60
Оқыту үдерісі студенттермен жаңа білімді меңгерту, оқу дағдыларды
қалыптастыру, олардың шығармашылық бейімділіктерін, рухани-эстетикалық
көзқарастар мен дүниетанымын дамытуға негізделетін оқыту және танымдық
әрекетті реттеу арқылы белсендендіруге бағытталған әдістер көмегімен
құрастырылды:
а) білім алушылардың оқу-танымдық
белсенділігін реттеу;
ә) ғылыми білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру – олардың танымдық
іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады;
б) ойлау, шығармашылық қабілеттіліктер мен дарындылықты дамыту;
в) диалектикалық-материалистік дүниеге көзқарастарын және рухани-
эстетикалық
мәдениетті қалыптастыру;
г) оқыту біліктер және дағдыларын жетілдіру.
Оқыту білім алушылармен білім, біліктілік және дағдыларды меңгеруге,
сондай-ақ олардың ойлау және шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына
бағытталғандықтан, осы ұғымдардың мән-мағынасын ашу қажеттілігі
туындайды.
Білімнің мәні туралы айтар болсақ, ең алдымен оның екі түрлі мағыналы
белгісін ескере кеткен жөн. Бір жағдайда ол ғылыми танымның нәтижесін
көрсетсе, екінші тарапта ол меңгеру пәні ретінде көрініс береді.
Осы мағынада «білім» ұғымы толыққанды оқыту танымына жатқызылады.
Оның нәтижесі ретінде білім алушылармен оқыту пәндерін теориялық меңгеру
саналады. Бірақ бұл меңгерушілік өзіндік сипатқа ие және жаңа, тың
теориялық идеялардың ашылуында емес, ғылымда анықталып қойғанды тануға
және нені тануды, есте сақтау керектігі, оларды практикада
қайта жандандырып
және қолданысқа ендіру керектігін ұғыну, яғни әрбір білім алушының жеке
игілігіне айналдыру. Міне, педагогикада білімді түсіну, есте сақтау және
ғылымның негізгі фактілері мен олардан келіп шыққан теориялық қорытуларды
(ережелер, заңдар, қорытындылар т.б.) жүзеге асыру біліктіліктері деп
анықтауға болатыны осыдан.
Біліммен тығыз өзара қарым-қатынаста біліктер мен дағдылар көрініс
береді.
Біліктілік – игерілетін білімді практикада қолдана білу тәсілдерін
(әдістер, әрекеттер) қолдану.
Жоғары сипаттаған оқыту үдерісінің алдында тұрған тапсырмалар оқыту
үдерісінің маңызды міндеттерін құрастыруға мүмкіндік береді:
- жаңа ғылыми білімді меңгеру, жаңа іскерліктерді қалыптастыру
үдерісінде білім алушылардың іс-әрекетін нақты және
дұрыс ойластыру арқылы
ұйымдастыру;
- тәлім-тәрбие алушылардың танымдық және оқу іс-әрекеттерін үнемі
ынталандыру;
- есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттіліктердің дамуы жағынан
жұмыс жасау;
- дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, рухани және эстетикалық
тәрбиелеу;