Еѕсесі биік елорда



жүктеу 221,54 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.05.2020
өлшемі221,54 Kb.
#30201
Астана



«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



   

Баяндама 

 

Тақырыбы: “ Астана- тәуелсіздік 



символы” 

 

 



Орындаған: Қалтұрсын Ұлбосын  

Тексерген:   Аширбековна С. Ж. 

 

 

 



                                                     

 

 



 

 

 


 

 

 



 

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана 1830 жылы Есіл өзенінің 

жағасында  орыс  казак әскерлері  негізін  қалаған бекіністен  бастау  алады.  1862 

жылы Ақмола қала мәртебесін алды. 

 

1997  жылы  егемен  Қазақстанның  Президенті  Н.  Назарбаев  астананы 



Алматыдан  Ақмолаға  көшіру  туралы  шешім  қабылдады.  1998  жылы  жаңа 

елорданың  атау  Астана  болып  өзгертілді.  Қазір  қаланың  аумағы  200  шаршы 

километрді  алып  жатыр.  1998  жылы  ЮНЕСКО-ның  шешімі  бойынша  Астана 

қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. 

Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және келешегі зор. 

 

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, 



Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.  

Астана  бесінші  сағат  белдеуінде  тұр.  Жергілікті  уақыттың  нөлдік 

меридианға қатысы жазда +06.00, қыста +07.00 сағат бойынша есептеледі. 

 

1991  жыл.  Күні  кешегі  алып  империяның  ондаған  ұлттары  дағдарыс 



үстінде.  Миллиондаған  халық  абыржулы.  Үш  славян  елі  –  Ресей,  Украина, 

Белорусь – өзгелерден оқшауланғандай мінез танытты. Бір шаңырақтың астында 

өмір  сүріп,  достықтың  туын  тіккен  халықтар  арасына  жік  түсу  қаупі  туды. 

Осындай аумалы-төкпелі заманда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бұрынғы 

Кеңес  Одағының  11  республикасы  басшыларын  Алматыға  жинап,  Тәуелсіз 

Мемлекеттер  Достастығының  іргетасын  қалады.  Күні  кешеге  дейін  тату-тәтті 

өмір сүріп келген ондаған ұлттың өкілдерін мәмілеге шақырды.  

 

1993  жыл.  Қазақстанда  қиын  жағдай  қалыптасты.  Ресей  елімізді  рубль 



аймағынан шығарып тастады. Бірақ Қазақстан сасқан жоқ. Өйткені Нұрсұлтан 

Әбішұлы күндердің күнінде осындай жағдайдың болатынын алдын ала болжап, 

қазақтың  ұлттық  валютасын  –  төл  теңгесін  айналымға  әлдеқашан  дайындап 



қойған еді. Ал теңгеміз қазір ТМД аумағындағы ең тұрақты валютаның бірінен 

саналады. 

 

 Алматы.  1994  жыл.  6  шілде.  Бұрынғы  Жоғарғы  Кеңестің  ғимараты. 



Депутаттар  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  әдеттегі  батыл  шешімдерінің  және 

бірінің куәсі болды. Ол – астананы Алматыдан ел орталығына көшіру идеясы. 

Бұл айтулы тарихи оқиғаны Елбасы жуырда жарық көрген «Еуразия жүрегінде» 

атты  кітабында  былайша  суреттейді:  «1994  жылғы  6  шілдеде  Парламент 

сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан республиканың орталық 

өңірі  Ақмолаға  көшірудің  қажеттілігін  қисындық  және  мән-жайлық  тұрғыдан 

негіздеп сөз сөйлегенім әлі күнге анық жадымда… Депутаттарға жаңа астананы 

таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім…Жаңа астананы 

таңдаудың  барлық  өлшемінің  негізінде  тәуелсіз  Қазақстанның  әкімшілік  және 

саяси  орталығын  Ақмола  қаласына  орналастыру  нұсқасы  мейлінше  оңтайлы 

болып шыққанына тоқталдым… барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар 

мемлекеттік істе даурықпаға және шеткері қалаға көшу мәселесінде жеке бастың 

мүддесіне  орын  жоқ  екендігін  көрсетіп,  мемлекеттік  қайраткерліктерін 

танытты…  Жоғарғы  Кеңестің  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  мемлекет  астанасын  Ақмола  қаласына  ауыстыру  туралы 

ұсынысына келісім берілсін», деп қабылдаған шешімі залда жарияланды. 

