Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет8/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51

18 
 
С.И.Кривов  атап  өткендей,  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  дайындау 
барысында  аймақтық  ерекшеліктерге  баса  назар  аударған  жөн  (табиғи-
климаттық,  экономикалық,  мәдени  және  т.б.),  бұл  белгілі  бір  аймақта  жеке 
тұлғаның  әлеуметтенуіне  өзіндік  сипат  қалдырады.
 
Өңірдің  әлеуметтік-
экономикалық  және  мәдени  өркендеуі  онда  тіршілік  ететін  тұрғындардың 
әлеуметтік  және  мәдени  дамуына,    өзін-өзі  кәсіби  анықтауға  және  кәсіби 
ұтқырлықта аз немесе көп қолайлы жағдайлар құрайды. Оның пікірі бойынша, 
болашақ  мамандардың  педагогикалық  өлкетану  бойынша  базалық  ұғымдарды 
игеру  барысында  олар  білім  беруді  дамытудың  жалпы  тарихи  принциптерін 
туған  өлкенің  білім  беру  жүйесінің  қалыптасуымен  бір  бүтінге  біріктіруге 
мүмкіндік алады. Білім алушының ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығы, 
экспериментті  жоспарлау  және  ұйымдастыру  дағдылары  қалыптасады. 
Педагогикалық  өлкетанудың    әртүрлі  аспектілерін  зерттеу  бойынша  болашақ 
мамандардың  үйлестірілген  қызметі  студенттер  ұжымын  топтастыруға 
мүмкіндік береді [109]. 
И.Т.Прус  болашақ  мұғалімдер  кәсіби  дайындау  дәрежесіндегі  тәуелділік 
мәселесін  ЖОО-да    өлкетану  материалдарын  тұтастықта  және  өз  орнымен  
қолдану  арқылы  қарастырады.  Педагогикалық  өлкетанудың  бастапқы 
ұғымдарының  негізін,  ғалымның  ойынша,  болашақ  мамандар  педагогика 
бойынша  семинарлардан  алуы  тиіс,  онда  көрнекі  құралдар  ретінде  жергілікті 
мұғалімдердің жұмысынан мысалдар келтірген дұрыс. И.Т.Прус аймақтың озат 
мектептерінен  педагогикалық  тәжірибелерін,  оқу-тәрбие  мекемелерінің 
нормативтік-әдістемелік құжаттарын мақсатты зерттеген міндетті деп есептейді 
[110].   
А.Л.Ламашев және Е.Г.Наумова өлкетану құралдары арқылы студенттерді 
кәсіби даярлауда жоғары оқу орындары және жалпы білім беретін мектептердің 
іс-әрекетінде  тарихилық  пен  сабақтастық  принципіне  үлкен  назар  аудартып,  
педагогикалық  өлкетанудың  негізгі  бағыттарын  анықтап  көрсетеді:  тарихи-
педагогикалық, мектепке кіріспе, дидактикалық, туған өлкенің педагогтары мен 
мұғалімдер  әлеуетінің  педагогикалық  қызмет  тәжірибесін  зерттеу  және 
жүйелендіру. Ғалымдар сондай-ақ педагогикалық өлкетануға этнопедагогиканы 
зерттеуді  жатқызады  (халық  педагогикасы),  ол  өз  құрамына  педагогикалық 
үдеріске  қажетті  жалпы  адамзаттық  даналықтың  әлеуетін  қамтиды. 
Өлкетанудың  педагогикалық  мүмкіндіктерін  ескере  отырып  студенттерді 
кәсіби  даярлау  үдерісінде,  Е.Г.Наумова  болашақ  мамандарды  ғылыми-зерттеу 
өлкетану қызметіне баулуға аса үлкен мән береді (тәжірибелі оқытушылардың 
озық тәжірибесін және бүкіл мектеп ұжымының жұмысын жүйелеу, талдау), өз 
мектептерінде жоғары білікті шебер-педагогтармен күнделікті  қарым-қатынас 
орнатып  жүрген  күндізгі  және  сыртқы  бөлімдердің  студенттерін  өлкетану 
жұмыстарына белсенді тартуға кеңес береді [111, 115]. 
Қазақстандық  педагог-ғалымдар:  А.Б.Нурлыбекова,  Қ.А.Аймағамбетова, 
Б.Ж.Құрманбеков  өздерінің  ғылыми  еңбектерінде  әсіресе,  жаратылыстану 
ғылымдарының  салаларына  жататын  пәндерді  өлкелік  материалдармен 


19 
 
байланыстырудың  бірнеше  тұрғыдан  тиімділігін  өздерінің  жүргізген 
зерттеулері арқылы дәлелдейді.  
А.Г.Мадгужа,  А.Б.Нурлыбекова,  Т.  Р.  Нурмухамбетова  білім  берудегі 
құндылыққа  бағытталған  қарым-қатынастарды,  сонымен  қатар  жоғары  оқу 
орнында 
мамандарды 
практикалық-өлкетанулық 
даярлаудың 
ерекше 
маңыздылығына  назар  аудара  келе,  күндізгі  және  сыртқы  бөлімдерде  оқитын 
студенттерді  өлкені  оқып  -  тану  үдерісіне  белсенді  үлес  қосуға  шақырады,  ол 
үшін  өлкетану бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындау қажеттілігін 
ашып,    педагогикалық  циклдағы  барлық  пәндерді  оқыту  үдерісінде    өлкетану 
материалдарын қолданудың маңыздылығын көрсетеді [114]. 
Өлкетануды  зерттеу  болашақ  мұғалімге  туған  жердің  мәдениетіне  сіңуге, 
маңызды  кәсіби  сапаларды:  кішігірім  Отанның  ерекшеліктерін  ескере  отырып 
өзінің кәсіби іс-әрекетін құрастыруға құлшыныс, туған өлкенің тарихын білуге 
қызығушылық,  рухани  мәдениет  пен  адамгершілік,  білім  беру  және  тәрбие 
үдерісіне  шығармашылық  көзқарас;  кәсіби  даму  және  жетілуге  ұмтылыс  және 
т.б. қалыптасуына көмектеседі.   
Студенттерді  кәсіби  даярлаудың  айтарлықтай  нәтижелі  формаларын 
педагогикалық  өлкетану  мүмкіндіктерін  есепке  алу  арқылы  қарастырады, 
олардың  қатарына:    мұғалімдердің  педагогикалық  қызметіне  бақылау  жасау; 
білім  беру  мекемелері  және  өлкетану  мұражайларына  экскурсиялар;  шебер 
педагогтармен 
кездесу; 
мұғалімдермен 
хат 
алмасу; 
педагогикалық 
мұрағаттарды  талдау;    туған  өлкенің  мұғалімдерінің  қызметін  сипаттайтын 
мерзімді басылымдарды зерделеу; өлкетану мазмұнындағы әдебиетпен танысу; 
өлкетану тақырыбына рефераттар дайындау т. б. 
Кәсіптік  даярлау  үдерісі  екі  топтан  құралған  тапсырмадан  тұрады:  бірі 
тұлғаның  өзіндік  жетілуіне,  оның  рухани  мәдениетінің  дамуына  көмектеседі,  
басқасы  –  мұғалімнің  кәсіби  қызметтерінің  орындауына  дайындықты  
қалыптастыруға ықпал етеді. Осы міндеттердің жиынтығы болашақ маманның 
кәсіби-тұлғалық дамуына бағытталған. 
Г.П.Пирожков өлкетанулық білім беруді маманның кәсіби дайындығының 
құнды компоненті ретінде қарайды – тұрақты құндылықтардың кешені, оларды 
меңгере  келе  студенттер  өздерін  кәсіби  ғана  емес,  сонымен  қатар  белсенді 
азаматтық  қызметке  дайындайды.  Оның  тиімді  дамуының  кепілдігі  ретінде 
мыналарды 
есептеуге 
болады: 
өлкетанудың 
теориялық-әдіснамалық 
қалыптасқан  негізі,  өлкетануды  оқытудың  жаңартылған  мұрасы,  шебер 
мұғалімдердің  өлкетанулық  тәжірибелерін  шығармашылықпен  қолдана  білу, 
белсенді  инновациялық  жұмыс  әдістерін  енгізу.  Соның  арқасында  өлкетану 
ғылымы  және  әлеуметтік  тәжірибе  арасындағы  байланыс  күшейе  түспек. 
Жоғары  оқу  орындары  өлкетанулық  әрекеттің  формасы  мен  әдістерін  әзірлей 
келе,  өлкетану  жұмысын  ынталандырады    және    кәсіби  өлкетанушыларды 
даярлауды іске асырып келеді [106]. 
Л.В.Смирнованың пікірінше, өлкетану материалдарын белсенді пайдалану 
ЖОО-да  білім  беру  үрдісінің  тиімділігі  және    ғылыми  мәртебесін  көтеруге 
мүмкіндік  береді,  яғни    оқытушы  -  студент  арасындағы  тығыз  теориялық-


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау