Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет23/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51

50 
 
бөлігі  ғылыми  білімді  қолданбалы  мақсаттарда  практикалық  қолдана  білу. 
Қолданбалы  материалдардың  бірқатары  түрлі  өнеркәсіп  орындарында  тірі 
объектілерді  қолдануға  бағытталған  политехникалық  сипатқа  ие  болса, 
олардың  өзгелері  биологиялық  білімді  тұрмыстық  өмірде,  спортта,  қоршаған 
ортаны  қорғау  іс-шараларында  өзінің  және  жақын  адамының  денсаулығын 
қорғауда  қолдануды  көзделген.  Биологиялық    білімді  орынды  және  тиімді 
қолдана  білу  өскелең    ұрпақты  қоғамда  тіршілік  етуге  дайындайды.  Сол 
себептен,  биологияның  теориялық  және  практикалық  әлеуметтік  маңызды 
білімді  іріктеу  жан-жақты  ойластырылған  және  негізделген  болуы  тиіс.  Білім 
оны  игерушілерге  жалпылама  және  сығылған  түрде  –  түсініктер  арқылы 
беріледі.  
Биологиялық  білім  берудің  өзге  мазмұндық  компоненті  студенттерді  іс-
әрекеттің  түрлі  интеллектуалды  және  практикалық  тәсілдеріне  –  біліктер  мен 
дағдыларды үйренуге мүмкіндік беру. Ғылыми және практикалық биологиялық 
білімдер  өзара  іскерліктер  мен  дағдылармен  байланысып,    білімді  іс-әрекетте 
қолдануды қамтамасыз етеді.  
Педагогикалық  ЖОО-да  биологиядан  білім  беру  үдерісі  оқыту 
мақсаттарына  сәйкес  қазіргі  уақытта  студенттердің  тұлғасының  жан-жақты 
дамуына бағытталған. Білім беру үдерісінде оқыту мен дамытуды өзара тығыз 
байланыста  жүзеге  асыруда  биологиялық  мазмұнды  өлкелік  компонентпен 
байытудың  алатын  орны  ерекше.  Осы  арқылы  тек  теориялық  мазмұн  ғана 
толықтырылып  қана  қоймай,  жергілікті  материалдарды  нақты  зерттеу  арқылы 
болашақ  мамандардың  есте  сақтауын,  жүйелі  ойлауын,    зерттеушілік 
әрекеттерін,    интеллектуалды  іскерліктерін  қалыптастыру  мақсаты  жүзеге 
асады.    Биологиялық  білім  беру  мазмұнының  қажетті  бөлігі  –  өлкелік 
материалдар  болып  есептеледі.  Себебі,  жергілікті  материалды  зерттеу  арқылы 
болашақ  мамандардың  ғылымға  деген  қызығушылығы  артып,  ізденушілік 
дағдылары  қалыптасады.  Қазіргі  таңда  білім  беруге  қойылып  отырған  басты 
талаптардың  бірі  –  кез-келген  білім  алушылардың  өздігінен  ізденушілігін 
дамыту. Сол арқылы қоғамда өз орнын табатын белсенді тұлға қалыптастыру. 
Осы тұрғыдан алғанда биологиялық білім әр уақытта зерттеу жүргізу, бақылау, 
эксперимент  негізінде  меңгерілуге  тиіс  екені  белгілі.  Онсыз  биологияның 
негіздерін меңгеру мүмкін емес.  Сонымен қатар, болашақ мұғалімдерді  алдағы 
кәсіптеріне  байланысты  білім  беруге  қойылып  отырған  жаңа  талаптарды 
түсініп, өзінің іс-әрекетін жаңаша құруға дайындау мақсаты жүзеге асады.  
5В011300  –Биология  мамандығы  бойынша  білім  берудің  негізгі  жалпы 
ұлттық  мақсаты  ретінде  жаңа  биологиялық  және  экологиялық  технологиялар 
саласындағы  жоғары  білімді  маманды  дайындау,  технократизация  және 
жаһандану  дәуірінде  әлемдік  білім  беру  кеңістігінде  бәсекеге  қабілетті 
мамандармен қамтамасыздандыру.  
ЖОО-ның  басты  міндеті  –  болашақ  педагог  мамандарға  терең  ғылыми 
білім  беру  және  оны  саналы  меңгерту,  кәсіптік  біліктіліктер  мен  дағдыларын 
қалыптастыру,  оларды  практикада  қолдана  білуге,  дүниеге  материалистік 
көзқарастарын  және  рухани-эстетикалық  мәдениетін  қалыптастыру.  Басқаша 