 

Бұл  –  Президент  Н.Назарбаев  тұңғыш  рет  1992  жылы  көтерген 



стратегиялық  шешім  еді.  Жоғарғы  Кеңестің  елорданы  көшіру  туралы  шешімі 

елдің  аса  маңызды  оқиғалары  хронологиясында  1994  жылғы  6  шілде  болып 

белгіленді. 

 

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕЛОРДА ТОЙЫНА ТАМАША ТАРТУЫ 



 

Астана күнiнiң қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевтың “Еуразия жүрегiнде” 

кiтабының тұсаукесерi өткiзiлдi  

Өз тәуелсiздiгiнiң он үш жылында ғасырға жүк болар өзгерiстердi бастан 

кешкен  Қазақстан  Республикасы  жедел  дамып  келе  жатқан  экономикасы  бар, 

тиiмдi  әлеуметтiк  қорғау  жүйесiн  құрып,  дамыту  үстiндегi  әлем  таныған 

мемлекетке  айналды.  Ел  байлығының  жылдан  жылға  артып,  адамдар 

тұрмысының жақсаруы жүрер жолымыз бен бетке ұстар бағытымыз жөнiндегi 

таңдаудың дұрыс болғандығын көрсетiп бердi.  

Сол таңдау көрегендiлiгiнiң жемiстi нәтижелерiнiң бiрi ретiнде құрылысы 

қарқын  алып,  күннен  күнге  құлпыра  түскен  Астана  қаласын  айтуға  болады. 

Астана қазiр айшықты сәулетi, даму қарқынымен әлем назарын өзiне аударуда. 

Мұны қалаға келiп кеткен қонақтардың бәрi айтып та жүр.  

Еуразияның кiндiк тұсында қоныс теуiп, аты да, заты да асқақ елордаға 

айналған,  еуразиялық  идеяның  өмiршеңдiгiнiң  көрiнiсi  ретiнде  өмiр  сүре 

бастаған Астана туралы жаңа кiтап жазылып, кеше оның тұсаукесерi болып өттi. 

Кiтаптың аты – “Еуразия жүрегiнде”. Авторы – Астана қаласының кiндiк әкесi, 

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев.  




Тұсаукесерде Елбасы сөз сөйлеп, кiтаптың жазылу себептерi мен мазмұны 

жайлы айтып бердi.  

Сондай-ақ  осы  басқосуда  Мәскеу  мэрi Юрий  Лужков,  жазушы  Ақселеу 

Сейдiмбек, сәулетшi Дэвид Уолтон, ақын Олжас Сүлейменов сөз алып, кiтап пен 

ел өмiрiндегi өзгерiстер туралы пiкiрлерiн бiлдiрдi.  

Арқа 


төсiндегi 

ажарлы 


астанамыз 

Отанымыздың 

жүрегiне, 

тәуелсiздiгiмiздiң  тiрегiне  айналды.  Бүгiн  сiздерге  Қазақ  елiнiң  қасиеттi  төрi 

болып табылатын жаңа елордамыз жайлы жазылған “Еуразия жүрегiнде” атты 

жаңа  кiтабымды  таныстырғалы  отырмын,  деп  бастады  сөзiн  Нұрсұлтан 

Назарбаев.  

Қай  кiтап  болмасын  адамның  көңiл  күнделiгi  мен  рухани 

толғаныстарының тоғысуы арқылы өмiрге келедi. Менiң бұл кiтабым да соңғы 

10-12  жыл  iшiнде  қағазға  түскен  түрлi  жазбаларым  мен  жекелеген 

күнделiктерiмнiң жемiсi.  

Уақыттың  сан  алуан  кезеңiнде,  түрлi  сапарларымда,  тiптi  шет 

мемлекеттерде жүргенiмде елiмiздi қалай көркейтемiн деген ойдың нәтижесiнде 

жазылған  бұл  жазбаларым  мен  естелiктерiм  әрдайым  жас  та  жасампаз 

Астанамызға арналып отырды. Осы жазбаларымды топтастыра келе мен тәуелсiз 

елiмiз бен жаңа астанамыз жайлы, оның толайым табыстары туралы бiр кiтаптық 

дүниенiң жинақталғанын бағамдадым. Көшу тарихы өздерiңiзге белгiлi. Шешiм 

қабылдау оңай болған жоқ. Тiптi күмәнданушылар да аз болмады. Сөйтiп бұл 

кiтапқа Астананың жаңа өмiрiндегi талай тарихи сәттер енгiзiлдi.  

