СТУДЕНТТЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ДАМЫТУДАҒЫ
КӘСІБІ ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
М. Смагулов, А. Тен
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті,
Алматы қ.
Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спорт – азаматтарға
тәрбие берудің, денсаулықты нығайтудың, республика халқының еңбекке
деген ынтасын және отаншылдық сезімін дамытудағы маңызды құрал
болып табылады. Ел экономикасының дамуы, ертеңімізге деген ел сенімі –
отанымыздың келешегі болып саналатын жастармен тығыз байланысты.
Сол себепті де бүгінгі жастарымыз үшін мәдениетті, білімді болумен бірге
денсаулығы мықты, ерік-жігері жоғары, рухы биік азамат болу басты
парыз. Ал әрбір жастың тұлға болып қалыптасуы үшін аса қажетті мұн-
дай қасиеттерді қалыптастыруда дене тәрбиесі мен спорт үлкен мәнге ие.
Болашақ мамандардың дене тәрбиесінің қызметі көп жағдайда кәсібі
қолданбалы дене дайындығы (КҚДД) негізінде жүзеге асады.
Кәсібі қолданбалы дене дайындығы (КҚДД) адамның табысты профес-
сионалдық қызметке деген объективті дайындығына қол жеткізуге мүм-
кіндік беретін физикалық және арнайы қасиеттерді, қабілеттіктер мен дағ-
дыларды қалыптастыруды көздейтін дене тәрбиесінің негізгі бағыттары-
ның бірі болып табылады. КҚДД жан-жақты дене дайындығы негізінде,
дене тәрбиесі сабақтарында, жаттығулар мен спорт секцияларында жүзеге
асырылады. КҚДД нақты бір қызмет жасауға деген физикалық және пси-
хологиялық дайындықты қамтамасыз етеді.
Кейінгі кезде жоғары оқу орындарына түскен жастардың денсаулық
жағдайының жыл сайын төмендеу тенденциясының орын алуы ойланатын
мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының балалар мен жастар дене
тәрбиесінің бағдарламасында, білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесін да-
мыту тұжырымдамасында салауатты өмір салтын күшейту керектігі атап
көрсетілген. 1999 жылы дене тәрбиесіне байланысты дәрігерлік тексеру-
ден өткен 10500 студент жастардың 52% негізгі топқа арнайы, 38%
дәрігерлік топқа және 10% дайындық тобына бөлінген. Бұл күнде жаста-
рымыздың 15-20% ғана әскери борышын өтеуге жарамды болып отыр.
Мұндай көрсеткіштің орын алуының басты себебі, әрине алдымен эколо-
гияның нашарлауына байланысты. Сонымен қатар, жастарымызға жалпы
тәрбиелік жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан түрлі денсаулық-
қа зиянын тигізетін әдеттерге бой алдыруы және де дене тәрбиесі мен
спортқа деген енжарлықтың пайда болуы. Біздің, яғни спорт мамандары-
ның басты міндеті, ең бірінші – салауатты өмір салтының дамуына өзіндік
үлесін қосу, яғни жастардың дене тәрбиесін дамыту, спортпен шұғылдану-
ға, түрлі көпшілік-спорттық жарыстарға тарту.
Университет студенттерінің КҚДД үрдісінде жалпы және белгілі бір
мамандықты игеруге көмектесетін арнайы еңбек белсенділігі артады.
Физикалық қасиеттердің, функционалдық дайындық пен физикалық
дамудың негізгі көрсеткіштері (спирометрия, қан қысымы, жүрек жиыры-
луының жиілігі және т.б.) деңгейінің көтерілуі студенттердің бүкіл оқу
жылындағы ғылыми қызметінің жоғары эффективті болуына көмектеседі.
Тікелей жұмыс орындарында орындалатын жаттығулар, яғни физ-
культпаузалар КҚДД-да маңызды орынға ие. Олар ой қызметінің белсен-
ділігін қайта қалпына келтіру мен оны белгілі бір деңгейде тұрақты ұстап
тұруға әсер етеді. Бұдан басқа, физкультпаузалар оптимальды бұлшықет
тонусын сақтайды, қан мен лимфалық жүйенің жұмыс шартын жоғарыла-
тады, мидың қан айналымын жеделдетеді, қалыптасып қалған құбылыс-
тарды жояды.
Дене белсенділігі, яғни оқу үрдісіндегі КҚДД – гиподинамиямен кү-
рес, денсаулықты дұрыс қалыптастырудың негізі. Сондықтан дене шы-
нықтыру, белсенді қимыл салауатты өмір салты аспектілерінің негізі ре-
тінде студенттер арасында кеңінен, белсенді, білімді түрде насихатталуы
керек. Олардың дене тәрбиесінің, спорттың жаман әдеттерге қарсы тұра
алатын жалғыз амал екендігіне көздерін жеткізу қажет.
Әдебиеттер
1. Бальсевич В.К. Физическая культура для всех и для каждого. – М.: ФиС,
1988.
2. Виленский В.И. Физическая культура студентов. М.: Гордарики, 2001.
3. Лубышева Л.И. Концепция формирования физической культуры чело-
века. – М.: ГЦИФК, 1992.