты жалауларды, көрсеткіштерді, реттеушілерді, жарықтандыру аспаптарын пайдалану керек.
- Жұмысшыларды көзге жақсы көрінетін киімдермен қамтамасыз ету керек.
|
Жануарлардың (құстардың, жарқанаттардың және т.б.) нәжістері
|
- Жануарлардың нәжістері арқылы тасымалданатын зиянды ағзаларды – ауру көздерімен тыныс алу мүмкін
|
- Жұмысшыларға қорғаныс қолғаптары немесе респираторлар керек болуы мүмкін.
|
Жануарлардың ұялары
|
- Құстар, жарқанаттар, бауырымен жорғалаушылар және кеміргіштер өздерінің ұяларын қорғау үшін жұмысшыларға шабуыл жасауы, олардың назарын аударуы және олардың жұмыстарды тиімді және қауіпсіз орындауына кедергі жасауы мүмкін
|
- Шошытудың рұқсат берілген құралдарын пайдалану керек.
|
Вандализм
|
- Анкерлеу жүйесін немесе жіптерді қаскүнемдікпен зақымдау
|
- Жұмыс аймағын қоршауды қамтамасыз ету керек.
- Күзетшілерді қою керек.
|
11.5 Жұмыстарға тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасының, жұмыстарды орындау орынын қараудың, қауіптерді анықтаудың және тәуекелдерді бағалаудың және жұмыстарға тапсырыс берушінің техникалық жетекшісімен бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру жобасының негізінде жұмыстардың жауапты жетекшісі жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентін жасауы керек.
Жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті нақты жағдайлар үшін жұмыстарды орындау процедурасын бекітуі керек, оны бригаданың мүшелері және жұмыстарды орындау үшін тартылған альпинистік емес қызметкерлер басшылыққа алуы керек.
Технологиялық регламент жұмыстарды орындау орындарына қол жетімдікті және жұмыстарды орындау орындарынан эвакуациялауды қамтамасыз етумен байланысты процедураларды және технологиялық жабдықты (дәнекерлеу, газдық, сырлау және тағы басқа) пайдалану процедураларын белгілеуі керек.
Технологиялық регламент мүмкіндігінше жұмыстарды орындау жағдайларының өзгеруі кезінде жұмыстарды қауіпсіз орындаудың баламалы процедураларын қарастыруы керек.
11.6 Жұмыстарды орындау едәуір қауіппен байланысты болған кезде технологиялық регламент әбден талданып жасалынуы керек:
- жеткіліксіз табиғи жарықтандыру жағдайларында жұмыс істеу;
- альпинистік жабдықты зақымдауы мүмкін жабдықпен жұмыс істеу;
- судың үстінде жұмыс істеу;
- шектелген кеңістікте және (немесе) қол жетімдік шектелген/қиындатылған кеңістікте жұмыс істеу.
Шектелген кеңістікте және/немесе қол жетімдік шектелген/қиындатылған кеңістікте қол жеткізу, жұмыс істеу және эвакуация процедураларын жасау үшін арналған ұсыныстар осы Ережелердің Е-қосымшасында көрсетілген.
11.7 Қауіптерді анықтаудың және тәуекелдерді бағалаудың, жұмыстарды ұйымдастыру жобасының, жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентінің, жұмыстарды орындау орынын қараудың негізінде жұмыстардың жауапты жетекшісі апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарын жасауы керек.
Апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарын келесілерді анықтауы керек:
- құтқару жұмыстарының жетекшісін және егер құтқару жұмыстарының жетекшісі қиын жағдайға ұшырайтын жағдайлар үшін құтқару жұмыстарының жетекшісінің орынбасарын;
- ілінген қалыпта тұрған жұмысшылардың өз бетімен шұғыл эвакуациялану әдістерін және жолдарын;
- жердегі қызметкерлердің өз бетімен шұғыл эвакуациялану әдістерін және жолдарын;
- ілінген қалыпта тұрған және жұмысшыларға ілінген қалыптан өздігінен шығуға мүмкіндік бермейтін жарақаттар алған жұмысшылардың эвакуациялану әдістерін және жолдарын;
- ілінген қалыпта тұрған және естен танып қалған жұмысшылардың эвакуациялану әдістерін және жолдарын;
- биіктіктен жабдықтарды және материалдарды шұғыл алу немесе оларды қауіпсіз қалыпқа ауыстырудың әдістерін және жолдарын;
- эвакуацияланған қызметкерлерді және биіктіктен түсірілген жабдықтар мен материалдарды орналастыру үшін арналған қауіпсіз аймақтарды;
- объектіде зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету үшін арналған орынды, әдістерді және құралдарды;
- жедел медициналық көмектің бар-жоқтығын, мүмкіндіктерін және әрекет ету уақытын;
- кәсіби медициналық көмек көрсету үшін зардап шеккен адамдарды жеткізу орындарын;
- бригада мүшелерінің, объектінің басшылығының және жедел әрекет ету қызметтерінің арасындағы байланыс жүйесін;
- объектінің және сыртқы апаттық-құтқару қызметтерімен және жедел әрекет ету қызметтерінің өзара әрекет ету процедураларын;
- құтқару операцияларын жүргізу үшін күштерді және қаражаттарды есептеу;
- құтқару операцияларын жүргізу үшін қажетті арнайы жабдықтарды және анкерлерді;
- апаттық жағдайларды және олардың салдарын оқшаулау және жою үшін арналған басқа да іс-шараларды.
Апаттық жағдайларда әрекет ету жоспары барлық ықтимал апаттық жағдайларды қарастыруы керек.
Алаңдағы апаттық жағдай кез келген уақытта пайда болуы мүмкін жұмыстарды орындау (ядролық қондырғылар, континенттік қайраңның қондырғылары, мұнай өңдеу зауыттары және тағы басқа) жағдайларында, апаттық жағдайларда әрекет ету жөніндегі анық нұсқаулар жұмысшылар жіптерде болған кезде апаттық жағдайлардың пайда болуы жағдайына жұмыстарға тапсырыс берушінің техникалық жетекшісімен берілуі керек.
11.8 Қауіптерді анықтау және тәуекелдерді бағалау нәтижелері, жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті, сондай-ақ апаттық жағдайларда әрекет ету жоспары бригаданың барлық мүшелерімен және объектінің апаттық-құтқару қызметтерімен талқылануы керек.
Осы ақпараттарға қатысып отырғандардың күдіктері, келіспеушіліктері немесе түсінбеушіліктері пайда болған кезде көрсетілген құжаттарды қайталап талқылау және, қажет болған жағдайда оларды түзету керек.
Бригаданың барлық мүшелері, сондай-ақ объектінің апаттық-құтқару қызметтері жұмыстарды орындаумен байланысты тәуекелдерді және апаттық жағдайларда әрекет ету процедураларын анық түсінуі керек.
11.9 Жұмыс аймақтары мен тыйым салынған аймақтар қоршалуы керек. Қоршау үшін тіреулердің арасында тартылған (орнатылған), 3,5 м аспайтын ара қашықтықта, жердің, беттің, аражабынның немесе төсемнің деңгейінен 1,0 – 1,2 м биіктікте орнатылған жіп, сым, металдан жасалынған бұрыштықтар, арматура шыбықтар, таспалар түріндегі қоршаулар пайдаланылуы керек, оларға әрбір 1,5 – 2,0 м сайын қызыл матадан жасалынған жалаушалар ілінуі керек; немесе бөгеттер немесе құрал-жабдық қалқандары пайдаланылуы керек.
Қоршау радиусы биіктіктегі жұмыстар жүргізіліп, жүктер мен материалдар тасымалданып жатқан барынша жоғары биіктікке байланысты алынуы керек. Қоршау радиусы барынша жоғары биіктікке тең болып алынуы керек, ал бұл мүмкін емес болғанда келесілерді құрауы керек:
- 50 м дейін – 10 м кем емес;
- 100 м дейін – 15 м кем емес;
- 150 м дейін – 20 м кем емес;
- 200 м дейін – 25 м кем емес;
- 200 м асқанда – 30 м кем емес.
Қоршау радиусын орнату кезінде жүктердің (материалдардың) желдің әсерінің нәтижесінде немесе ғимараттың (құрылыстың) бетіне немесе жерге соғылудың нәтижесінде тік құлаудан ауытқу мүмкіндігін есепке алу керек.
Жұмыс немесе тыйым салынған аймаққа шығатын кіре берістер, өтетін жерлер немесе есіктер бекітілуі немесе тосқауылмен жабылуы керек.
Осымен бірге қоршаудың/тосқауылдың жанында (қоршауда/тосқауылда, есікте) СТ ҚР МЕМСТ Р 12.4.026 бойынша Г03 тыйым салу белгілері және Д06 ескерту белгілері орнатылады (ілінеді).
11.10 Қысқа уақыт жүргізілетін жұмыстарды орындау кезінде 11.9-ның талаптарына жауап беретін қоршаулардың орынына, жұмыс және тыйым салынған аймақтарда қауіп туралы ескерту үшін сигнал берушілерді (бақылаушыларды) қоюға болады.
11.11 Жұмыстардың жауапты жетекшісі жұмыс және тыйым салынған аймақтың қоршауының түрін, оны орнатуды, жұмыстарды бастаудың алдында бар-жоқтығын және жағдайын таңдауы керек.
11.12 Жұмыстардың жауапты жетекшісі сақтандыру сызбаларын және сақтандыру жіптерінің бекіту нүктелерін, жіптерді қысылудан, майысқан жерлерде зақымданудан немесе өткір жиектерге қажалудан қорғаудың әдістерін анықтауы керек.
Сақтандыру жіптерін бекіту нүктелері бір жұмысшыға 10 кН кем емес жүктемеге шыдауы керек.
11.13 Сызбаны таңдау объектінің ерекшеліктеріне, орындалатын жұмыстардың сипаттамасына және жұмысшылардың жұлыну жағдайында ең аз ықтимал тік және маятниктік (бүйірлік) құлауын қамтамасыз ету талаптарына байланысты анықталады, бұл кезде құлаған жұмысшының денесіне түсетін соғатын жүктеменің шамасы 6 кН аспауы керек.
Таңдалынған сақтандыру сызбасы және жұмыстарды орындау тәртібі жұмыс процесінде және жұмыс орындарына жете бергенде жұмысшылардың бірінің үстінде бірі болу мүмкіндігін болдырмауы керек.
11.14 Әрбір анкер кем дегенде барынша күтілген алты еселік статикалық және барынша күтілген екі еселік динамикалық жүктемеге шыдайтындай болып таңдалуы керек.
Құлаудан қорғау жүйесінің анкерлері оған бекітілген әрбір жұмысшыға кем дегенде 22,2 кН беріктікке ие болуы керек.
Беріктігіне күдік бар анкерлерді пайдалануға тыйым салынады.
11.15 Анкерлерді орнатудың жалпы қағидалары өзіне келесілерді қосады:
- анкерлер жұмысшылар жұмыс аймағына кірмей тұрып құлаудан қорғаныс жүйесіне бекітілуі үшін жұмыс аймағынан тыс жерде орнатылуы керек;
- тартқыштарды өткір жиектермен және ластаушы заттардан қорғау қажет болған кезде, протекторларды және басқа да буферлік материалдарды пайдалану керек;
- жалғастыру элементтеріне артық жүктеме түспеуі, майысатын жеріне немесе бойына бір осьтен асатын жүк тиелмеуі керек;
- рычагтың бекіту нүктелеріне әсерін барынша азайту керек, мысалы, сүйеніш және құбырлар секілді элементтердің төменгі бөліктерін пайдалану арқылы;
- тартқыштардың ықтимал конфигурацияларының ең мықтысы пайдаланылуы керек;
- анкерлер барлық уақытта орнату және тексеру үшін мүмкіндігінше ыңғайлы болатындай қарапайым болулары керек;
- анкерлер уақытында орнатылулары керек;
- анкерлік тартқыштармен жасалынған бұрыштар көп нүктелік анкерлерді орнату кезінде әрқашан есепке алынуы керек: анкерлік тартқышпен жасалынатын бұрыштар көп болған сайын әрбір бекіту нүктесіне көп күш беріледі;
- 11.1а)-суретте көрсетілген үшбұрышты конфигурацияны пайдаланбау керек, себебі әрбір бекіту нүктесіне әсер ететін күш 11.1б)-суретте көрсетілген Y-тәрізді конфигурацияны пайдаланғанға қарағанда көп болады;
- анкерлерді орнатуды тек білікті қызметкерлер ғана басқаруы және қадағалауы керек;
- әрбір альпинистік жүйе үшін кем дегенде екі анкер орнатылуы керек (үш бекіту нүктесін пайдалану артықшылықтар береді);
- анкерлер өзара кем дегенде 15 см ара қашықтықта және олар орнатылатын қалыңдығы кем дегенде 15 см болатын негіздің шетінен кем дегенде 15 см ара қашықтықта орнатылуы керек;
- орнатылған анкерлер олар орнатылатын негіздің материалы қаншалықты берік болғанына байланысты берік болады; анкерді орнатардың алдында негіздің беріктігін анықтау керек. Осыны анықтау әдістерінің бірі балғамен ұрып көру болып табылады: егер материал күңгірт немесе барабан секілді дыбыс шығарса немесе үгілсе, бұндай негізге анкерді орнатуға тыйым салынады.
|
|
а) үшбұрышты конфигурация
|
б) Y-тәрізді конфигурация
|
Тартқыштармен жасалынған бұрыш
|
Y-тәрізді конфигурация
|
Үшбұрышты конфигурация
|
0
|
50%
|
70%
|
60
|
60%
|
100%
|
90
|
70%
|
130%
|
120
|
100%
|
190%
|
140
|
150%
|
290%
|
150
|
190%
|
380%
|
160
|
290%
|
570%
|
170
|
580%
|
1100%
|
Достарыңызбен бөлісу: |