Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет25/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51

54 
 
Педагогикалық  ЖОО-да  студенттер  дайындығының  мазмұндық  және 
іске  асырушылық  (процессуалды)  жақтарының  өзара  байланыстылығы 
педагогикалық  заңдылық  ретінде,  биолог-мамандарды  дайындау  мазмұнына 
өлкелік  компонентті  іріктеу  мен  оны  білім  беру  үдерісінде  ендірудің 
әдістемесін анықтауға негіз болды. 
 Болашақ  мұғалімді  әдістемелік  дайындық  үдерісінде  мазмұнды 
қалыптастырудың  дәстүрлі  білімдік  концепциясы  негізінде  ғылыми  білім 
мазмұнының білім беру стандартына сәйкес берілуіне баса назар  аударылады. 
Осы  кезде  оқытушының  басты  міндеті  дидактикалық  принциптерге  –  қол 
жетімділік,  тарихи,  көрнекілік  сәйкес  білімді,  хабарламаны,  оқу  ақпаратын 
қарама-қайшылық  тудыртпайтын  формада  жеткізу  болып  саналады.  Осы 
жағдайда студенттерге білім, білік, дағдыларды меңгерту басты мәселенің бірі 
болып  саналады.  Меңгерудің  сапасына  керекті  нысанды  бақылау,  оның 
нәтижесін іс-әрекетте пайдалану, нәтижені бағалау (дұрыс -бұрыс, ақиқат -қате 
және  т.б.).  Іздеушілікті  талап  ететін  мазмұнды  игеру  концепциясында 
биологиялық және әдістемелік дайындықтың басты мақсаты мен құндылығы  – 
студенттер білім  мен  іскерліктерді  игерумен  ғана  шектеліп  қоймайды,  сондай-
ақ, биология пәнінің мұғалімінің кәсіби міндеттерін түсіне білуінде.  
Болашақ  биолог  мамандарды    әдістемелік  тұрғыдан  дайындауда  оларға 
білім  берудің  дидактикалық  принциптерін    қандай  да  бір  теорияны  ұғындыру, 
меңгерту  кезінде оқытудың негізгі ережесі ретінде сақтай білуге жаттықтыруға 
тиіспіз.  Осының  негізінде  дидактикалық  принциптер  арасындағы    объективті 
заңды  байланыстарды  ашуға  көмек  ете  аламыз.  Осы  арқылы    педагогтің  
әдістемелік  жүйелерді  құруға,  пән  мазмұны  мен  педагогикалық  іс-әрекеттің 
байланысын зерттеуге қажетті жалпы және арнайы талаптар алға шығады [181]. 
Болашақ биология мұғалімдерін дайындауда өлкелік компонент (Қазақстан 
жыландарының  биологиясы  мен  экологиясы  туралы  білім  алу  мысалында) 
мазмұнын  қалыптастыру  принциптері  педагогикалық  ғылымда  әлдеқайда 
ертерек  қалыптасқан  принциптерге  негізделеді.  Әдістемелік  дайындықтың 
мазмұнын  қалыптастыру  үшін  келесі  педагогикалық  принциптер  жетекші 
болып  саналады:  жүйелілік,  оқытудың  практикамен  байланыстылығы,  теория 
мен  практиканың  байланыстылығы,  берілетін  білімнің  ғылымилығы,  қол 
жетімділігі мен педагогикалық әмбебаптылыққа ие өзге түсініктер.  
Біздің  зерттеуімізде  қолданылған  жүйелілік  принципі  әдіснамалық  негіз 
ретінде,  биологиялық  (пәндік)  және  әдістемелік  дайындық  мазмұнының  жүйе 
ретінде  құрылып,  дамуын  қамтамасыз  ететін  жүйелілік  принципінің  құрылуы 
мен дамуын қамтамасыз етеді.  
Мәдени  мақсаттылығын  қарау  принципі  биолог-педагогтарды  дайындау 
мазмұнын  қалыптастыруда  әмбебап  сипатқа  және  кең  мағынаға  ие.  ЖОО-да 
(оқытушы-студент) да, мектепте де (мұғалім-оқушы) педагогикалық үдерісін де 
субъектілердің өзара әрекет етуі оның бастау алған мәдениеттің ерекшеліктерін 
есепке алу арқылы құрылады. Осы принципке сәйкес, өзара қарым-қатынастың 
кеңістігі  мен  мазмұны    аталған  мәдениетке  тән  құндылықтармен,  бағыт-
бағдармен,  идеалдармен,  дәстүрлермен,  адамзат  мәнінің  формаларымен 