“Еуразия жүрегiнде” деген атаудың да символдық мәнi бар. Мен бұл кiтап 

тек бiздiң замандастарымызға ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшiн де 

қажеттi болады деп үмiттенемiн. Өйткенi, астана тарихы дегенiмiз – бұл тәуелсiз 

Қазақстанның  тарихы.  Астананың  қарқынды  дамуы  –  бiздiң  елiмiздiң 

өркендеуiнiң  жарқын  белгiсi,  халықтың  болашаққа  деген  үмiтi  мен  сенiмiнiң 

символы.  Бұл  кiтапты  менiң  Астана  күнiне  тартуым  ретiнде  де  қабылдауға 

болады. 


 

*  *  *  

Тәуелсiз  Қазақстанның  жаңа  астанасын  құру  идеясы  бұрыннан  пiсiп 

жетiлдi.  Түрлi  себептерге  байланысты  Алматының  жаңа  тәуелсiз  жас 

мемлекеттiң астанасының рөлiн алып жүре алмайтындығы белгiлi болды.  

Алматы  халқының  саны  қазiр  1  миллион  200  мың  адамнан  асып 

жығылады. Ол әуелгi баста 400 мың тұрғынға жобаланып салынған едi  

Ендi  арада  сегiз  жыл  өткеннен  кейiн  көптеген  алматылықтардың  өзi 

елорданы  Астанаға  көшiру  арқылы  бiздiң  Алматыны  сақтап  қалғандығымыз 

жөнiнде  айтып  жүр.  Тiптi  кейбiреулер  бұл  қадамға  менiң  Алматығы  деген 

сүйiспеншiлiгiмнен,  оны  сақтау  үшiн  барғандығымды  айтады.  Қазiргi  қаланы 

басып  кеткен  көлiктерге  қарап  бұл  сөздiң  де  бекер  емес  екендiгiн  байқайсыз. 

Таулардың арасында құлашын кеңге жая алмай тұрған Алматыны алғашқыда 120 

шақырымға көшiрiп қондырсақ деген ойлар да болды. Дегенмен тақыр жерден 

инфрақұрылым салу дегенiмiз оңай емес едi. Онда бiз екi есе шығынға тап болар 

едiк.  



 

*  *  *  

Барлық  уақытта  және  барлық  елдерде  астананы  көшiру  мемлекеттiң 

мүддесiмен берiк қабысып жататыны белгiлi.  

Мұндай  шешiмдi  қабылдамас  бұрын  мен  көп  толғандым,  барлық 

жағдайларды 

есепке 

алдым. 


Тарихшылармен, 

саясатшылармен, 

мәдениеттанушылармен кеңестiм. Әртүрлi мемлекеттердiң астаналарын көшiру 

тарихын зерттедiм.  

Әлемде астанаға орын таңдаудың 52 өлшемi бар. Соның iшiнде бiрiншi 

кезекте  оның  мемлекеттiң  ортасында  орналасқаны  жөн  деп  саналады. 

Жолдардың тоғысуы да маңызды рөл атқарады. Бiз де осы жағдайларды есепке 

алдық.  


Сондай-ақ тарихта елдiң астанасын көшiру мысалдары да жетiп артылады. 

Бiрiншi  Петрдiң  Еуропаға  қалай  “терезе  ашқанын”  еске  алайық.  Ататүрiк 

астананы  Ыстамбұлдан  Анкараға  көшiргенде  Осман  империясының  өткенiмен 

қоштасып, Түркияны жедел даму жолына түсiру жайын ойластырған едi.  

Астана мәртебесiн Алматыдан өзгерiс желiне есiгi ашық жаңа қалаға беру 

елiмiздiң тұтастай дамуына қуатты серпiлiс туғызды. Бiр сөзбен айтқанда, жаңа 

астана өзгерiстердiң символына айналуына тиiс едi және солай болып шықты да.  

1994  жылдың  6  маусымында  Парламент  Мәжiлiсiнде  мен  астананы 

көшiру туралы идеяны жария еттiм. Сол кезде жұрттың бәрi менi қолдаған жоқ. 

Көп  адамдар  мұны  ақылға  сыймайтын  әрекет  деп  есептедi.  Өйткенi,  елдiң 

жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақылар уақытында төленбей жатты. Ал 

ендi  бiреулер  астананы  көшiру  идеясын  қолдағанның  өзiнде  бұл  шешiм  2030 

жылсыз жүзеге аспайды деген ойда болды. Дегенмен, осыдан үш жыл өткенде 

депутаттардың өзi пойызбен жаңа астанаға көшiп келдi.  

Ендi  шешiмнiң  дұрыс  болғандығына  ешкiм  де  күмән  келтiрiп, 

дауласпайды.  

Бiрiншiден,  ол  Қазақстанды  геосаяси  жоспар  тұрғысынан  нығайту  үшiн 

қажет  едi.  Астана  Еуропа  мен  Азияның  шектескен  тұсында,  яғни  Еуразия 

құрлығының  қақ  ортасында,  мұхиттардан  бiрдей  қашықтықта  орналасқан. 

Еуропалық және азиялық дәстүрлердi бойына тоғыстырған бұл қала Батыс пен 

Шығысқа да, Оңтүстiк пен Солтүстiкке де ашық бола алады.  

Екiншiден,  бұл  шешiмде  қауiпсiздiк  мәселесi  де  елеулi  рөл  атқарды. 

Тәуелсiз  елдiң  астанасы  сыртқы  шекаралардан  мейлiнше  қашық  және  елдiң 

орталығында болуы тиiс едi.  

Әшiншiден, астананы өзгерту Қазақстан экономикасын сауықтыру үшiн 

де  қажет  болды.  Ол  ел  экономикасы  үшiн  мультипликативтiк  тиiмдiлiктi 

қамтамасыз  еттi.  Облыс  орталықтары  дами  бастады.  Экономиканың  құрылыс 

материалдарын  шығаруға,  жол  салуға  негiзделген  салалары,  энергетика  мен 

мәшине  жасау  өндiрiстерi  аяғынан  тұрды.  Тұрғын  үй  құрылысы  көз  көрмеген 

қарқынмен даму үстiнде.  

Астана  құрылысы  жалпы  iшкi  өнiмнiң  екi  пайызын  бередi.  Қазiр  онда 

жүздеген компаниялар жұмыс iстеуде. Соның iшiнде шетелдiк компаниялар да 

бар.  



Төртiншiден, Астананы құрамы жағынан көп ұлтты өңiрге көшiре отырып, 

бiз  тұрақты  саяси-этностық  мемлекет  құру,  Қазақстанды  мекендеген  этностар 

арасындағы  достықты  сақтау  мен  байыту,  дiндер  мен  конфессиялардың 

қақтығыссыз  тату  өмiр  сүруiн  қамтамасыз  ету  жөнiдегi  бағытымызға  адал 

екенiмiздi тағы бiр дәлелдедiк.  

*   *   *  

Өмiрi  тың  көтерумен  басталған  бұл  далада  нағыз  астананы,  қазiргi 

замандық қаланы құру мүмкiн емес деген сөздi талай естiген едiк. Алайда, тарих 

қазiргi  Астана  аумағы  барлық  уақыттарда  адамдардың  тiршiлiк  құрған  мекенi 

болғандығын көрсетiп отыр.  

1998  жылы  археологтар  Астанадан  5  шақырым  жердегi  ортағасырлық 

Бұзоқ  қаласын  ашты.  ХVI  ғасырда  қазiргi  Астананың  аумағы  арқылы  Сiбiр  – 

Орталық Азия керуен жолы өткен болатын. Бұзоқ қыпшақ хандығының астанасы 

едi. Бiздiң қонақтарымыз бен Астана халқына жуық арада оның қазбаларымен 

көрiп-танысу мүмкiндiгi туады.  

Ал революцияға дейiнгi Ақмола тарихы 1830 жылдан бастау алып, уездiк 

орталыққа айналғанға дейiн жалғасты.  

Ақмола  астана  болып  жарияланған  сәтте  200  мыңнан  сәл  ғана  астам 

тұрғыны бар қарапайым облыс орталығы едi. Қазiр қала халқы үш есеге өстi.  

Астана  Сарыарқа  өзендерi  мен  көлдерiнiң  қоршауындағы  таза 

экологиялық белдеуде орналасқан. Олар аты аңызға айналған Бурабай көлi мен 

оның бүкiл аймағы, көркi көз тартқан Қорғалжын қорығы, Ереймен таулары және 

басқалар.  

