Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет20/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51

43 
 
қаптайтын  қабыршақтар  жылтыр  немесе  ортаға  қарай  мүйіздене  орналасады 
[173, 174]. 
Бұл  қабыршақтардың  даму  деңгейі  әртүрлі  болады,  қабыршақтардың 
үстіңгі  жағы    анық  көрінеді.  Қабыршақтардың  артқы  жағында  әдетте  жиірек 
лупамен  ғана  байқауға  болатын  аздап  немесе  жақсы  тереңдеген  1-2  кішігірім 
ойықтар  кездеседі.  Олар  қабыршақтардың  басқа  бөліктеріне  қарағанда  ашық 
түстес  болып  келеді.  Бұлар  апикальды  шұңқырлар.  Дене  айналасындағы 
қабыршақтардың  саны  әдетте  жыланның  белгілі  түрін  анықтау  барысында 
үлкен  роль  атқарады.  Дене  айналасындағы,  құйрықасты  және  құрсақ 
қабыршақтарын  санауды  түйрегіштің немесе  иненің  көмегімен оның  әрбірінің 
ұшына  тигізіп  санау  қолайлы.  Түйрегіш  немесе  ине  көмегімен  сондай  -  ақ 
қандай  да  бір  себептермен  тоқтап  қалған  санау  әдісін  оңай  тауып,  ары  қарай 
жалғастыруға  болады  (мысалы  анықталатын  нысанды  аударып  қарау 
қажеттілігі туып жатса).  
Біз зерттеу кезінде далалық практиканы пайдаланып, студенттердің өзіндік 
жұмыстарын  орындатуды  ұйымдастырдық.  Ол  үшін  алдымен  жыландар 
тұқымдастарын қалай анықтауға болатындығын көрсететін сызба құрдық (кесте 
2).  
 
Кесте - 2 Қазақстанның жыландар тұқымдастарын анықтау 
 
№ 
            Сипаттамалары   
Түрлері   
1  Денесінің  жоғарғы  және    төменгі  жағынан  бір 
типті  жылтыр  қабыршақты,  құйрық    ұштары 
дөңгелек  қабыршақтармен  қапталған.  Қабақ 
терілері  көздерін  жауып  тұрады.  Ауыз  қуысы 
тұмсығының төменгі жағында орналасқан 
Соқыржыландар  –
Typhlopidae 
2  Құрсақ  қабыршақтары  денесінің  төменгі  жағын 
түгел қамтымаған 
Айдаһар  жылан  - 
Boidae 
3  Көз  бен  танаудың  ортасында  терең  шұңқыр 
орналасқан 
Сылдырмақ 
құйрық  жыландар 
-  Crotalidae 
4  Көз бен танаудың арасында шұңқыр жоқ 
Улы сұр жыландар 
– Viperidae 
5  Көз алмасы домалақ 
Сарыбас жыландар 
– Corabridae 
 
Ескерту  -  Жыландардың  құйрықүсті  қабыршақтарын    есептеу  барысында 
құйрықтың  бүтіндігіне  назар  аударған  дұрыс.  Себебі,    жыланның  әртүрінің 
қабыршақтарының  орналасуы  әртүрлі.  Сондықтан  бұл  жылан  түрлерін 
 
анықтауда қателік жібермеу үшін керек. 
Жыландардың  биоценоздағы  және  адам  өмірі  мен  шаруашылықтағы 
маңызы  туралы  әлі  толыққанды  мәліметтер  аз.  Сондықтан,  далалық  практика 
кезінде  кездескен  жыландарды  жан-жақты  талдай  отырып,  олардың 


44 
 
табиғаттағы,  адам  өміріндегі  және  халық  шаруашылығындағы  маңызын 
сипаттайтын  ақпараттарды  тауып,  сол  арқылы  әрбір  оқыған  жыланның 
анықтамаларын  толықтыру  жағына  да  көңіл  аударылды.  Мәселен,  көптеген 
жыландардың уы адам денсаулығына қажетті дәрілер дайындауда өте  жоғары 
бағаланатын  материал  болып  есептеледі.  Сол  сияқты  халық  шаруашылығына, 
әсіресе  егіндікке  зиян  келтіретін  кеміргіштердің  көзін  жою  (өрнекті  абжылан 
және боз жылан) да олардың пайдасы көп. Табиғатта тіршілік ететін бірде-бір 
жануар артық болып саналмайды. Мәселен, жыландар өзінің қоректік тізбектегі 
орнын  жоғалтса,  онымен  қоректенетін  көптеген  құстар  мен  жыртқыш 
жануарлардың  құрып  кетуіне    әкеліп  соғар  еді.  Олай  болса,  бұл  тіршіліктер 
туралы  ақпаратты  тауып,  оны  тиісті  жерінде  қолданып,  керекті  жағдайларды  
дәлелдеу де студенттер үшін зерттеудің бір түрі болып есептеледі. 
Осындай  жұмыстардың  нәтижесінде  студенттер    жыландардың  
кеміргіштерді аңдып қана қоймай, олардың соңынан түсіп, індеріне баса кіріп  
сол  жерде  ересек  те,  жас  дараларды  қорекке  айналдыратындықтары  туралы 
мәліметтер жинады.  
Жыландар  кейбір  құстар  (жыланшы  қыран,  кезқұйрықтар,  ақсары  ителгі) 
мен  сүтқоректілердің  (кірпі,  түлкі,  борсық)    қоректік  тізбегінің    негізгі 
компоненті  болып  саналатындығын  студенттер  ғылыми  әдебиеттерден  тауып 
дәлелдеуге жаттығады. 
Болашақ  мамандар  бауырымен  жорғалаушылардың  пайдалы  жағымен, 
маңызды  қасиеттерімен  қатар,  зиянды  жақтарының  да  орын  алатындығын 
анықтады. Мәселен, жыландар  әртүрлі  паразиттердің егелері ретінде жұқпалы 
ауруларды таратудың  ошақтары болуы әбден мүмкін.  
Сонымен  қатар,  боз  жыланның  өте  улы  екендігін  де  анықтап,  оның  адам 
денсаулығына келтіретін зиянын біле отырып, олардан  қорғанудың жолдарын 
көрсететін сызбалар жасайды.   
Міне,  осылар  сияқты  өздігінен  жүргізілген  бақылаулар  мен  зерттеулер 
нәтижесінде студенттер антропогендік факторлардың жыландар түрлеріне әсері 
қаралып,  аймақтың  герпетофаунасын  қорғау  бойынша  бірнеше  шаралар 
жүргізді.  
Жыландардың  таралуы  мен  тіршілігіне  зиян  келтіретін  антропогендік 
сипаттағы  факторларды  да  олар  талдап,  табиғи  өсімдік  қорының  азаюы  және 
биоценоздардың  ылғалдылығының  төмендеуіне  байланысты    кәдімгі  сарыбас 
жыландар  түрінің  популяциясының  тарылуын  да  студенттер  өздігінен 
анықтауға  мүмкіндік  туды  Жыландар  популяциясының  тарылуына    тағы  бір 
күшті  теріс  әсер  ететін    факторлардың  бірі  -  ландшафтардың  үлкен  ауданды 
қамтуы.    Сондай-ақ,  ауылдық  мекендердегі  мелиоративтік  іс-шаралардың 
жиіленуі,  жаппай  құрылыс  салу  жұмыстарын  жүргізудің  де  жыландар 
тіршілігіне келтіретін зиянды әсерін де олар көре білді. Сонымен қоса, сарыбас 
жыландардың  жаппай  қырылуы  автокөлік  тасымалдау  жолдарында  олардың 
миграциясы кезінде байқалатыны белгілі болды.  
Өрнекті  абжыланға  антропогендік  факторлардың  әсерінің  ішінде  ең 
бастысы  -  далалық  беткейлердің  жыртылуы,  көктемдегі  далалы  жерлердегі 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау