«Есеп, аудит және талдау» кафедра отырысында қарастырылып бекітілді
Хаттама № 21 «09»06.2015 ж.
«Есеп, аудит және талдау»
кафедрасының менгерушісі Алибекова Б.А.
6М050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының бағдарламасы құрылды:
э.ғ.д., профессор м.а. – Тулешова Г.К.
э.ғ.к., доцент – Алибекова Б.А.
э.ғ.к., доцент м.а. – Сапарбаева С.Т.
э.ғ.к., доцент – Қайранбеков Б.О.
э.ғ.к., доцент – Молдашбаева Л.П.
PhD докторы, аға оқытушы – Жуматаева Б.А.
есеп және аудит магистрі, аға оқытушы– Таштанова Н.Н.
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе
|
4
|
1
|
«Қаржылық есеп I» пәні
|
5
|
2
|
«Қаржылық есеп II» пәні
|
7
|
3
|
«Басқару есебі» пәні
|
8
|
4
|
«Аудит» пәні
|
11
|
5
|
«Экономикалық талдау» пәні
|
13
|
6
|
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
|
15
|
КІРІСПЕ
6М050800 «Есеп және аудит» мамандығы магистранттарын дайындау үшін қабылдау емтихандарының сұрақтарының жалпы сипаттамасы келесі пәндер арқылы көрініс табады:
- Қаржылық есеп І, ІІ;
- Басқару есебі;
- Аудит;
- Экономикалық талдау
«Қаржылық есеп І» пәні бухгалтерлік есептің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер есебі, олардық құнсыздануы, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар, капитал мен резервтер есебі, қаржылық есептілікті ұсыну сияқты фундаменталды тақырыптарын қамтиды.
«Қаржылық есеп II» - «Қаржылық есеп 1» пәнінің жалғасы болып саналады, онда бизнесті біріктіру және шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау, инвестициялық меншік, біріккен қызмет және байланысты тараптар сұрақтары қарастырылады.
«Басқару есебі» пәні шетелдердегі басқару есебін ұйымдастыру тәжірибесін қоса алғанда шығындарды есепке алу және басқару туралы білімінің бар болуын қамтамасыз етеді.
«Аудит» пәні нарықтық экономиканың басқа да түсініктемелерімен кешенді байланыстағы аудиттің негізгі түсініктемелерінің және аудиторлық тексерулердің теориясын, ұйымдастырылуын, технологиясы мен әдістемесін, тексеру материалдарының қарастырылуы мен рәсімделуінің тәртібін аудиттің жалпы қабылданған халықаралық жүйесінен шыға отырып қарастыратын негізгі терминдер мен анықтамаларды білуді талап етеді.
«Экономикалық талдау» пәні халықаралық стандарттарға сәйкес құрылған ұйымдағы қаржылық есептілік мәліметтерін талдауға қажетті ақпараттарды жинау, тіркеу және өндеуге дағдысын қалыптастырады.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша білім алу 6М050800 - «Есеп және аудит», мамандығы бойынша магистратурада әрі қарай білімін жалғастыру үшін міндетті және қолайлы негіз болып саналады, өйткені магистратурада кәсіби компетенцияларға ие болу бакалавриат академиялық біліміне ие болуды қажет етеді.
«ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП I» пәні
Тақырып 1. Ақша қаражаттарының есебі
Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру. Кассадағы ақша қаражаттарының есебі: бастапқы құжаттары және синтетикалық есебі. Банктегі ағымдағы шоттардағы ақшаның есебі: бастапқы құжаттары және синтетикалық есебі. Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары.
Тақырып 2. Ақшаның уақыттық құны
Уақыттық құнның теориясы. Қарапайым және күрделі пайыздар. Ақшаның болашақ құны. Ақшаның ағымдағы құны. Ануитеттер, олардың түрлері.
Тақырып 3. Дебиторлық берешектер және өзге де активтер есебі
Дебиторлық берешектер жіктелуі. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі. Жеңілдіктер және тауарларды қайтару. Күмәнді дебиторлық берешек түсінігі және оларды есептен шығару. Күмәнді берешектер бойынша резервтерді бағалау әдістері.
Еншілес, қауымдасқан компаниялардың және филиалдардың дебиторлық берешектерінің есебі. Қызметкерлердің берешектері. Жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар және басқа дебиторлық берешектер.
Өзге де қысқа мерзімді активтер есебі: берілген аванстар, алдағы кезең шығыстары, аяқталмаған құрылыс және өзгеде активтер.
Тақырып 4. Қорлар есебі (ХҚЕС IAS 2)
Қорларды тану. Қорларды бағалау. Сатудың ықтимал таза құны. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері. Қорларды бағалау әдістері.
Қорлардың шығысы. Қорларды есептен шығару бойынша резерв. Дайын өнім, тауарлар мен аяқталмаған өндіріс есебі. Қорлардың қоймадағы есебі.
Тақырып 5. Негізгі құралдар есебі (ХҚЕС IAS 16)
Негізгі құралдарды бастапқы тану және бағалауы. Негізгі құралдарды бастапқы бағалау. Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі: бастапқы құжаттары және синтетикалық есебі. Негізгі құралдардың кейінгі есебінің моделі: бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі; қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі. Негізгі құралдарды қайта бағалау.
Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қолдану мерзімдері және есептеу әдістері, есепте бейнеленуі.
Кейінгі шығындар. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: бастапқы құжаттары және синтетикалық есебі. Негізгі құралдар туралы ақпараттарды ашып көрсету.
Тақырып 6. Материалдық емес активтер есебі (ХҚЕС IAS 38)
Материалдық емес активтерді тану. Материалдық емес активтердің келіп түсуінің есебі: бастапқы құжаттары және синтетикалық есебі.
Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі бағалау: бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі; қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі.
Пайдалы қызмет ету мерзімі шектелмеген материалдық емес активтер, құнсыздану бойынша тест. Материалдық емес активтер амортизациясы. Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.
Тақырып 7. Активтердің құнсыздануы (ХҚЕС 36)
Активтердің құнсыздануы, құнсызданудың ішкі және сыртқы белгілері. Орны толтырылатын құн. Сатудың таза құны. Қолдану құндылығы. Басты (генерирующая) бірлік.
Құнсыздануын алынатын зиянды тану. Құнсыздануын алынатын зиянды қайта қалпына келтіру (реверсирование). Активтердің құнсыздануының синтетикалық есебі.
Тақырып 8. Ұйымның міндеттемелерінің есебі
Қаржылық міндеттемелердің есебі. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті толемдер бойынша міндеттемелер есебі.
Кредиторлық берешектер есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; төленуге тиісті сыйақылар бойынша. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 ХҚЕС). Өзге де міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; басқа да міндеттемелер.
Тақырып 9. Түсім, кірістер мен шығыстарды тану (ХҚЕС IAS 18)
Түсімді тану критерийлері (18 ХҚЕС, 15 ХҚЕС). Тауарларды сатудан; қызмет көрсетуден алынатын; пайыздар, лицензиялық төлемдер мен дивидендтер түріндегі түсімді тану. Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі. Қаржыландырудан алынатын кірістер. Өзге де кірістер есебі.
Сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер мен жұмыстардың өзіндік құндарының есебі. Кезең шығындарының есебі. Өзге де шығыстар есебі. Жабылушы өткізбелер.
Тақырып 10. Капитал мен резервтер есебі
Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар. Эмиссиондық кіріс.
Ұйымның резервтерінің есебі. Бөлінбеген пайда.
Тақырып11. Қаржы есептілігін ұсыну (ХҚЕС IAS 1)
Қаржы есептілігінің мақсаты. Қаржы есептілігіндегі мәнділік және агрегирование. Баланс баптарының өзара есепке алынуы.
Қаржылық жағдай туралы (бухгалтерлік баланс) есепті ұсыну. Баланс баптарын ұсынуға қойлатын ең аз талаптар.
Жалпы толық кіріс туралы (пайда және залал туралы есеп) есепке қойылатын ең аз талаптар. Пайда және залал туралы есептің екі нысаны: шығындар сипаты бойынша және шығындар функциясы бойынша. Басқа да жиынтық пайда.
Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті ұсыну. Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері.