51 
 
айтқанда,  білім  алушыларға    оқытылатын  материалды,  яғни  білім  берудің 
мазмұнын тиянақты меңгеру үшін оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыру. Мұндай 
деңгейге  қол  жеткізу  үшін  берілетін  білімнің  теориялық  негіздерін  тереңдету 
және соған сәйкес  білім беруді зерттеушілік әдіске  негіздеу арқылы болашақ 
маманның  кәсіптік біліктіліктілігін  қалыптастыруға мүмкіндік туады.  
Болашақ  мамандарды  дайындау  –  бұл  ең  алдымен  мамандық  шеңберінде 
оларды  білім,  білік,  дағдылармен  қаруландыру.  ЖОО-да  білім  берудің  өзіндік 
ерекшелігі бар екені белгілі. Біріншіден, теориялық материалдың терең ғылыми 
негізде болуы; екіншіден, студенттердің өзіндік іс-әрекетіне баса көңіл бөлінуі; 
ізденушілік,  зерттеушілік  әрекеттердің  басым  болуы;  студенттердің  оқыту 
материалдарын  өздігінен  игеруіне  көңіл  бөлінуі  (оқыту  әдістерін  жоспарлау, 
оқытудың  маңызды  шарттарын,  бақылау-түзетушілік  үдерістерді  есепке  алу 
және  т.б.);  өз  істерін  өзі  бағалау  арқылы  бастамашылдық,  икемділік  сияқты 
реттеуші-тұлғалық  қасиеттердің    дамуы.  Сонымен  қатар,  ЖОО-да    тұлғалық 
қасиеттердің  жоғары  деңгейде  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  өзіне  сын  көзбен 
қарау,  жетістіктерді  объективті  бағалай  білу,  кәсіби  дайындықта  жіберген 
қателіктері  мен  кемшіліктерін,  жетістіктерін  қорытындылап,  тұжырым  жасай 
білу қабілеттіліктері дамиды. 
Биолог-мұғалімдердің 
дайындау 
мазмұнын 
қалыптастырудың 
заңдылықтары  педагогика,  психология,  биология  және  биологияны  оқыту 
әдістемесі  сияқты    сабақтас  ғылымдардың  байланысы  негізінде  қарастыру 
арқылы  қалыптасады.  Заңдылықтар  білім  беру  теориясы  мен  практикасы, 
педагогикалық  ЖОО-да  биолог  студенттерді  әдістемелік  тұрғыдан  дайындау 
және орта мектептегі биология пәні бойынша білім беру үдерістері арасындағы 
тұрақты тәуелділіктер тұрғысынан сипатталады.  
Педагогикалық  білім  беруді  дамыту  тенденциялары  және  мектептегі 
биологиялық  білім  беруді  дамыту  тенденцияларын  ескере  отырып,  жалпы 
педагогикалық  заңдылықтарға  сүйене  келе  (білім  берудің  әлеуметтік-мәдени 
шарттылығы;  оқыту,  тәрбиелеу  мен  дамудың  біртұтастығы;  оқыту  мен  оқу 
үдерістерінің  бүтіндігі),  біз  болашақ  биолог  мамандардың  дайындығы 
мазмұнын  толықтыру  және  осы  мазмұнның  құрылымына  өлкелік  компонентті 
ендіруде мына мәселелерді негізге алдық, атап айтқанда:  

ЖОО-да  биолог  мамандарды  дайындаудың  қазіргі  таңдағы  мақсаты  мен  
оған қойылып отырған талаптарды ескеру;  

мектеп биологиясын оқыту теориясы мен әдістемесінің дамуы мен ЖОО-
да  биолог  мамандарды  теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан  дайындаудың  
арасындағы өзара байланыстылықты негізге алу;  

студент  тұлғасын  әлеуметтендіру  мен  кәсібилендіру  арасындағы  өзара 
байланысты күшейту;  

 білім беру мазмұн теориялық тұрғыдан   интеграциялау, яғни пәнаралық 
байланысты күшейту;  

 болашақ  педагог  мамандардың  әдістемелік  дайындық  деңгейін  көтеру 
үшін биологиялық білімнің теориялық мазмұнын өлкелік компонентпен байыту 
және оны пайдаланудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.  


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау