56
технологияларды қолдана отырып, оқылатын дәріс тақырыптарынан,
лабораториялық және практикалық сабақтар жүйесінен, студенттердің өздігінен
атқаратын жұмыстарының мазмұнынан тұрды. Таңдау курсына өлкелік
компонент
ретінде
енетін
материалдар
(Қазақстан
жыландарының
биоэкологиялық ерекшеліктері) студенттердің дала практикасы шеңберінде
және аудиториялық практикалық сабақтардағы лабораториялық зерттеулер
негізінде жинақталған материалдарды қамтыды.
Өлкелік компонентті білім беру жүйесіне енгізу барысында басты назарда
мыналарды ұстадық:
- өлкетану принципін негізге ала отырып, берілетін білімнің жергілікті
материалдармен тығыз байланыстылығын жүзеге асыру және оның
ғылымилығына
студенттердің сенімін арттыру;
- өлкелік компоненттің биоэкологиясын оқытуда пән аралық байланысты
күшейту үшін («Омыртқалылар зоологиясы», «Адам және жануарлар
физиологиясы», «Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы», «Қазақстандағы
биогеоценоздар» «Эволюциялық ілім», «Цитология және гистология»,
«Қазақстан биоресурстары»)
тақырыптарымен байланыстыру;
- өлкетану материалдарын оқып зерттеудегі мақсаттылық пен жүйелілікті
сақтай отырып (жыландар туралы білімнің мысалында), студенттерге
экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаттарымен байланыстыру.
- өлкелік компоненттің мазмұнының практикалық бағыттылық принципі
биолог студенттердің пәндік және әдістемелік дайындығы құрамына
студенттерде талдаушылық-бағалаушылық, прогностикалық, рефлексивті
сипаттағы
экологиялық
және
кәсіби-педагогикалық
іс-әрекеттің
алуантүрлерінің дамуына бағытталған практикалық-бағдарланған білім мен
оқу-практикалық тапсырмаларды енгізуді талап етеді.
Практикалық маңыздылығы бар және болашақ биолог мамандардың
құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болатын міндеттерге мыналар жатады:
- дала практикасы жағдайында зерттеу жұмыстарына қажетті биологиялық
және экологиялық материалды жинақтау, сол бойынша кәсіптік іскерліктерді
қалыптастыру;
- жыландарды зерттеу кезінде ғылыми-ізденушілік
әдістерді қолдана білу;
- жыландарды зерттеуде бүкіл экожүйені комплексті қарай отырып,
жыландар тіршілігіне табиғи ортаның тигізетін әсерімен қатар антропогенді
әсердің деңгейін бағалау;
- жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңыздылығын бағалау;
- зерттеу жұмыстары нәтижесінде табиғатты қорғауға арналған іс-
шаралардың тақырыптарын құрастыру (білім алушылардың денсаулығы мен
өміріне қауіпсіздігінің талаптарын міндетті сақтау арқылы) және т.б.;
- болашақ мамандардың оқу-зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастығын
қамтамасыз ету;
- оқу және зерттеушілік іс-әрекеттер түрлерін қалыптастырудың
үздіксіздігі мен жалғасуы идеясын жүзеге асыру.