Дегенмен,  соған  қарамастан,  бiз  Астананың  жасыл  қорғаныш  белдеуiн 

қалыптастыру  үстiндемiз.  Менiң  тапсырмам  бойынша  25  мың  гектарға  жуық 

алаңға ағаш отырғызу жұмыстары жүргiзiлдi. Алғашқы өскiндердiң биiктiгi қазiр 

12 метрге дейiн жеттi. Ендi тағы да 25 мың гектар жерге ағаш отырғызу жөнiнде 

жобамыз бар. Сонда жасыл алқап Көкшетау және Павлодар бағыттарына қарай 

созылып, үш ауданның аумағын жасыл желектер, ағаштар көмкеретiн болады.  

Қазақстан астанасының қазiргi атауының да өзiндiк тағдыры бар.  

Оны  елiмiздiң  атауымен  Қазақстан  деп  атайық  деушiлер  де  болды. 

Өскемендегi  Кузнецовтардың  отбасы  тiптi  Нұрсұлтан  деп  ат  қояйық  деген 

ұсыныс  та  жасады.  Дегенмен,  бәрi  де  мынаған  келiстi:  Ақмола  атын  қалай  да 

өзгерту керек! Оның орнына Қараөткел, Есiл, Ишим, Сарыарқа деген атаулар да 

ұсынылды.  Атауды  өзгерту  жөнiнде  мен  жатпай-тұрмай  ойландым.  Бiрде  түн 

iшiнде, дәлiрек айтқанда, түнгi сағат екiде Астана деген атау менiң есiме сап ете 

түстi. Астананың аты – Астана. Пекин – солтүстiк астана деген ұғымды бiлдiредi 

екен. Ал Астана барлық тiлдерде де жақсы айтылады. Сұлу да жайдары және өте 

әуездi сөз. Оның халыққа жедел сiңiстi болып кетуiнiң бiр себебi де осыдан болса 

керек.  


*   *   *  

Бүгiн бiздiң жаңа астанамыз бүкiл әлемнiң назарын тағы да өзiне аударып 

отыр. Астана жедел даму үстiндегi Қазақстанымыздың жарқын бейнесi iспеттес. 

Ол елiмiздiң экономикасын алға тартып келедi.  




Астаналық құрылыстың, астаналық жаңарудың қайнар көзiнен тек жақын 

маңдағы  Көкшетау  мен  Қарағанды  ғана  емес,  бүкiл  облыс  орталықтары  мен 

елiмiздiң көптеген қалалары қуат алып отыр. Қазiр олар да танымастай өзгерiс 

үстiнде. Барлық салаларда, соның iшiнде қалалық инфрақұрылымдар бойынша 

да өзгерiстер аз емес. Дегенмен, Астананың дамуы тiптен бөлек.  

Инвестицияның өсiмi мен құрылыстың қарқын алуы “Астана – жаңа қала” 

арнайы  экономикалық  аймағын  құруға  мүмкiндiк  бердi.  Ол  инвесторлардың 

нарықтық мүдделерi мен мемлекеттiк басымдықтарды сәттi ұштастыра отырып, 

елорда дамуының қозғаушы моделiне айналды.  

Астананың жедел  салынуы  бiздiң  көз  алдымызда  құрылыс  пен  қалалық 

инфрақұрылым  қызметiне  байланысты  болып  келетiн  бүкiл  ел  экономикасын 

биiкке көтердi.  

Елорданы  көшiрген  алғашқы  жылдары  бiз  қаражат  iздестiруге  мәжбүр 

болған  едiк,  бүгiнгi  күнi  бұл  мәселе  толықтай  шешiмiн  тапты.  Қазiр  Астана 

құрылысына құйылу үстiндегi әр жылғы инвестиция көлемi 2 миллиард долларға 

жуық.  Оның  iшiндегi  бюджет  қаражаттары  бар  болғаны  10  пайызды  ғана 

құрайды. Оның өзi мемлекеттiк мекемелер ғимараттары үшiн жұмсалуда.  

Астананың өзiндiк сәулеткерлiк стилi бар. Қаланың бас жоспарын жасау 

үшiн  бiз  әлем  елдерiнiң  52  сәулеткерлiк  ұйымдарын  тартқан  едiк.  Солардың 

арасынан  аса  танымал  сәулеткер  Курокаваның  жобасын  таңдап  алдық.  Оның 

жобасы  мемлекеттердiң  еуразиялық  одағы  жөнiндегi  идеямызға  сәйкес  келедi. 