Түсіндерме жазбаларда ақпаратты ашып көрсету. Есеп саясатының түсінігі және құрылымы. Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғалар: түзетілуші және түзетілмейтін.
«ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП II» ПӘНІ
Тақырып 1. Бизнес Бірлестіктері. Сатып алу әдісі (ХҚЕС (IFRS) 3)
Бизнесті біріктіруді сәйкестендіру. Сатып алу әдісін қолдану. Сатып алушы - ұйым анықтамасы. Кәсіпорындарды біріктіру құны. Сатып алынатын ұйымның сәйкестендірілген активтері мен міндеттемелері. Іскерлік бедел. Кәсіпорындарды сатылап біріктіру.
Тақырып 2. Шоғырландырылған қаржылық есептілігі (ХҚЕС (IFRS) 10)
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну. Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің қолдану аясы. Дара қаржылық есептілікте еншілес, бірігіп бақыланатын және қауымдастырылған ұйымдардың инвестициялар есебі. Шоғырландырылған пайда мен залал туралы есептілік. Шоғырландыру процедуралары.
Тақырып 3. Инвестициялық жылжымайтын мүлік (ХҚЕС (IAS) 40)
Инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану. Жылжымайтын мүлік иесімен пайдаланылатын. Бастапқы бағалау. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті кейінгі бағалау. Кейінгі шығындар. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті қайта жіктеу.
Тақырып 4. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет (ХҚЕС (IFRS) 5)
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді тану және жіктелуі. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді бағалау. Сатуға арналған активтер тобы.
Тақырып 5. Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және
активтер (ХҚЕС (IAS) 37)
Бағалау міндеттемелер: тану және бағалау. Қазіргі бар міндеттемелер. Өткен оқиғалар. Шартты активтер және шартты міндеттемелер, қаржылық есептілікте ашылуы.
Тақырып 6. Жал есебі (ХҚЕС (IAS) 17)
Жал түсінігі. Жалдың жіктелуі. Жал беруші мен жалдаушының есептілігіндегі операциялық жал. Жал беруші мен жалдаушының есептілігіндегі қаржылық жал: бастапқы тану және бағалау, кейінгі бағалау. Кері жалдау бойынша операциялар есебі.
Тақырып 7. Валюталық бағам өзгерісінің әсері
Функционалдық валюталар. Операцияларды шетелдік валютада көрсету. Бағам айырмашылықтарын тану. Қолданыстағы валютаны өзгерту.
Тақырып 8. Пайдаға салынатын салықтар (ХҚЕС (IAS) 12)
Салықтық база. Ағымдағы салықтық міндеттемелерді және салықтық активтерді тану. Салық салынатын уақытша айырмашылықтар. Шегерілетін уақытша айырмашылықтар. Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер есептеуі. Танылмаған кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін және салық активтерін тану. Танылмаған кейінге қалдырылған салық активтері және міндеттемелері: шығынға (табысқа) және капиталға жатқызу.
Корпорациялық табыс салығы бойынша шығындарды тану.
Тақырып 9. Қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар (ХҚЕС (IAS) 28)
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға инвестиция есебі (28 ХҚЕС). Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолдану. Бірлескен қызмет.
Тақырып 10. Қаржы құралдары: Тану және бағалау (ХҚЕС (IAS) 39)
Қаржы құралдары, олардың жіктелуі. Қаржы құралдарын тану және бағалау. Әділ құн. Әділ құны анықтау әдістері. Амортизацияланған құн: дисконт және сыйақы амортизациясы. Қаржылық құралдарды қайта жіктеу.
Тақырып 11. Акцияға шаққандағы пайда (ХҚЕС (IAS) 33)
Акцияға шаққандағы негізгі пайда. Пайда. Акциялар. Акцияға шаққандағы таратылатын пайда.
Тақырып 12. Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларында болатын өзгерістер мен қателер (ХҚЕС (IAS) 8)
Есеп саясатын таңдау және қолдану. Есеп саясатындағы өзгерістер. Бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер, елеулі қателер, ретроспективті және перспективті қолдану. Ретроспективті қолдануды шектеу. Ақпаратты ашу.
Тақырып 13. Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету (ХҚЕС (IAS) 24)
Достарыңызбен бөлісу: |