87
болып табылады. Ғылыми зерттеулердің бастамасына оқыту үдерісі оқушының
зерттеушілік компоненттерін кезеңдік қалыптастыруды білдіреді:
1. Интеллектуальды іскерліктер мен дағдыларға;
2. Оқулықтармен және өзге де ақпарат көздерімен жұмыс жасай алудың
іскерліктері мен дағдыларына;
3. Жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетімен байланысты іскерліктер мен
дағдыларға;
4. Арнайы зерттеушілік іскерліктер мен дағдыларға (жоғары сыныптарда).
Зерттеушілік іс-әрекеттің іскерліктері мен дағдылары жалпы дидактикалық
тәсілдер көмегімен қалыптасады: себеп-салдарлы байланыстарды анықтау және
талдау; салыстыру, қорыту және нақтылау; гипотезаларды ұсыну; білімді жаңа
ситуацияға көшіру; мәселені шешудің жаңа нұсқасын табуға аналог іздестіру;
гипотезаны дәлелдеу немесе теріске шығару; зерттеуді ұйымдастыру;
жүргізілген зерттеудің нәтижелерін рәсімдеу. Негізгі мектепте оқушы үшін
жалпы дидактикалық тәсілдер игерілуі тиіс.
Студенттердің жалпы дидактикалық принциптерді сақтай отырып, білім
алуына септігін тигізетін тапсырмалар:
-
студенттердің өз көзқарасын қорғауына, дәлелдер, деректер келтіруіне
мүмкіндік беретін тапсырмалар.
-
әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы шешімін табуға бағытталған тапсырмалар.
Олар бұрын игерген білімдерді жаңа жағдаятқа көшіріп қана қоймай, сондай-
ақ, қарастырылып отырған нысанның жаңа функцияларын көруге, іс-әрекеттің
белгілі тәсілдерін құрамдастыруға үйретеді.
-
бірнеше шешімдер жағдайын қарастыруды көздейтін тапсырмалар. Бұл
типтегі тапсырмалар сын тұрғысынан ойлауды дамытуға
септігін тигізеді;
-
жоғары деңгейдегі күрделілігі бар тапсырмалар, оларды шешу кешенді
білімді талап етеді.
-
шығармашылықпен шешуді талап ететін тапсырмалар.
Жалпы дидактикалық прициптер негізінде жұмыс жасау іскерліктер мен
дағдыларға және жазбаша, ауызша сөйлеу мәдениетінің дамуымен өзара
байланысты.
Таңдау пәнін оқыту
негізінен зерттеушілік әдістерді (бақылау, тәжірибе
жасау, эксперимент қою) қолдануды талап етеді:
1. Оқытудың тұлғаға бағдарланған технологияларын қолдану.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
3. Мәселелік
баяндау, бөлшектік-ізденушілік (эвристикалық) және
зерттеушілік.
Оқытудың түрлі формаларын ұйымдастыру. Дәстүрлі сабақтармен қатар,
дәрістік сабақтар, кеңес беру-сабақтары, практикалық, лабораториялық,
зерттеу-сабақтарын жүргізу.
Болашақ педагогтердің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы сабақ
барысында да, сабақтан тыс уақыттарда жүзеге асып отырады. Оқу
зерттеулерімен айналысу немесе жобаны құрастыру болашақ маманның
арнайы зерттеушілік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.