Астананы – Еуразия жүрегi деуге болады. Өйткенi ол мәдениеттер мен дәстүрлер 

тоғысында  орналасқан,  әртүрлi  өркениеттер  өкiлдерi  бейбiт  те  үйлесiмдi  өмiр 

сүрiп жатқан қала.  

Астанада  сәулеткерлiк  құрылыстар  мен  кешендерге  сән  берiп  тұрған 

күмбездердiң  көптiгiн  байқамау  мүмкiн  емес.  Мысал  үшiн  Президент 

резиденциясын, Президенттiк мәдениет орталығын, Есiлдiң жағалауындағы биiк 

үйлердi  айтсақ  та  жетiп  жатыр.  Көк  күмбез  –  шығыстық  стиль.  Ол 

сәулеткерлiктегi ұлттық сипаттың көрiнiсiн аңғартады. Бұл ретте қазақтың киiз 

үйiн де еске түсiруге болады. Сондай-ақ қала құрылысында еуропалық жаңалық 

үлгiлерi де аз кездеспейдi.  

Сөйтiп,  бiз  дәстүрдi  сақтай  отырып,  сонымен  қатар  қазiргi  замандық 

барлық жаңалықтарға ашық екендiгiмiздi танытып отырмыз. Бұл қаланың өзiндiк 

бiр ерекшелiгi болып табылады.  

Құрылыс, даму мен прогресс – бұлардың бәрi өте қажет. Және олардың 

барлығы  бiздiң  қазақстандықтар  үшiн  жасалуда.  Тұрғындардың  жағдайын 

әрдайым есте ұстауға тиiстiмiз. Қала орталығындағы ғимараттарда офистер мен 

кеңселер орналасса, тұрғындар негiзiнен кең де жайлы коттедждер қалашығында 

қоныс тепкенi дұрыс.  

Сондықтан  қала  басшылығының  негiзгi  мақсаты  мынадай  үш  түрлi 

маңызды белсендiлiктi жүзеге асыру болып табылады. Олар: қала аумағындағы 

кәсiпкерлiктi  экономикалық  тұрғыда  қолдау,  оның  тұрғындарына  әлеуметтiк 

қолдауды  қамтамасыз  ету  және  өмiр  сүруге  жайлы  экологиялық  орта 

қалыптастыру.  




Нақ  осы  факторлар  қаланың  дамуына  қажеттi  iшкi  және  сыртқы 

инвестициялар үшiн қолайлы жағдай туғызатын болады.  

 Құрылыстың  алғашқы  айлары  туралы  айтқанда,  мен  ойларымыз  бiр 

жерден шыққан көптеген адамдарды еске аламын. Сол күндерi менiң қасымда 

болғандардың,  қолдағандардың,  жаңа  астана  үшiн  жаны  ауырғандардың 

барлығына  алғысым  шексiз.  Олардың  қатарында  Астананы  көшiру  жөнiндегi 

комиссияның  бiрiншi  төрағасы  болған  Николай  Михайлович  Макиевский, 

қаланың бас жоспарын жасаған Кисе Курокава, Президенттiң Iс басқармасының 

бастығы болған Владимир Ни, қаланың бiрiншi мэрi Аманжол Бөлекбаев, ескi 

қаланы жаңартуға еңбек сiңiрген Әдiлбек Жақсыбеков және басқа да көптеген 

азаматтар бар. Қоныс аударған кезiмiзде астаналық облысты басқаруға Жәнiбек 

Кәрiбжановты  қойдым.  Бастапқыда  жеңiл  болған  жоқ.  Астананың  аязы  мен 

бораны  туралы  Иманғали  Нұрғалиұлының  (Тасмағамбетов)  айтқан  әзiл 

әңгiмелерi  де  есiмiзде.  Алғашқы  кездегi  қиындықтарда  қала  кәсiпкерлерi  де 

көмектерiн тигiздi. Тiптi олардың арасында өздерiнiң меншiктеген ғимараттарын 

мемлекеттiк мекемелердiң орналасуы үшiн бергендер де болды.  

Сондай-ақ  мен  осы  кiтаптың  шығуына  үлестерiн  қосқан  баспагерлерге, 

суретшiлер мен фотографтарға да алғысымды бiлдiремiн.  



Бүгiнгi астана – бұл болашаққа бет бұрған жарқын қала. Ол өсiп гүлдене 

берсiн! 

жүктеу 221,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау