9
Әдістемелік құрал
Проблемалардың салдарына мынаны жатқызуға
болады:
►
әйелдердің құқықтық қорғалмаушылығы, көпте-
ген некелердің ерте жастағы некеге байланысты
заңдық құқықтарының болмауы (заңды түрдегі
некеге тұру жасы 18 жасқа толмағандар ресми
түрде Азаматтардың хал актілерін тіркеу (АХАЖ)
органдарына өтініш бере алмайды, сондықтан
да олар тек имамдарға тіркеледі);
►
біреуге жұбай болған жас қыздардың арасында
аурушаңдық пен өлім-жітім қаупінің жоғары
болуы. Көптеген жағдайларда ерте жаста ана
болу немесе сексуалдық зорлық-зомбылыққа
ұшырау ана денсау лығының нашарлауына және
жиі-жиі ана мен бала өліміне алып келеді.
►
әйелдерге шектеулердің қойылуынан, білім
алуы мен кәсіпті меңгеруге мүмкіндіктерінің
болмауынан ерте жастағы некелердің бола-
шақта еңбекке орналасуына, жеке тұлғалық
және әлеуметтік дамуы мен өзін-өзі дамытуына
кедергі туындайды.
жатады. Отбасындағы тұрақты үй ішілік шаруалар,
бөлектену, айналадағы әлеммен, қатарластарымен
және тіпті өз ата-аналарымен қарым-қатынастың
жоқтығы. Бәрінен бұрын жас келінмен тіпті оған оқу,
жұмыс туралы ойлануға да мұрша бермей, ештеңеге
құқығы жоқ адамдай қарым-қатынас жасайды. Өйт-
кені, ол күйеуінің отбасына, туысқандарына мүл-
тіксіз қызмет етуі тиіс, әйтпесе одан бас тартып, қар-
сылық білдірсе, оны ұрып-соғу мен төмендету мен
кемсіту күтіп тұрады.
Сарапшылардың пікірінше, қыз алып қашқанда тек
16,7% зардап шеккендер ғана құқыққорғау орган-
дарынан көмек сұрайды, ал 51%-ы туысқандары-
ның көмегіне арқа сүйейді. Көбінесе, мәселе қыз
баланы қорқытып-үркіту арқылы шешіліп жатады,
егер де жария етсе одан әрі айналадағы адамдар
тарапынан кінәлаудың құрбаны болмақ. Жүргізіл-
ген талдау көрсеткеніндей, көптеген осындай неке-
лер имамдарда ғана тіркеледі де жағдайды одан әрі
ушықтыра түседі.
Мұнда бірінші кезекте аталған құбылы-
стың ҚР-дағы кері әсері жасөспірімдер
мен жастардың төмен деңгейде хабар-
дар болуын көрсетеді, әсіресе ауылдық
аймақтарда мұндай некелер қыз бала-
лардың құқықтарының бұзылуы болып
табылады және олардың денсаулықта-
рына, әлеуметтік дамуы мен болашағына
кері әсер етеді.
Зерттеулер көрсеткеніндей, қазақстандық қоғамда
мұндай қауіпті құбылыстардың болуы мен таралуы-
ның бірқатар себептері бар. Олардың қатарында
мыналар бар: заңнамада адамды мәжбүрлі түрде
некеге тұрғызу үшін ұрлауға жауапкершілікті қара-
стыратын нақты нормалардың жоқтығы; некеге
тұруға мәжбүрлеу және өз таңдауы бойынша некеге
тұруына жол бермеу.
Ерте жастағы неке проблемасы мынадай фактор-
ларға да байланысты:
►
кейбір қауымдардағы дәстүрлі әлеуметтік-мә-
дени стереотиптер;
►
кедейшілік;
►
әйелдер мен қыз балалардың білім деңгей-
лерінің төмендігі;
►
ауылдық жерлерді мекендеуі.
ЖА
ЛПЫ
АҚПАР
АТ
ТАР
10
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ
Қазақстан
«Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою
туралы Конвенцияны» бекітті. Біздің еліміздің Конвенция талаптарын
орындауы бойынша Қазақстанның 2014 жылы ақпанда соңғы баянда-
масы тыңдалды. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктерді жою жөніндегі
БҰҰ Комитетінің ұсыныстарында «қыздар кәмелет жасына жетпей-ақ
тұрмысқа шығып кетіп жатады, сондай-ақ діни және дәстүрлі неке-
лер тіркелмейді, бұл әйелдердің құқықтарын бұзады» деген алаңда-
ушылық білдірілген
1
.
16.
Комитет өзінің бұрынғы қорытынды ескертпелеріне сілтеме
жасай отырып (CEDAW/C/KAZ/CO/2, 13-пункт), мәдени тәжірибелер
мен дәстүрлердің келеңсіз көріністері сақталып қалып отырған-
дығына, сондай әйелдер мен ерлердің әсіресе, әйелдердің балаларды
күтіп-бағуда отбасындағы және қоғамдағы рольдері мен міндеттеріне
қатысты негізгі патриархалдық көзқарастар мен терең тамыр жайған
стереотиптерге алаңдаушылық танытады. Комитет мұндай стереотип-
тер балалар арасындағы некенің және кейбір этникалық топтарда көп
әйел алушылықтың таралуына, тиісінше әйелдердің қоғамдағы қолай-
сыз және тең емес жағдайының сақталуына мүмкіндік береді деп атап
көрсетеді.
17.
Комитет өзінің алдыңғы қорытынды ескертпелерін бекіте оты-
рып (CEDAW/C/KAZ/CO/2, 14-пункт), қатысушы мемлекетке мынаны
ұсынады:
а) қоғамның барлық деңгейлерінде сақталып отырған ерлер мен
әйелдерге қатысты қалыптасқан стереотиптер туралы және оны
түп тамырымен жою мақсатында тұрғындарға ағарту жұмыста-
рын жүргізу мен олардың хабардар болушылық деңгейін арт-
тыру жөнінде Әйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат
жөніндегі Ұлттық комиссияның және өзге де мүдделі тараптар-
дың күш-жігерлерін жандандыру;
b) әйелдердің өз құқықтарын жүзеге асырудағы, атап айтқанда
ауылдық аудандарда және мақсатты қауымдар арасында осын-
дай стереотиптерге кері әсер ететін білім беру бағдарламаларын
кеңейту;
с)
балалық шақтағы некеге және көп әйел алушылыққа қарсы күрес
бойынша тиімді құқықтық шаралар қабылдау;
d) гендерлік стереотиптерді жою мақсатында және олардың әсерін
бағалау мақсатында қабылданатын шараларға тұрақты монито-
ринг жүргізу және шолу жасау».
1
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктерді жою жөніндегі Комитет. Қазақстанның біріккен үшінші және
төртінші кезеңдік баяндамасы бойынша қорытынды ескерту* Оның елу жетінші сессиясында
(10–28 ақпан, 2014 жыл) Комитет қабылдаған. «Стереотиптер және зиянды тәжірибелер» бөлімі.
Құқықтық контекст
Қыз балалардың некеге тұру мәселесіндегі құқықтарын қорғауда
Қазақстан Республикасы қабылдаған және бекіткен халықаралық және
ұлттық заңнама жұмыс істейді