55 
 
тізгінделген. 
Қазіргі  заманғы  білім  беруді  әлеуметтік-мәдени  модернизациялаудың 
міндеттерінің  бірі  –  мобильділіктің  артуы,  білім  берудің  сапасы  мен  қол 
жетімділігі заманауи қоғамда тұлғаның әлеуметтік дәрежесінің өсуінің ресурсы, 
өз-өзіне  және  еліміздің  болашағына  деген  сенімді  тудыртатын  кәсіби  және 
тұлғалық  жетістіктерге  жетуді  аңғартады.    Қазіргі  заманғы  әлеуметтік-мәдени 
жағдай  мен  уақыттың  сындары  мектептегі  білім  беру  бағдарларын 
трансформациялауды талап етеді, ал бұл мұғалімнің әдістемелік дайындығының 
деңгейіне байланысты [182]. 
Қазіргі  таңда  білім  беру  орындарында  биологияны  оқыту  жаңа 
функцияларға  ие  болып  отыр.  Олардың  бірі  –  білім  алушыларды 
әлеуметтендіру, ол  жаратылыстану ғылымдары бойынша жинақталған ғылыми 
жаңалықтармен  барлық    іс-тәжірибені  қабылдау.  Білім  алушыларды  мәдени 
және  әлеуметтік  құндылықтарға  баулу  арқылы  қоғамның  толыққанды  мүшесі 
ретінде  өмір  сүруге  және  қызмет  атқаруға  мүмкіндік  туғызу.    Сонымен  қатар 
студенттердің  «табиғат-қоғам-адам»,  «адам-табиғаттың  бөлшегі»  жүйесіндегі 
қарым-қатынастардың  дамуы,  адамзат  дамуындағы  биологиялық  және 
әлеуметтік  факторлардың  арасындағы  байланыстарды,  сананың  ақиқатты 
бейнелеудің жоғарғы формасы ретінде, оның әлемді тану мен қайта түзілуіндегі 
шығармашылық рөлін түсіну болып саналады [183, 184]. 
Жоғарыда  аталған  міндеттерді  шешу  үшін  болашақ  мұғалімдерді  даярлау 
ЖОО-да  биологияны  оқытуды  мазмұндық  және  әдістемелік    тұрғыдан 
толықтыруды керек етеді 
Өлкелік  компоненттерді  ендіруге  байланысты    жүргізілген  зерттеуіміз 
барысында, болашақ биолог мұғалімдерді пәндік және әдістемелік дайындауда 
ерекше  болып  саналатын  принциптер  анықталып  және  негілделді,  оларға: 
өлкетану  принципі,  практикалық  бағыттылық  принципі,  студенттердің  оқу-
зерттеушілік  іс-әрекетінің  сабақтастығы  принципі,  биологиялық  және 
әдістемелік  дайындықтың  өзара  байланыстылығы,  өлкелік  және  аймақтық 
деңгейде  биологиялық  циклі  пәндер  шеңберінде  жыландардың  биологиялық 
және  экологиялық  ерекшеліктерін  зерттеудегі  өзара  байланыстылығын  ендіру 
мәселелері негізге алынды [185].  
Қазақстан  жыландарының  биологиялық  және  экологиялық  ерекшеліктері 
туралы  мазмұндық  компоненттің  құрылымын  құрастыру  барысында  аталған 
мазмұндық  компоненттің  құрылымы  қайта  қаралды.  Болашақ  педагогтардың 
теориялық және әдістемелік дайындығын жетілдіру мақсаты мен білім берудің 
басты принципі ретінде білім беруді жергілікті материалдармен байланыстыру 
яғни өлкетану принципі қарастырылды [186, 187]. 
Аталған  принциптің  негізінде  студенттердің  пәндік  және  әдістемелік 
дайындығының  мазмұнына  Қазақстан  жыландарының  биологиясы  және 
экологиясы  туралы  білім  мазмұны  енгізілді.  Бұл  арқылы  білім  алушының 
теориялық және кәсіби дайындығын жетілдіру мақсаты жүзеге асты.  
Өлкелік  компонентті  ендіру  үшін  биолог  мамандарға  білім  беру 
бағдарламасы  толықтырылып,    элективті  курс  дайындалды.  Бұл  пән  жаңа 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау